Воскресенье , 11 мая 2025

ҚАЗАҚСТАНҒА ТЕРРОРИЗМ ЕМЕС МӘДЕНИ РЕВОЛЮЦИЯ КЕРЕК

Қаза­қстан халқына.

ҚР Пре­зи­ден­ті Қ.К. Тоқа­евқа ашық хат

Сана­ны өзгерт, өзің өзгер,

өз уақы­ты­ң­ды ұстай біл!

Біз өзі қай­да бара жатыр­мыз? Бізді билік қай­да алып бара жатыр? Біз қай­да бара жатқа­ны­мы­зды неге білмейміз?

Шама­сы, алып бара жатқан­дар да білмейді.

       Қаза­қстан­ның жағдайы.

    Қаза­қстан еге­мен­ді ел болға­лы 30-шы жыл.  «Ә» деген­де үміт күшті еді. Өкіні­штісі шаш етек­тен бай­лы­ғы­мы­зды ел ыры­сы­на пай­да­ла­на алмай, рефор­ма­ны дұрыс жүр­гіз­бей біз бюро­кра­ти­я­лық, оли­гар­хи­я­лық, спе­ку­ля­тив­ті капи­та­лизм құр­са­уын­да қал­дық. Эко­но­ми­ка­мы­зды әрта­рап­тан­дыр­май, мән­ді тек мұнай, газ, қаз­ба бай­лы­ққа бер­ген­дік­тен, қазір жағ­дай­ы­мыз қиын, шикі­зат елі бол­дық. Мыса­лы, Нор­ве­ги­я­ны алсақ, бар болға­ны 40 жыл­да балы­қ­шы елден ең дамы­ған ел қата­ры­на көтеріл­ді. Себебі мұнай­ды тек алып, сатып қой­май, қай­та терең өңде­уден өткізіп, зауыт­та­рын салып, қосым­ша құн өндірістерін жасап, Нор­ве­гия мем­ле­кеті бүкіл эко­но­ми­ка­сын күрт өзгертті

      Осы жыл­да­ры жібер­ген билік­тің әле­умет­тік-сая­си, эко­но­ми­ка­лық қателік­тері жет­кілік­ті. Сөз, ақпа­рат бостан­ды­ғы, жер­ге иелік ету мен тіл бостан­ды­ғы, адам құқы­ғын сақтау жолын­да ат төбелін­дей халық талай боздақта­ры­нан айы­рыл­ды, талайы түр­ме­де жатыр, шетел­де де жүр т.б. Халық оны ұмытпайды!Тәуелсіздігіміздің алға­шқы жыл­да­рын­да дін мәсе­лесіне қырағы болу керек деген біздің айтқа­ны­мы­зға қара­май , билік көп­те­ген жаста­ры­мы­зды ислам мем­ле­кет­теріне оқуға жібер­ді. Олар білім , діни орта­лы­қтар­да теріс діни идео­ло­ги­я­лық тәр­бие алды, мила­ры­на қон­дыр­ды. Оның үстіне елі­міз­де мың­даған мешіт­тер ашыл­ды, діни маман жоқтың қасы . Қаза­қстан­да Мухам­мет пай­ғам­бар масқа­бы­ның, ілі­мінің бір жүй­есі, діни сая­са­ты бол­ма­ды. Бір­де діни ағым­дар­дың, сек­та­лар­дың саны 4500 асып кет­кен еді, бұл сұм­дық? Осы­ның бәріне Үкі­мет немқұрай­ды қарап, Ақтө­бе­де­гі оқиға­дан кей­ін ғана қолға ала баста­ды, оның өзін­де фор­маль­ды түр­де бол­ды. Теріс нәти­же­сін қазір көріп отыр­мыз, сәл бол­маған­да , ҚР Пре­зи­ден­ті Қ.К.Тоқаев дер кезін­де нақты шешім­дер­ге бар­маған­да Тәу­ел­сізді­гі­міз­ден айы­ры­лып қала жаз­да­дық. Осы себеп­тен де Қаза­қстанға “Куль­тур­ная рево­лю­ция “ керек деген иде­я­ны төмен­де тара­тып ұсынамын.

      Елі­міз­де сыбай­лас жемқор­лы­қтың шарық-тап тұрға­ны сон­ша­лы­қты, оның ішін­де бұры­нғы пре­мьер-министр, мини­стр­лер, депу­тат­тар, әкім­дер, банк, биз­нес өкіл­дері т.б. жет­кілік­ті. Тіп­ті бұл жоға­ры­дан төмен­ге дей­ін тамы­рын жай­ған бір дерт­ке, жүй­е­ге айнал­ды. Зардаб­ын қара­пай­ым халық тар­тып отыр. Осы­ның бәрі мем­ле­кеті­мізді басқа­ру­дағы билік­тің көп жыл­дар бойы жібер­ген күр­делі қателік­терін көрсетеді.

      Қоғам­да билік­ке деген сенім кетіп бара­ды, елді бір дәр­мен­сіздік билеп тұр. Мұның қай­да апа­ра­ры бел­гісіз. Егер біз ел ішін кер­не­ген теріс күш­тер­ге даяр бол­ма­сақ, онда қоғам ыды­рай­ды. Қазір біздің қоғам­да мораль­ды тозу (износ) дер­ті қатер­лі ісік­тей белең алып тұр. Өне­гесіз жүрісі­мізді бір тәр­тіп­ке сала­тын уақыт кел­ді. Кемел ойлы, алдағы­ны ақыл­мен болжай білетін бас­шы, бола­тын өзгерісті сезе оты­рып, егер «қазан­нан қай­наған буды» дер кезін­де шыға­ра алма­са, оның аты­ла­ты­нын біл­се керек еді. Алы­сқа бар­май-ақ оны көр­шілер­ден де көр­дік емес пе?!

       Біздің тағы бір үлкен кедер­гі­міз ол – жаһан­дық интер­нет, цифр­лы жүйе, ақпа­рат­тық топ­тар, квант­ты ком­пью­тер­лік тех­но­ло­ги­я­лар т.б. Келе­шек­те мұнай мен газ­дың орнын осы­лар баса­тын бола­ды. Оған қар­сы тұра ала­тын озық ойлы, осы­лар­ды иге­ре ала­тын білім­ді жастар билік­ке келуі керек. Қазір­гі жағ­дай­да жастар шетел­ге кету­де. «Бола­шақтан», т.б. іс жасап жатқан жастар­дың ота­ны­на кел­меу себебін несіне жасы­ра­мыз. Халқы­мы­здың келе­ше­гін кім­нің қолы­на бере­міз? Баяғы­да талант­ты жастар ауыл­дан келу­ші еді, мек­теп­тің, үлкен­дер­дің тәр­би­есі күшті бола­тын. Қазір ауыл тозды, ал жоғарғы білім­ді тау­арға айнал­ды­рып жібер­дік, бәрі ақы­лы. Біздің мек­теп жасын­дағы бала­ла­ры­мы­зды Ресей талай жыл бойы жеңіл­дік­тер­мен алу­да. Біз жастар­дан айы­ры­ла баста­дық. Осы­ны кім ойлап жатыр?

     Елде­гі қор­да­ла­нып қалған келеңсіздік­тер­дің қай­сы бірін айта­сың? Ақы­рын айт­сам, ақым кетіп бара­ды, қат­ты айт­сам, қарын­да­стың көңілі қала­ды. Былай­ша айтқан­да, қарын­дастар билік­те жүр­ген­дер ғой. Неге олар­ды «қарын­да­сым» деп аяуым керек. Олар халық үшін жұмыс істе­мей ме? Осы­лай кете бер­сек, біз ХХІ ғасыр­дағы өрке­ни­ет пой­ы­зы­ның соңғы ваго­ны­на білім­сіз міне алмай, мәң­гілік шикі­зат елі болып қалуы­мыз неме­се сол алпа­уыт елдер­ге жұты­лып кетуі­міз мүмкін.

     Нес істеу керек? Қаза­қстанға мәде­ни рево­лю­ция керек пе?

     Енді біз қан­дай жол­мен, кім­нің соңы­нан жүруі­міз керек, қай елдің озық тәжіри­бесін алсақ деген сұраққа, мыса­лы қазір АҚШ-тан кей­ін­гі әлем­де екін­ші оры­нға шыққан Қытай­ды алай­ық. Әрине Қытай­дың іскер­лі­гін, инно­ва­ци­я­сын, транс­ферт тех­но­ло­ги­я­сын, кіші кәсіп­ті тез дамы­туы, неме­се қатаң тәр­тібін алуға болар. Бірақ оның сая­си-эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­сын түгел алуға бол­май­ды, себебі онда адам құқы­ғы тап­та­лу­да. Неме­се дик­та­тор­лық жүй­е­ден кей­ін тез демо­кра­ти­я­лық дамуға көш­кен, жаңа тех­но­ло­ги­я­сы күшті Оңтүстік Корея жолы ма? Жоқ әлде дүни­е­жүзілік соғы­стан кей­ін қат­ты дамып кет­кен Жапо­ния, неме­се Азия бары­ста­ры Син­га­пур, Мала­зия ма? Кеше ғана Совет­тер одағын­да біз­бен бір­ге жүр­ген, Эсто­ния елі ме, қазір тез дамып, жал­пы ішкі өні­мі әр ада­мға шаққан­да 25000$ асып отыр. Жоқ әлде Батыс Евро­па мем­ле­кет­терінің, оның ішін­де Скан­ди­на­вия елдерінің аза­мат­тық қоғам­ды дамы­ту­дағы озық тәжіри­бесі керек пе?

      Менің ойым­ша біздің осы адасқа­ны­мыз жете­ді, қазір жол айры­ғы­на келіп тірел­дік. Егер қазір­ге дей­ін 30 жыл бойы шетел­дік «серік­те­стері­міздің» кеңесі­мен жүріп, өзі­міз де басқа­ра алмай ескі жол­мен бар­сақ, онда соңы тығы­рық. Ал біз­ге кере­гі ең озық, өзі­міз­ге лай­ы­қты әлем­дік тәжіри­бені қол­да­на оты­рып қоғам­ды өзгер­ту, өзі­міздің отан­дық дара даму жолы­мы­зды табу.

      Әрине, таң­дау халы­қтың еншісін­де. Бірақ ол үшін халы­ққа бұл дағ­да­рыс жағ­дай­дан қалай шығу тура­лы бағ­дар­ла­ма ұсы­ну қажет. Бұны жасау қазір­гі билік­ке қиын. Олар шын­ды­қтың толық көрінісін көр­мей­ді, өйт­кені мем­ле­кет­ті вер­ти­кал­ды түр­де, жоға­ры­дан төмен, ескі әдістер­мен, орын­сыз амал­дар­мен басқа­рып келеді. Осы­лай­ша жаһан­дық желінің, жап­пай ком­му­ни­ка­ци­я­ның, жаһан­да­ну жаңа­лы­қта­ры­ның мәнін түсін­бей­ді. Билік өкіл­дері біздің өзгер­мелі өмірі­мізді, яғни халы­қтың жағ­дай­ы­ның қиын екенін түсін­се де, бірақ қазір­гі құры­лған, әсіре­се жемқор­лы­ққа үйрен­ген билік басын­дағы­лар халы­қты ойлап, олар­дың қажет­тілі­гін жүзе­ге асы­ру жолын­да жұмыс атқа­руға мүм­кін­дік бер­мей­ді. Бұл Қаза­қстан үшін «Ари­ад­на­ның жұм­бақ жіп­тері» секіл­ді болып тұр. Соңғы уақыт­та қабыл­да­нып жүр­ген іші­на­ра шешім­дер халы­ққа өте маңы­зды бол­са да, 30 жыл бойы қор­да­лаған про­бле­ма­лар­ды шешу өте қиын бола­ры анық. Себебі кеше ғана Қаза­қстан­да 2022 ж. басын­да қан­ды “Қаңтар оқиға­сы” бол­ды. Жаңа Өзен­де­гі газ баға­сын төмен­де­туді қол­дап шыққан халы­қты тер­ро­ри­стер , бұза­қы­лар , діни теріс күш­тер тып-тыныш елі­мізді , Алма­ты­ны тас-талқан етті.

      Жоға­ры­да айты­лған­дар­дың бәрін жиып-теріп кел­ген­де менің көп ойла­нып, толға­нып маман ретін­де айта­рым Қаза­қстанға эво­лю­ци­я­лық жол­мен «куль­тур­ная рево­лю­ция» керек.

      Мәде­ни рево­лю­ция дегені­міз біз өзі­міз­ден бастап — 30 жыл­да қалып­тасқан бүкіл билік жүй­есін өзгер­туі­міз керек. Қаза­қстан­ның бүкіл құры­лы­мын өзгер­ту үш бағыт­тан тұра­ды: эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­ру арқы­лы инно­ва­ци­я­лық жолға түсу, әле­умет­тік инно­ва­ция, адам капи­та­лы­ның сапа­сын арт­ты­ру, сана­ны өзгер­ту; түбе­гей­лі сая­си рефор­ма жасау. Кей­бір лидері­міз айтқан­дай бірін­ші эко­но­ми­ка сон­сын сая­сат емес, осы­лар­дың бәрі бір жүйе (про­цесс) ретін­де қатар жүруі керек. Бұл ойды мен о бастан-ақ айтқам да, жазып та бер­гем билік­ке. Бірақ тың­дар құлақ жоқ. Жас-Ала­шта жазған едім. Қаза­қстан­да көп жыл­дар бойы қор­да­ланған, ластанған, қоқыр-соқы­ры көбей­ген билік жүй­есін , адам жанын , арын, моралін, ой — өрісін, пси­хо­ло­гия , руха­ни құн­ды­лы­қта­рын тазар­та­тын біз­ге үлкен “СЫПЫРҒЫШ” өте қажет.

      Біз тегі­міздің қан­дай болға­нын және тарихы­мыз бен бол­мысы­мы­зды терең танып «тек­то­ни­ка­лық тереңдік­те сезіне оты­рып, мына қиын әлем­дік өрке­ни­ет­те не күтіп тұрға­нын білуі­міз керек».

       Мәде­ни рево­лю­ци­я­ны түбе­гей­лі шешу үшін дамы­ған елдер­дің тәжіри­бесін алып, оған Қаза­қтың мен­та­ли­тетін қосып, Мем­ле­кеті­міз­ге түбе­гей­лі модер­ни­за­ция жасау керек: сая­си модер­ни­за­ция, руха­ни-әле­умет­тік модер­ни­за­ция, эко­но­ми­ка­лық модернизация.

  1. Әле­умет­тік инновация.

       Жаһан­дық дағ­да­рыс руха­ни жаңғы­ру, әле­умет­тік-мәде­ни өрке­ни­ет, атап айтқан­да, ғылым мен білім, мәде­ни­ет пен иман­ды­лық, адам­гер­шілік құн­ды­лы­қтар сала­сын­дағы теріс сал­дар­лар­ды аны­қта­ды. Сұрақ қоғам­ның мораль­дық тозу қау­пі тура­лы болып тұр. Мұның басты бел­гілерінің бірі – мем­ле­кет­тік басқа­ру­дағы ең төмен­гі дең­гей­ден жоға­ры дең­гей­ге дей­ін­гі ада­ми капи­тал­дың бар­лық сала­сын­да бел­гілі кәсі­би қабілет­сіздік, немқұрай­лық болып тұр. Бұл әсіре­се даму­шы елдер жағ­дай­ын­да айқын көрі­неді. Мыса­лы, дағ­да­рыс кезін­де тіп­ті дамы­ған елдер­дің өзін­де тәу­е­кел­ді басқа­ру­да кадр­лар­дың жетіс­пе­ушілі­гін сезінді.

     Осы­дан әле­умет­тік инно­ва­ци­я­ның жаңа пара­диг­ма­сы — білім­ді қоғам, жаңа заман­ның тұлға­сын жасау керек. Жаһан­дық дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да білім беру және ғылым алды­ңғы қатарға шығып, ұдайы өндірістік цик­л­дің бүкіл жүй­есінің негізіне айна­ла­ды. Иде­я­ның пай­да болуы­нан бастап, адам­ның қажет­тілік­терін қанағат­тан­ды­ру үшін пай­да табу­мен аяқта­ла­тын, сон­дай-ақ жаңа өрке­ни­ет­тік даму үшін инве­сти­ци­я­лар­ды жүзе­ге асы­ру қажет.

      Сон­ды­қтан біз­ге ада­ми капи­тал сала­сын­да қар­жы­лан­ды­ру­ды көбей­тіп, тұрақты өмір­ге бай­ла­ны­сты «мини­мал­ды қалып­тар» құру керек және бәсе­ке­ге қабілет­ті кре­а­тив­ті эко­но­ми­каға өту қажет:

     — ден­са­улық сақтау (Дүни­е­жүзілік ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның ұсы­ны­сы бой­ын­ша ден­са­улық сақта­уды қар­жы­лан­ды­ру ЖІӨ-нің 6% ‑дан кем бол­мауы керек, ал біз­де 3,2%);

     — ғылым (мем­ле­кет­тің қалып­ты дамуы үшін ғылым­ды қар­жы­лан­ды­ру ЖІӨ-нің 1,5–4,5% болуы керек, ал біз­де — 0,13%);

      - білім (ЖІӨ-нің кем деген­де 6% болуы керек, ал біз­де 3,2%); — мәде­ни­ет (ЖІӨ-нің кем деген­де 5%, ал біз­де 3%);

        Зерт­теу көр­сет­кен­дей, біз эко­но­ми­ка­ның өте маңы­зды осы әле­умет­тік бағыт­та­рын «қал­ды­қтық негіз­де» (оста­точ­ный прин­цип) көп­те­ген жыл бойы ұстаға­ны­мыз көр­сет­кі­ш­тер­ден көрініп тұр. Осы сала­лар­дың арт­та қалған­ды­ғын айқын көр­се­те­ді. Мыса­лы, ғылым­ды қар­жы­лан­ды­ру 20–30 есе арт­та қалған кез­де, кедей ғалым­дар­дан әлем жаңа­лы­қта­рын қалай талап ету­ге бола­ды? Ғалым­ның миы толық, бірақ қал­та­сы тесік, ал әкім­дер­дің миын­да не бар екені бел­гісіз, бірақ қал­та­сы толық.

        Ада­ми және әле­умет­тік қажет­тілік­тер сала­сын­да әр адам­ның жеке тап­сы­ры­сы­на дей­ін тау­ар­ларға, қыз­мет­тер­ге және басқа да әле­умет­тік қажет­тілік­тер­ге әртүр­лі әле­умет­тік сұра­ны­стар­ды қалып­та­сты­ру қажет. Осы­ған бай­ла­ны­сты үшін­ші сек­тор­дың, яғни аза­мат­тық қоғам­ның рөлі күрт арта­ды. Әле­умет­тік капи­тал­ды қалып­та­сты­ру бірін­ші кезек­те тұра­ды және ол жақ­сы­лап инве­сти­ци­я­ла­нуы керек.

         Осы­ған сүй­ене оты­рып, ада­ми капи­тал сала­сын­дағы осын­дай мини­мал­ды әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық стан­дарт­тар­ды (өмір сүрудің бел­гілі бір стан­дарт­та­рын) орна­ту арқы­лы біз шыны­мен де жақ­сы өмір­ді қам­та­ма­сыз ете ала­мыз. Мини­мал­ды стан­дарт­тар­ды эко­но­ми­ка­лық өсу қарқы­ны­мен бай­ла­ны­сты­ра оты­рып, халы­қтың өмір сүру дең­гейі мен сапа­сын аны­қта­уға бола­ды. Бұл Үкі­мет­тің айна­лы­са­тын мәселесі.

         Әлем­де­гі ең бай елдер­дің бірі бола оты­рып, соны­мен бір­ге халқы­мыз аз болған­ды­қтан, біз осы бай мұра­ны сақтай ала­мыз ба? Біздің елі­міздің ада­ми әле­уетін әр адам­ның «код­та­луы­нан» жеке тұлға­ның био­мет­ри­я­лық өсуіне дей­ін баға­ла­у­ы­мыз керек. Басқа­ша айтқан­да, бар­лық тұрғын­дарға жан-жақты қыз­мет көр­се­ту және өзін-өзі қам­та­ма­сыз ету үшін барын­ша жағ­дай жасау, желілік эко­но­ми­ка­мен, Интер­нет желісі­мен және цифр­лан­ды­ру­мен бүкіл елді «қам­ту» өте маңы­зды. Мұн­да ең басты­сы ұлт­тық қауіп­сіздік­ті, адам­гер­шілік аспек­тіні қам­та­ма­сыз ету – адам­ды бақы­лау емес, оның қажет­тілік­терін қанағат­тан­ды­ру­да көмек­те­су керек. «Сана­ны өзгерт, өзің өзгер!» — дей­тінім сол.

    2. Түбе­гей­лі сая­си реформа.

    Біз енді әлем­дік қауым­да­сты­қта өзі­міздің қоғам­дық-тари­хи, сая­си-эко­но­ми­ка­лық, әле­умет-ік-құқы­қтық бет­пер­де­мізді толық аны­қтап алуы­мыз қажет. Шын­ды­ғы­на кел­сек біз бұл мақ­сатқа жет­кен жоқ­пыз, осы жол­ды мең­ге­ру­де­міз. Ал ішкі сая­са­ты­мы­зда да түбе­гей­лі рефор­ма­лар жаса­уы­мыз керек, Кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер­ден бастап, бүкіл­ха­лы­қтық рефе­рен­дум қабыл­да­уға дей­ін про­бле­ма­лар бар…

      Қаза­қстан 30 жыл бойы пре­зи­дент­тік басқа­ру жүй­есі­мен жүр­ді. Бұл жүй­е­де­гі жақ­сысы да, жама­ны да өзі­міздікі, оны тал­дап жат­пай­ық. Енді сая­си-демо­кра­ти­я­лық кезең баста­луы керек! Пар­ла­мент­тің рөлін күшей­ту қажет. Бұл мем­ле­кеті­мізді басқа­ру­ды «Пар­ла­мент­тік басқа­ру жүй­есіне» көші­ру, яғни, Пре­зи­дент­тің құзы­рын күрт шек­теу. Үш билік­тің: заң, сот және атқа­ру­шы билік­тің тепе-теңді­гін іс жүзін­де сақтау. Осы жүй­е­ге көш­кен­де, заң, сот жүй­есін­де әділет­тілік орнар еді, жемқор­лық тый­ы­лып, халы­қтың жағ­дайы жақ­са­рар еді.

      Нақты­рақ айт­сам, біз уни­тар­лы мем­ле­кет болған­ды­қтан да, бір­па­ла­та­лық Пар­ла­мент­ке өтуі­міз қажет. Онда депу­тат­тар­дың саны – 150, ал оның 50%-ы пар­ти­я­лар­дан, 50%-ы бір ман­дат­ты мажо­ри­тар­лық округ­тар­дан елге бел­гілі маман, қай­рат­кер­лер сай­ла­нуы тиіс. Себебі, қазір «пар­тия» деп халық қай депу­тат­ты жер­гілік­ті жер­ден сай­лаға­нын, өзінің мұң-мұқта­жын кім­ге айта­рын, ал олар шешіл­ме­се, қай депу­тат­ты қай­та­рып, басқа­сын сай­ла­уды біл­мей қал­ды. Пар­ти­я­лар­дың Пар­ла­мент­ке өту меже­сі 3–5%-дан аспа­уы керек. Бұл ұсы­ны­стар­ды мен Пар­ла­мент­те талай рет депу­тат болып, оның ащы-тұщы­сын татқан­нан кей­ін, ең тиім­ді жол деп таны­ған соң айтып отырмын.

     Мұның ең өзек­тілі­гі – көп пар­ти­я­лы Пар­ла­мент жасақтау және оның ста­ту­сын көте­ру болып отыр. Өйт­кені пар­ла­мен­та­ризм – «қал­та­лы депу­тат емес», көп­пар­ти­я­лы орта, пікір­та­лас арқы­лы шын­ды­ққа шығу алаңы. Біз, ең басты­сы, сай­ла­уды таза демо­кра­ти­я­лық жол­мен өткізу­ге тиісті­міз. Халық өз дауы­сын қан­дай пар­ти­я­ларға қан­ша пай­ы­з­бен бер­ген­ді­гін өзгерт­пей, әкім­шілік ресур­сты алып тастап, әдет­те­гі­дей дауыс ұрла­май, Пар­ла­мент­ке сай­лау өткі­зу керек.

     Бұл жағ­дай өз басым­нан өтті, келеңсіздік­тің құр­ба­ны да бол­дым. Сай­ла­удың әділ өткеніне билік емес, халық сенуі қажет. Егер сен мәсе­ленің құры­лы­мын біл­сең, онда жөн­деп басқа­ра ала­сың демек­ші осы­ның ішін­де күй­іп-пісіп жүр­ген­нен соң ұсынудамын.

     Қан­дай Кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер жаса­сақ та, рефор­ма­лар қабыл­да­сақ та ең абза­лы халы­қтың жағ­дайы, әле­умет­тік күн­көрісі төмен­де­меу керек. Әр ада­мға бет бұра­тын уақыт кел­ді. Адам мен табиғат­тың қадірін біл­сек қадір­лі адам, қадір­лі қоғам, қадір­лі мем­ле­кет бола­мыз. Осы жол­да бар­лық күш-жігері­мізді алдағы уақыт­та ізгілік­ті дамы­ған қоғам орна­туға салуы­мыз өте қажет. ХХ ғасыр­ды өнер­кәсіп­те­гі жоға­ры тех­но­ло­ги­я­ның ғасы­ры десек, ал енді ХХІ ғасыр – ол жоға­ры гума­ни­тар­лық ноосфе­ра­лық өрке­ни­ет ғасы­ры бол­мақ деген пікір­ді біл­діре­мін. Бұл жер­де әр адам­ның, аза­мат­тық қоғам­ның мүм­кін­дік­тері пай­да­ла­ны­ла­ды деген сөз. Себебі адам өзінің ақыл, ой-сана­сы және тілі арқы­лы ең жоғарғы био­ло­ги­я­лық фено­мен болып есептеледі.

    Рефор­ма билік басын­дағы­лар­дың мүд­десі үшін емес, қоғам­ның, елдің мүд­десі үшін жүр­гізіледі. Аза­мат­тық қоғам инсти­тут­та­ры­ның жұмысын жетіл­ді­ру қажет. Атқа­ру­шы мем­ле­кет­тік билік­тің жұмысы­на қоғам­дық бақы­лау орна­ты­луы тиіс. Осы­ған орай, аза­мат­тық қоғам­ның негіз­гі бел­гісі, жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру­дың көзі – билік­тің халы­қ­пен сана­суын­да және халы­қтың, аза­мат­тық қоғам­ның шешім шыға­руға фор­мал­ды емес, бел­сен­ді түр­де араласуында.

     3. Эко­но­ми­ка­лық реформа.

     Негіз­гі мақ­сат біз эко­но­ми­ка­ның шикі­зат моделі­нен кетіп, эко­но­ми­ка­мы­зды, өндірісі­мізді әрта­рап­тан­ды­рып (дивер­си­фи­ка­ци­я­лап) инно­ва­ци­я­лық жолға түсіп, ары қарай қазақ қоға­мын ізгі­лен­ді­ру (гума­ни­за­ци­я­лау) болып табы­ла­ды. Бар­лық бай­лы­қты (ресур­сты) жаңа тех­но­ло­гия мен әле­умет­тік инно­ва­ци­яға сал­сақ тез алға баса­мыз. Бұл жаңа қоғам­дық және өндірістік қаты­на­сқа, эко­но­ми­ка­ның дамуы­ның жаңа моделіне өту деген сөз.

      Жаңа заман, жаңа тала­пқа бай­ла­ны­сты бар­лық шығын­ды күрт азай­тып, Мем­ле­кет­ті басқа­ру­дың жаңа жүй­есіне (моделіне) көшу керек. Сол кез­де жаңа кадр сая­са­ты, жаңа сая­си және әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық рефор­ма адам­ның тыныс-тір­шілі­гіне тіке­лей әсер етері анық, сон­да ғана халық билік­ті қол­дай­тын бола­ды. Мен «Мем­ле­кет­ті 5‑тік спи­раль­мен (мем­ле­кет, биз­нес, ғылым, адам қажет­тілі­гі, инфор­ма­ти­за­ци­я­лау) жаңа­ша басқа­ру тура­лы жобам­ды» ҚР Пре­зи­ден­ті Қ.Тоқаевқа жібер­ген­мін. Соны­мен қатар бұл жоба «Жас Алаш», «Дат» газет­тері мен «Abai.kz», «qamshy.kz» т.б. интер­нет сайт­та­рын­да да жари­я­лан­ды, таны­са­сыздар деген ойдамын.

     Ең дұры­сы, билік осы өзгерістер­ді өзі бастаға­ны жөн, өзі мұрын­дық болуы тиіс. Сон­да ғана, осын­дай өрке­ни­ет­ті ісі арқы­лы билік, шынын­да да, қоғам­ның сана­лы әрі сала­у­ат­ты күшіне арқа сүй­ей ала­ды.

     Түй­ін­ді ой ретін­де айта­рым, алды­мы­здағы екі онжыл­ды­қтағы ең басты қиын­дық – Мем­ле­кет­ті тиім­ді басқа­ру­да және жаңа тех­но­ло­ги­я­ларға сай кәсі­би білік­тілік­те болмақ.

     4. Қаза­қстан­да мәде­ни рево­лю­ция іске асу үшін тез ара­да нақты қара­жат­пен қам­та­ма­сыз етіл­ген 4 тағ­дыр­лы Ұлт­тық жоба­ның шешу тетік­терін жаса­уды ұсынамын:

     Бірін­ші мем­ле­кет­тік жоба. ҚР ашық нары­қтық эко­но­ми­ка болуы керек, әсіре­се ашық сая­сат және қоғам­ды демо­кра­ти­я­лан­ды­ру, соңғы­сы жоқтың қасы. Ол үшін Кон­сти­ту­ци­ядан бастап бірқа­тар заң­дар­дың қабыл­да­нуы­мен осы бағыт­тар­ды түбе­гей­лі рефор­ма­лау қажет, сот жүй­есін халық сай­ла­у­ы­мен қоса.

     Екін­ші мем­ле­кет­тік жоба. Қоғам­ның руха­ни-тари­хи жаңа­руы жаңа өрке­ни­ет­ке жол. Негіз­гі назар мәде­ни, тари­хи, ден­са­улық, мораль­дық – адам­гер­шілік құн­ды­лы­қтарға, әсіре­се жаңа білім­ге ауда­ры­луы керек. Нағыз демо­кра­ти­я­ны тек білім­ді ел, аза­мат­тық қоғам құра ала­ды. Осын­дай­да ұлы Абай­дың толық адам ілі­мінің жол кар­та­сын жасап, біздің руха­ни Кон­сти­ту­ци­я­мыз ретін­де халы­қты оқы­ту керек. Қаза­қстанға руха­ни-мәде­ни ренес­санс қажет.

     Үшін­ші мем­ле­кет­тік жоба. Ауыл­ды жаңар­ту мен ауыл шару­а­шы­лы­ғын дамы­туға аса басым­дық беру керек. Мұнай мен газ­дың орны­на бренд астық пен ет өндірісі болуы керек. Қаза­қстан өзінің азық-түлік мүм­кін­ді­гі­мен әлем­нің бір­не­ше елін тамақтан­ды­ра ала­ды. Жасан­ды интел­лект, робо­то­тех­ни­ка, адам гено­мы және басқа­лар­дың пай­да болуы­мен бай­ла­ны­сты №1 про­бле­ма адам­дар­ды эко­ло­ги­я­лық таза өнім­дер­мен және сумен қалай тамақтан­ды­ру біздің гено­фон­ды­мы­зды сақтай­ды. Сон­ды­қтан дәл қазір мүм­кін­дік­ті жіберіп алмауы­мыз қажет және жақын ара­да азық-түлік дер­жа­ва­сы­на айна­луы­мыз керек. Ол үшін үлкен инве­сти­ция салу қажет. Егер азық-түлік дер­жа­ва­сы болғы­мыз кел­се ауал­ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­дерінің жал­пы ішкі өнім­ге шаққан­дағы үлесі қазір­гі 4,5 пай­ы­здан кем деген­де 20–25 пай­ы­зға дей­ін өсуі керек.

      Төр­тін­ші мем­ле­кет­тік жоба. Жаңа өндірістік құры­лым сая­са­ты­на, инду­стри­ял­ды-инно­ва­ци­яға көшу, тех­но­ло­ги­я­лық құры­лым­дар­ды жедел дамы­ту­дың тиісті Мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы мен сыни тех­но­ло­ги­я­лар­ды тез дамы­ту қажет. Біз алда инно­ва­ци­я­лық дамы­ған эко­но­ми­ка­сы, гума­ни­за­ци­я­лық қоға­мы бар ел болуы­мыз керек.

      Соңғы айта­рым, мүм­кін бізді тек­тілі­гі­міз, ата-баба­ла­ры­мы­здың рухы, болжам­паз­ды­ғы­мыз, әлем­дік тез өзгерістер­ді түсін­ген­ді­гі­міз алдағы күт­пе­ген нәу­бет­тен сақтап қалар! Цифр­лы әлем, цифр­лы эко­но­ми­ка зама­нын­да уақыт өте тап­шы, бәрі­міз ойла­нып шешім қабыл­дай­тын сәт туды.

      Қасаң тар­тқан сана­ны өзгер­тіп, руха­ни таза­ра­тын кез жет­ті! Бұл біздің соңғы мүм­кін­ді­гі­міз болуы мүм­кін. Сон­ды­қтан мен Сіз­дер­ді мәде­ни рево­лю­ци­я­лық жолға, дана халқы­мы­здың көре­ген­ділі­гін ұста­нып, бір­лі­гі мен тір­лі­гін жалға­сты­ру­да қапы қал­мауға шақырамын!

     Осы мем­ле­кет­тік дең­гей­де­гі 4 жоба ҚР Пре­зи­ден­тінің және халы­қтың тіке­лей наза­рын­да болу керек. БАҚ, теле­ар­на­лар­дан тұрақты түр­де, жиі-жиі беріліп тұруы қажет.

       Құр­мет­ті қалай­ық, осы көт­пен бері көкей­ім­де, жазып та, айтып та жүр­ген «Қаза­қстан­да куль­тур­ная рево­лю­ция» жасау керек деген ойым­мен бөліс­сеңіз­дер. Ерте ме, кеш пе әйте­уір бір бола­ды. Уақыт­ты тағы-да жіберіп алмай­ық. Мұны не Пре­зи­дент, не халық жасай­ды. Ал ең дұры­сы бір­ге жұмы­лып жасау керек.

Қаза­қстан ғалым­дар одағы­ның Пре­зи­ден­ті, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері, ака­де­мик

О. Сәб­ден

 [email protected]  тел.+7701 111 08 00

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн