Понедельник , 30 июня 2025

ҚАЗАҚСТАН БІР АЙДА 1 миллиард доллар РЕЗЕРВІН ЖОҒАЛТТЫ

Қазақстанның халықаралық резервтері 2021 жылдың басынан бастап 1 миллиард долларға жуық, яғни 93,3 миллиард долларға дейін азайды, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев.

«Жал­пы халы­қа­ра­лық резерв­тер жыл басы­нан бері 1 мил­ли­ард дол­ларға азай­ып, 93,3 мил­ли­ард дол­лар­ды құра­ды», – деді Доса­ев сей­сен­бі­де­гі үкі­мет оты­ры­сын­да. Оның айтуын­ша, Қаза­қстан­ның алтын-валю­та резерв­тері өзгеріс­сіз қал­ды және қаңтар­дың аяғын­да, алдын ала мәлі­мет­тер бой­ын­ша, оның мөл­шері $35,6 млрд болған.

Соны­мен бір­ге ҚР Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі (ҰЭМ) Әсет Ирға­ли­ев­тің мәлім­де­уі бой­ын­ша, қаңтар­да Қаза­қстан­ның Жал­пы ішкі өні­мі 4,5%-ға құл­ды­раған. «Қаңтар­да ЖІӨ өсу қарқы­ны минус 4,5% құра­ды», – деді Ирға­ли­ев сей­сен­бі­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы үкі­метінің отырысында.

Қаз­ТАГ

Президент прокуратура НЕ ДЕЙДІ?

  • Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев Бас про­ку­ра­ту­ра өкіл­дері­мен кез­де­су­де «бей­біт жиын өткіз­гісі келетін­дер жаңа заңға бағы­нып, кон­сти­ту­ци­я­лық құқық қатаң түр­де заң аясын­да орын­да­луы керек екен­ді­гі тура­лы айт­ты» деп хабар­ла­ды «Азаттық» ҚР пре­зи­ден­тінің Бас­пасөз қыз­метіне сіл­те­ме жасап.

Еуро­пар­ла­мент­тің Қаза­қстан­дағы адам құқы­қта­ры жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты қабыл­даған Қара­ры­нан кей­ін, Тоқа­ев «Бей­біт митинг тура­лы» жаңа заң­ды «қоғам­да ғана емес, шетел­дік­тер­ге де түсін­ді­ру керек» деп санайды.

«Был­тыр­дан бастап Қаза­қстан­да бей­біт жиын­дар өткі­зу тура­лы мүл­де жаңа заң күшіне енді. Егер бұрын қол­да­ны­ста болған заң­да рұқ­сат алу про­це­ду­ра­сы бол­са, жаңа заң­да митинг өткі­зу тура­лы хабар­ла­са жет­кілік­ті. Соны­мен қатар ірі қала­лар­дың орта­лы­қта­рын­да бей­біт жиын­дарға, оның ішін­де нара­зы­лық акци­я­ла­рын өткізу­ге арнайы орын­дар бел­гі­лен­ген. Бұл – біздің қоғам­ды демо­кра­ти­я­лан­ды­ру жолын­дағы өте маңы­зды қадам. Бұл сая­сат­ты біздің қоғам­да ғана емес, шетел­дер­де де түсін­діруі­міз керек», ­– деді Тоқаев.

Ал өз кезе­гін­де Алма­ты қала­сы­ның про­ку­ра­ту­ра­сы 10 қаңтар­да пар­ла­мент сай­ла­уы күні нара­зы­лы­ққа шыққан бел­сен­ділер­ді арнайы жасақ жеті сағатқа жуық кетт­линг­те (қор­ша­уда) ұстаған әре­кетін «заң бұзу емес, жаза­ла­у­ға жат­пай­тын әре­кет» деп мәлім­деді. Про­ку­ра­ту­ра мұны «Oyan, Qazaqstan» қозға­лы­сы­ның бел­сен­дісі Айзат Әбіл­сей­іт­тің ары­зы­на бер­ген жау­ап­та айтқан.

Еске сал­сақ, 10 қаңтар­да мәжіліс және мәс­ли­хат депу­та­тын сай­лау күні арнайы жасақ билік­ке қар­сы нара­зы­лық біл­діру­ге шыққан «Oyan, Qazaqstan» бел­сен­ділері мен «Дем­пар­тия» құрғы­сы келетін баста­ма­шыл топ мүше­лерін жеті сағат­тай қор­шап, кетт­линг­те ұста­ды. Бел­сен­ділер жеті сағат бойы суы­қта нәр тат­пай, дәрет­ха­наға бара алмай тұрды.

Осы­дан соң бел­сен­ді Әбіл­сей­іт жемқор­лы­қ­пен күрес агент­ті­гінің Алма­ты­дағы депар­та­мен­ті мен Алма­ты қала­лық про­ку­ра­ту­ра­сы­на арыз жазған еді. Бұл ары­зға қала­лық про­ку­ра­ту­ра: «Қыз­мет­тік тек­серіс кезін­де поли­ция қыз­мет­кер­лерінің әре­кеті­нен жаза­ла­на­тын қыл­мыстық әре­кет аны­қтал­ма­ды. Бұл арыз номен­кла­ту­ра­лық іс ретін­де тір­кел­мей­ді», – деп жау­ап қайырды.

Бел­сен­ді ары­зы­на «осын­дай жау­ап күт­кенін» айта­ды. Жер­гілік­ті құқық қорға­у­шы­лар бел­сен­ділер­ді кетт­линг­те ұста­уды «азаптау» десе, халы­қа­ра­лық құқық қорға­у­шы­лар ұйы­мы мұны «репрес­си­я­лық әдіс» деп сынаған.

«Біздің елде көше­де жастар­ды себеп­сіз аяз­да жеті-сегіз сағат ұстап тұра­ды. Ол жер­де поли­ция депар­та­мен­ті­нен, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­нан, әкім­дік­тен адам­дар жүр­ді. Демек, олар бізді қор­шап, кетт­линг­те ұстаға­нын көріп тұр­ды. Яғни, олар да бұл азапта­уға қаты­сты деген сөз», – дей­ді Әбілсейіт.

Әбіл­сей­іт­ке арыз жазуға көмек­тес­кен заң­гер Татья­на Чер­но­биль про­ку­ра­ту­ра­ның жау­а­бын «күт­кен­дей бол­ды» дей­ді. «Ары­зда бел­сен­ділер ешқан­дай айып­сыз поли­ци­я­ның қор­ша­уын­да тұрға­ны, олар қоға­мға қауіп төн­дір­ме­генін жаз­дық. Оларға ешкім құқы­қта­рын түсін­дір­ген жоқ. Бұл жер­де поли­ци­я­ның заң­сыз ұста­уы Қыл­мыстық кодекстің «азаптау» бабы­на жата­ды», – деді заңгер.

Чер­но­биль­дің сөзін­ше, бел­сен­ді Әбіл­сей­іт про­ку­ра­ту­ра­ның ары­зды тір­ке­ме­геніне қаты­сты сотқа арызданады.

ДАТ-ақпа­рат

Бұл екі арада

ЕЛДЕН СЫРТҚА кетіп жатқандар АРТЫП БАРАДЫ

Қаңтар-желтоқсанда жаңадан келгендерге қарағанда, Қазақстаннан біржолата кеткендердің саны 17 мыңға көп болды.

Қаза­қстан халқы 2021 жыл­дың 1 қаңта­рын­да 18,88 мил­ли­он адам­ды құра­ды, деп хабар­лай­ды Стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау және рефор­ма­лар агент­ті­гінің (ASPiR) Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы (BNS).

«Елде­гі халық саны 2021 жыл­дың 1 қаңта­ры­на 18 877,1 мың адам­ды құра­ды, оның ішін­де қала­лы­қтар – 11 149,7 мың (59,1%), ауыл­ды­қтар – 7727,4 мың (40,9%) адам … 2020 жыл­дың 1 қаңта­ры­мен салы­сты­рған­да, халық саны 245 мың ада­мға неме­се 1,3% өсті», – делін­ген құжатта.

Қаңтар-жел­тоқ­сан­да халы­қтың көші-қон саль­до­сы теріс бол­ды (-17663 адам): Қаза­қстанға 856 618 адам кел­ді, 874 281 адам кетті.

Қаз­ТАГ

 

«БАЙ-ҚУАТТЫ» телетарланнан АЙЫРЫЛДЫҚ

  • Қазақ теле­ви­зи­я­сы­ның таны­мал тар­ла­ны, Ұлт­тық арна­дағы «Nur-Tiley» бағ­дар­ла­ма­сы­ның жүр­гі­зу­шісі Нұр­тілеу Иманға­лиұ­лы 69 жасқа қараған шағын­да өмір­ден өтті.

Нұр­тілеу Иманға­лиұ­лы 1952 жылы 14 мамыр­да Алма­ты облы­сы Ақсу ауда­ны Қара­су ауы­лын­да дүни­е­ге кел­ген. С.Киров атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетін жур­на­ли­сти­ка маман­ды­ғы бой­ын­ша тәмам­дап, ұзақ жыл­дар бойы қазақ теле­ви­зи­я­сын­да түр­лі қыз­мет­тер­ді тап­жыл­май атқар­ды. Ол әр жыл­да­ры «Құр­да­стар», «Жастар дауы­сы», «Арай», «Жады­ң­да ма, жол­дас», «Айна», «Жас жігер», «Бет­пе-бет», «Қол­таң­ба», «Дің­гек», «Көр­шілер», «Заң сөй­лесін», «Nur-Tiley» атты теле­бағ­дар­ла­ма­лар­ды жүр­гіз­ген еді. Ол өзінің соңғы 15–20 жыл­дар ара­лы­ғын­дағы телесұх­бат­та­рын «бай-қуат­ты болай­ық!» деп аяқта­у­шы еді.

Нұр­тілеу Иманға­лиұ­лы 2003–­2006 жыл­да­ры ҚР Мини­стр­лер Каби­неті кең­сесін­де, одан кей­ін ел пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гін­де жұмыс істе­ген. 2006–2007 жыл­да­ры «Қаза­қстан» теле­ра­дио­кор­по­ра­ци­я­сын басқар­ды. Теле­тар­лан арда­гер­лер сапы­на шыға­ры­лған соң, бірер жыл Алма­ты облы­стық теле­ар­на­сын­да хабар жүргізді.

«ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы талант­ты теле­жур­на­лист Нұр­тілеу Иманға­лиұлы­ның мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның отба­сы­на, туған-туы­ста­ры­на, «Қаза­қстан» Ұлт­тық арна­сы­ның ұжы­мы мен жал­пы жур­на­ли­стер қауы­мы­на қай­ғы­рып көңіл айтады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн