Четверг , 4 сентября 2025

ҚАЗАҚСТАН ТАҒЫ 1,6 млрд еуро ҚАРЫЗҒА БАТАДЫ

  • Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев Азия даму бан­кі мен Азия инфрақұры­лым­дық инве­сти­ци­я­лар бан­кі­нен жал­пы сома­сы 1,6 мил­ли­ард еуро қарыз алу тура­лы заңға қол қойды.

Бұл тура­лы Ақор­да бас­пасөз қыз­меті хабар­ла­ды. Қарыз коро­на­ви­руспен күрес және ел эко­но­ми­ка­сын қал­пы­на кел­ті­ру шара­ла­ры­на алы­нып отыр.

Қара­ша айы­ның соңын­да Қаза­қстан пар­ла­мен­ті мәжілісі Азия даму бан­кі мен Азия инфрақұры­лым­дық инве­сти­ци­я­лар бан­кі­нен жал­пы сома­сы 1 570 396 000 еуро (шама­мен 1,9 мил­ли­ард дол­лар) қарыз алу тура­лы заң­ды мақұл­даған. Еврибор+0,50% үсте­мақы­сы­мен берілетін бұл қары­здың 908,5 мил­ли­он еуро­сын Азия даму бан­кі, ал 661,8 мил­ли­он еуро­сын Азия инфрақұры­лым­дық инве­сти­ци­я­лар бан­кі ұсы­нып отыр.

Қаза­қстан Ұлт­тық бан­кінің мәлі­метін­ше, 2020 жылғы 1 шіл­де­де елдің сыр­тқы қары­зы 159,8 мил­ли­ард дол­ларға жет­кен. Оның ішін­де 11,8 мил­ли­ард дол­лар мем­ле­кет­тік басқа­ру орган­да­ры­ның, 825 мил­ли­он дол­ла­ры орта­лық банк­тің (Ұлт­тық банк), 5,2 мил­ли­ард дол­ла­ры екін­ші дең­гей­лі банк­тер­дің, 101,2 мил­ли­ард дол­ла­ры фир­ма­ара­лық қары­здың үлесін­де. Қалған 40,6 мил­ли­ард дол­лар – мем­ле­кет кепіл­ді­гі­мен алы­нған басқа да қарыздар.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн