Понедельник , 30 июня 2025

Қазақстан екі уран кенішін ҚЫТАЙҒА САТТЫ

  • «Қаза­то­мө­нер­кәсіп» ұлт­тық атом ком­па­ни­я­сы «Орта­лық» ӨК» серік­те­сті­гін­де­гі үлесінің 49%-ын Қытай­дың China General Nuclear Power Corporation еншілес кәсі­пор­ны­на шама­мен 435 млн АҚШ дол­ла­ры­на сатқан, деп хабар­лай­ды Аrasha.kz.

Еске сал­сақ, «Орта­лық» ӨК» ЖШС‑і – «Қаза­то­мө­нер­кәсіп­тің» еншілес кәсі­пор­ны. «Орта­лық» ӨК» серік­те­сті­гі Мыңқұ­дық және Жал­пақ уран кен орын­да­рын игеруде.

«Мәмі­ле аяқталған­нан кей­ін, «Қаза­то­мө­нер­кәсіп» өз үлесінің 51 пай­ы­зын сақтап қала­ды, ал CGNPC неме­се оның үле­стес ком­па­ни­я­сы «Орта­лық» ӨК» серік­те­сті­гін­де­гі қаты­су үлесінің 49%-ын сатып ала­ды, бұл рет­те әріп­те­стер уран сатып алу­ды осы кәсі­по­рын­дағы өзінің қаты­су үлесіне пара-пар көлем­де жүзе­ге асы­ра­тын бола­ды» делінген«Қазатомөнеркәсіп» ұлт­тық атом ком­па­ни­я­сы осы орай­да таратқан ақпаратта.

«Қаза­то­мө­нер­кәсіп» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы акци­о­нер­лік капи­та­лы­ның 75%-ы «Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық әл-ауқат қоры­на тиесілі, 25%-ы – «Аста­на» халы­қа­ра­лық бир­жа­сы мен Лон­дон қор бир­жа­сын­да еркін айна­лым­да. Ал «Самұрық-Қазы­на­ның» жалғыз акци­о­нері – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның үкі­меті. Яғни, Қаза­қстан үкі­меті елдің жера­с­ты қаз­ба бай­лы­ғын шетел­дер­ге сату үрдісін жалға­сты­ру үстінде.

Қытай­дан ҚАШҚАН үш қазақ

  • Қазақ-қытай шека­ра­сын бұзып өтіп, Шың­жаң­нан қашып кел­ген үш қазақ – Қай­ша Ақан, Мұра­гер Әлі­мұ­лы мен Қастер Мұса­ханұ­лы Қаза­қстан­нан аза­мат­тық неме­се үшін­ші елге кету­ге мүм­кін­дік беретін куәлік сұра­ды, деп хабар­ла­ды «Азаттық». Ал Көші-қон поли­ци­я­сы­ның өкілі «шека­ра­дан заң­сыз өткен­дер­ге Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алуға мүм­кін­ді­гі жоқ» дейді.

Қытай­дың Шың­жаң өлкесін­де­гі мұсыл­ман­дарға жаса­лып жатқан қысым­нан қашып, 2018–2019 жыл­да­ры шека­ра бұзып, Қаза­қстанға кел­ген Мұра­гер Әлі­мұ­лы, Қастер Мұса­ханұ­лы және Қай­ша Ақан Қаза­қстан Ішкі істер мини­стр­лі­гіне өтініш тап­сы­рып, аза­мат­тық неме­се «үшін­ші елге кету­ге» рұқ­сат беретін куәлік сұра­ды. Қаза­қстан был­тыр қазан­да Әлі­мұ­лы, Мұса­ханұ­лы, Ақан және тағы бір Шың­жаң қаза­ғы – Баға­шар Мәлікұлы­на уақыт­ша бір жылға босқын мәр­те­бесін берген.

Алай­да Қай­ша Ақан босқын мәр­те­бесін алға­ны­мен, ешқан­дай жеңіл­дік бол­маға­нын, әле­умет­тік жағ­дай­ы­ның нашар­лаға­нын айтып, «ең аяғы теле­фо­ны­мы­зды да өз аты­мы­зға тір­кей алмай­мыз» деді. Көші-қон поли­ци­я­сы, заң­гер­лер мен адво­кат­тар үше­уіне «Қаза­қстан заңы бой­ын­ша, сот­талған адам­дар аза­мат­тық ала алмай­ты­нын» айтқан.

Соны­мен, тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, үш «қашқын» қазақ өз Ата­жұр­ты­нан пана таба алмай, кезін­де­гі Сай­ра­гүл Сауыт­бай сияқты шетел­ге кету­ге мәж­бүр болу­да. Ал Қытай­дың сая­си зәрі­нен қай­мы­ққан Қазақ өкі­меті этни­ка­лық отан­даста­рын қорға­уға дәр­мен­сіз екені кезек­ті рет дәлелденді.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн