Суббота , 5 июля 2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ МАНИФЕСТІ

Кім­ге:

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Президентіне

Көшір­ме:

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сенаты

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мәжілісі

Пре­зи­дент неме­се депу­тат­тар­дан кейін 

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңесіне 

Табыст­ау

Бiз, ортақ тари­хи тағ­дыр бiрiк­тiр­ген Қаза­қстан халқы, бай­ы­рғы қазақ жерiн­де мем­ле­кет­тiлiк құра оты­рып, өзi­мiздi еркiн­дiк, теңдiк және татулық мұрат­та­ры­на берiл­ген бей­бiт­шiл аза­мат­тық қоғам деп ұғы­на оты­рып, дүни­е­жүзiлiк қоғам­да­сты­қта лай­ы­қты орын алу­ды тілей оты­рып, қазір­гі және бола­шақ ұрпақтар алдын­дағы жоға­ры жау­ап­кер­шілі­гі­мізді сезіне оты­рып, өзі­міздің еге­мен­дік құқы­ғы­мы­зды негіз­ге ала оты­рып, 1995 жылы 30 тамы­зда бүкіл­ха­лы­қтық рефе­рен­дум арқы­лы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сын қабылдадық. 

БІРАҚ БҮГІН 2019 ЖЫЛДЫҢ 14 АҚПАНЫНДА

Біз, Қаза­қстан халқы – мем­ле­кет­тің негізі, оның заң­да­ры, дамуы және билік­тің бір­ден-бір қай­нар көзі болып сана­ла­тын – түр­лі ұлт, діни сенім, кәсіп пен әле­умет­тік топ­тар­дың өкіл­дері елде­гі қалып­тасқан аху­алға байланысты 

ӘДІЛЕТТІ ТҮРДЕ ТАЛАП ҚОЯМЫЗ:

Нақты­лап айтсақ: 

  • Ел аза­мат­та­ры­ның біраз бөлі­гінің әл-ауқа­ты­ның нашар­ла­уы және халы­қтың әле­умет­тік тұрғы­дан әлсіз топ­та­ры­ның жап­пай азып-тозып, жоқ­шы­лық зардаб­ын тартуы; 
  • Әле­умет­тің бай және кедей топ­та­ры ара­сын­дағы ради­кал­ды әле­умет­тік теңсіздік; 
  • Оли­го­по­лия және ұлт­тық ком­па­ни­я­лар тара­пы­нан нары­қтық бәсе­ке­ле­стік ұста­ным­да­ры­ның негіз­сіз тап­та­луы­нан орта және шағын биз­не­стің банк­ро­тқа ұшырауы; 
  • Елде­гі адам капи­та­лы­ның тап­шы­лы­ғы­нан білім жүй­есінің күйреуі; 
  • Аза­мат­тар мен биз­неске қаты­сты құқы­қтық шек­тен шығушылық; 
  • Билік­тің негіз­гі үш тіре­гіне айна­лып тұрған – заң шыға­ру­шы, сот және атқа­ру­шы билік жүй­есінің орта­лы­қтар­да және өңір­лер­де жемқор­лы­ққа батуы; 
  • Үкі­мет­тің мем­ле­кет­те­гі бар­лық әле­умет­тік кепіл­дік­те­гі инсти­тут­тар­ды бөлшектеуі.

Қаза­қстан халқы мем­ле­кет­тік басқа­ру­дың бар­лық дең­гей­ін­де және ел өмірінің бар­лық сала­сын­да толы­қтай дер­лік өзгерістер мен жүй­елі ауы­су­лар­дың болуын талап ете­ді. Бұл тура­лы қоғам­ның бел­сен­ді бөлі­гі, сарап­шы­лар, елде­гі жағ­дай­ды біліп, сезініп жүр­ген жан­дар­дың бар­ша­сы, сон­дай-ақ елі­міздің қара­пай­ым аза­мат­та­ры айта­ды, шақырады: 

  • Өздерінің зей­не­тақы жинақта­ры­на және жұмыстан боса­ты­лған­нан кей­ін қыз­мет­тік үйлеріне құқы­қта­рын жоғал­тқан, ең төмен­гі жалақы­ның тұза­ғын­дағы бюд­жет­тік сала­дағы қара­пай­ым жұмыс­шы­лар мен әскерилер; 
  • Мар­дым­сыз жәр­де­мақы­ға адам төз­гісіз жағ­дай­да, бас­па­на­сыз өмір сүріп жатқан көп бала­лы ана­лар, мүге­дек­тер, табысы төмен азаматтар; 
  • Инве­сти­ци­я­сы ұрла­нып, өмір­лері қар­жы­лық құл­ды­ққа жалғасқан – алданған үлес­кер­лер, салым­шы­лар және банк­тен қарыз алушылар; 
  • Жалғыз азық табар көзі болып оты­рған жер­лерінің ірі жер иеле­ну­шілерінің пай­да­сы­на тар­тып алы­нып, мал­да­ры ұрла­нып, егістік­тері уланған ауыл­ды­қтар, жұмыс іздеп қалаға кету­ге мәж­бүр болған жастар; 
  • Көп­жыл­дық атқарған еңбе­гі үшін мар­дым­сыз ғана зей­не­тақы алып оты­рған, ал жар­на бой­ын­ша жинағы 3 есе­ден көп құн­сызданған зейнеткерлер; 
  • Жастар­дың келе­ше­гі бұлы­ңғыр, олар үшін таң­да­уға үш жол ғана бар – ата-ана­сы­ның мүл­кін кепіл­дік­ке қою арқы­лы ақы­лы білім алу, әле­умет­тік лиф­тісіз, маман­ды­қты талап етпей­тін төмен жалақы­лы жұмыс, қыл­мыс және дүбәралық; 
  • Жұмыс орын­да­рын құрып, адал түр­де салы­ғын төлеп жатқан биз­не­смен­дер тен­дер­лік эко­но­ми­ка мен тоқта­у­сыз рей­дер­лік­тің тұза­ғы­на ілініп, жүй­елік жемқор­лы­қтың құр­ба­ны­на айналуда; 
  • Тұрақ­сыз төмен табыст­ағы өзін-өзі жұмыспен қам­ту­шы­ларға енді тұрақты түр­де кедей­лік салы­ғы салынады; 
  • Мем­ле­кет­тік басқа­ру­дың халы­ққа қар­сы сая­са­ты­нан зардап шегіп оты­рған тағы да басқа әле­умет­тік топ өкілдері.

Біз Халы­қ­пен диа­ло­гқа бару­дан бас тар­тып оты­рған Үкі­мет­ке, ел Пар­ла­мен­тіне, өңір­лер­де­гі Әкім­дер­ге сенім­сіздік білдіреміз. 

Біз сіз­дер­ге сен­бей­міз, себебі бар­лық резо­нанс туды­рған талап ету­лер­ге көр­сетіл­ген реак­ция біреу ғана – РЕПРЕССИЯ. Ал про­бле­ма­ны шешу жолы қарастырылмайды. 

Үкі­мет пен пар­ла­мент Кон­сти­ту­ция мен ел заң­да­ры­на енгіз­ген соңғы түзе­ту­лер арқы­лы аза­мат­тық қоғам­ның кез кел­ген бел­сен­ділік таны­ту әре­кетіне қаты­сты қатаң­да­ту шара­сын күшей­те түсу­де, бар­лық жер­де адам құқы­ғы бұзы­ла­ды және шек­те­леді, жер­гілік­ті басқа­ру ұғы­мы іс жүзін­де жой­ы­лған, демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тің басты кон­сти­ту­ци­я­лық негізі болып сана­ла­тын – мем­ле­кет­тік билік­тің бір­ден-бір қай­нар көзі халық деген ұста­ным шын мәнін­де жой­ы­лған, қоғам елде болып жатқан оқиға­лар­дың қауіп­ті сал­да­рын сезініп отыр. 

Жүй­елік жемқор­лық, ұлт­тық бай­лы­қтың тона­луы, мем­ле­кет­тік мүд­де­лер­дің өзге­руі, басқа­ру­шы кадр­лар­дың біліксізді­гі және жау­ап­сызды­ғы, шешім қабыл­дау про­цесі­нен халы­қтың жап­пай шет­тетілуі тек халы­қтың азып-тозуы­на, орта және шағын биз­не­стің банк­рот болуы­на ғана емес, еге­мен мем­ле­кет­тің төле­мқа­білет­сізді­гіне де әкеліп соқтыр­ды, сыр­тқы қарыз елдің жал­пы табысы­нан 1,5 есе асып түсті, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­те­гі қары­зды өте­у­ге қыз­мет көр­се­ту шығы­ны білім жүй­есін­де­гі бар­лық шығын­нан асып кетті. 

Жемқор­лық, туы­ста­ры­на бұра тар­ту және дүни­еқоңы­здық шене­унік­тер мен депу­тат­тар үшін ғана емес, ЖҮЙЕГЕ аза­мат­тар мен биз­не­сті қаты­сты­ра оты­рып, қоғам­ның бар­лық сала­сын­дағы қалып­ты жағ­дай­ға айналды. 

Тамыр-таны­стық пен жемқор­лық мем­ле­кет­тік басқа­ру­дағы кәсі­би кадр­лар­дың жоға­луы­на әкеліп соқты. Білім жүй­есін мақ­сат­ты түр­де бұзу қаза­қстан­дық білім дең­гей­інің төмен­де­уіне, мек­теп бітіру­ші түлек­тер­дің жап­пай шетел­дік оқу орын­да­ры­на кетуіне соқтыр­ды. Ден­са­улық сақтау сала­сын­да Гип­по­крат антын орын­дау кезін­де ақша табу ама­лы­ның алға шығып кетуі көбіне адам өлі­міне әкеліп соғу­да, ана­лар­дың ден­са­улы­ғын жоғал­туы, мүге­дек сәби­лер­дің көп­ті­гі тіп­ті соғы­стан кей­ін­гі жыл­дар­мен салы­сты­руға келмейді. 

Қазір біз қара­пай­ым аза­мат­тар өмірінің төмен­гі дең­гей­де екенін бай­қап отыр­мыз. Мем­ле­кет­тік орган­дар­дың біліксізді­гі үшін шағын биз­нес субъ­ек­тілері, өзін-өзі жұмыспен қам­ту­шы­лар, ел аза­мат­та­ры зіл бат­пан айып­пұл және кедей­лік салы­ғын өтеу арқы­лы жау­ап беру­ге мәж­бүр. Тиім­сіз бюд­жет шығы­ны­ның орнын тол­ты­ру үшін әле­умет­тік төлем­дер көбейді. 

Эко­но­ми­ка­сы дамы­ған елде­гі аза­мат­тар­дың лай­ы­қты өмірі – мем­ле­кет­тің идео­ло­ги­я­сы және әрбір басқа­ру­шы мен мем­ле­кет­тік орган­дар қыз­метінің баға­сы болуы тиіс. Қиын аху­ал­дың еш мәні қал­маға­нын, елге төн­ген қауіп пен күштік тәсіл­дер­мен қуда­лау үрдісінің күшейе түс­кенін түсіне оты­рып, Қаза­қстан халқы елде бірін­ші кезек­те­гі сая­си және әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жаңар­ту мен түбе­гей­лі өзгерістер­дің болуын талап етеді!

Қаза­қстан халқы ұсы­ны­лған алға­шқы кезек­те­гі сая­си және әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жаңар­ту бағ­дар­ла­ма­сы негізін­де сая­си шешім мен сана­лы сай­ла­удың болуын талап ете­ді. Бала­ма бағ­дар­ла­ма жоқ және оны қазір­гі Үкі­мет, Пар­ла­мент, билік пар­ти­я­сы ұсы­нуы мүм­кін емес. Тұрақты­лы­қты сақтап, аза­мат­тар­дың жақ­сы өмір сүруін қам­та­ма­сыз етіп, ел дамуы үшін, Қаза­қстан халқы­ның талап ету бағ­дар­ла­ма­сын жүзе­ге асы­ру мақ­са­тын­да қазір халы­қ­пен бір­ге табан­ды­лық таны­ту қажет. 

Үкі­мет­тің жеке мүд­де­ден ұлт­тық мүд­дені биік қоя алмауы Тәу­ел­сіз Қаза­қстан мен тер­ри­то­ри­я­мы­здың тұта­сты­ғы тура­лы сұрақ туын­да­та­ды. Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша билік­тің бір­ден-бір қай­нар көзі болып сана­ла­тын Халы­қты шешім қабыл­дау про­цесі­нен бір­жо­ла алшақта­тып таста­уы және бізді өзінің жинаған ақша­сы­нан несие ала­тын және салық төлеп қана оты­ра­тын басы­бай­лы тұрғын­дарға айнал­ды­рға­ны үшін дәл осы­лай талап ету өте орынды. 

Ұлт­тық мүдені қорға­уды алға шығарған еге­мен мем­ле­кет­ті сақтап қалу сал­та­нат­ты іс-әре­кет­тер арқы­лы емес, шынайы көрініс табуы керек: 

1. Мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есіне толы­қтай транс­фор­ма­ция жасау арқы­лы жүй­елік жемқор­лы­қты түбе­гей­лі жою; 

2. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кез кел­ген аза­ма­ты үшін қоғам­да ашық және тең мүм­кін­дік­тер құрып, заң үстем­ді­гі және халық пен билік ара­сын­дағы мызғы­мас Әле­умет­тік келісім арқы­лы әле­умет­тік әділ­дік­ті қам­та­ма­сыз ету; 

3. Бар­лық өңір­лер, ауыл мен қала­дағы қоғам өкіл­дері үшін дамы­ған елдер дең­гей­ін­де өмір сүру сапа­сы стан­дарт­та­рын бекіту; 

4. Нары­қтағы жеке сек­торға мем­ле­кет­тің қаты­суын тоқта­тып, Жаңа эко­но­ми­ка­лық модель арқы­лы халы­қтың жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету; 

5. Жаңар­ту, дамы­ту және адам капи­та­лы мен қоғам бір­лі­гін сақтау бой­ын­ша жүй­елі ұзақ мерзім­ге арналған ұлт­тық бағдарлама; 

6. Жер қой­на­уы, табиғи ресур­стар, жер, қар­жы­лық актілер, жүйе құру­шы фак­тор, Ұлт­тық қор және зей­не­тақы актив­тері секіл­ді ұлт­тық бай­лы­қтарға халы­қтың бақы­лау жаса­уын қай­та қал­пы­на кел­ті­ру арқы­лы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғы мен тәу­ел­сізді­гін қорғау; 

7. Эко­жүй­ені сақтау, мұқи­ят пай­да­ла­ну және ұлт­тық ресур­стар­ды жинақтау бой­ын­ша (табиғат, жер қой­на­уы, жер, инфрақұры­лым) бола­шақ ұрпақ алдын­дағы жауапкершілік. 

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАП ЕТУ

Біз, Қаза­қстан халқы, Кон­сти­ту­ци­я­ның 3‑бабы 1‑тармағына сәй­кес және 1‑бабы 2‑тармағының қам­та­ма­сыз етуі­мен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы билік­тің бір­ден-бір қай­нар көзі ретін­де мем­ле­кет­тік маңы­зға ие көкей­кесті мәсе­ле­лер­ді демо­кра­ти­я­лық тәсіл­дер­мен, яғни рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум­де неме­се Пар­ла­мент­те дауыс беру арқы­лы шеші­мін табуы үшін,

ТАЛАП ЕТЕМІЗ

      I.            ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢДІК ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІЛІК 

1. ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,32-баптарында кепіл­дік беріл­ген Қаза­қстан­ның бар­лық аза­мат­та­ры­ның құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын әле­умет­тік теңдік­пен толық қам­та­ма­сыз ету, оның ішінде: 

a. Аза­мат­тар­ды сая­си себеп­тер­мен қуда­ла­уды тоқта­ту. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы бар­лық сая­си тұтқын­дар­ды боса­ту және ақтау; 

         b.   Сөз және ар-намыс бостан­ды­ғын шек­те­у­ге бай­ла­ны­сты Қыл­мыстық және Әкім­шілік бап­тар бой­ын­ша сот шешім­дерін жою; 

         c.   Қара­ма-қай­шы­лы­қты, жемқор­лы­қты жоя оты­рып, Кон­сти­ту­ци­я­ның Басты Заңы­нан бастап заң­нан туын­даған актілер­ге дей­ін тіке­лей және жана­ма түр­де елдің нор­ма­тив­ті сала­сы­на толық құқы­қтық аудит жүргізу; 

         d.    Аза­мат­тар­дың өміріне, ден­са­улы­ғы­на, құқы­ғы­на, еркін­ді­гіне, адал жол­мен иелен­ген, қазір және келе­шек­те иеле­нетін мүлік­теріне қастан­дық кел­тіру­ден олар­ды қорғау және абсо­лют­ті заң үстем­ді­гін қам­та­ма­сыз ету үшін сот және құқық қорғау жүй­есін реформалау. 

2. Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 27,28,29,30,31,39-баптарында кепіл­дік беріл­ген, дамы­ған елдер­де­гі халы­қа­ра­лық стан­дарт­тарға сәй­кес өмір сапа­сы­ның негіз­гі стан­дар­ты үшін жет­кілік­ті болып сана­ла­тын әділ әле­умет­тік сая­сат­ты қам­та­ма­сыз ету, ана мен бала­ны қорғау, егде адам­дарға, мүге­дек­тер мен тұр­мысы төмен Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на қамқор­лық жасау, ден­са­улық сақтау және білім сала­сы бой­ын­ша толық әрі тең мүм­кін­дік­пен қам­ту, нақты­рақ айтар болсақ: 

a. БҰҰ талап­та­ры­на сәй­кес қала­лық не ауыл­дық елді мекен­де тұра­тын­ды­ғы­на қара­ма­стан, күн­көріс мини­му­мын жан басы­на шаққан­да аза­мат­тар­дың тəулі­гіне тұты­на­тын азық-түлік­ке жұм­сай­тын шығын­да­рын 5 АҚШ дол­ла­ры­нан кем емес етіп бекіту; 

b. Халы­қтың әле­умет­тік осал топ­та­ры­ның жәр­де­мақы­сын отба­сын­дағы еңбек­ке жарам­сыз әр ада­мға тәулі­гіне 5 АҚШ дол­ла­ры­нан кем емес күн­көріс мини­му­мы негізін­де бекіту; 

c. Көп бала­лы ана­лар еңбе­гін 0–18 жас ара­лы­ғын­дағы әрбір балаға ай сай­ын төле­нетін күн­көріс мини­му­мы шама­сы­нан кем емес есеп­те жәр­де­мақы ала­тын жұмыс істе­уші аза­мат­тар еңбе­гі­мен теңестіру. 

d. Әрбір екін­ші және одан кей­ін­гі туған неме­се асы­рап алы­нған балаға 700 мың тең­ге көле­мін­де бір­жолғы төлем ретін­де мін­дет­ті ана капи­та­лын енгізу; 

e. Қала мен ауыл­да бала­лар­ды тегін тамақ­пен қам­та­ма­сыз ету, Мек­теп­ке дей­ін­гі меке­ме­лер және мек­теп­те 100 пай­ыз тегін білім алу­мен қам­ту, бала­лар­ды бала­бақ­ша және мек­теп­ке тегін тасу­ды ұйым­да­сты­ру, қоғам­дық мони­то­ринг арқы­лы білім сапа­сы және мек­теп­те­гі білім сапа­сы мәсе­лесіне қаты­сты қоғам мен ата-ана­лар­ды тар­ту­дың нақты меха­низ­мін жүзе­ге асыру;

f.  Білім жүй­есін­де­гі рефор­ма арқы­лы кей­ін­нен жұмыспен қам­ту тура­лы кепіл­ді­гін ала оты­рып, жеке және мем­ле­кет­тік білім беру нысан­да­рын қар­жы­лан­ды­рып, 15–28 жас ара­лы­ғын­дағы Қаза­қстан­ның бар­лық жаста­ры­ның жоға­ры білім алуға 100 пай­ыз, кәсіп­тік-тех­ни­ка­лық білім алуға 100 пай­ыз қол­жетім­ділі­гін қам­та­ма­сыз ету; 

g. Халы­қты 100 пай­ыз база­лық меди­ци­на және ден­са­улық сақта­у­мен (қажет­ті және жет­кілік­ті) қам­ту, мем­ле­кет­тік қара­жат­тың фар­ма­цев­ти­ка­лық тран­сұлт­тық кор­по­ра­ци­я­ларға жұм­са­луы­на жол бер­меу және мем­ле­кет­тік, жеке неме­се ква­зи­мем­ле­кет­тік мен­шік фор­ма­сын­дағы білім беру меке­ме­лерін әділет­сіз қар­жы­лан­ды­ру­ды тоқтату; 

3. ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 24,25,26,37,38-баптарында кепіл­дік беріл­ген, лай­ы­қты табысқа, қауіп­сіз қолай­лы физи­ка­лық және мәде­ни-құқы­қтық ортаға, әле­умет­тік игілік­тер­ге және адал жол­мен тапқан мүлік­терін қорға­уға және Қаза­қстан­ның бар­лық аза­мат­та­ры үшін бар­лық мәң­гілік құқы­қта­рын қорға­уға қол жет­кі­зу арқы­лы Қаза­қстан халқы­ның әл-ауқа­тын қам­та­ма­сыз ету, нақты­рақ айтар болсақ: 

a. Халы­қтың әл-ауқаты

  1. Эко­но­ми­ка­ның әртүр­лі сек­то­рын және еңбек шар­тын ескеріп, өмір мен ден­са­улы­ққа төнетін қауіп­ті бағам­дап, асы­ра­у­шы­ның қолы­на қараған еңбек­ке қабілет­сіз адам­дар санын аны­қтап, жалақы­ның мини­мал­ды дең­гей­ін 10 АҚШ дол­ла­ры­нан кем емес бағам­да бекіту, сала­лық кәсі­по­дақтар, заң шыға­ру­шы билік және жұмыс беру­шілер қауым­да­сты­ғы – үшжақты келісім комис­си­я­ла­рын жүр­гізу­ге сала­лар бой­ын­ша мини­мал­ды жалақы­ны бекітуді беру. 
  2. Төрт және одан да көп бала­сы бар табысы аз көп бала­лы отба­сы­лар­ды, мүге­дек бала­сы бар отба­сы­лар­ды, мүге­дек­тер­ді алға­шқы төлем жаса­май, 20 жылға бөліп төле­у­ге негіз­дел­ген ислам­дық қар­жы­лан­ды­ру бой­ын­ша және көп бала­лы отба­сы­лар­дың баста­пқы тұрғын үйінің болуы­на қара­ма­стан, кем­бағал­дар мен кедей­шілік тауқы­метін тар­ту­шы аза­мат­тар­мен бір­ге өмір сүру­ші əрбір отба­сы мүше­сін 20 шар­шы метр­ден кем емес тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету. 
  3. Табысы аз аза­мат­тар мен көп бала­лы емес отба­сы­лар­ды кей­ін сатып алуға арналған жеңіл­детіл­ген шар­ттар­мен олар­мен бір­ге тұра­тын отба­сы­ның әр мүше­сін әле­умет­тік келісім­шарт бой­ын­ша (өзінің жұмыс істеу мүм­кін­ді­гін дәлел­деу) 12 айлық мін­сіз жұмысы негізін­де жал­пы аумағы 20 шар­шы метр­ден кем емес арен­да­лық тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету; 
  4. Әле­умет­тік әділет­тілік ұста­ны­мы­на негіз­дел­ген жеке тұлға­лар­дың табыс салы­ғын бекіту – асы­ра­у­шы­ның жас мөл­шеріне қара­ма­стан, тәулі­гіне 5 АҚШ дол­ла­ры күн­көріс мини­му­мы көле­мінің есебі­нен бір­ге алы­нған асы­ра­у­шы­ның жиын­тық жыл­дық табысы мен өз-өзіне және бала-шаға­сын асы­ра­уға жұм­са­ла­тын жиын­тық жыл­дық шығын­ның ара­сын­да ғана айыр­ма­шы­лық болуы мүм­кін. Бүгін­де 1 жал­да­ма­лы қыз­мет­кер­ден еңбе­кақы қоры­нан 25 пай­ыз жеке табыс салы­ғы алы­на­ды, әле­умет­тік ауда­рым­дар – 2,5 пай­ыз, мін­дет­ті зей­не­тақы ауда­ры­мы – 10 пай­ыз, меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру – 2,5 пай­ыз. Кедей­лік­ке арналған біры­ңғай жинақта­у­шы төлем салы­ғы, аза­мат­тық-құқы­қтық сипаттағы келісім­шар­тқа негіз­дел­ген зей­не­тақы жар­на­сы­ның мәж­бүр­лі ауда­ры­мы­нан шұғыл түр­де бас тарту; 
  5. Мүлік салы­ғын үйлесім­ді про­грес­сив­тік модель­ге көші­ру, тұрғын үй аумағы 20 шар­шы метр және одан аз үй шару­а­шы­лы­ғын­дағы әрбір отба­сы мүше­сі үшін мүлік салы­ғы салын­бай­ды, ал аумағы үлкен үйлер үйлер үшін салық салу 3 кате­го­рия бой­ын­ша жүр­гізіл­мек (үй қан­ша­лы­қты сән-сал­та­нат­ты болған сай­ын, салық та соғұр­лым көп болмақ). 
  6. Жалғыз үйі бар және төлен­ген бар­лық төлем­дері шын мәнісін­де алған неси­есі­мен бір­дей және одан да көп аза­мат­тарға толық ипо­те­ка­лық және неси­елік рақым­шы­лық жасау, төлем­дер негіз­гі қарыз, пай­ы­здар, айып­пұл­дар, өсім мен комис­си­я­ны өтей­ді. БЖЗҚ салым­шы­ла­ры­ның БЖЗҚ шотын­дағы артық жинақта­ры­мен өз неси­е­лерін толы­қтай өте­у­ге жұм­са­уын қам­та­ма­сыз ету. 
  7. Халы­қтың әл-ауқа­тын, өмір сапа­сын және лай­ы­қты білім­ге, меди­ци­наға, әле­умет­тік қорға­уға, жай­лы тұрғын үйге, әле­умет­тік-мәде­ни инфрақұры­лы­мға, интер­нет­ке және теле­ком­му­ни­ка­ци­яға, ауыл­дық және қала­лық жер­де тең жағ­дай­да лай­ы­қты жалақы­ға қол­жетім­ділі­гін жасау үшін, ауыл­дық және қала­лық аумақтар­дың ерекшелік­терін еске­ре оты­рып, аумақты дамы­ту­дың арнайы бағ­дар­ла­ма­сын құрастыру; 
  8. 18 жасқа дей­ін­гі бар­лық бала­лар­дың қала­лық және аудані­шілік транс­порт­тың бар­лық түрін­де тегін жүруін қам­та­ма­сыз ету, сон­дай-ақ әле­умет­тік әлсіз отба­сы­лар­дың 18 жасқа дей­ін­гі бала­ла­ры үшін әуе тасы­ма­лын­да және басқа транс­порт түр­лерін­де мак­си­мал­ды мүм­кін бола­тын тиім­ді жеңіл­дік тариф­терін енгізу; 
  9. Бала­лар мен жастар­дың жап­пай бұқа­ра­лық спорт­пен айна­лы­су мәде­ни­етін тегін дамы­ту арқы­лы толы­ққан­ды мәде­ни, шығар­ма­шы­лық және спорт­тық тұлға­лар­дың дамуын қам­та­ма­сыз ету; 
  10. Шетел­де тұра­тын ел аза­мат­та­ры, Қаза­қстан­да жұмыс істей­тін рези­дент емес тұлға­лар­дың бар­лық жыл­жы­ма­лы және жыл­жы­май­тын мүлік­теріне жал­пы декла­ра­ция жүр­гі­зу, әрбір нысан бой­ын­ша оның табыс жари­я­лы­лы­ғы жөнін­де дәй­ек­те­ме және рас­та­ма алу. Рас­тал­маған жағ­дай­да мүлік ел бюд­жетінің пай­да­сы­на тәркіленеді; 
  11. Әле­умет­тік меке­ме­лер­дің тиісті инфрақұры­лы­мы­ның дамуын қам­та­ма­сыз ету, бала­лар­ды асы­рап алу және олар­ды үйде тәр­би­е­леу (пат­ро­наж) инсти­ту­ты мен меха­низ­мін реформалау; 

b. Ауыл тұрғын­да­ры­ның әл-ауқаты

  • Ауыл тұрғын­да­ры­на зиян кел­тір­гені үшін (егістік­ті бүл­ді­ру, мал ұрлау, тый­ым салы­нған гер­би­цид­тер мен инстек­цид­тер­ді пай­да­ла­ну кезін­де зиян кел­ті­ру, қоғам­дық жай­ы­лым­дар­ды тар­тып алу, жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­дың жер махи­на­ци­я­ла­ры, суб­си­ди­я­лау бой­ын­ша жемқор­лық) аза­мат­тық, қыл­мыстық және әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ті күшей­те оты­рып, шағын шару­а­шы­лы­қтар инте­гра­ци­я­сы үшін келісім­шар­ттық фер­мер­лік инсти­ту­тын енгізу; 
  • Мал басын ұрлы­қтан және айдап кету­ден қорғау және сақта­уды қам­та­ма­сыз ету, мал барым­та­сы үшін қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ті 15–25 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру­дан амни­стия құқы­ғын­сыз өмір бой­ы­на сот­та­уға дей­ін көте­ру, себебі мал ұрлы­ғы ауыл тұрғын­да­ры­ның эко­но­ми­ка­лық негізіне еле­улі зиян кел­тіреді, онда негізі­нен қаза­қтар­дың ғасыр­лар бойы жалғасқан шару­а­шы­лы­ғы жой­ы­лу үстін­де. Ақша­сыз қалған ауыл тұрғын­да­ры қалаға қоныс ауда­рып, табысы аз адам­дар тобын арт­ты­ру­да, бұл өз кезе­гін­де бюд­жет­ке сал­мақ түсіріп, әле­умет­тік шие­лені­су­шілік тудырады. 

   II.            МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУІ 

4. ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 3‑бабы 1‑тармағына сәй­кес «қоғам мұқтаж­ды­ғын төмен­нен жоға­ры­ға бағыт­тау» деген әле­умет­тік бағ­дар­лы бюд­жет про­цесіне көшу, әділет­ті тіке­лей және көл­де­нең салық сая­са­ты­на сүй­е­ну арқы­лы заң шыға­ру­шы, сот және атқа­ру­шы билік өкілет­тілі­гін билік­тің бір­ден-бір қай­нар көзі болып сана­ла­тын Қаза­қстан Халқы бел­гілей ала­ды, ал нақты­рақ айтар болсақ: 

Қаза­қстан бюд­жетінің шығын­да­ры 15 тар­мақтан тұр­са, оның тек үше­уі басты тұғыр­ды құрай­ды, ол – ден­са­улық сақтау, білім беру жəне əле­умет­тік қам­ту. Қазір­гі мем­ле­кет­ті басқа­ру сала­сын­да осы негіз­гі үш тұғыр­дың күй­ре­уі эко­но­ми­ка­ның  құл­ды­ра­уы­на алып келеді де, осы­ның кесірі­нен елдің тер­ри­то­ри­я­лық бір­лі­гіне нұсқан келеді. 2017 жылы осы аса  маңы­зды функ­ци­я­ларға Қаза­қстан­да не бəрі 42 пай­ыз қар­жы жұм­салған. Ең қызы­ғы – мұнай­дан бөлек бюд­жет тап­шы­лы­ғы 44 пай­ы­зды құрай­ды. Бір сөз­бен айтқан­да, біз­ге əле­умет­тік салаға қажет қар­жы жет­кілік­ті, тек қана инфрақұры­лым мен қам­ту жүй­есіне 14 пай­ыз жетіңкіремейді.

a. Аудит жүр­гі­зу, жемқор­лық бап­та­рын қысқар­ту, бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың мақ­сат­ты тағай­ын­да­луын қам­та­ма­сыз ету, сон­дай-ақ әле­умет­тік сала­ны қар­жы­лан­ды­ру дең­гей­ін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бар­лық шоғыр­лан­ды­ры­лған бюд­жетінің 90 пай­ы­зы­нан кем бол­май­тын­дай әлем­дік стан­дарт­тар өлше­мі­мен теңе­сті­ру және халы­қтың шынайы қажет­тілі­гіне сай келуін қадағалау: 

I. Мек­теп­ке дей­ін­гі, орта және орта-тех­ни­ка­лық тегін білім­мен 100 пай­ыз, муни­ци­пал­ды және жеке білім, тәр­бие беру меке­ме­лерін жан басы­на қар­жы­лан­ды­ру­дың про­грес­сив­ті моделіне көшу арқы­лы 50 пай­ыз жоға­ры білім­мен қам­ту арқы­лы адам капи­та­лын дамы­ту­дың Ұлт­тық жос­па­рын әзір­леу негізін­де білім және ғылым сала­сы­на бюд­жет­тің 20 пай­ы­зы­нан кем емес, сон­дай-ақ ЖОО мен КТБ жүй­есіне еңбек нары­ғы­нан серік­те­стік бағ­дар­ла­ма­сын тар­ту – ЖОО және КТБ меке­ме­лерін жан басы­на қар­жы­лан­ды­ру түлек­тер­дің жұмысқа орна­ла­су тиім­ділі­гіне әсер етуі тиіс, ал мек­теп­тер­ді жан басы­на қар­жы­лан­ды­ру 9–11-сынып оқу­шы­ла­ры­ның ЖОО мен КТБ меке­ме­леріне түсу тиім­ділі­гін арт­ты­ра­ды, 12 сынып­тық оқу түрін алып тастау, халық саны аз өңір­лер­де­гі шағын мек­теп­тер­ді қар­жы­лан­ды­ру­дың арнайы жағ­дай­ын қарас­ты­ру, отба­сы­лық мек­теп инсти­ту­тын енгі­зу, мек­тебі жоқ болған­ды­қтан аудан ара­лық білім беру меке­ме­леріне қаты­най­тын әрбір елді мекен­ді қауіп­сіз муни­ци­пал­ды мек­теп транс­пор­ты­мен қам­та­ма­сыз ету; 

II. Ана мен бала­ның ден­са­улы­ғын қорғау басым­ды­ғы­мен (оның ішін­де ана мен сәби өлі­мін азай­ту) мүге­дек­тік­ті бол­дыр­мау бағ­дар­ла­ма­сын әзір­леу, ҚР бар­лық аза­мат­та­рын кепіл­ден­діріл­ген меди­ци­на­лық тегін көмек­пен қам­та­ма­сыз ету, шұғыл емде­луі қажет емде­лу­шілер­ге кво­та бөлу мүм­кін­ді­гін кеңей­те түсу, бағы­ты түсініксіз моно­по­лист ретін­де мін­дет­ті меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру қоры­ның жұмысы­на тый­ым салып, ерік­ті меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру нары­ғын ыры­қтан­ды­ру арқы­лы ден­са­улық сақтау сала­сы­на шоғыр­лан­ды­ры­лған бюд­жет­тің 15 пай­ы­зы­нан кем емес қар­жы бөлу; 

III. Зей­не­тақы рефор­ма­сын мін­дет­ті есеп­ке алу­ды зей­не­тақы актив­терін инве­сти­ци­я­лық басқа­ру­ды ашық негіз­де­гі бәсе­келі ортаға ауы­сты­ру арқы­лы әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру сала­сы­на шоғыр­ланған бюд­жет­тің 20 пай­ы­зы­нан кем емес, көп бала­лы ана­лар мен аза­мат­тар­дың әлсіз топ­та­ры үшін қолай­лы зей­не­тақы жүй­есін сақтау; 

IV. Бюд­жет шығы­ны­ның 20 пай­ы­зы­нан кем емес көлем­де қаза­қстан­ды­қтар­дың өмір сапа­сы бой­ын­ша база­лық стан­дарт­тар­мен қам­та­ма­сыз ету: тұрғын үй, әле­умет­тік-мәде­ни, теле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық және транс­порт­тық инфрақұры­лым, ком­му­нал­дық шару­а­шы­лық, эко­са­ла, әле­умет­тік капи­тал, өмір және мүлік қауіп­сізді­гі (оның ішін­де төтен­ше жағ­дай­лар кезін­де­гі қауіп­сіздік, құқық тәр­тібі, заң үстемдігі); 

V. Салы­қтық рет­теу теті­гі, сыр­тқы сауда сая­са­ты арқы­лы бәсе­ке­ге қабілет­ті өңде­удің кешен­ді эко­но­ми­ка­лық моделін қам­та­ма­сыз ету. Суб­си­ди­я­ла­удың бюд­жет­тік кор­руп­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­сы және мем­ле­кет­тік шоғыр­лан­ды­ры­лған бюд­жет­тің 15 пай­ы­зға дей­ін­гі жиын­тық қар­жы­лан­ды­руы­мен мем­ле­кет­тік қол­дау емес, өндіріс құрал­да­рын қам­та­ма­сыз ету тетік­терін әзір­леу және тау­ар­лар мен қыз­мет­тер­ді отан­дық өндіру­шілер үшін нары­қтарға қол жет­кі­зу меха­низмдері­мен қам­та­ма­сыз ету.

a. Бар­лық көмек­ші функ­ци­о­нал­ды бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың пай­да­сы мен олар­ды қар­жы­лан­ды­ру дең­гей­ін қай­та қарау, олар­ды мем­ле­кет­тік шоғыр­лан­ды­ры­лған бюд­жет­тің 10 пай­ы­зы­нан кем емес қар­жы­лан­ды­ру мөл­шерін­де жоға­ры­да аталған 5 іргелі бағыт­тар­дың көр­сет­кі­ш­теріне сәй­кес ыңғай­лау, ал нақты­рақ айтар болсақ: 

I. Орта­лық және жеке мем­ле­кет­тік орган­дар­дың функ­ци­я­ла­ры, заң шыға­ру­шы өкіл­дік және сот жүй­есі бюд­жет шығы­ны­нан 1,5 пай­ы­здан көп емес жиын­тық мөлшерде; 

II. Қорға­ныс қабілеті, ұлт­тық бай­лық пен еге­мен­дік­ті қорғау, тран­с­ше­ка­ра­лық шару­а­шы­лық жұмыста­ры, сыр­тқы сая­сат бюд­жет­тің бар­лық шығы­ны­ның 7,5 пай­ы­зы­нан көп емес; 

                     III. Төтенше жағдайлар бюджеті 1 пайыздан көп емес. 

c. Рес­пуб­ли­ка­лық және муни­ци­пал­ды мен­шік­ке толық аудит жүр­гі­зу арқы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ді  қысқар­ту есебі­нен босаған әле­умет­тік инфрақұры­лым – білім беру меке­ме­лері, жатақ­ха­на, қарт­тар үйі, халы­қтың әлсіз топ­та­ры үшін тұрғын үй секіл­ді жыл­жы­май­тын және басқа балан­стағы мүлік­тер­ді оңтай­лан­ды­рып, ком­мер­ци­я­лық кеңістік­те­гі бәсе­келі ортаға саты­лы­мға шығару; 

d. Ква­зи­мем­ле­кет­тік ұйым­дар, мем­ле­кет­тік орган­дар, ұлт­тық ком­па­ни­я­лар актив­терінің ашық эмис­сия бағ­дар­ла­ма­ла­рын әзір­леу және толық аудит жүр­гізіп, бюд­жет қар­жы­сы­нан және аза­мат­тар­дың зей­не­тақы жинағы­нан қар­жы­лан­ды­ры­лып оты­рған қар­жы жүй­есін­де­гі жеке және ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­тілері, эко­но­ми­ка­ның өзге де сала­ла­ры, мем­ле­кет­тік жеке мен­шік әріп­те­стік нысан­да­ры­нан ҚР аза­мат­та­ры­на мына­дай құқы­қтар­ды беруді талап ету: 

I. Жаңа­дан жасалған талап ету құқы­ғы мен­шік құқы­ғы­ның нары­қтағы нақты субъ­ек­тілер­дің баға­лы қағаз­да­рын (обли­га­ция және акция) алу бой­ын­ша инве­сти­ци­я­лық әре­кет­тер үшін пай­да­ла­ны­лған сома­ны мен­шік иесінің ата­у­лы сер­ти­фи­ка­ты арқы­лы аталған кәсі­по­рын­дар­дың үлесін иелену; 

II. Банк займ­да­ры­ның ата­у­лы жеке мен­шік сер­ти­фи­ка­ты бой­ын­ша аза­мат­тар­дың қарыз бере­шек­терін өтеуі; 

III. Халы­қты тегін қар­жы­лық сау­ат­ты­лы­ққа үйре­ту арқы­лы зей­не­тақы қоры салым­шы­ла­ры­ның өз жинақта­рын сенім­ді басқа­руы­на бай­ла­ны­сты өз еркі­мен жеке таң­дау жасай алуы. 

III. ТИІМДІ ЭКОНОМИКА

5. Соңғы 5 жыл­дың ішін­де мұнай­дан түсетін салы­қтар 43 пай­ы­зға кемі­ген. Бұған тек шикі мұнай­дың баға­сы­ның төмен­де­уі ғана ықпал етпей, негізі­нен шетел­дік­тер­ге берілетін шексіз инве­сти­ци­я­лық салық жеңіл­дік­тері де өз кесерін тигізіп отыр. Ал рес­пуб­ли­ка­лық мұнай­ға қаты­сы жоқ меке­ме­лер­ден алы­на­тын салы­қтар 41 пай­ы­зға арт­са, оның басым бөлі­гі шағын биз­не­стің мой­ны­на түсіп жатыр. Жал­пы ортақ салық көле­міне шаққан­да, мұнай өндірісіне қаты­сы жоқ заң­ды тұлға­лар мен шағын биз­не­стің еншісі 42 пай­ы­зға жет­се, орта биз­нес 16 пай­ы­зға жұқарған, ал ірі биз­нес төлем көле­мі бой­ын­ша шағын биз­не­стің дең­гей­іне жет­кен, ал бұлар­дың табыст­а­ры жер мен көк­тей. Елдің Жал­пы ішкі өні­мінің 50 пай­ы­зын алпа­уыт биз­нес еншіле­ген­мен де,  салы­қтар­ды олар əлдеқай­да аз төлей баста­ды. Жер­гілік­ті салы­қтар 16 пай­ы­зға артқан. Бұлар мәж­бүр­леп төле­ту арқы­лы іске асы­ры­лу­да. Осы­дан үш жыл бұрын ол 30 пай­ы­здан аспа­са, қазір айып­пұл­дар тіке­лей төлем­дер­дің тең жар­ты­сын құрап отыр. Салық сая­са­тын жөн­деу керек:

e. Шағын биз­не­сті 1 пай­ы­здық мөл­шер­ле­ме­ден жоға­ры емес салық салу­дың оңай­ла­ты­лған режи­міне көші­ру – жеке­ле­ген кәсіп­кер­лер үшін 50 000 АҚШ дол­ла­ры­нан төмен айна­лым­мен, 3 пай­ыз – айна­лы­мы жылы­на 150 000 АҚШ дол­ла­ры­нан төмен ЖШС үшін, 5 пай­ыз – айна­лы­мы жылы­на 500 000 АҚШ дол­ла­ры­нан төмен ЖШС үшін. 

f. Ірі және орта биз­неске (мен­шік түріне және жал­да­ма­лы жұмыс­шы­лар саны­на қара­ма­стан) еңбе­кақы қоры бой­ын­ша төлем­ді шегер­ген­де­гі салық жүк­те­месінің коэф­фи­ци­ен­ті­мен жиын­тық жыл­дық айна­лым­нан ілгерін­ді шка­ла бой­ын­ша салық салу. 

g. Алды­ңғы келісім­дер­ге қара­ма­стан, шетел­дік ком­па­ни­я­ларға салық салу, шетел­дік ком­па­ни­я­лар үшін бар­лық салы­қтық жеңіл­дік­тер­ді алып тастау. Елде биз­несі бар бар­лық рези­дент емес тұлға­лар­ды рези­дент салық төле­ушілер­мен теңе­сті­ру. Заң­ның кері күші бар, бұры­нғы жыл­дар­дағы жұмыс үшін бар­лық салық төлем­дерін талап ету. Офф­шор­лық ком­па­ни­я­лар арқы­лы экс­порт жаса­уға тый­ым салу. 

j. Мына­дай жағ­дай­лар­да биз­нес-займ­дар бой­ын­ша неси­елік рақым­шы­лық жүр­гі­зу – алған неси­есі бой­ын­ша жасалған төлем­дер сома­сы алған неси­есі­мен бір­дей неме­се одан көп болған­да. Бұл про­цесс қазір орта және шағын биз­не­сте оқша­у­лан­ды­ры­лған 10 трлн-нан астам актив­тер­ді эко­но­ми­каға қай­та­руға мүм­кін­дік береді. Аталған рақым­шы­лық ірі ұлт­тық ком­па­ни­я­лар мен оли­го­по­ли­я­ларға қаты­сты емес. 

k. Қаза­қстан­ның азық-түлік қауіп­сізді­гінің негізі болып сана­ла­тын – елдің ауыл шару­а­шы­лық сала­сын дамы­ту үшін жай­ы­лым, егістік, суар­ма­лы жер­лер­ді түген­деу, заң­да­сты­ру, амни­сти­я­лау және мем­ле­кет мен­ші­гіне айналдыру; 

l. Қаза­қстан­да өсірілетін және өндірілетін азық-түлік тағам­да­рын импорт­та­уға тый­ым салу­мен қатар ел ішін­де кон­кур­стық негіз­де шару­а­шы­лы­қтың және жер­гілік­ті жер­дің ерекшелі­гін еске­ре оты­рып, фер­мер­лік шару­а­шы­лы­қты дамы­ту­ды қам­та­ма­сыз ету, жеміс-жидек, көкөніс, ет және басқа да өнім­дер­ді шет­тен әкел­гені үшін салы­на­тын салы­қты арт­ты­ру, сон­дай-ақ қосым­ша акц­и­з­дер (жана­ма салық) енгізу; 

r. Банк­тер мен ком­па­ни­я­ларға мем­ле­кет­тік несие беру тәжіри­бесін атқа­ру­шы билік шеші­мі­мен тоқта­ту, ондай займ­дар­ды арнайы пар­ла­мент­тік комис­сия арқы­лы бекіту. 50 мил­ли­он АҚШ дол­ла­ры­нан аса­тын кез кел­ген шетел­дік және ішкі займ­дар­ды Мәжіліс бекітіп және рати­фи­ка­ци­я­лау керек. 

s. Мен­шік иесінің, рей­дер­лік­тен зардап шегу­шінің құқы­ғын қорғау және қал­пы­на кел­тіруді қам­та­ма­сыз ету. 

6. Ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­торға басым жағ­дай жаса­у­мен эко­но­ми­ка­ның шикі­заттық моделі­нен және ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сын­дағы 6‑баптағы жағ­дай­ды өктем әре­кет­тері арқы­лы өрес­кел бұзып оты­рған, Қаза­қстан Халқы­на тиесілі Қаза­қстан­ның жер қой­на­уы мен жері, табиғи ресур­ста­ры­на толы­қтай бақы­лау жасап оты­рған шетел­дік тран­сұлт­тық кор­по­ра­ци­я­лар­дан бас тар­ту. Моно­по­ли­я­ны түбе­гей­лі құр­ту және бәсе­ке­ле­стік­ті қорға­удың эко­но­ми­ка­ны өңде­уші про­грес­сив­ті моделіне, оли­го­по­лия, моно­по­лия, тран­сұлт­тық ком­па­ни­я­лар, ква­зи­мем­ле­кет­тік ұлт­тық ком­па­ни­я­лар және шетел­дік инве­стор­лар­дың әділ тең жағ­дай­да салық төле­у­ге өтуін ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы 35-бабы негізін­де қам­та­ма­сыз ету, ал нақты­рақ айтар болсақ: 

a. Қаза­қстан­ның сыр­тқы нары­қтағы бағ­дар­лау сек­то­рын­дағы экс­порт­тың үсте­ме құнын көбей­ту мақ­са­тын­да ұлт­тық мүд­дені қорғау жолын­да ЕАЭО мен ДСҰ-дағы сыр­тқы сауда келісім­дерінің ере­же­сін қай­та қарау; 

b. Кво­та­ны және негізі­нен шикі­за­тқа деген экс­порт­тық жоға­ры баж салы­ғын бекіту арқы­лы сыр­тқы сауда­ны рет­те­удің арнайы сая­са­тын енгізу; 

I. Ішкі қай­та өңде­у­ге негіз­гі шикі­затты бағыт­тау үшін шикі мұнай­ды экс­пор­тқа шыға­ру (қазір­гі 3 ірі және 24 кіші МӨЗ); 

II. Ішкі қай­та өңде­у­ге металл өңдеу, маши­на жасау және құрал жаса­уды бағыт­тау үшін ауыл шару­а­шы­лық шикі­за­тын экс­пор­тқа шығару; 

III. Ішкі қай­та өңде­у­ге тағам және жеңіл өнер­кәсіп­ті бағыт­тау үшін ауыл шару­а­шы­лық шикі­за­тын экс­пор­тқа шығару; 

IV. Ішкі қай­та өңде­у­ге хими­я­лық, фар­ма­цев­ти­ка­лық және жеңіл өнер­кәсіп­ті бағыт­тау үшін мине­рал­дық шикі­за­тын экс­пор­тқа шығару; 

c. Тау­ар түр­леріне бай­ла­ны­сты импорт­ты қысқар­ту мақ­са­ты­мен 10 пай­ы­здан 60 пай­ы­зға дей­ін­гі шек­те азық-түлік өнім­дерінің импор­ты­на және халы­қтық тұты­ну тау­ар­ла­ры­на кво­та­ны, салы­қтық және тех­ни­ка­лық кедер­гілер­ді бекіту арқы­лы сыр­тқы сауда­ны рет­те­удің арнайы сая­са­тын енгізу; 

d. Отан­дық өндірістің үсте­ме құнын арт­ты­ру мақ­са­тын­да басым­дық бой­ын­ша эко­но­ми­ка сек­то­рын дамы­та­тын мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар ере­же­сін қай­та қарау, шетел­дік инве­стор­лар сатып алған жер­гілік­ті бағ­дар­ла­ма­лар­ды жандандыру; 

e. Моно­по­ли­яға қар­сы рет­теу және бәсе­кені қорғау бой­ын­ша өкілет­ті орган­ның ісіне аудит жүр­гі­зу, оның заң­ды қыз­метіне қай­та ора­лу, табиғи емес моно­по­лия мен эко­но­ми­ка­лық кон­цен­тра­ци­я­ның субъ­ек­тілеріне санк­ци­я­лар­ды енгізу; 

f. Кон­гло­ме­рат­тар­дың жой­ы­луы және ислам­дық қар­жы­лан­ды­ру басым­ды­қта­ры­ның дамуы­мен аза­мат­тар­дың көп түр­лі қар­жы­лық қыз­мет­тер­ге және эко­но­ми­ка­лық мүм­кін­дік­тер­ге қол­жетім­ділі­гін қам­та­ма­сыз ету­де Қаза­қстан­ның қар­жы­лық жүй­есін ыры­қтан­ды­ру және өзгерту; 

g. Маман­дан­ды­ры­лған дамы­ту бағ­дар­ла­ма­сы арқы­лы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік бюд­жеті­нен және Ұлт­тық қор, БЖЗҚ қар­жы­сы­нан аталған заң­ды тұлға­ларға берілетін сомаға сәй­кес Банк­тік кон­гло­ме­рат­тар­дан бастап, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын­дағы бар­лық субъ­ек­тілер­дің актив­терін ұлттандыру; 

h. 1998–2019 жыл­дар ара­лы­ғын­да заң­сыз шетел­ге кет­кен капи­тал­дар­ды қай­та­ру­ды қам­та­ма­сыз ету үшін төлем балан­ста­ры­на, сыр­тқы қары­зға және елдің ұлт­тық бай­лық актив­теріне бір жолғы аудит жүргізу; 

i. Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің тап­шы­лы­ғын қар­жы­лан­ды­ру үшін ҚР аза­мат­та­ры­ның жеке жинақталған зей­не­тақы қара­жа­тын пай­да­ла­нуға, оны жемқор­лық схе­ма­сы және мүд­де­лер қақты­ғы­сы бой­ын­ша басқа­руға, банк және кор­по­ра­тив­тік сек­торға салым­шы­лар­дың, тран­сұлт­тық кор­по­ра­ци­я­лар­дың, оли­го­по­лия және сая­си қыз­мет­кер­лер­дің қара­жа­ты­нан кез кел­ген қол­дау түрін қарас­ты­руға толық тый­ым салу. Ашық меха­низм арқы­лы салым­шы­лар­дың жинақталған зей­не­тақы қоры­нан инве­сти­ция ныса­нын таң­да­уы­на мүм­кін­ді­гін беру. 

j. Ұлт­тық қор­дың қар­жы­сын тран­сұлт­тық кор­по­ра­ци­я­лар­дың, оли­го­по­лия және сая­си қыз­мет­кер­лер­дің бей­бе­ре­кет пай­да­ла­нуы­на, оны жемқор­лық схе­ма­сы және мүд­де­лер қақты­ғы­сы жағ­дай­ын­да басқа­ру бой­ын­ша қор қар­жы­сы­нан банк және кор­по­ра­тив­тік сек­тор­дың кез кел­ген қол­дау түрін қарас­ты­руға, қор актив­терін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын тыс жер­ге шыға­руға және тара­туға толық тый­ым сала­ды және толық ашы­қты­қты қам­та­ма­сыз етеді; 

k. Эко­но­ми­ка­ның бар­лық сек­то­рын­дағы капи­та­лы кез кел­ген саты­сын­да мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­лған ірі жеке оли­го­по­лия және банк­тер­ді ұлт­тан­ды­ру. БЖЗҚ (зей­не­тақы қоры) салым­шы­ла­ры­ның бар­лы­ғы­на мен­шік құқы­ғы негізін­де өз зей­не­тақы актив­терін басқа­ру құқы­ғын беру, осы­лай­ша банк­тер­дің, «Самрұқ» АҚ-ны қоса алған­да, ірі хол­динг­тер­дің бір­лес­кен иелері ата­нып, алы­нған қара­пай­ым акци­я­ларға иелік ету және мино­ри­тар­лық акци­о­нер­лер­дің тиісті құқы­қта­рын қам­та­ма­сыз ету; 

l. БЖЗҚ-ның және оның актив­терін басқа­ру­шы­лар­дың актив­терін басқа­ру және 1998–2019 жж. кезеңін­де БЖЗҚ қара­жа­тын инве­сти­ци­я­лау бөлі­гін­де, бар­лық шығын­ды неме­се табысы аз инве­сти­ци­я­ланған қара­жат­тар­ды БЖЗҚ-ға қай­та­ру шара­ла­ры бой­ын­ша түген­деу жүргізу. 

m. Бюд­жет­тік емес сек­тор­лар­дағы эко­но­ми­каға мем­ле­кет­тің ара­ла­суын толы­ғы­мен шек­теу. Шағын биз­неске деген қол­жетім­ділік­ті төмен­де­ту­ге бағыт­талған мем­ле­кет­тік сатып алу­лар ере­же­сін тоқтату; 

n. Заң­ды тұлға­лар мен жеке кәсіп­кер­лер үшін салы­қтық құқы­қтар­ды, жеңіл­дік­тер­ді, отан­дық және шетел­дік инве­стор­лар мен жұмыс беру­шілер­дің тең құқы­қта­рын, жеңіл­дік­терін және кідірістерін, салық сая­са­тын толық қай­та қарастыру; 

o. Адал кәсіп­кер­лер мен мен­шік иелерін бұрын да, қазір де, келе­шек­те де рей­дер­лік­тен сақтау үшін іскер­лік келісім­дер және таза капи­тал­дар шыға­ру­дың тиім­ді мони­то­ринг жүй­есін енгізу; 

p. Лоб­бизм және жемқор­лық схе­ма­сы­мен жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­дың эко­но­ми­ка­лық бел­сен­ділі­гіне кедер­гі кел­тіру­ге тый­ым салу арқы­лы қолай­лы іскер­лік және инве­сти­ци­я­лық орта­мен қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша даму­шы елдер стан­дарт­та­рын орындау. 

IV.           Ұлттық байлыққа қатысты халықтың құқығы 

6. ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 2‑бабы 2‑тармағы негізін­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның еге­мен­ді­гі және ұлт­тық бай­лы­ғы­ның қауіп­сізді­гі бой­ын­ша Төтен­ше әре­кет­тер жос­па­рын жасау және жүзе­ге асы­ру­ды қам­та­ма­сыз ету, ал нақты­рақ айтар болсақ: 

a. Бар­лық мем­ле­кет­тік орган­дар­дағы толы­қтай ашы­қтық, халы­қа­ра­лық және ішкі құжат­тар, сон­дай-ақ стра­те­ги­я­лық мем­ле­кет­тік келісім­шар­ттар арқы­лы жүй­елік жемқор­лы­қты жою (мәсе­лен, жер қой­на­уын пай­да­ла­ну, жер­ді пай­да­ла­ну, тран­с­ше­ка­ра­лық шару­а­шы­лық қызмет); 

b. Табиғи ресур­стар­дың бір­ден-бір мен­шік иесі ретін­де Қаза­қстан­ның жері мен жер қой­на­уы­на Қаза­қстан Халқы­ның құқы­ғын қал­пы­на келтіру; 

c. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның табиғи бай­лы­ғы және ажы­ра­мас тер­ри­то­ри­я­сы және бөлін­бе­уі мен тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғын қорға­уды қам­та­ма­сыз ету; 

d. Шетел­дік инве­стор­лар, тран­сұлт­тық кор­по­ра­ци­я­лар, ква­зи­мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар мен оли­го­по­ли­я­лар­дың жер қой­на­уын, табиғат­ты және жер­ді пай­да­ла­ну  келісім­шар­тта­рын қай­та қарау, ашу және қай­та­рып алу­ды Қаза­қстан Халқы­ның бақы­ла­у­ға алуы; 

e. Қаза­қстан­ның бар­лық аза­мат­та­ры ара­сын­да 10 пай­ы­здан кем емес тең үлес жағ­дай­ын­да табиғи бай­лы­қты сату­дан түс­кен ұлт­тық үле­сті бөлістіруді қам­та­ма­сыз ету. Мыса­лы, елде­гі бар­лық саты­лған мұнай­дың экс­порт­тық түсі­мі 13,3 трлн тең­гені құраған, демек, Қаза­қстан­ның бар­лық тұрғын­да­ры­на мұнай үшін 1,3 трлн тең­ге­ден келуі керек, яғни, Қаза­қстан­ның 18 млн аза­ма­ты­ның әрбірінің шоты­на жылы­на 74 мың тең­ге түседі. 

f. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның жеке тұрғын үй құры­лы­сын­дағы жер­де­гі жеке мен­шік­ке, жеке қосалқы шару­а­шы­лық және шаруа қожа­лы­ғын жүр­гізу­ге деген нақты құқы­қта­рын бұза­тын Жер заң­на­ма­сы өзгерістерін қай­та қарау. Сон­дай-ақ үлес­кер­лер­дің ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер­ді бір­ле­се пай­да­ла­ну құқы­ғын қорғау; 

g.  Ел аза­мат­та­ры­на жеке мен­шік­ке сатуға жəне аза­мат­тық құқы­қта­ры жоққа жер­ді ұзақ мерзім­ге пай­да­ла­нуға, ауыл шару­а­шы­лы­ғы, өндірістік, көлік инфрақұры­лы­мы­на пай­да­ла­нуға тый­ым салу.

h. Ауыл шару­а­шы­лық мақ­сат­тағы жер­ді мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­ру, 1 заң­ды неме­се жеке тұлғаға 1000 гек­тар­дан астам мөл­шер­де жер­ді ұзақ мерзім­ді пай­да­ла­ну неме­се жеке мен­шік­ті сатып алу, түген­де­уді қам­та­ма­сыз ету. 

i. ҚР Ауыл шару­а­шы­лық мини­стр­лі­гі жер қаты­на­ста­ры коми­тетінің әрбір аумақтық бөлім­ше­сінің ауди­ті­мен жемқор­лық схе­ма­ла­ры мен спе­ку­ля­ци­я­ла­рын тек­се­ре оты­рып, елдің бар­лық өңірін­де Жеке тұрғын үй құры­лы­сы үшін 1 үй шару­а­шы­лы­ғы­на 10 сотық көлем­де шұғыл жер беруді қам­та­ма­сыз ету. 

k. Шека­ра маңын рұқ­сат­сыз демар­ка­ци­я­лау бой­ын­ша өкілет­ті ұлт­тық қауіп­сіздік қыз­меті­мен кез кел­ген мен­шік иелері және жер пай­да­ла­ну­шы­ларға тый­ым салу. 

V. Өмір сапасы, экология және тіршілік ортасы 

  • 7.    Қаза­қстан аза­мат­та­ры үшін даму­шы елдер­дің дең­гей­ін­де өмір сапа­сы бой­ын­ша стан­дарт­тар­мен қам­та­ма­сыз ету, ал нақты­рақ айтар болсақ: 

a. Мем­ле­кет­тік тіл­ге лай­ы­қты дең­гей­де мәр­те­бе беру арқы­лы ҚР аза­мат­та­ры­на ана тілін­де білім алуға, ғылы­ми жетістік­тер­ге, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на, мəде­ни жəне қоғам­дық-сая­си кон­тент­ті пай­да­ла­ну арқы­лы ел құра­у­шы ұлт ретін­де даму мен біре­гей­лік­ке қол жеткізу.

b. Әрбір елді мекен­де төмен­гі дең­гей­де­гі муни­ци­пал­дық қыз­мет­тер­дің негіз­гі стан­дарт­та­рын бекіту арқы­лы ауыл­дар­ды және қала­лар­ды қолай­лы өмір сүру орта­сы­мен қам­та­ма­сыз ету: 

I. Қол­жетім­ді және қолай­лы жағ­дай жасалған тұрғын үй (қауіп­сіз дер­бес неме­се орта­лық желілер – сумен жаб­ды­қтау, электр­мен жаб­ды­қтау, жылу тар­ту (газ­бен жаб­ды­қтау, күн панель­дері, қат­ты неме­се сұй­ық отын­дар арқы­лы қауіп­сіз пешпен жылы­ту жүй­есі), кәріз жүйесі); 

II. Әле­умет­тік-тұр­мыстық инфрақұры­лым (ден­са­улық сақтау меке­месі, бала­бақ­ша, мек­теп, кол­ледж, ЖОО-дары, сауда және қыз­мет көр­се­ту желілері);

III. Қауіп­сіз қоғам­дық көлік және жолдар; 

IV. Қолай­лы қоғам­дық кеңістік­тер және дема­лыс аймақта­рын ұйымдастыру; 

V. Сапа­лы муни­ци­пал­дық қыз­мет­тер – құқы­қтық тәр­тіп, Төтен­ше жағ­дай қыз­меті, инже­нер­лік желілер сервисі; 

с. Қолай­лы физи­ка­лық емес тір­шілік орта­сын қам­та­ма­сыз ету: 

I. Елді мекен­дер­де өмір сүретін адам­дар­дың нақты қажет­тілі­гі, өмір сүру сал­ты, дәстүріне сәй­кес келетін мәде­ни­ет, спорт, өнер, дін нысан­да­ры­ның қол­жетім­ділі­гі және жет­кілік­ті болуы; 

II. Отба­сы­лық құн­ды­лы­қтар­ды, руха­ни және интел­лек­ту­ал­дық даму­ды қолдау; 

III. Мәде­ни мұра­ны дамы­ту­ды және сақта­уды қам­та­ма­сыз ету. 

  • Қаза­қстан­ның бар­ша қазір­гі аза­мат­та­ры және келе­шек­те­гі ұрпақ үшін өмір сүру және тамақта­ну­дың эко­ло­ги­я­лық таза орта­сы­мен қам­та­ма­сыз ету, негізінен: 

a. Қор­шаған таза орта­ны, табиғи ресур­стар мен жер­ді сақтау мақ­са­тын­да қазір­гі және келер ұрпақ алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­ті бекіту үшін Ұлт­тық кодексті қабылдау; 

b. Өзге елдер­дің ядро­лық және басқа да ерекше қауіп­ті қал­ды­қта­ры­ның Қаза­қстан аумағы­на төгілуіне, құпия сынақ лабо­ра­то­ри­я­ла­рын орна­ла­сты­руы­на, өзге елдер­де­гі зиян­ды өндірістер­дің Қаза­қстанға ауы­суы­на толық және бұл­тарт­пас тый­ым салу­ды енгізу; 

c. Көмір энер­ге­ти­ка­сы­нан кетіп, барын­ша эко­ло­ги­я­лық қауіп­сіз жылу және электр энер­ги­я­сы­на өту – халы­қа­ра­лық стан­дарт­тар мен тәжіри­бе­лер­ге сәй­кес су, жел (тер­мал­ды көз­дер), күн, жел, атом энергиясы; 

d. Су ресур­ста­рын үнем­деу және тұщы су қорын қорға­уды қам­та­ма­сыз ету, оның ішін­де тран­с­ше­ка­ра­лық өзен­дер мәсе­лесін шешу; 

e. Арал, Кас­пий, Балқаш және елде­гі басқа да ірі су ресур­ста­ры мәсе­ле­лерін шешуді қам­та­ма­сыз ету; 

f. Ресей­мен Бай­қоңыр ғарыш айлағы бой­ын­ша келісім мәр­те­бесін қай­та қарау; 

g. Тазар­ту құры­лы­ста­рын тиім­ді жүр­гі­зуді бекіту үшін қор­шаған ортаға лас ауа шыға­рып, зиян кел­тіріп жатқан кәсі­по­рын­дарға жоға­ры салық салу; 

h. Ұлт­тық мүд­дені қорғау үшін шека­ра­лық аумақтар­да инфрақұры­лым­ды дамы­ту және тран­с­ше­ка­ра­лық әділ басқа­ру­ды қам­та­ма­сыз ету: жер, жер қой­на­уы, жал­пы ауа бас­сей­ні, жер асты және жер үсті су көздері. 

VI. Халықтық билік

  • ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы 3‑бабы 1‑тармағына сәй­кес билік­тің үш тар­мағы­ның бір-бірі­нен тәу­ел­сізді­гін және билік­тің бір­ден-бір қай­нар көзі Қаза­қстан Халқы­на абсо­лют­ті есеп беруін қал­пы­на кел­тіру­мен заң шыға­ру­шы, атқа­ру­шы, сот билі­гін транс­фор­ма­ци­я­лау, нақтырақ: 

a. Атқа­ру­шы билік­ке қаты­сты бар­лық бақы­лау-қадаға­лау функ­ци­я­ла­рын мем­ле­кет­тік басқа­ру тиім­ділі­гін және бюд­жет про­цесін толы­қтай заң шыға­ру­шы билік­ке бағын­ды­ру­ды қам­та­ма­сыз ету бойынша; 

b. ҚР заң­на­ма­сын атқа­ру­шы билі­гін сақтау бой­ын­ша бар­лық бақы­лау-қадаға­лау функ­ци­я­сы сот билі­гінің құзы­ры­на беріледі;

c. Атқа­ру­шы билік­ті заң­на­ма­лық баста­ма­сы және өзін бақы­лау функ­ци­я­сы­нан толы­ққан­ды айыру; 

d. Рес­пуб­ли­ка­лық және жер­гілік­ті дең­гей­де билік­тің бар­лық үш бұтағы бой­ын­ша аппа­рат­ты және мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің санын оңтай­лан­ды­ру: атқа­ру­шы билік­те­гі мем­ле­кет­тік шене­унік­тер­дің саны бүкіл елде­гі және өңір­лер­де­гі шене­унік­тер саны­ның 0,1 пай­ы­зы­нан аспа­уы керек;

e. Сот жүй­есін­де­гі бас­шы­лар­ды сай­лау арқы­лы тағайындау;

f. Үкі­мет мүше­лерінің өкілет­тілік­терін бөлуді тек Пар­ла­мент­те дауыс беру арқы­лы шешуді қам­та­ма­сыз ету, жер­гілік­ті билік орын­да­рын­дағы бас­шы­лар­ды тек мәс­ли­хат­тың келісі­мі­мен тағайындау; 

g. Аудан­нан облыс дең­гей­іне дей­ін­гі әкім­дер­ді сай­лау, бұл рет­те рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар да есеп­ке кіреді; 

h. Ауыл­дан қалаға дей­ін жер­гілік­ті шынайы өзін-өзі басқа­ру­ды енгі­зу, ауыл­дық кеңе­стер 30 ада­мға дей­ін қоса алады; 

i. Заң шыға­ру­шы билік­тің сай­лау жүй­есін ара­лас фор­ма арқы­лы қам­та­ма­сыз ету: 50 пай­ы­зы – ашық пар­ти­я­лық тізім және 50 пай­ы­зы – бір ман­дат­ты өзін-өзі ұсынушылар; 

j. Заң­на­ма­дан айып­пұл түрін­де сай­лан­ба­лы лау­а­зым­дар­дан шек­те­уді алып тастау, әкімшілік/қылмыстық жау­ап­кер­шілік тәжіри­бесі, кан­ди­дат­тар­дың мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер емес екенін рас­тай­тын салық декла­ра­ци­я­сын ұсы­нуы, неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер үшін де 200 000 тең­ге қателік­ті лими­тін бекіту және кан­ди­дат­тарға қателік жағ­дай­ын­да дұрыс емес деректер­ді жөн­де­у­ге мүм­кін­дік беру; 

k. Ел пре­зи­дент­ті­гіне кан­ди­дат ата­ну үшін мем­ле­кет­тік қыз­мет­те еңбек өтілі болуы керек деген шек­те­уді алып тастау;

l. Арнайы IQ-тест жүй­есі арқы­лы бар­лық дең­гей­де­гі атқа­ру­шы және сот билі­гінің шене­унік­терін тестіле­уден өткі­зуді енгізу; 

m. ҚР аза­мат­та­ры­ның Құқы­ғы тура­лы Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­ды қабыл­дап және оған халы­қа­ра­лық құжат­тарға сәй­кес аза­мат­тар­дың бар­лық бекітіл­ген құқы­қта­рын енгі­зу. Аза­мат­тар­дың Кон­сти­ту­ци­лық құқы­қта­рын сақта­маға­ны үшін жау­ап­кер­шілік ретін­де осы Кон­сти­ту­ци­я­лық заңға сәй­кес бар­лық заң­дар мен кодек­с­тер­ді өзгерту;

n. Ішкі істер мини­стр­лі­гі (ІІМ) әре­кет­терін қадаға­лау функ­ци­я­сын про­ку­ра­ту­раға қай­та­рып беру, сон­дай-ақ ІІМ жанын­да нақты қоғам­дық кеңес құру­ды ұйымдастыру; 

o. Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңе­стің шек­те­улі өкілет­тілік­терінің күшін жою және Кон­сти­ту­ци­я­ны қорғау үшін Кон­сти­ту­ци­я­лық сот­ты қал­пы­на келтіру; 

p. Қаза­қстан­ның бар­лық аза­мат­та­ры­ның заң алдын­дағы құқы­қта­рын теңе­сті­ру, депу­тат­тың дер­бес мәр­те­бесін тоқтату; 

w. Мани­фе­ст­те жазы­лған ере­же­лер­дің бар­лы­ғы­на шешім қабыл­да­удың бар­лық кезеңін­де қоғам мен сарап­шы­лар­ды тарту. 

Қаза­қстан­ның аза­мат­тық бел­сен­ділер тобы (Әле­умет­тік желілер­де қол қою­шы­лар жалғасуда)

Республиканский еженедельник онлайн