Суббота , 5 июля 2025

Қазақстан билігіне деген «СЕНІМСІЗДІК ВОТУМЫ»* және оны қалай білдіреміз

Дастан ҚАДЫРЖАНОВ,

сая­сат­та­ну­шы

  • Халы­ққа билік көзі ретін­де­гі кон­сти­ту­ци­я­лық мәр­те­бесін қайтару

Өзге­шелі­гі­мен есте қалар 2020-шы жыл аяқта­ла салы­сы­мен, 10-қаңтар­да қаза­қстан­ды­қтар келесі бес жыл­дық, мүм­кін одан да көбірек уақыт үшін  сая­си бағы­тын айқын­да­уы керек. Осы­лай­ша, екі күн­нен кей­ін біздің тағ­ды­ры­мыз, өмір­лік бағы­ты­мыз, қан­дай заң­дар­ды орын­да­уы­мыз және қан­дай құқы­қтарға ие болуы­мыз керек екені шешіледі. Біздің бостан­ды­ғы­мыз бен әл-ауқа­ты­мыз, қадір-қаси­еті­міз және тіп­ті ден­са­улы­ғы­мыз 10 қаңта­рын­да бола­тын сай­ла­у­ға тәуелді.

Бұл тек сая­сат сала­сы­на қаты­сты мәсе­ле емес – бүгін­де мем­ле­кет­те болып жатқан бар­лық нәр­се өза­ра бай­ла­ны­сты екенін бәрі түсі­нетін шығар. Үкі­мет­те, Пар­ла­мент­те, пре­зи­дент­тік крес­ло­да, әкім лау­а­зы­мын­да неме­се сот­та кім­нің және қалай оты­ра­ты­ны тек «жоға­ры­дағы кей­бір шешім­дер­ге ғана тәу­ел­ді емес, біздің бүкіл өмірі­міз – бала­бақ­ша мен мек­теп­тен бастап иде­я­лар еркін­ді­гіне, зей­не­тақы қауіп­сізді­гі мен әл-ауқатқа дей­ін осы үдеріс­ке байланысты.

Соңғы жыл­да­ры қара­пай­ым адам­дарға қара­пай­ым шын­дық ашыл­ды – мем­ле­кеті­міз бізді сот­тар­да қыл­мыс пен озбыр­лы­қтан қорға­май­ды, тек қуда­лау мен жаза­ла­у­ға дай­ын, ол біздің әл-ауқа­ты­мы­здың жақ­са­руы­на ықпал етпей­ді, керісін­ше бізді тона­уға тыры­са­ды, тіп­ті өз еңбе­гіңнің жемісін көру­ге де мүм­кін­дік бермейді.

Біздің ұлт­тық бай­лы­ғы­мыз енді біз­ге де, бала­ла­ры­мы­зға да, тіп­ті неме­ре­лері­міз­ге де тиесілі емес. Ел бай­лы­ғы бір кез­дері осы бай­лы­қты бөлу­ге атса­лы­сқан сана­у­лы адам­дар­дың ғана қал­та­сын тол­ты­ру­да. Бұл елде­гі бар­лық нәр­се – сот­тар, салы­қтар, заң­дар, банк­тер, іскер­лік қаты­на­стар, бюро­кра­тия және қауіп­сіздік күш­тері – бәрі әділет­сіздік­ке толы! Егер сіз Кон­сти­ту­ци­яда жари­я­ланған құн­ды­лы­қтар тура­лы ғана емес, соны­мен бір­ге қара­пай­ым ақыл-пара­сат пен аза­мат­тық қадір-қаси­ет тура­лы айта бас­та­саңыз, сізді еш аяу­сыз және ашық түр­де, өздеріне ыңғай­лы заң­дар­мен жаб­ды­қталған репрес­сив­ті алып күш маши­на­сы қуда­лай­ды, улан­ды­ра­ды және қорқытады.

Бұл түсінік біз­ге аспан­нан түс­кен жоқ, оны біз­ге шетел­ден неме­се өткен­нен біреу келіп ұғын­ды­рған жоқ. Қаза­қстан халқы айна­ла­сын­да болып жатқан  оқиға­лар­дың шынайы көрінісі мен өзінің өміріне қарап тәжіри­бесі мен түсіні­гі арқы­лы көз жет­кізді. Бүгін­гі таң­да ешкім­ді ақы­мақ және қара­пай­ым наси­хат­пен алдау мүм­кін емес, себебі қоғам жоғал­тқан адам­дар­дың құны елде болып жатқан жайт­тарға соқыр және мылқау түр­мен қара­уға жол бермейді.

Енді тек бұл жағ­дай­да не және қашан істеу керек екенін түсі­ну ғана қалды.

Қашан? Әрине, биы­лғы сай­ла­удан бастап. Көп­те­ген жыл­дар бойы біз­ге «тиім­ді және дана» менедж­мент­тің нәти­же­сі ретін­де көр­се­ту­ге тыры­сып баққан бас­сыз заң­дар мен нор­ма­лар­ды кім­дер жасай­ды? Әрине, билік­ке мой­ын­сұ­нуға даяр оты­рған пар­ла­мент пен мәс­ли­хат­тар­дағы аза­мат­тар, себебі олар тек күші мен құдіреті бар­лар­дың қала­у­ын бұл­жыт­пай орын­дай­ды. Ал бізді «біз халық үшін алаң­да­у­лы­мыз» деп жұба­та­ды. Олар тек «Нұр Отан­ның» ғана құра­мын­да емес, басқа да «рұқ­сат етіл­ген»  пар­ти­я­лар­дың құра­мын­да отыр, себебі олар ешқа­шан өз қожай­ы­ны­на ашық қар­сы кел­мей­ді. Ал адам­дарға қамқор­лық көр­се­туінің аста­рын­да  өзін-өзі жар­на­ма­ла­удан басқа ештеңе жоқ, бар үміт­тері шынайы мақ­сат­та­ры мен құн­ды­лы­қта­рын жасы­ра оты­рып адам­дар­ды қай­та-қай­та алдау арқы­лы билік­те­гі ғұмыр­ла­рын ұзарту.

Алды­мы­здағы сай­ла­уда олар­ды тағы да өз рөл­дерін әрі қарай атқа­рып, халы­ққа тиім­сіз заң­дар­ды орна­туы үшін Пар­ла­мент­ке және басқа да өкілет­ті орган­дарға оты­рғы­зуға тыры­са­ды. Шын мәнін­де, олар­дың бір ғана мін­деті бар – ел қазы­на­сы­нан жымқы­ры­лған ақа­ша­лар­дың, сыбай­лас жемқор­лы­қтың, әділет­сіздік­тің, мем­ле­кет­ті айқын түр­де басқа­ра алмаудың, ұлт­тық мүд­де­лер­ді қорғай алмаудың, сыр­тқы сая­сат­ты абы­рой­мен жүр­гі­зе алмаудың, қара­пай­ым адам­дар мен олар­дың қажет­тілік­терін ескер­ме­удің артын жабу.

Бүгін­де әрбір қаза­қстан­ды­ққа билік пен қоғам­ның қарым-қаты­на­сы­ның түбе­гей­лі тығы­ры­ққа тірел­гені түсінік­ті. Мұның себебі өте қара­пай­ым – халы­қты билік­тің көзі деп қарас­ты­ра­тын демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар мен  нор­ма­лар­дың бар­лы­ғы дер­лік жой­ыл­ды. Елді басқа­ру құқы­ғын шене­унік­тер мен олар­дың отба­сы­ла­ры­на емес, ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 3‑бабына сәй­кес халы­ққа беру керек, ал оны жүзе­ге асы­ру үшін елден шыққан ең үздік өкіл­дер­ді сай­лау қажет. Мұны «Рес­пуб­ли­ка» деп те, «қоғам­дық  келісім­шарт» деп те атай­ды және оны екі тарап – билік те, халық та орын­да­уы шарт. Осы тұрғы­дан алған­да, «халық» — бұл қан­дай да бір әде­би абстрак­ция емес, нақты құқы­қтық кон­сти­ту­ци­я­лық ұғым.

Адам құқы­ғы мен демо­кра­ти­я­лық бостан­дық дегені­міз не? Бұл билік пен халы­қтың тұрақты түр­де диа­лог жүр­гі­зуі. Құқық пен бостан­дық жоғалған­да билік­те­гілер­дің халы­қ­пен кез-кел­ген бай­ла­ны­сы жоға­ла­ды, ол тек қана басып-жан­шу, алдау, қулы­ққа толы заң­дар­ды қабыл­дау кей­і­піне енеді, сот-құқы­қтық қысым көр­се­ту және күштік құры­лым­дар арқы­лы қуда­лау сала­сы­на аударылады.

Ең маңы­зды дүние, елде­гі бар­лық ресур­стар­ды – жер қой­на­уы­ның бай­лы­ғы­нан бастап, біздің қал­та­мы­здан қазы­наға түсетін әр тиы­нға дей­ін ием­де­ну жолы. Негізі оларға билік қажет емес – себебі бұл өте үлкен  жау­ап­кер­шілік. Бірақ тек билік арқы­лы ғана өз отан­даста­рын тонап, олар­дың ада­ми қадір-қаси­етін қор­лай ала­ды. Елі­міздің бар­лық дер­лік аза­мат­та­ры 30 жыл ішін­де қалып­тасқан сая­си режим­нің әділет­сіз, өзім­шіл, мен­мен, ашкөз, мей­ірім­сіз және қатал екенін түсі­неді. Бұл жүй­е­ге дәл осы­лай, ешқан­дай заң­ды аны­қта­ма­сыз – тек ада­ми тұрғы­дан ғана аны­қта­ма беру­ге болады.

Бүгін­гі таң­да елде­гі кон­сти­ту­ци­я­лық билік­ті ат төбелін­дей ғана бір топ адам басып алды және олар өз билі­гін тек абсо­лют­ті ғана емес, соны­мен бір­ге мәң­гілік деп санай­ды. Олар­дың ойын­ша, Пар­ла­мент­те, сот­тар­да неме­се пре­зи­дент орнын­да кім оты­ра­ты­нын халық шешпей­ді. Қоғам­дық келісім­шарт бір­жақты тәр­тіп­те бұзыл­ды және ол біз­ге ашық түр­де жари­я­лан­ды. Ел аза­мат­та­ры­на үндеу тасталды:

«Біз өзі­міз қалаған нәр­сені жасай­мыз, ал сен­дер кедер­гі кел­ті­ре алмай­сы­ң­дар. Біз Пар­ла­мент­те өзі­міз қажет­ті деп санай­тын депу­тат­тарға орын бере­міз, ал сен­дер тіп­ті өз пікір­леріңді біл­ді­ру үшін жина­ла да  алмай­сы­ң­дар. Бұл депу­тат­тар біз­ге бұры­нғы­дай ел ішін­де және шетел­де жақ­сы өмір сүру­ге мүм­кін­дік беретін заң­дар­ды қабыл­дай­ды, өйт­кені сен­дер­дің біз­ге қар­сы­лық біл­діру­ге намыста­рың да, батыл­ды­қта­рың да  жет­пей­ді. Егер қар­сы шығуға тырыс­саң­дар, біздің жаза­лау маши­на­мы­здың құр­ба­ны боласыз».

Сол жаға­ла­уда оты­рып алдағы сай­ла­уды жоба­ла­у­шы­лар басты нәр­сені ұмы­тып бара­ды – егер халық шынайы бірі­гуді қала­са және бірік­се, онда оның бәрін өз қала­у­ын­ша жаса­уы­на ешнәр­се тосқа­уыл бола алмайды.

10-қаңтар күні сай­ла­у­ға барып, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нағыз қожай­ы­ны кім екенін көр­се­те оты­рып, елдің аху­а­лы жақ­са­рып, сая­си жүйе халы­қтың мүд­десіне сай бол­май­ын­ша, өз ұста­ны­мы­м­ы­здан бас тарт­пау керекпіз. Бұған дей­ін олар үне­мі біздің пас­сив­тілі­гі­міз бен бірі­ге алмаған­ды­ғы­мы­зды пай­да­лан­ды, бірақ сай­лау күні біздің өзге­руі­міз керек. Сон­ды­қтан сіздің бола­шағы­ңыз шешілетін күн­ді өткізіп алмаңыз!

Енді не істеу керек?

Менің ойым­ша, бұл сұрақтың жау­а­бы айқын – ертең­ге қал­дыр­май бүгін­нен баста­уы­мыз керек. Деген­мен, мұны қалай жасау керек деген сұрақ төңіре­гін­де көп­те­ген пікір­та­ла­стар мен күмән­дар бар. Солар тура­лы біраз айтып өтейін.

Сай­ла­у­ға қаты­сқан сай­ла­у­шы­лар саны: сай­ла­у­ға бару неме­се бармау?

Сай­ла­у­ға неғұр­лым аз адам кел­се учас­келік сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның билік орган­да­ры­на дауыс беру нәти­же­лерін түр­лі айла амал арқы­лы бұр­ма­лай оты­рып жібе­руіне мүм­кін­дік туа­ды. Негізі­нен сай­ла­у­ға кел­ме­ген­дер­дің бюл­ле­тень­дері «тап­сы­рыс бой­ын­ша» «Нұр Отан­ның» және басқа да пар­ти­я­лар­дың пай­да­сы­на өткізіледі. Кел­ме­ген адам­дар­дың дауы­сы арқы­лы сай­лау санын «көбей­ту» әлдеқай­да оңай, өйт­кені ол бюл­ле­тень­дер­ді қай­та жаса­удын қажеті жоқ.

Өте аз сай­ла­у­шы­ның келуі билік үшін тым тиім­ді деп айтуға бол­май­ды. Оларға «өз жақ­та­ста­ры­ның» жоға­ры бел­сен­ділі­гі қажет. Дәстүр бой­ын­ша төмен­де көр­сетіл­ген бес негіз­гі топ билік «жақта­у­шы­ла­ры» болып саналады:

  • «кару­сель» түрін­де­гі шара­ларға қаты­са­тын топ (бір үлкен топ­ты учас­ке­ден учас­ке­ге тасы­мал­дау және оларға бір­не­ше рет дауыс беру­ге рұқ­сат ету);
  • «еріксіз» дауыс беру тобы (бұл ең ауқым­ды топ сту­дент­тер­ден, бас­шы­ла­ры­на әкім­дік неме­се жұмыс беру­ші оли­гарх­тар қысым көр­сет­кен кәсі­по­рын­дар­дың қыз­мет­кер­лері­нен, ғылым, мәде­ни­ет, ден­са­улық сақтау және білім беру сала­ла­рын­дағы түр­лі дәстүр­лі мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ден құралады);
  • «бұй­ры­қ­пен» дауыс беру тобы (бар­лық дең­гей­де­гі мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер, ква­зи­мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­дың қыз­мет­кер­лері, сая­си және әкім­шілік лау­а­зым­дарға тағай­ын­далған­дар, қауіп­сіздік қыз­мет­кер­лері және фор­ма киген бар­лық адамдар);
  • «қаты­сы бар және сенім артқан­дар» пулы (нұро­тан­ды­қтар­дың және басқа да тір­кел­ген пар­ти­я­лар­дың жақын­да­ры мен отба­сы мүше­лері, сон­дай-ақ бел­гілі бір себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты «Нұр Отан» бар­лы­ғын дұрыс жасай­ты­ны­на және осы­лай жалға­сты­ра­ты­ны­на кәміл сенім­ді адамдар);
  • Бесін­ші топ­ты «ерекше топ» деп атай­мыз (елшілік­тер­де, жабық учас­ке­лер­де дауыс беру­шілер, мобиль­ді жәшік­тер, шалғай және қаты­на­уы қиын елді мекен­дер және т.б.).

Билік­тің алтын­шы ең ауыр соққы беретін тобы – бар­лық дең­гей­де­гі сай­лау комис­си­я­ла­ры жүй­есі. Әр дең­гей­де­гі комис­сия дауыс беру нәти­же­лерін өз әдісі бой­ын­ша бұр­ма­лай­ды. Сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның бүкіл вер­ти­калі арнайы қыз­мет пен әкім­дік қыз­мет­кер­лерінің «кура­тор­лы­ғы­мен» сүйемелденеді.

«Нұр Отан­ның» өркен­деп тұрған уақы­тын­да, жоға­ры­да аталған бүкіл мәж­бүр­лі тетік­тер­ді, яғни «әкім­шілік ресур­стар­ды» қоса есеп­те­ген­де, «ядро­лық элек­то­ра­ты» (билік пар­ти­я­сы­на сана­лы түр­де дауыс беретін­дер) әдет­те сай­ла­у­шы­лар­дың шама­мен 25%-ын құрай­тын. Сон­ды­қтан дауы­стар­дың басым бөлі­гін алу үшін оған қосым­ша 26% алу жет­кілік­ті бола­тын. Бұл «бат­пақтан» сыды­ры­лған дауыс – үгіт-наси­хат арқы­лы сен­діріл­ген­дер. Қалған пай­ы­здар­ды сая­си «сұлулық үшін» үшін қосып отырған.

Уақыт өте келе билік пар­ти­я­сы­ның «ядро­лық элек­то­ра­ты­ның» саны азай­ып, бір­те-бір­те иллю­зи­ядан ары­лған­дар­дың саны көбей­ді. Бүгін­гі таң­да бұл кіш­кене ғана топ. Жоға­ры­да сипатталған бар­лық тұрақты қаты­су­шы­лар мани­пу­ля­ция объ­ек­тісі болу­дан шар­ша­ды. Шар­ша­май­тын­дар — арам пиғыл­ды адам­дар неме­се пато­ген­ді түр­де «номен­кла­ту­ра­ның жаза­ла­у­шы қылы­шы­нан» қорқатындар.

Алай­да мотив­тер мен ар-ождан­ның нақты күресі осы май­дан­дар­да және осы топ­тар­да бола­ты­ны­на аңғал­ды­қ­пен қара­уға бол­май­ды. Себебі, бұл адам­дар­дың қан­дай-да бір жол­мен сай­лау про­це­ду­ра­ла­ры­на қаты­су­дан жал­та­руы екіта­лай — олар сөз­сіз мәж­бүр болады.

Негіз­гі сұрақ – олар­да не басы­мы­рақ, аза­мат­тық намысы ма әлде «әкім­шілік қылы­штан» қорқу ма? Егер олар әдет­те­гі мәж­бүр­леу жолы­мен жүр­ме­се, қоғам олар­мен нақты ынты­мақ­та­стық орна­та ала ма? Түбін­де көзі ашы­лып, көкіре­гі оянған­дарға мұн­дай мүм­кін­дік бар ма? Менің­ше, мүм­кін­дік бар. Тек маған аңғал және ондай адам­дар­дың бары­на сен­гіш екен­сің демеңіз. Әрине, мен сене­мін және біз ісі­мізді өз аза­мат­та­ры­мы­зға сену­ден баста­уы­мыз керек.

Бұрын­да­ры сай­ла­уды ұйым­да­сты­руға қаты­суға тар­ты­лған, бірақ дауы­стар­ды бұр­ма­ла­у­ға көмек­те­скісі кел­мей­тін адам­ның қар­сы­лы­ғын ерлік деп сана­уға бола­тын. Өйт­кені халық бұн­дай сирек кез­де­сетін адам­дар­ды жаза­ла­у­лар мен қуда­ла­у­лар­дан қорғай алмай­тын. Ал қазір әле­умет­тік желі мен ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар­дың пай­да болуы­мен көп нәр­се өзгер­ді – тек олар­ды өз аза­мат­тық сені­міңді қорғау және халық қол­да­уы­на ие болу үшін дұрыс пай­да­ла­на білу керек.

Алай­да, ақпа­рат­тық желінің емес, қоғам­дық сана­ның жай-күйі маңы­зды. Бүгін­де қоғам өзін тағы да мылқау тобыр сияқты қабыл­да­уға жол бер­мей­ді. Сон­ды­қтан, бұл жолы мәж­бүр­леу жүй­есіне қар­сы шыққан­дар­дың бар­лы­ғы номен­кла­ту­ра­лық және күштік озбыр­лы­ққа қар­сы халық тара­пы­нан кеңі­нен қол­дау таба­ды деген сенім бар. Бұл қол­да­уды қалай көру­ге және сезі­ну­ге болады?

Бұның тек бір жолы бар — ұйым­да­сты­ру­шы­лар мен сай­ла­удың мін­дет­ті қаты­су­шы­ла­ры қалай әре­кет ететінін­де емес, негіз­гі фак­тор бұқа­ра­лық сай­ла­у­шы­ның өзін қалай ұстай­ты­ны­на бай­ла­ны­сты. Егер ол бұрын-соң­ды бол­маған бел­сен­ділік таныт­са, көше­де­гі нара­зы­лы­қты қол­да­у­мен ғана шек­тел­ме­се, қар­сы дауыс беру арқы­лы бел­гілі нара­зы­лық топ­тың нақты санын біл­дір­се, онда бұл халық жеңісінің алға­шқы қада­мы болып сана­ла­ды және бұл кері қайт­пай­тын тек алға итер­ме­лей­тін жол болмақ.

Бұл мүм­кін бе? Бар­лық нұсқа­лар­ды қарастырайық.

  • Аза­мат­тық балама

«Аза­мат­тық бала­ма – ашық плат­фор­ма­сы» деп ата­ла­тын біздің баста­ма­мыз, нәти­же­сі есеп­те­ле ала­тын нара­зы­лық біл­дірудің жалғыз ныса­ны ретін­де келесі әре­кет­тер алго­рит­мін ұсы­на­ды: «Нұр Отан» мен оның сая­си тап­сы­рыс беру­шілерінің бола­шақта билік­те болуы­на келіс­пей­тін аза­мат­тар сай­лау учас­ке­леріне бел­сен­ді түр­де барып, бюл­ле­тень­ді диа­го­наль бой­ын­ша сызып тастау арқы­лы «бәріне қар­сы» дауыс беруі керек.

Бұл әдіс­ке «бюл­ле­тень­дер­ді бүл­ді­ру» деген сәт­сіз ат бер­ген – ресми түр­де солай қабыл­данға­ны­мен, іс жүзін­де бұл билік­ке, бүкіл сая­си режим­ге және бұл сай­ла­у­ға деген сенім­сіздік воту­мын  біл­дірудің көрінісі. Бюл­ле­тень­дер — бұл ең алды­мен біздің мен­ші­гі­міз, өйт­кені біз — мемлекетпіз.

Шын мәнін­де, бұл біздің өмірі­міздің бүкір сала­сы­на жай­лаған озбыр­лы­ққа қар­сы «жоқ» деп жау­ап бер­ген рефе­рен­дум түрі.  Жаңа ел, жаңа қоғам­дық  қаты­нас құруға «халық» болып атса­лы­сқан және халы­ққа билік көзі ретін­де­гі кон­сти­ту­ци­я­лық мәр­те­бесін қай­та­руға бағыт­талған алға­шқы қада­мы­м­ыз болмақ.

Бұл шешім, учас­келік сай­лау комис­си­я­ла­ры (УСК) дең­гей­ін­де өз бюл­ле­тень­дері­мізді есеп­тей ала­ты­ны­мы­зға негіз­дел­ген. Біз дәл осы дең­гей­де­гі сай­лау қоры­тындыс­ы­на назар ауда­ра­мыз, себебі қар­сы дауыс бер­ген­дер­дің дауы­сы осы жер­де бел­гілі болады.

Бұдан ары қарай­ғы про­це­сті бақы­лау мүм­кін емес – тіп­ті бар­лық бюл­ле­тень­дер «қажет­ті» дауы­сы бар бюл­ле­тень қап­шы­қта­ры­мен алма­сты­ры­луы мүм­кін, бірақ бұл жағ­дай қара­пай­ым сай­ла­у­шы­лар­ды толған­дыр­мауы керек. Ең басты ныса­на­мыз – УИК, осы дең­гей­де біз өз нара­зы­лы­ғы­мы­зды біл­діріп, оны өз көзі­міз­бен көріп санай ала­мыз.  «Жоға­ры­дағы­лар» сай­лау нәти­же­сін алдын-ала мәлім­дел­ген «Нұр Отан­ды» 75–80% аза­мат­тар қол­дай­ды деген нәти­же­ге сәй­кестен­діру­ге тыры­са­ды, бірақ біздің санаған қар­сы дауы­сы­мыз бен олар­дың санаған өз дауы­ста­ры ара­сын­да дау туғы­зар зор қара­ма-қай­шы­лық болады.

Сан­дық тұрғы­да біз мына­ны көре­міз: егер елде шама­мен 12 млн. сай­ла­у­шы бар деп есеп­те­сек, «Нұр Отанға» жал­пы­ха­лы­қтық жеңістің көр­сет­кі­ші ретін­де элек­тор­тат­тың шама­мен 77%-ның сай­ла­у­ға қаты­сқа­ны дұрыс болар еді. Яғни, «жоға­ры­дағы­лар» шама­мен 9 мил­ли­онға жуық сай­ла­у­шы­лар­дың бел­сен­ділі­гін көр­се­тер еді. Өткен пре­зи­дент­тік сай­ла­удың ресми деректері мен ста­ти­сти­ка­сы негіз­ге алын­ды. «Нұр Отан­ның» жос­пар­лаған пай­ы­зы — шама­мен 70%, яғни Қ.Ж.Тоқаевқа беріл­ген дауыс саны­мен бір­дей (6,5 млн.).

Өткен жолғы сай­ла­уда, бой­кот негіз­гі тренд болға­ны­на қара­ма­стан, 1,4 мил­ли­онға жуық сай­ла­у­шы­лар А.Қосановқа дауыс берді.

Сұх­бат­та­ры­ның бірін­де Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев егер нара­зы дауы­стар­дың саны 3 млн-ға жет­се, бұл Аста­на­ның сол жаға­ла­у­ы­на қысым жаса­удың маңы­зды дәлелі болар еді деген пікір біл­дір­ді. 3 мил­ли­он дауыс — сай­ла­у­шы­лар­дың шама­мен 30%-ы.

2019 жылғы пре­зи­дент­тік сай­лау кезеңі­нен бері біраз уақыт өтті, билік тран­зи­ті жоба­сы бой­ын­ша жеке Қ‑Ж. Тоқа­евқа берілетін сенім тау­сы­луға шақ, себебі оның тара­пы­нан қан­дай да бір айқын рефор­ма сая­са­ты­ның бол­мауы сал­да­ры­нан елі­міз­де көп­те­ген оқиға­лар орын алды. Сон­ды­қтан бұл жолғы нара­зы­лық тек сая­си және аза­мат­тық бел­сен­ділер­дің ғана ойы емес, соны­мен бір­ге елде­гі сай­ла­у­шы­лар­дың басым бөлі­гінің де қала­уы. Қара­пай­ым тіл­мен айтқан­да, адам­дар қазір­гі билік­тен оң өзгеріс күт­пей­ді.  Бұл дегені­міз сая­си шешім­дер нара­зы­лық біл­дір­ген­дер­ге емес, қара­пай­ым ойлай­тын елі­міздің аза­мат­та­ры­на негіз­де­луі керек екенін көр­се­те­ді. Тек әрбір сай­ла­у­шы аза­мат­тың өз нара­зы­лы­ғын біл­діру­ге құл­шы­ны­сы болуы керек, сон­да ғана нақты нара­зы дауы­стар­дың саны 3 мил­ли­он емес, 6 мил­ли­он болуы мүмкін.

  • Алдын-ала жеңілісті мой­ын­даған­дар

Бүгін­де біре­улер алдағы сай­ла­уда таң­дау жоқ деп мәлім­дей­ді, бәрі біз үшін шешіліп қой­ы­лған, ештеңені өзгер­ту мүм­кін емес деп ойлай­ды. Бұл тіп­ті басым көп­шілік­тің ұста­ны­мы десек те бола­ды. Қаза­қстан­ды­қтар­дың сай­лау жүй­есіне көңілі қалға­ны сон­ша­лы­қты, оған ешкім сен­бей­ді, бел­сен­ді түр­де сай­ла­у­ға қаты­су — адам өміріне нақты өзгерістер енгі­зе ала­ды деп сана­май­ды. Көп­те­ген адам­дар «лас сая­сат» деп ата­ла­тын нәр­се­ден бас тарт­ты және алдағы сай­ла­у­ға мүл­дем қаты­сқы­сы келмейді.

Бұл топ­ты – алдын ала жеңіліп, ескі­ше өмір сүру­ге келіс­кен­дер – деп атай­ық. (Төмен­де айты­ла­тын «бел­сен­ді бой­кот­пен» шата­сты­руға болмайды)

Неге бұлай ата­дық, неге жай ғана «немқұрай­лы­лар» тобы демес­ке? Себебі  сай­лау кезеңін­де­гі мұн­дай сая­сат оның сая­си кли­ент­тері үшін өте тиім­ді. Бұл сай­ла­удың қаңтар айын­да, сары­шұ­нақ аяз уақы­тын­да және Жаңа жыл мен Рож­де­ство мере­ке­леріне жақын уақыт­та өткізілуі кез­дей­соқ емес. Олар сай­ла­уды тезірек тып-типыл етіп өткі­зуді көздеуде.

Өкініш­ке қарай, бұл топқа «пікір көш­бас­шы­ла­ры» мен сая­си бел­сен­ділер­ге көңілі қалған, соны­мен бір­ге оларға мой­ы­нұ­сы­нған адам­дар кіреді. Бұл көп­те­ген жыл­дар­дағы сатқын­ды­қтың, оппо­зи­ция көш­бас­шы­ла­рын әр тарап­тан қара­лау үшін жүр­гізіл­ген ұзақ науқан­дар­дың, сон­дай-ақ, ашы­ғын айтқан­да бір-бірі­міз­ге деген ала­у­ы­зды­қтың салдары.

Алай­да, бұл тек оппо­зи­ция мен оның бас­шы­ла­ры­на тән ерекшелік емес. Жал­пы, елде түбе­гей­лі және толы­қтай сенім сезі­мін туды­ра­тын адам­ды табу өте қиын. Мұн­дай адам­дар іс жүзін­де жоқ – өйт­кені мем­ле­кет жыл­дар бойы өзінің қата­ры­на тек тиім­ділер­ді ғана тарт­ты және бұл үрдіс қоғам­ның бар­лық сала­ла­ры­на әсер еттті.

Сон­ды­қтан, менің және жақ­та­ста­рым­ның сіз­ге айта­ры­мыз бар — ешкім­ге сен­беңіз, тек өзіңіз­ге сеніңіз! Біздің бар­лық отан­даста­ры­мы­здың ынты­мақ­та­сты­ғы­на сеніңіз. Мұны бір­ге жасай­ық, өйт­кені бұл бір қадам, бір күн! Біз жетістік­ке жете­міз, бас тарт­паңыз! Осы себеп­ті біздің баста­ма­мыз біре­удің көш­бас­шы­лы­ғы түрін­де емес, ашық плат­фор­ма ретін­де құрыл­ды – әркім оған өз үлесін қоса алады.

  • «Ақыл­ды дауыс беру» және соған ұқсас технологиялар

Ұзақ уақыт бойы бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры үкі­мет пен «Нұр Отан» пар­ти­я­сын тех­но­ло­ги­я­лық тұрғы­дан қалай жеңу­ге бола­ты­ны тура­лы түр­лі нұсқа­лар­ды талқы­ла­ды. Схо­ның бірі «Ақыл­ды дауыс беру» деп ата­ла­ды. Бұл тер­мин­ді Ресей­де Алек­сей Наваль­ный ойлап тапқан, кей­бір жағ­дай­лар­да бұл тех­но­ло­гия сәт­ті өтті.

Оның мәні кез кел­ген басқа пар­тия үшін дауыс бере оты­рып, “Нұр Отанға” берілетін дауы­стар­дың санын азай­ту. Түр­лі нұсқа­лар ұсы­ныл­ды, оның ішін­де “Ауыл” пар­ти­я­сы­на неме­се “Нұр Отан­нан” басқа кез-кел­ген пар­ти­яға дауыс беру болды.

Бұл әдістер­де бел­гілі бір себеп­тер бар, бірақ олар­дың кем­шілі­гі — бұл тех­но­ло­ги­я­лар әлсіз сенім­дер­ге негіз­дел­ген. Осы себеп­ті, өте қысқа мерзім­де бұл тех­но­ло­ги­я­лар келесі себеп­тер бой­ын­ша иде­я­лар бәсе­ке­ле­сті­гі­нен шығады:

Бірін­ші­ден, бұл пар­ти­я­лар үгіт – наси­хат про­цесін­де өз сай­ла­у­шы­лар пулын қалып­та­сты­ра­ды-бұл пар­тия мүше­леріне жақын адам­дар, олар­дың әле­умет­тік топ­та­ры, сая­си тап­сы­рыс беру­шілері, сон­дай-ақ қан­дай да бір себеп­тер­мен “екін­ші эше­лон­дағы пар­ти­я­лар­дың” біріне сана­лы түр­де дауыс беретін сай­ла­у­шы­лар. Жақын­да қай­та жасақталған «Адал­дың» да осы­лай әре­кет ететініе күмәнім жоқ.

Екін­ші­ден, бұл пар­ти­я­лар­дың негіз­гі сая­си қыз­меті — сай­лау нәти­же­лерін және «Нұр Отан­ның» жеңісін мой­ын­дай­тын­ды­ғын мәлім­деу. Сон­дай-ақ бюл­ле­тень­дер­мен ала­яқтық про­цесін­де оларға “берілетін” пай­ы­здар­мен келі­сетіні тура­лы мәлім­деу. Бұлай мой­ын­сұ­ну­ды нара­зы­лық деп ата­уға да кел­мей­ді. Өйт­кені, бұл жер­де нара­зы­лы­қтың көрінісі жоқ және оны ізде­удің де қажеті жоқ.

Үшін­ші­ден, жал­пы алған­да, бұл пар­ти­я­ларға беріл­ген дауы­стар­ды  нара­зы дауыс ретін­де есеп­те­сек бола­ды, өйт­кені кез-кел­ген жағ­дай­да бұл финал­да «ерекше және қай­та­лан­бас» болуға тыры­са­тын «Нұр Отан­ның» айқын жеңілісі. Бірақ бұл елде­гі сай­ла­у­шы­лар­дың ең кең топ­та­ры қалай дауыс беретін­ді­гіне арналған бонус. Нәти­же­лер­ді тану фак­то­ры соңын­да бәрін бұзады.

  • «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның пай­да­сы­на ойнау нұсқасы

«Бар­лы­ғы­на қар­сы дауыс беру» стра­те­ги­я­сы “Нұр Отан­ның” кезек­ті ойы­ны­ның нұсқа­сы ма? Бұл нұсқа­ны наси­хат­та­у­шы­лар “Нұр Отан­ның” жеңіс­ке жету нәти­же­лері халы­ққа нақты жари­я­ланға­нын еске­ре оты­рып, сай­ла­уды авто­мат­ты түр­де заң­да­сты­ру деп санай­ды. Мұн­дай ойын көп күдік туғы­за­ры анық, өйт­кені халық бар­лық актор­лар­ды кезек­ті “қоса­нов ретін­де” қабыл­дай­ды.  Бұл жарақат ұзақ уақыт бойы жазы­ла қоймас.

Алай­да, “Қоса­нов сце­на­рийі” соңын­да сай­лау нәти­же­лерін мой­ын­да­уды және оған сенім артқан осы бір жарым мил­ли­он адам­ның жеңілісін біл­діреді. Біздің стра­те­ги­я­мы­зға бой­ын­ша сай­лау нәти­же­сі және тұта­стай алған­да олар орын­да­ла­тын бар­лық құқы­қтық база мен рәсім­дер­ді тану кір­мей­ді. Осы себеп­ті мұн­дай күдік­тер негізсіз.

Біз сай­ла­уды ұйым­да­сты­ру­шы­лар­мен УСК дең­гей­ін­де­гі дауы­ста­ры­мы­зды санаған­нан кей­ін бір­ден қошта­са­мыз. Өзі­міз­ге қажет­ті ақпа­рат­ты алған­нан кей­ін, сана­удың келесі кезең­деріне бой­кот жари­я­ла­дық деп есеп­тей­міз.  Бізді ОСК-ның қиял­да­ры қызы­қтыр­май­ды — және бұл біздің эмо­ци­я­мыз ғана емес, елі­міз­де­гі бар­ша пара­сат­ты адам­дар­дың ойы. Билік­ке сенім­сіздік  воту­мы бой­ын­ша халы­қтық рефе­рен­дум осы дең­гей­де өтеді.

«Бел­сен­ді бойкот»

Елі­міздің кей­бір аза­мат­та­ры өздерінің келесі­дей нақты ойла­рын біл­дір­ді: «билік, қара­пай­ым аза­мат­тарға өз құқы­ғы неме­се талап­та­рын бей­біт жол­мен біл­діру­ге мүм­кін­дік бер­мей­тін­дей етіп түр­лі заң­дар мен нор­ма­лар ойлап тауып, бөгет жаса­уда. Аста­на­да оты­рған билік басын­дағы­лар біз­ге тек ашық түр­де нара­зы­лық біл­діру­ден басқа амал қал­дыр­ма­ды. Ал бұн­дай жағ­дай­да сай­ла­у­ға барып дауыс беру аза­мат­тық қадіріңді жоғал­ту болып табы­ла­ды, сон­ды­қтан оған қаты­су­дың қажеті жоқ, нара­зы­лы­ғы­ң­ды біл­ді­ру үшін бір­ден митинг­ке шығу керек».

Бұл ұста­ным­ды бүгін­де «бел­сен­ді бой­кот» деп те атай­ды. Бұл стра­те­ги­ядағы негіз­гі бел­сен­ділік  қағи­да­ты сай­лау учас­ке­леріне бар­мау ғана емес, осын­дай сай­лау өтіп жатқан Қаза­қстан­дағы сая­си жағ­дай­ға қар­сы­лық ретін­де алаңға шығып бел­сен­ді түр­де нара­зы­лық білдіру.

Біздің баста­ма­шыл топ­тың да ұста­ны­мы осы топ­тың көзқа­ра­сы­на сәй­кес. Алай­да, біз тек аза­мат­тық және пар­ти­я­лық бел­сен­ділер­ге ғана емес, сон­дай-ақ жоға­ры­да айтқа­ным­дай, бар­лық сай­ла­у­шы­ларға арқа сүй­ер бол­сақ, бұл нара­зы­лық әлдеқай­да тиім­дірек бола­ды деп санаймыз.

Бұл жер­де­гі басты мәсе­ле дауыс бер­ме­ген­дер­дің санын сая­си актив­ке қосу­дағы қиын­дық, деген­мен оның өз нақты сан­дық көр­сет­кі­ші бола­ды, бірақ бұл әдістің ең осал жері оның дұрыс түсін­діріл­мей­тінін­де. Себебі, тек бар­лы­ғы­на нара­зы болған­дар ғана емес, бар­лы­ғы­на риза болып, өзгерісті қала­май­тын­дар да дауыс бермейді.

Бұған қоса, толық бой­кот жаса­уды қол­да­у­шы­лар­дың басым бөлі­гі сай­ла­у­ға бел­сен­ді қаты­са оты­рып, біры­ңғай жол­мен бар­лы­ғы­на қар­сы дауыс беру сце­на­риінің алдын-ала сәт­сіздік­ке ұшы­ра­уы мүм­кін екенін де еске­реді. Бұның себебі Қаза­қстан­да бұрын-соң­ды мұн­дай нара­зы­лық біл­ді­ру тәсілі мен мұн­дай бел­сен­ділік­тің бол­мауын­да. Өйт­кені адам­дар­дың сай­лау рәсі­міне деген абсен­те­из­мі мен немқұрай­лы­лы­ғы өте жоға­ры деңгейде.

Өкініш­ке қарай, ақиқат осын­дай. Шынын­да да, Қаза­қстан­дағы ешбір сай­лау айтар­лы­қтай бел­сен­ді түр­де өткен емес. Билік бүгін­де бар­лық ақпа­рат­тық арна­лар мен түр­лі үгіт­теу тәсіл­дерін қатаң түр­де шек­теп, елі­міздің түк­пір-түк­пірін­де­гі әрбір аза­матқа тиісті ақпа­рат­ты жет­кізу­ге мүм­кін­дік бер­мей отыр.

Алай­да бұл тағы да сенім мәсе­лесіне келіп тіре­леді. Өз отан­даста­ры­на деген сенім. Өзгеріс орын ала­ды деген сенім. Бір жағы­нан адам­дар да өзгеріп жатыр, келе келе олар да ең күр­делі деген жағ­дай­лар­дың ара­сын­дағы бай­ла­ны­стар­ды анық түсі­ну­де. Әрине, бұн­дай ешқа­шан болған емес, бірақ түп­теп кел­ген­де бәрібір бола­ды. Мен кәміл сенім­ді­мін. Тіп­ті қате­ле­с­кен күн­нің өзін­де, өз сезім­дері мен сенім­дері шынайы болған ада­мға қате­ле­су түк те қорқы­ны­шты емес.

Егер тек сенім­ге жүгі­ну аздық ете­ді десеңіз, онда ғылы­ми көзқа­расқа жүгініңіз. Ал ғылы­ми тұрғы­дан алып қара­сақ – бүгін­гі таң­да елде­гі нара­зы­лы­қтың әле­умет­тік база­сы барын­ша жоға­ры дең­гей­де және жал­пы халы­қтың бар­лық топ­та­рын қам­ти­ды. Дәл осы себеп­ті билік тез ара­да социо­ло­ги­я­лық зерт­те­улер мен экзит пол­дар­дың мүм­кін­дік­терін жою­да. Деген­мен, шын­ды­қтан қаша алмай­ты­ның тәрізді, бар­ды да жоқ дей алмайсың.

Бақы­ла­у­шы­лар және бақылау

Стра­те­ги­я­лық маңы­зды мәсе­ле­лер­дің бірі – біздің қар­сы беріл­ген дауы­ста­ры­мы­здың дұрыс есеп­те­луі. Біз үшін ең басты­сы тек «өз» дауы­сы­мы­зды санау және сай­ла­у­ға кел­ген­дер­дің жал­пы санын білу. Осы мақа­ла­да бақы­лау стра­те­ги­я­сын нақты ашып көр­сет­кім кел­ді, себебі бұл көп­шілік­тің көкей­ін­де­гі сұрақтар­дың бірі. Алай­да біз жасаған ашық қадам кенет­тен кері әсер беріп, түк­ке тұрғы­сыз болып қал­са ше?

Біле­мін, ашы­қтық «Azamattyq balama» плат­фор­ма­сы­ның негіз­гі ірге­тесі, бірақ бақы­лау тақы­ры­бы біздің билік­тің қыты­ғы­на тию­де, сон­ды­қтан біраз уақы­тқа дей­ін кей­бір мәлі­мет­тер­ді ашып айт­па­уды жөн көр­дік. Деген­мен, бұл көп­ке созыл­май­ды. Себебі уақыт тығыз, тіп­ті сана­у­лы күн қалды.

Бақы­ла­удың негіз­гі так­ти­ка­сы тура­лы кезең-кезеңі­мен хабар­лап оты­ра­мыз, дәл қазір негіз­гі үш бағыт­ты көсе­ту­ге болады:

1. Бақы­ла­у­шы­лар «сай­лау комис­си­я­ла­ры» жанын­да әдет­те­гі­дей сай­ла­у­ға қаты­са­ды. Бұл жер­де ең басты­сы бүкіл ел аумағы бой­ын­ша көбірек бақы­лау учас­ке­лерін қам­ту. Осы орай­да елі­міздің бел­сен­ді аза­мат­та­рын бақы­ла­у­шы болуға шақы­ра­мыз, сон­дай-ақ біздің штаб сіз­дер­ге қай ұйым­дар­дың қата­ры­на қосы­луға бола­ты­ны тура­лы ақпа­рат береді.

2. Элек­трон­дық баста­ма – әле­умет­тік желілер­де және арнайы плат­фор­ма­лар­да бюл­ле­тень­дер мен хат­та­ма­лар­ды жіберу.

3. “Цита­дель” бағы­ты – бұл сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның мүше­леріне және бар­лық дең­гей­де­гі сай­ла­уды ұйым­да­сты­ру­шы­ларға арналған ерекше бағыт. Олар­ды өз аза­мат­тық боры­шын дұрыс орын­да­уға және сай­лау учас­кесін­де бақы­ла­у­шы бол­маған жағ­дай­дың өзін­де сай­лау нәти­же­лерін бұр­ма­ла­мауға шақы­ра­мыз. Сай­лау нәти­же­лері бой­ын­ша ала­яқтық әре­кет­тер­ге қаты­су қыл­мыстық құқық бұзу­шы­лық болып табы­ла­ды. Әрине, біз үшін аза­мат­тық боры­шты орын­дау алғы орын­да және қазір­гі билік сияқты қорқы­ту-үркіту, бопса­лау арқы­лы емес, ең жақ­сы ада­ми қаси­ет­тер негізін­де тіл табысу  маңы­зды. Халық деген – бұл бар­лы­ғы­мы­з­быз, бүгін­гі цита­дель­дің ішін­де­гілер де, сыр­тын­дағы­лар да.

• 6 мил­ли­он сай­ла­у­шы бар. Ары қарай не болмақ?

Соны­мен, «Azamattyq balama» ашық плат­фор­ма­сы­ның қаты­су­шы­ла­ры­на ең маңы­зды және жиі қой­ы­ла­тын сұрақтар­дың бірі – біз «бар­лы­ғы­на қар­сы» дауыс бер­дік және қажет­ті дауыс санын жина­дық делік. Ары қарай не болмақ?

Мұн­дай қар­сы дауыс берудің сая­си нәти­же­сі айқын:

Халық өзіне «билік көзі» мәр­те­бесін қай­та­ра­ды және өзінің бар екенін,  бір­тұ­тас екенін және бұдан былай билік­те­гілер­дің оны қалаға­нын­ша билеп төсте­уіне төз­бей­тінін көрсетеді. 

Егер біз «бар­лы­ғы­на қар­сы» дауыс беру арқы­лы сай­ла­у­шы­лар­дың 30 пай­ы­зы­нан астам дауы­сын жина­сақ, онда бұл пар­ла­мент­тің леги­тим­ді емес екенін біл­діреді. Леги­тим­ділік — бұл билік­тің өзі ойлап тапқан заң­дарға сәй­кест­і­гі емес, Пар­ла­мент­ті әділ сай­ланған деп тану. Біз айтқан жағ­дай­да, Пар­ла­мент әділ сай­лан­ды деп санал­май­ды және бұл тек бір топ бел­сен­ділер­дің ғана емес, бүкіл халы­қтың басым бөлі­гінің пай­ы­мы ретін­де қабыл­да­на­ды. Билік­тің бұған қар­сы айтар уәжі қал­май­ды. Нелік­тен тек 30 пай­ыз ғана жинау керекпіз? Себебі билік­тің барын­ша қар­сы­лы­ғы­на қара­ма­стан жиналған 3 млн. дауыс, бұл  біз жоғал­тқан еркін бәсе­ке­ле­стік­те жинай­тын 5–6 млн. дауы­сы­мыз болып сана­ла­ды. Егер бұдан көп жинай алсақ тіп­ті кере­мет, әрі халы­қтың табан­ды ұста­ны­мын күшей­те түседі.

Дауыс беру­де­гі жеңіс бүкіл сая­си жүй­енің леги­тим­ділі­гі дағ­да­ры­сын туды­ра­ды, өйт­кені ол Пар­ла­мент­тің мәр­те­бесі мен заң­ды­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты. Шын мәнін­де, бұл әре­кеті­міз арқы­лы қазір­гі пар­ти­я­лық жүй­е­ге де, оның басты  орта­лық буы­ны – «Нұр Отанға» да «қар­сы­лы­ғы­мы­зды» біл­діре­міз, ал олар­дың сенім­ді сай­ла­у­шы­ла­ры бар бол­са, олар жай ғана еркін бәсе­ке­ле­стік режи­міне көшеді. Елі­міз­де биле­уші пар­ти­я­лар болуы мүм­кін, бірақ бұдан былай билік пар­ти­я­сы бол­мауы керек. КОКП-ның тота­ли­тар­лық мұра­сын бір­жо­ла­та жою керек.

Бұл сая­си нәти­жені ары қарай не істей­міз және ол оқиға­лар­дың одан әрі дамуы­на қалай әсер ете­ді? Бірін­ші қадам сай­ла­уды тоқта­ту­ды және оны кем деген­де күз­ге ауы­сты­ру­ды  талап ету.

Әрі қарай, пар­ти­я­лар­ды тір­ке­у­ге кедер­гі кел­тіріп оты­рған түр­лі шара­лар қарас­ты­ры­лған қазір­гі пар­ти­я­лар тура­лы заңға өзгеріс енгі­зу үшін, оны қай­та қара­уды талап ету. Негіз­гі мини­мал­ды талап­тар – пар­тия құру үшін Қаза­қстан­ның небәрі 1000 аза­ма­ты­ның жет­кілік­ті болуы, съез­дер мен фили­ал­дарға қаты­сты талап­тар­дың демо­кра­ти­я­лан­ды­ры­луы, мәжіліс­ке кіру шегін 3% — ға дей­ін төмен­де­ту және т.б.

Бұл қадам жаңа уақыт­ша пар­ла­мент­ті сай­лау мақ­са­тын­да нағыз бәсе­келік орта құру үшін жаса­ла­ды. Уақыт­ша пар­ла­мент­тің басты сая­си мін­дет­тері,  кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма және Қаза­қстан халқы­на Кон­сти­ту­ци­я­ның түр­лі жоба­ла­ры мен келе­шек­те­гі мем­ле­кет­тік құры­лым­ды ұсы­ну. Пар­ти­я­лар Кон­сти­ту­ци­яға деген көзқа­ра­сын­дағы айыр­ма­шы­лы­ғы­на қарай  құры­ла­ды. ОСК Пре­зи­дент Әкім­шілі­гінің бөлі­мі емес, нақты қоғам­дық ұйым қағи­да­ты бой­ын­ша тара­ты­луы және қай­та ұйым­да­сты­ры­луы керек. Сай­лау жүй­есіне деген сенім­ді қай­та­дан және “нөл­ден” бастап құру керек.

Қазір­гі Пар­ла­мент­ке осы заң­ды қабыл­да­уға мүм­кін­дік беріледі. Әйт­пе­се, жұрт­шы­лық рефе­рен­дум арқы­лы жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ны қабыл­да­уды және оны қабыл­дау мен талқы­лау тәсіл­дерін ұсы­ну­ды қолқалайды.

Қазір­гі ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар пле­бис­цит­тік демо­кра­ти­яға жаңа басым­ды­қтар беру­ге өте қолай­лы жағ­дай жасаған. Сон­ды­қтан рефор­ма­лар­ды тезірек жасау үшін тиісті кибер­плат­фор­ма мен жал­пы­а­за­мат­тық әле­умет­тік желі құруға қол жет­кі­зу керек. Мұн­дай желінің алго­ритмдері бұрын­нан бар, олар ашық бәсе­ке­ле­стік орта­да қабыл­да­нуы тиіс.

Халы­қтың ұста­ны­мын күн­делік­ті және қажет­ті шешім­дер қабыл­данғанға дей­ін табан­ды­лы­қ­пен қорғау мін­деті қазір­гі сая­си неме­се аза­мат­тық актив­ке жүк­те­летіні бел­гілі. Енді­гі жер­де бұлар­дың қата­ры­на сай­ла­у­шы­лар­дың әле­умет­тік база­сы қосы­ла­ды және олар­дың күші арта­ды. Менің болжа­уым­ша, егер ескі бел­сен­ділер­ге халы­қтың көңілі тол­ма­са, сая­си актив жаңа тұлға­лар­ды ұсы­нуы мүм­кін – бұл еркін бәсе­ке­ле­стік­тің еншісін­де, тек осы үдерісті тезірек бастатқан жөн. Ең басты­сы, жаңа өмір бастағы­сы келетін кім екенін аны­қтау, әрине ол билік­тің жалғыз көзі — Қаза­қстан халқы.

Соны­мен, достар, отандастар!

10-қаңтар­да біз бола­шақ бес жыл­да, мүм­кін тіп­ті одан да көбірек уақыт­та қалай өмір сүретіні­мізді таң­дай­мыз. Бүгін­гі сая­си режим мен оның сате­ли­ті болағн «Нұр Отан» пар­ти­я­сы және басқа да «рұқ­сат етіл­ген» пар­ти­я­лар­дың біз­ге дай­ын­дап жатқан келе­ше­гі­мен келі­сесіз бе? Егер келіс­пе­сеңіз, онда «жоқ» деп тоқтау айты­ңыз. Өзіңіздің аза­мат­тық сенім­сіздік воту­мы­ңы­зды  біл­діріңіз! Осы жолғы сай­ла­удағы дауы­стар­дың ұрла­нуы­на жол бер­меңіз. Жаңа өмір­ді таң­даңыз. Бұл тек алға­шқы қадам, бірақ өміріңіздің бір күні мен бір көк­те­мін­де нағыз кәсі­би аза­матқа айна­лы­ңыз, елді басқа­рып көріңіз, оны өз қолы­ңы­з­бен өзгер­тіңіз. Маған көбісі «қол­да­ры­ң­нан кел­мей­ді, ешқа­шан да кел­ме­ген» — дей­ді! Бірақ мен сене­мін, егер сіз де сен­сеңіз, онда біз мін­дет­ті түр­де жетістік­ке жетеміз!

Біз ортақ қадам жасай­мыз және бір­ге жеңе­міз! Ортақ қадам, ортақ жеңіс!

  •  

*Вотум [латын­ша votum – тілек, серт, уәде, ант] – дауыс беру арқы­лы біл­діріл­ген шешім.  арт­ты­рып, сая­сат­тың тұрақты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету үшін пайдаланылады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн