Пятница , 25 июля 2025

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне ұқыпты және құрметпен қарау .

Рух­ты елдің рәмізі төр­де тұр­са керек-ті…

Елі­міз тәу­ел­сіздік алған алға­шқы жыл­да­ры мем­ле­кет­тік рәміз­дер – Ту, Елтаң­ба, Әнұранға деген құр­мет ерекше бол­ды. Олай бола­ты­ны да түсінік­ті. Бодан­ды­қтан ада ұлт ретін­де дер­бес­ті­гі­міздің дәлелі дер­лік осы үш дүниені ең алды­мен қастер тұт­тық. Алай­да адам­зат деген жара­ты­лыс бәрі­нен тез жалы­ққыш келеді. Сана­мыз 90-жыл­дар­дың тоқы­ра­уын­да сан­сы­ра­маған­мен, 2000-жыл­да­ры қол­да бар­дың қадірін біл­мей­тін, кие, қаси­ет деген­ді түсін­бей­тін, тоқ­мей­іл­сі­ген тобы­рға айнал­дық. Неге? Себеп­терін тізейік…

Миға толған қоқы­сты Тумен шыға­ра алмайсың

Алды­мен 2012 жыл­дан бас­та­сақ, Тал­ды­қорған қала­сын­дағы облы­стық әкім­дік жанын­да көк­бай­рағы­мыз қоқыс таси­тын сүй­рет­пе қанарға айналған еді. Сол жылы Аты­рау қала­сын­дағы облы­стық про­ку­ра­ту­ра жанын­да қоқыс жинап жүр­ген біре­улер де Туды қап қылып алды. Ал соның алдын­да Ази­яда жары­сын­да жан­күй­ер­лері­міз Туды таба­на­сты етіп, соның үстін­де секең­деп, дүй­ім жұрт­ты сұм­дық дүр­лік­тір­ген болатын.

2022 жылы да Туы­мыз қап ретін­де пай­да­ла­ныл­ды. Оны түсіріп алған видео авто­ры­ның айтуын­ша, бұл жайт Алма­ты қала­сы­ның Жеті­су ауда­нын­дағы Бөкей­ха­нов көше­сін­де болған. Сен­білік­ке қаты­су­шы­лар ол ерсі әре­кет­ке қап таба алмаған­ды­қтан барған­да­рын айтып ақта­лып­ты. Сол жылы «Ири­на Кай­ра­тов­на» тобы­ның мүше­лері мен көп­шілік Shiza деп таны­ған Асхат Жол­ши­ев те Алма­ты­дағы кон­церт­те туды умаж­дап, көре­рмен­дер­ге қарай лақты­рып, сахна­да балағат сөз­дер айтқан болатын.

Бұған дей­ін Шым­кент­те де дәл осын­дай оқиға болған-ды. Шым­кент қала­сы әл-Фара­би аудан­дық соты­ның 08.07.2015 жылғы үкі­мі­мен Туды қап еткен Талғат Бибо­лат пен Гауһар Кал­ды­ба­е­ва ҚР ҚК-нің 372-бабы­мен кінәлі деп таны­лып, 100 АЕК, яғни 198 200 тең­ге мөл­шер­де айып­пұл арқа­ла­ды. Ал 2016 жылы Оль­га Шуми­ло­ва атты қоста­най­лық әйел Мем­ле­кет­тік туды қоқы­сқа тастаға­ны үшін халы­қтан кешірім сұрап, жаза­дан қатаң сөгіспен-ақ құты­лып кетті…

Тех­но­ло­гия дәуір­ле­ген мына ғасыр­да есіл дер­ті әле­умет­тік желілер­ге ауған адам­дар­дың миы қоқыс ақпа­ратқа толы. Көбі маңай­ы­на мән беріп, айна­ла­сы­на абай­лап қара­удан қалып бара­ды. Осы­лай­ша зом­биға айна­ла бастаған түрі­міз­бен әлгін­дей Мем­ле­кет­тік туға салып тасы­ған қоқы­сқа енді Елтаң­ба­ны қалай бол­са солай лақты­рып тастай­тын бол­дық. Еске сала кет­сек, алғаш рет 2017 жылы Пав­ло­дар қала­сы­ның тұрғы­ны орта­лық ста­ди­он маңын­дағы құры­лыс қал­ды­қта­ры­ның ара­сы­нан бір Елтаң­ба­ны тауып алған еді. Ал ол жер­де қала­лық сот пен облы­стық спорт басқар­ма­сы­ның ғима­ра­ты орна­ласқан. Егер кінәлі адам табыл­са, ол мем­ле­кет­тік рәмізді қор­ла­ды деген айып­пен қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лып, 4,5 млн тең­ге көле­мін­де айып­пұл төле­уі неме­се 2 жылға сот­та­луы мүм­кін болған. Алай­да кей­ін бұл мәсе­ле­ге қаты­сты еш ақпа­рат шық­па­ды. Егер Елтаң­ба­ны еден жуу­шы лақты­ра сал­са, оны жер­гілік­ті БАҚ келесі күні-ақ ала­у­ла­тып-жала­у­ла­тып хабар­лап таста­у­шы еді…

Араға 4 жыл салып, яғни 2021 жылы тағы да сол өңір­ден Елтаң­баға қаты­сты шу шықты. Нақты айтқан­да, Пав­ло­дар облы­сы­ның Ақтоғай ауда­ны­на қарас­ты бір ауыл­дың қоқыс үйін­дісін­де бір емес, екі Елтаң­ба мен про­ку­ра­ту­ра тақтай­ша­сы жатқан. Елтаң­ба­ның бірі сынған, екін­шісі бүтін екен. Оның бей­не­жа­з­ба­сы алды­мен әле­умет­тік желілер­ге, кей­ін сайт­тарға тарап кет­ті. Бірақ кім­нің кінәлі екені тағы жұмбақ.

2022 жыл­дың шіл­десі. Тағы да Пав­ло­дар. Қоқыс ара­сы­нан екі Елтаң­ба табыл­ды. Бұл жолы Мем­ле­кет­тік рәміз­дер­ді эко­лог­тар алю­ми­ний зауы­ты­нан 10 шақы­рым жер­де үйіл­ген құры­лыс қоқы­ста­ры­ның ара­сы­нан тапқан. Сон­да қалай, бұл өлке мін­дет­ті түр­де жыл сай­ын қоқы­сқа бір-екі Елтаң­ба­дан тастап оты­ру науқа­нын жасап жатыр ма?

Жә, Пав­ло­дар өңірі содан кей­ін ондай әдет­ті қай­та­ла­ма­ды делік, ал басқа­ла­ры­на не бол­ды? Мыса­лы, 2024 жылы қара­ша­да Талғар­да бір куә­гер бір­не­ше Елтаң­ба­ның қоқыс ара­сын­да шашы­лып жатқа­нын тас­паға тар­тып алған. Сол жылы әле­умет­тік желі­ге Қызы­лор­да­дағы бір қоқыс жәші­гі­нен де Елтаң­ба­ның табы­лға­ны жөнін­де шағын ақпа­рат шығып, ол да қоғам­ның қызу талқы­сы­на түсіп жатты.

Бұл рет­те Мем­ле­кет­тік рәміз­дер­дің қай жер­дің қоқы­сын­да көбірек жатқа­нын аны­қтау ста­ти­сти­ка­сын жүр­гізіп оты­рған жоқ­пыз. Тек немқұрай­ды­лық бар жер­де заң­ды жаза да бар екенін ескерт­кі­міз келеді. Айта кет­сек, Қыл­мыстық Кодекстің 372-бабы («Мем­ле­кет­тік рәміз­дер­ді қор­лау») бой­ын­ша 3 мың АЕК-ке дей­ін­гі мөл­шер­де айып­пұл салуға не сол мөл­шер­де түзеу жұмыста­ры­на не 900 сағатқа дей­ін­гі мерзім­ге қоғам­дық жұмыстарға тар­туға не 2 жылға дей­iн­гi мерзiм­ге бас бостан­ды­ғын шек­те­у­ге не сол мерзiм­ге бас бостан­ды­ғы­нан айы­руға жаза қарас­ты­ры­лған. Жоға­ры­да аталған­дай жағ­дай­лар жиілей бер­се, сол жаза­ны жедел қолға алма­са бол­май­ды. Бірақ оны аты-сойы, шен-шек­пе­ніне қара­май, кінәлі аза­мат­тар­дың бәріне ортақ қол­да­ну керек. Сон­дай-ақ ескір­ген Мем­ле­кет­тік рәміз­дер­ді қалай жою керекті­гін біл­мей­тін­дер­ге құлаққағыс: олар­ды өртеу, балқы­ту, 2,5 шар­шы сан­ти­метр­ден аспай­тын мөл­шер­де май­да­лап бөл­шек­теу, ұсақтау, қалып­сыз мас­саға неме­се ұнтақ күй­ге айнал­ды­ру керек. Ал Туды қап­шық, Елтаң­ба­ны қоқыс ету – мидағы қоқы­стан арыл­маудың сал­да­ры. Артық-ауыс ақпа­рат­тың орны­на ұлт­тық құн­ды­лы­қтар тура­лы керек дерек жинай жүр­ген абзал.

Табан­дағы­ны төбе­ге көтер­ген сәт

2015 жылы Аста­на қала­сы­ның тұрғы­ны Жан­дос Құр­ман­ба­ев­тың әйгілі бокс­шы­мыз Ген­на­дий Голов­кин жеңісінің құр­метіне бал­ко­ны­на көк Туы­мы­зды желбіретіп іліп қой­ға­ны үшін басы бәле­ге қалға­ны ел есін­де. Ол бей­бақ соның сал­да­ры­нан «шаш ал десе, бас ала­тын» мем­ле­кет­тік орган­дарға 400 мың тең­ге айып­пұл төле­у­ге мәж­бүр болған еді. Бұл рет­те жоға­ры­да атап өтіл­ген­дей, мем­ле­кет­тік Тумен қоқыс тасы­ған­дар қатаң сөгіспен, әрі кет­се 198 мың тең­ге айып­пұл­мен құты­лып жатқан­да, оны бал­ко­ны­на қастер­леп ілген елжан­ды аза­мат­тың осын­дай жағ­дай­да қалға­ны көп­шілік­тің нара­зы­лы­ғын тудыр­ды. Біздің қоғам­ды сол мәсе­ле ушы­ға жаз­дап барып басы­ла бер­ген­де, яғни 2020 жылы шетел­дік­тер бір шула­тып алды. Нақты айтқан­да, Австра­лия жаға­жай­ын­да «Борат‑2» филь­мін қол­дау мақ­са­тын­да флеш­моб ұйым­да­сты­рыл­ды. Ол кез­де жаға­жай­да жалаңаш биле­ген бір­не­ше шетел­дік Қаза­қстан­ның көк­бай­рағын мазақ етіп, табан асты­на төсе­ген еді. Бірақ оған сырт­тай кіжін­дік те қой­дық. Мем­ле­кет­тік дең­гей­де ештеңе істей алмай­мыз бәрібір.

Оған қараған­да, Аста­на қала­сы ішкі сая­сат басқар­ма­сы­ның өкілі мен поли­цей­лер әлгі Жан­дос Құр­ман­ба­евқа «Мем­ле­кет­тік рәміз­дер­ді заң­сыз пай­да­ла­ну» бабы бой­ын­ша куә­гер­лер­дің көзін­ше хат­та­ма тол­ты­рып тынған бола­тын. Тіп­ті, Туды «заттай айғақ» ретін­де тәр­кілеп әкет­ті. «Өз елім­нің пат­ри­о­ты­мын, бірақ билік­тің мына әре­кеті­нен кей­ін елден кетіп қалғым кел­ді», – деп күй­ін­ді сол кез­де Жан­дос. Сон­ды­қтан бұл мәсе­ле­ге бей­жай қарай алмаған көп­шілік өздерінің бар екен­дерін, нар екен­дерін бір көр­сет­ті. Мың­даған қазақ заңға қар­сы нара­зы­лық таны­тып, бал­кон мен тере­зе­ге Туды қап­та­тып іліп таста­ды. Содан кей­ін ғана билік бұқа­ра­мен сана­сып, мем­ле­кет­тік Туды үйлер­дің қас­беті мен бал­конға ілу­ге рұқ­сат етті. Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев мем­ле­кет­тік рәміз­дер­ді пай­да­ла­ну қағи­да­ла­рын қай­та қарау қажет­ті­гін, қол­да­ны­стағы заң­на­ма­да туды пай­да­ла­нуға қаты­сты шек­те­улер барын мәлім­деді. Осы­лай­ша жұрт қоқыс тасып, табанға тап­тап жүр­ген туды 2020 жылы ғана мем­ле­кет­тік дең­гей­де қастер­лей ала­тын жағ­дай­ға жет­тік. Оған да шүкір!

Әнұран­ды жат­таған­сыз ба?

Жоға­ры­да бри­тан­дық комик Саша Барон Коэн­нің филь­мі тура­лы айт­тық қой. Шыны керек, қазір Еуро­па елдерінің көбі Қаза­қстан­ды сол арқы­лы ғана тани­тын сияқты. Көзіқа­рақты көре­рмен талай спорт­тық дода­да біздің Әнұран­ның орны­на басқа әндер қосы­лып кете беретіні­нен жақ­сы хабар­дар. Мыса­лы, 2012 жылы Кувейт­те­гі жары­ста 1‑орын алған қаза­қстан­дық спорт­шы Мария Дмит­рен­ко­ны мара­пат­тау кезін­де жары­сты ұйым­да­сты­ру­шы­лар Қаза­қстан Әнұра­ны­ның орны­на «Борат» филь­мін­де айты­лған әнді ойнат­ты. Ал Мария Дмит­рен­ко­мыз қолын жүрек тұсы­на қой­ып, сол «гимн­ді» толық орын­да­лып біт­кен­ше тың­дап тұр­ды. Демек қара­пай­ым бұқа­ра түгіл, әлем­дік сай­ы­старға шығып жүр­ген спорт­шы­ның өзі елдің Әнұра­ны­нан мақұ­рым. Қай­ыр­ма­сын да біл­мей­ді. Ал СІМ өкілі өздерінің Кувейт­ке ресми хат жазған­да­рын, одан бір жыл бұрын Пари­жде өткен әлем­дік ауыр атле­ти­ка чем­пи­о­на­ты кезін­де де бай­қа­у­сызда Қаза­қстан­ның ескі әнұра­ны ойнаға­нын айтып әлек. Соны­мен, Париж бен Кувейт­тен кей­ін әлем елдерін­де ұйым­да­сты­ру­шы­лар Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік Әнұра­нын неше рет шата­стыр­ды? Санап көрейікші…

2013 жылы Жоға­ры хок­кей лига­сы «Тверь» хок­кей клу­бы мен қараған­ды­лық «Сары­арқа» коман­да­сы ара­сын­да болған матч алдын­да Қаза­қстан­ның Әнұра­нын шата­сты­рып алған.

2014 жылы да Оңтүстік Коре­я­да өткен бок­стан әлем чем­пи­о­на­тын­да Қаза­қстан­ның ескі Әнұра­ны шырқалды.

2015 жылы Фин­лян­ди­яда өткен хок­кей лига­сын­да «Барыс» – «Йоке­рит» ойы­нын­да дәл осын­дай жағ­дай қайталанды.

Сол жылы Хор­ва­ти­ядағы Golden Spin тур­ни­рін­де әйгілі мәнер­леп сырға­на­у­шы­мыз Денис Тен топ жарып, мара­пат­тау рәсі­мін­де бұры­нғы Әнұра­ны­мыз тағы қосылды.

Тағы да 2015 жылы Ауыр атле­ти­ка­дан РФ пре­зи­ден­тінің кубо­гы кезін­де қаза­қстан­дық зіл­те­мір­ші Илья Ильин­ді мара­пат­тау кезін­де көр­шілері­міз біл­ме­стік танытты.

Тіп­ті, «арма­ны жоқ» ескі Әнұран сол жылы төр­тін­ші мәр­те қосыл­ды. Соңғы­сы да Ресей­де. Каратэ кио­ку­шин­кай­дан Хаба­ров қала­сын­да өткен әлем чем­пи­о­на­ты­ның мара­пат­тау рәсі­мін­де болған жайт.

2017 жылы қара­ша­да Сочи­де өткен сам­бо­дан әлем чем­пи­о­на­тын­да Есет Қуа­но­вты мара­пат­тау бары­сын­да Қаза­қстан Әнұра­ны­ның шата­сып қой­ы­луы­на бай­ла­ны­сты, РФ Сам­бо феде­ра­ци­я­сы кешірім сұрап, хат жол­да­ды. Құдай-ау, тағы да Ресей! Басқа­сы – басқа, Әнұран­ның ырғағын бұл көр­ші­міздің біл­мей қала беруі мүм­кін де емес қой?! Бірақ өзі­міз­де «Борат» филь­мін­де айты­лған әннің Әнұран емес екенін біл­мей­тін Мария Дмит­рен­ко­лар жүр­ген­де, сырт­тағы кім­ге өкпелегендейміз?..

Тағы да 2017 жыл еді. 17 мау­сым­да Син­га­пур­дағы ММА бой­ын­ша Азия чем­пи­о­на­тын­да Қаза­қстан спорт­шы­сын мара­пат­тау рәсі­мін­де тағы ескі Әнұран қайталанды.

2020 жылы Мек­си­ка­да өткен Сад­рид­дин Ахме­дов пен Сти­вен Даньо­ның кез­де­суі алдын­да жарыс қожай­ын­да­ры Қаза­қстан Әнұра­нын шата­сты­рып алды. Жек­пе-жек алдын­да олар Кана­да­ның гим­нін қосты. Кез­де­су аяқталған соң бокс­шы­мыз жарыс қожай­ын­да­ры­на нара­зы­лы­ғын білдірді.

2021 жылы да Испа­ни­яда өткен ганд­бол­дан әлем чем­пи­о­на­тын­да сон­дай оқиға болған…

Бәрін айт та бірін айт, Қаза­қстан­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер, спорт­шы, сту­дент, оқу­шы… бәрін тұрғы­зып қой­ып, Әнұран­ды жеке-жеке сұрап көр­ген жөн. Көбінің толы­ққан­ды жатқа біл­месі анық. Ал Сіз жат­таған­сыз ба?

Ерік ЕЛЕУСІЗ

Республиканский еженедельник онлайн