Четверг , 3 июля 2025

ҚАЗАҚСТАН ЕЛІН тығырықтан КІМ ҚҰТҚАРАДЫ?

  • Елім, жерім, Ота­ным деген аза­мат­тар бірін-бірі жаман­дап, дат­таған­ша, қоға­мға пай­да­лы өз ойла­рын ортаға салуы тиіс. Мұх­тар Абля­зо­втың, Иманға­ли Тасмаған­бе­то­втің кем­шілік­терін теріп, көз­ге шұқи бер­мей, олар­дың білі­мін, тәжіри­бесін, жеке басы­ның кәсі­би шебер­лі­гін мем­ле­кет мүд­десіне неге пайдаланбасқа?

Қаза­қты алға бастыр­май келе жатқан бір­не­ше жаман әдет бар: ала­у­ы­здық, іштар­лық, қызға­ныш, жеке бастың амби­ци­я­сы, мен­мен­дік. Абай ата­мыз айтқан­дай, «бас-басы­на би болған өңшең қиқым» елдің сиқын кетір­ді. Оның біре­уі 30 жылға жуық орын­ды босат­пай, ьаққа жабысып оты­ра. 1993 жылғы қабыл­данған заң жоба­сын­да «Пре­зи­дент бір мерзім­ге, ең ары кет­се екі мерзім­ге ғана сай­ла­на­ды» деген талап болған. Бүгін­де сол талап қай­да қалды?

Одан бері Кон­сти­ту­ция мен негіз­гі заң­дарға халық қол­да­маған неше түр­лі өзгер­ту­лер енгізіл­ді. Қазақ мем­ле­кеті бір­ден келіп тығы­ры­ққа тірел­ген жоқ. Бәрі бір­те-бір­те және нақақ жасал­ды. Халық бұған көз жұма қара­ды. Билік басын­дағы­лар ойы­на кел­генін істе­ді. Мем­ле­кет бай­лы­ғын ұрлап-жыр­лап, шетел­ге тасы­ды, талан-тара­жға сал­ды. Түк­ке пай­да­сы жоқ «сам­мит», «кон­фе­рен­ция» деген бәле­лер­ді өткі­зуді әдет­ке айнал­дыр­ды. Елді шығын­дарға ұрындырды.

Иә, елге бей­біт рево­лю­ци­я­лық өзгерістер қажет. Бірақ – қалай? Қаза­қты бұл режим­нен кім құтқарады?

Негізін­де рево­лю­ци­я­ны ақыл­ды, білім­ді адам­дар жасай­ды. Оны іске асы­ра­тын – фана­тиктер. Ал оның қызы­ғын көретін, жемісін жей­тін – ала­яқ қулар дей­ді біл­гі­ш­тер. Осын­дай ала­яқты­қ­пен билік басы­на шығып алған қулар Қаза­қстан­ды кене­дей сорып, бар бай­лы­қты шетел­ге тасып, отыз жыл­дың ішін­де қазақ халқын кедей­лік­ке ұрын­дыр­ды. Тығы­раққа тіреді. Енді келіп, бәрі­міз жоба­лап, тығы­ры­қтан шығу­дың жолын іздеп, жан­та­ла­сып жатырмыз.

Бас­пасөз бен интер­нет желілерін­де ақыл айту­шы­лар көп. Ал өзгерісті қолы­мен істей­тін адам жоқтың қасы. Аузы­мен орақ ора­тын, қолы­мен қоса­яқ тышқан өлті­ре алмай­тын аза­мат­тар көбейген.

Қазір­гі оппо­зи­ци­я­ның ішін­де мем­ле­кет­тік іске ара­ла­сып, тығы­ры­қтан Қаза­қстан­ды сүй­реп шыға­ды, қабілеті, білі­мі тәжіри­бесі жете­ді-ау деген екі аза­мат бар. Олар – Әке­жан Қажы­гел­дин мен Мұх­тар Абля­зов. Сон­дай-ақ халы­қтың ара­сын­да аты шық­пай, дау­сы естіл­мей жүр­ген білім­ді жігіт­тер бар­шы­лық. Олар­ды халық әлі жөн­ді танып-біліп жатқан жоқ. Кезе­гі кел­ген­де, олар да халы­қтың алды­на шығар, оған уақыт керек.

Ал Әке­жан Қажы­гел­дин тура­лы «ДАТ» газетіне про­фес­сор Есенға­зы Қуан­дық мыр­за қомақты мақа­ла жаз­ды. Келі­су керек – Әке­жан өкі­мет басы­на келу­ге лай­ы­қты тұлға. Тек мінезі жұмсақтау.

Ал Абля­зов тура­лы ел не дей­ді? Ол кісі Қаза­қстан­нан ақша ұрлаған жоқ. Ол Қаза­қстан­да ақша «жаса­ды». Біз­де банк жүй­есі – ақша жаса­уға өте ыңғай­лы жүйе. Несие бересің, оны 300–400 пай­ы­з­бен қай­та­рып ала­сың. Баю­дың оңай жолы.

Абля­зов мыр­за қар­жы жүй­есін, әсіре­се әлем­дік қар­жы жүй­есін өте шебер мең­гер­ген адам. Ал әлем­дік қар­жы жүй­есі неше түр­лі қитұрқы жағ­дай­ларға толы. Оның заң­ды қитұрқы­сы және заң­сызы бар. Бұны білі­мі, тәжіри­бесі жет­кен адам ғана шеше алады.

Қаза­қстан­да қазір­гі кезең­де билік басы­на кел­ген адам үлкен рефор­ма жаса­уға ұмты­лу керек. Тығы­ры­ққа тірел­ген қазақ елі, қай сала­ны алсаңыз да, былы­ққан дүние: парақор­лық, кор­руп­ция, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті сату. Кон­сти­ту­ци­я­ны толы­ғы­мен қай­та жазу қажет, өйт­кені ондағы заң­ның бар­лы­ғы бір адам­ның мүд­десін қорғай­ды. Бір заң­ның үш-төрт бабы бар, ол бап­тар бір-біріне қара­ма-қай­шы келеді. «Әдейі, сот пен про­ку­рор пай­да­сын көр­сін деп жазы­лған ба?» деп ойлайсың.

Елдің эко­но­ми­ка­сы негізі­нен Ресей­ге бай­ла­нып қалған. Табиғи бай­лы­ғы­мыз экс­пор­тқа Ресей арқы­лы шыға­ды. Ресей дел­дал ретін­де өзінің үлесін алып қалып, ары қарай Қаза­қстанға бұй­ы­рға­нын береді. Ал өз нары­ғы­на Қаза­қстан­ның тау­ар­ла­рын там-тұм­дап қана өткі­зеді. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ – эко­но­ми­ка­дан бұрын, Ресей­дің ыңғай­ын­дағы гео­са­я­си және халы­қа­ра­лық сая­сат­тың қол­шоқ­па­ры­на айналған құрылым.

Рефор­ма жасай­тын адам­ның күш-қай­ра­ты, білі­мі зор, тәжіри­бесі мол болу керек. Бұл қаси­ет­тер Абля­зов мыр­за­ның бой­ын­да жет­кілік­ті. Үш мем­ле­кет­тің қар­жы­сын шетел­ге шыға­рып, билік­тің «ұрлап кет­ті», «тонап кет­ті» деген дал­ба­са даб­ы­рас­ын туды­рған биз­нес­мен-бан­кир – оңай адам емес.

Отыз жыл біздің шене­унік­тер Қаза­қстан­ның бай­лы­ғын шетел­ге тасу­мен, талан-тара­жға салу­мен келеді. Ресми түр­де шетел­ге кет­кен қар­жы 300–400 мил­ли­ард дол­лар деген әңгі­ме бар. Ал бей­ре­сми деректер­ге сүй­ен­сек, шетел­ге кет­кен қара­жат­тың мөл­шері трил­ли­он дол­ларға жуық.

Бұл қар­жы­ны Қаза­қстанға қай­та­рып келу­ге Абля­зо­втың қабілеті жете­ді. Отыз жыл тонал­са да, Қаза­қстан орнын­да тұр, ешкім қазақ жерін көшіріп әкет­кен жоқ. Бай­лы­ғы әлі де өз халқы­на жете­ді. Оппо­зи­ци­я­ның басын­да жүр­ген аза­мат­тар бір жаға­дан бас шыға­рып, бір жең­нен қол шыға­рып, осы екі аза­мат­ты – Әке­жан мен Мұх­тар­ды елге әке­лудің жолын ізде­се дейміз.

Қажы­гел­дин мыр­за­ны өкі­мет­тің ішкі эко­но­ми­ка­сын рет­те­у­ге бағыт­та­са, Абля­зов мыр­за сыр­тқа шығып кет­кен қар­жы­ны қай­та­руға бар жігерін сал­са. Бес жылға еке­уіне осын­дай мис­сия жүк­тел­се, отыз жыл тоналған Қаза­қстан­ды еке­уі бес жыл­да бір жаққа көшіріп әкет­пес еді. Ала­у­ы­зды­қты қой­ып, қызға­ны­шты жой­ып, жеке бастың амби­ци­я­сын ысы­рып тастап, мен­мен­дік­ті табан­ның асты­на тастап, бес жыл­дан кей­ін демо­кра­ти­я­лық адал сай­лау өткіз­се, кім­нің бағы жана­ды – сол билік­ке келеді. Көр­ші қырғыз елін­де­гі жағ­дай көп­ке үлгі боларлық.

Кезін­де Жәні­бек пен Керей еке­уі ат үстін­де жүріп, мем­ле­кет құр­ды. Сенікі-менікі деп бөліс­пе­ді. Ақ киіз­ге көтеріп, хан сай­лаған­да, Керей сұл­тан өз мен­ші­гін­де­гі дүние-мүлік, мал-жан­ды халы­ққа бөліп беруді бұй­ыр­ды. Ат үстін­де жүріп мем­ле­кет жарғы­сын жаса­ды, сот жүй­есін рет­те­ді, әскер­ді бір тәр­тіп­ке бағындарды.

Өйт­кені жан-жағы анта­лаған жау еді. Баста­пқы кез­де қаза­қтың бел­гілі орда­сы да бол­ма­ды, хан оты­ра­тын тағы болған емес. Ат үстін­де жүріп, осы­ның бәрін істе­ді. Қара­мақта­ры­на кіретін жер көле­мін ұлғайт­ты. Мем­ле­кет­ті нығайт­ты. Қатаң тәр­тіп орнатты.

Қазір­гі мем­ле­кет басын­да оты­рған адам­ның екі рези­ден­ци­я­сы бар. Ең бай деген Ресей мем­ле­кетін­де ондай дүние жоқ. Рези­ден­ци­я­ның ішін­де толған каби­нет­тер. Жалт-жұлт еткен алты­н­мен апталған жиһаз. Еденін аяқ­пен басуға аяй­сың. Әр каби­нет­тің алдын­да үш-төрт хат­шы қыз. Әрбір жар­ты сағат сай­ын басты­қта­ры­на шай-кофе, бекіренің қара уыл­ды­ры­ғы, қазы-қар­та тасып, безек­тей­ді. Таңер­тең үйінің алды­на табал­ды­ры­ғы­на тақап қым­бат баға­лы шетел маши­на­сы келіп тоқтай­ды. Көмек­шілері көтер­ген­дей боп, маши­наға оты­рғы­за­ды. Маши­на рези­ден­ци­я­ның ішіне кіріп тоқтай­ды. Көмек­шілері қол­ты­қтап, каби­нет­ке кір­гі­зеді. Жұм­сақ, алты­н­мен жалт-жұлт еткен крес­лоға қам­пиып оты­ра кете­ді. Сөй­те­ді де, бағы­ны­шты адам­да­рын жинап алып күм­піл­деп мақтанады:

«Қаза­қстан мем­ле­кетін мен құр­дым, бұрын мұн­дай мем­ле­кет болған емес. Мем­ле­кет шека­ра­сы­на қазық қағып, мен бел­гіледім. Қаза­қстан­ды жер-жаһанға таны­мал еттім!», – дейді.

Қара­мағын­дағы бағы­ны­шты адам­дар жан-жақтан мақтап ала жөне­леді. Тек бір нәр­се естен шыққан. Абай ата­мы­здың «Сен­бе жұр­тқа тұр­са да қан­ша мақтап, әуре ете­ді ішіне қулық сақтап, өзіңе сен – өзіңді алып шығар, еңбе­гің мен ақы­лың екі жақтап» деген нақыл сөзі.

Естен шыққан тағы бір нәр­се: «Қазақ мем­ле­кеті – осы­дан алты ғасыр бұрын ат үстін­де жүріп, Керей мен Жәні­бек­тің құрып кет­кен мем­ле­кеті еді. Қазақ мем­ле­кетінің жер бетін­де­гі бай­лы­ғы мен табиғи бай­лы­ғы орас­ан зор. Осын­дай бай­лы­қты ұқса­та алмай, мем­ле­кет­ті тығы­ры­ққа тіре­ген шіркіндер-ай!

Оян, қазақ! Ойлан қазақ!

Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ,

зей­нет­кер

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн