Четверг , 10 апреля 2025

Қазақстан – қойылымдар көрсететін ӘЛДЕКІМНІҢ ОЙЫНШЫҒЫ ЕМЕС

Парламенттік сайлау өткен күннің ертеңінде – 20 наурызда Қазақстан баспасөз

Батыр Адайбаев: Билік былтырғы қанды Қаңтардан ешқандай сабақ алған жоқ. Біз әділетсіз сайлау болатынын білдік, бірақ мұндай дәрежеде болады деп ойламадық. Енді көзіміз жетіп тұр, өкінішке орай, сайлау болған жоқ. Бұны әділетті таза сайлау деп айтуға тілім келмейді.

Власть сделала все, чтобы не только дискредитировать выборы в маслихаты и мажилис парламента, но она делает все, чтобы протест радикализировался. Все идет к этому. Неусвоенные уроки кровавого Кантара остаются для нас все еще проблемой. Власть не предприняла никаких попыток, даже намекающих на некую демократизацию избирательного процесса. Прошло два часа, до сих пор отсутствуют протоколы. Это не то, что нарушение конституционного закона о выборах, это просто безобразие.

Демек, бұлардың қолында бюллетеньдер бойынша нақты нәтижелер бар, бірақ хаттамарды әлі реттей алмай отыр, оларға уақыт керек. Айтарым сол.  Участкілердің барлыған аралап шықтық, ешқайсы да хаттамарды уақытында берген жоқ.

Альнур Ильяшев, юрист-правозащитник: Я сейчас вынужден выступать в качестве замещающего спикера Санжара Бокаева. В текущий момент он и Мурат Адам участвуют в судебном процессе с требованием обжалования и отмены итогов по определенным участкам, которые демонстрируют аномальные расхождения от той информации, которую мы получили. На текущий момент в 4-м округе по 58 протоколам в 50 с явным перевесом лидирует Санжар Бокаев. Есть ряд закрытых участков, это военные части, в которых 90% личного состава курсантов, военнослужащих проголосовали за конкретного кандидата. Ранее этот кандидат получил поддержку и голоса со стороны человека, который в 2019 году участвовал в осуждении меня и моего коллеги Марата Туренбетова, Санавар Закировой по делу о причиненном моральном ущербе партии «Нур Отан». Это один из тех четырех соистцов, вот она взяла и передала этому конкретному кандидату, возможно, уже определенному депутату.

Здесь возникает вопрос: «Кто и с какой целью разыгрывает этот сценарий»? Сейчас покажу кое-какие фотографии, снято сегодня в 12:05.  Это здание, в котором находится территориально-избирательная комиссия города Алматы. Вы видите, полицейская машина стоит. После суда Санжара Бокаева и Мурата Адам я пошел узнать у председателя ТИК Калыковой Айгуль Уразовны по поводу результатов. Потому что в предыдущие выборы мы уже в 4 часа утра получали итоги по городу Алматы. Когда я постучал в дверь, она была закрыта. Это здание Алмалинского районного акимата. Получается, акимат не работает. Вы видите, парковка пуста. ТИК занимает там несколько кабинетов пятого этажа. Сегодня рабочий день. Где они? Мне сказали зайти с обратной стороны. С тыльной стороны стоят автозаки, полицейские машины. Вот такая картина. 

А на другой фотографии здание Алматинского городского суда. Буквально 20 метров расстояние между ТИК и Алматинским городским судом. Мы понимаем, что в случае отказа удовлетворения иска Санжара Бокаева, да и других исков в специализированном адмсуде (СМАС) недовольные результатами кандидаты будут подавать апелляции и пойдут в городской суд. 20 метров расстояние до ТИКа, «источника» этих проблем. Может ли это быть срежиссированный кем-то сценарий?

До этого прозвучала фамилия господина Карина. Если кто не знает, он еще у нас известен тем, что некоторые ученые-политологи его называют казахстанским террологом. «Терролог» – это человек, который специализируется на изучении терроризма. Соответственно, он знает предпосылки возникновения терроризма в тех или иных странах. К чему это может привести, чем это чревато для общества, государственных институтов и безопасности обычных граждан? С его ли подачи идет определение списков, идущих в мажилис от города Алматы?

Могли нормально дать возможность людям без оказания давления, без включения административного ресурса выбрать конкретных депутатов, которые будут представлять город. Тех, которые в случае возникновения какого-то недовольства, будут массово выступать медиатором между государством и обществом, потому что у них есть реальный мандат представлять жителей этого города, потому что за них проголосовало большинство. Будут ли это делать те люди, которые, набирая менее незначительную поддержку в обществе, в то же время через административный ресурс получили себе депутатский мандат?  Как их будут слушать на площади? В этой связи не хотелось бы, чтобы  Наурыз каким-то образом был связан с трагическими для страны событиями, как Желтоксан был связан с насилием, как Кантар был связан с кровью.

От здания Толе би, 67 буквально два квартала до места, где сейчас проходят массовые гуляния, связанные с праздником Наурыз. Уже площадь перекрыта. Там сейчас  собираются тысячи людей. В конституционном законе, в АППРК прописано немедленное рассмотрение исков по вопросам избирательных прав. Буквально сегодня завершится суд в СМАСе, Санжар и Мурат пожелают обжаловать это незаконное решение в городском суде. Туда придет группа поддержки, начнутся задержания. Что увидят граждане, которые буквально находятся там? Увидят эти картинки.

К чему это может привести после Кантара? Кто-нибудь об этом думал в Астане, в акимате Алматы? Можно же было дать возможность людям спокойно, без каких-либо инсинуаций и прочих вещей завершить наш городской плебисцит и определиться с теми лицами, которые будут представлять наш город в мажилисе. Даже на избирательных участках до сих пор не вывешены протоколы.

В этой связи, пользуясь возможностью, зная, видя, сколько людей пришло, мы хотим сказать – вы все понимаете, что в это помещение (здание партии «Аманат» – Ред.) люди редко приходят по серьезным социально-общественно-политическим вопросам.

Уважаемые чиновники, главы государства и прочие государственные мужи, посмотрите и поймите! Для того, чтобы вопросы были сняты, нам нужны все протоколы по городу Алматы до единого. Мы сами сядем, посчитаем, сверимся с тем, что у нас на руках. Если есть расхождения по конкретному протоколу, участку, мы будем ставить вопрос об отмене в судебном порядке, мирно, без оружия, в правовом законном русле. Исходя из этого, будем формировать соответствующие итоги вместе с избирательной комиссией, договорившись, чтобы не было никаких триггеров для каких-либо массовых беспорядков.

Буквально перед этими выборами на прошлой неделе состоялось обсуждение, если даже не утверждение «О внесении изменений в законодательство по части массовых беспорядков», то есть увеличение до 7 лет санкций за призывы и организацию. Никто не хочет беспорядков, тем более в Алматы.

Может, некоторые лица хотят потом выступить спасителями как в известном произведении Дэна Брауна: сначала создать череду кровавых преступлений, а потом выступить спасителем, чтобы занять место Папы римского. В нашем случае, может, президента Республики Казахстан кто-то метит на эту позицию. Нам это не нужно. Казахстан – это не игрушка для подобных людей, подобных сценариев.

Думан Мұхамедкәрім, тәуелсіз кандидат: Менің әріптестерім бір емес, бірнеше дәлелді келтірді. Менде де дәлел жеткілікті, бірақ әуелі Аумақтық сайлау комиссиясының протоколын қолға түсірсек деп отырмыз. Олардың протоколын қолға түсірейік, сосын біз өзіміздің қолдағы бар дәлелдерді шығарамыз. Сол кезде айырмашылық жер мен көктей екенін өздеріңіздер де түсінесіздер.

Мұның алдында менің қасымда жүрген жақтастарымды қорқыту, үркіту, сенімді өкілдерімді сатып алғысы келгендер болды. Қазір осы жерде ол туралы да айтамыз. Мен тікелей эфир барысында телефон соғамын, ол өзінің түрін көрсетеді, қорықпайды. Бұл қыз бала Бақанастан, ол өзінің өмірі үшін қылмыскерлерден немесе бандадан емес, полиция қызметкерлерінен, Ұлттық қауіпсіздік коммитетінен қауіптенеді. Егер де бұл қыздың басынан бір тал шаш түсетін болса, Балқаш ауданы полиция басшыларынан көреміз. Осы ойларыңызда болсын!

Біз сайлауға сенбейтін болдық. Бас кезінде бәріміз көрдік, бәлкім, шынымен де эволюцияға бет бұрып, бұл билік өзгеріс қалайтын шығар, бәлкім, демократтарды Парламентке кіргізіп, елдің өзгергенін қалайтын шығар дедік? Ал енді шынымен қалай болғанын көрдіңіздер, барлығымыздың дауысымызды ұрлады. Бізде № 12 сайлау округі бойынша (Алматы облысы – Ред.) екі теуелсіз кандидатпыз, қалғаны түгел биліктің айдап салғандары деп түсінеміз. Мейірхан ақсақалдың өзі осында, құйрық түстесіп келе жатқанбыз, бірақ осындай болды.

Қазір Шинякина Аида ханымға телефон соғам. Аида, сіз кешегі болған деректерді айтып өтсеңіз…

Шинякина Аида: Сәлеметсіздер ме! Балхаш ауданы Бақанас ауылындағы №102 учаскіде сағат 17:00-ден тәуелсіз бақылаушы ретінде отырдым. Кешкі сағат бесте РОВД-ның басшысы Наушаев Руслан келді. Көп жылдан бері араласып келе жатқан адамбыз.  «Участоктың ішіне кіре алмаймын, шығып кетесің бе?» – деп айтты. Мен видеомды қосып, қалтама телефонымды салып шықтым. Сол кезде: «Әкімшіліктің орынбасары саған сәлемдеме айтып жатыр, екі сағатқа  участоктан кетіп қалсын», – деп айтты деді. Ол кісінің атын айтпай тұрды.  

«Орысбасары Нарымбетұлы Бөрхан ба?» – деп сұрасам, «Жоқ, басқа», – дейді. «Басқа кім болсын?». «Қанша аласың?» – дейді.

«Қанша берейін деп тұрсың?» – деп едім: «Жүз мың теңге», – деді. Мені сатып алмақ болды. «Мен бекерге тәуелсіз бақылаушы болып дайындалдым ба? Менің бала-шағамның болашағы осындай болуы керек пе? Дауыстарды ұрлап алайын деп тұрсыңдар ма?» – деп сұрадым. Сұрақтарыма жауап бере бастады. Жіберген дәлелдемемде айтылған сөздерімнің бәрі жазылған.

Думан Мұхамедкәрім: Аида, бағана жылап тұрдыңыз, өміріңізге қауіптенетініңізді айттыңыз. Осы жерде айта кетсеңіз? Мында журналистер бар, тікелей эфирдеміз.

Аида: Бұл ақпарат ауылға тарайды, мен жалғыз сіздерге емес, оны тіпті РОВД-ның бастығына жібердім. Аяқ асты маған бірдеңе болып, суға кетіп, машина қағып кететін жағдай болмасын деп, туған-туысқандарыма таратып қойдым. Кішкене қорқынышым бар, бірақ қанша дегенмен тәуелсіздікке жету үшін қорықпауға бел будым. Қосарым жоқ, рақмет! 

Думан Мұхамедкәрім: Бұл бір ғана мысал емес, қыз-жігіттердің айтып жүргендері жеткілікті. Тағы бір мырзаға қомақты қаражат ұсынған, рұқсатын алмай тұрып, ол кісіге телефон соқпай тұрайын. Егер баспасөз маслихаты аяқталғанша келісімін беріп жатса, тағы да бейне қоңырау соғып, оны да әшкерелей аламыз.

Ұрлық деген масқара болды! Бүкіл әлеуметтік желі, бүкіл әлем көріп отырды. Осы жерде басқа да тәуелсіз кандидаттар бар, сіздердің де сайлау учаскілеріңізде көздеріңізді бақырайтып тұрып ұрлағандар бар емес пе? Бір кісі менімен бір емес, бірнеше дерекпен бөлісті. Оларды осы баспасөз мәслихатына шақырдым, айтатын жаға ұстатарлық жағдай жеткілікті. Биліктің алға шығарып қойған кандидаттары джиппен, тағы да автобуспен адамдарды алып келіп, мың жерден дауыс ұрласа да, біз өзіміздің дауысымызды бермедік, өйткені халық бұл жолы дауыс беруге барды. Сайлауға мен де, осы жердегі азаматтар да, халық та сенді. Өмірі дауыс беруге, сайлауға бармадым деген азаматтар барды. Осыдан бір сағат бұрын ғана мен өзімнің бес минуттық видео-үндеуімді жарияладым. Соның астындағы пікірлерді оқып көрсеңіздер: «Әкесінің аузы мұндай сайлаудың, енді сайлауға бармаспын!» дейді. Сіз көзіңізбен көргеңізді айтып өтіңізші?

– Кеше Іле ауданы бойынша Қараой ауылдық округында орналасқан № 387 участокта сондай өрескел заң бұзушылықтар болды деп айта аламын. Әкімшілікте жұмыс атқаратын қыздар екі участоктан дауыс берді, соны біз әшкереледік. Ондай жағдайды тағы бір тәуелсіз бақылаушы әшкереледі. Мен сол кісіні ортаға шақырайын. Бұл жерде әкімдердің қатысы болды. Біздің штабта Айсауле Жұмабаева деген тәуелсіз бақылаушымызға Междуречинскінің әкімі телефон соғып, сыртқа шақырған. Бізде бүкіл детализациясы, қанша минут, не жайлы сөйлескені бар. Кеше ол арнада жарияланды.

– Есімім Нұржан Бағашаров болады. Бұған дейін сайлауға сенбейтінмін, қатыспайтынмын. Соңғы рет 2000-жылдардың басында қатысқан шығармын, одан бері қатысқан емеспін. Бірақ былтырғы жағдайлардан соң, президентіміз жаңадан сайланғаннан кейін, аздап сенім пайда болды. Сол сеніммен осы сайлауға қатысып көрейік дедім.  № 12 округ бойынша өзін-өзі ұсынған Қазыбекби Бүйтекұлы ағамыздың сенімді бақылаушысы болдым. Көзіммен көрген заңсыздықты айтайын. Әкімшіліктің қыздары алдымен бір мектепте дауыс берді, сосын  № 386 участокқа барып, тағы да дауыс берді. Бәрін видеофиксацияға жазып, акты, протоколын толтырып, тіркеп алдық. Сотқа енді беріледі.

Думан Мұхамедкәрім: Мұндай заңсыздық тек қана Алматы облысы немесе Алматы қаласында ғана болған жоқ. Батыс Қазақстаннан Лұқпан Ахмедьяровтың түскенін білесіздер, ол жақтан тағы бір адам түсті. Бұл кісі жеңіспен келе жатып, аяқ астынан ұтылдым деп жатыр екен. Лұқпанның өзіне сөз берейік.

Лұқпан Ахмедьяров: Батыс Қазақстан облысында кешеден бері айқай болып жатыр. Өйткені біздің бақылаушылардың, сенімді өкілдердің мәліметі бойынша, дауыстардың көбін мен жинап келе жатсам да, түнгі сағат бірде оппонентіміз өзінің жаңағыдай мәліметін шығара бастады. Біздің бақылаушылар болмаған учаскілерде менің оппонентім ұтып шықты, айырмашылық күмән туғызатындай тым үлкен болып көрінді. Дауыс ұрланды, өйткені бәсекелес конкуренция болып, бақылаушыларымыз отырған учаскілерде дауыстардың айырмашылығы аз болса, бақылаушылар болмаған учаскілерде менің оппонентімде 600–800, менде – шамамен 13 дауыс. Осындай үлкен айырмашылық болғандықтан, біздің де күмәніміз көп. Тағы бір дәлел – кейбір участоктарда дауыс санағанда, біздің бақылаушыларымыз жоқ болып кетті.

Думан Мұхамедкәрім: Бұл билік шынымен өзгеріске барады деп үміттенгенбіз. Күлкілі заңдары көп, сол заңдарды өзгертіп, қазақ қоғамының құқығын қорғайтын заңдарды жасаймыз ба, соған қол ұшымызды береміз бе деп үміттенгенбіз. Алайда бұлар «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» деп, өз білгендерін жасап отыр. Бұлар бүкіл қазақ елінің дәулетін 150 олигарх пен биліктегі екі шалға жақын адамдардың қолына ұстатып қойды. Енді, міне, дауысымызды ұрлап, бәрімізді тыр жалаңаш жіберіп отыр.

Мен өз басым бұған көне алмаймын, қасымдағы кандидаттар мені қаншалықты қолдайды, қолдамайтынын білмеймін. Бірақ бүкіл елдегі тәуелсіз 120 кандидатқа, оның артында тұрған халыққа, мыңдаған адамға үндеу тастағым келеді. Біз үнсіздік сақтап қалмауымыз керек. Диваннан тұрайық, осы жолы көшеге шығып, үнімізді шығарып, бейбіт шеру жасамасақ – біттік. Енді 30 жыл осындай жүйе отыратын болса, біз бәріміз түрмеде шіриміз.

Мен білемін, сөзіме жауап беремін, бұлар мені 15 тәулікке алдында бір қамаған, енді 30 тәулікке қамауы мүмкін. Ал сенаттың кешегі қабылдаған жаңа заңына сәйкес, тәртіпсіздік жасағандар 7 жылдан 15 жылға дейін сотталады. Түрмеде шірісем, шіріп өлейін. Атып кетсеңдер, атып кетіңдер, мен сендерден қорықпаймын! Бүкіл қазақ елін көшеге шығуға шақырамын!

Мұрат Мұхамедханов, тәуелсіз кандидат: Председатель Республиканского союза ветеранов боевых действий на таджикско-афганской границе и военных конфликтов, зарегистрирован кандидатом в депутаты мажилиса Парламента по одномандатному территориальному избирательному округу № 11 Алматинской области.

Уважаемые журналисты, хотел бы обратиться к вам с тем, что я 10 лет  не ходил на выборы, нигде не участвовал, не верил правде, потому что понимал, что победит партия того человека, которого и назначит руководство страны. Поверив в новый Казахстан, сам решил участвовать непосредственно кандидатом в депутаты мажилиса Парламента. Участвовали наши ветераны боевых действий на таджикско-афганской границе, были доверенными лицами по Алматинской области, а именно город Кунаев, Таргарский, Енбекшиказахский, Раиымбекский, Кегенский, Уйгурский районы.

Уважаемые друзья, мы с вами прекрасно знаем, что совсем недавно произошли Кантарские, Жанаозенские события, когда погибли граждане Казахстана, и это – горе для всего казахского народа. Как участник боевых действий хотел бы сказать, что мы знаем, откуда начались боевые действия. Дело в том, что в 1992 году 30 семей с Нагорного Карабаха переехали в Душанбе, и кто-то пустил слух, что 30 семей получили безвозмездно квартиры. Народ поднял социальный вопрос, который перерос в вооружённый конфликт. В этой войне погибло 100 000 гражданского населения, 100 000 пропавших без вести, 56 000 вдов, 27 000 сирот.

Считаю, у нас сегодня идёт безобразие на избирательных участках по всему Казахстану. Подкидывают бюллетени, голоса.  Здесь рядом со мной находится ветеран боевых действий Қалдан Өребаев, который это запротоколировал.

Қалдан Өребаев: Мен Шонжыдағы № 11 округта Мұрат Мұхамедханов мырзаның бақылаушысы болдым. Билік ойларына келгенді жасап жатыр. Акты жасатып, жаңағы жердегі адамды жұмыс орнынан босатқыздым. Комиссиядан шығаруды талап етіп, оны Мұхамедхановқа жеткіздім. Заңсыздық тек қана Алматы облысында ғана емес, барлық жерде жүріп жатыр.

Мұхтар Тайжан: Құрметті әріптестер, қазір сіздерге сөз берейін деп отырмын. Журналистердің де сұрақтары болуы мүмкін, бірақ одан бұрын мен халқымызға алғысымды білдіремін. Халық бізге сеніп, сайлау учаскілеріне барды, дауыстарын шын ниетімен берді.  Кейбір белсенділер тіпті байқаушы болып, түні бойы сол жерде тұрды.

Думан Мұхамедкәрім: Кез келген өркениетті, саналы мемлекетте халықтың 51%-ы бармаса, сайлау өтпейді. Тәуелсіз кандидаттар шыққанның өзінде біздің № 12 сайлау округі бойынша тұрғындардың 10–15% ғана барып дауыс берді. Қалған 85% қатысқан жоқ. Солардың дауысын ұрлап алып, бізге қарсы қойып отыр. Қанша сатқындық, қанша ұрлық жасады? Егер басқа өркениеттің заңымен есептесек, бұл сайлау өткен жоқ, өйткені халықтың 10–15% ғана барған.  

Тұрдалиев Қанат: Я кандидат в мажилис по № 5 избирательному округу. Сегодня могу смело сказать, что это – партия воров и мошенников. Альнур отсидел за то, что назвал их мошенниками. Они воруют голоса у народа, используют их, делают вбросы в интересах своей партии. Они украли 30 лет, хотят украсть ещё 5 лет. Нужно распустить партию экстремистов, вообще выгнать с политического поля.

Когда мы будем менять законы, изменить Уголовный кодекс в части усиления ответственности за фальсификации? Учителя безнаказанно это делают, они знают, сегодня по закону за это полагается только штраф. Это тяжкое преступление против родины, страны. Оно должно приравниваться как измена родине, вплоть до пожизненного срока надо давать, чтобы никто даже не думал о фальсификации, потому что воруют голоса, чьи-то мнения, чью-то собственность, интеллектуальную собственность, надежду и подрывают веру.  Поэтому я присоединяюсь к призыву Думана, призываю всех сегодня собраться, выразить протест преступной власти. Она не оправдала надежд, никогда уже не оправдает. Мы не должны им давать время, уже сегодня нужно поставить этот вопрос перед всем народом Казахстана. Всех призываю прямо сегодня выходить на площадь, на митинг.

Альнур Ильяшев: Уважаемые спикеры, еще раз повторюсь относительно ответственности за организацию массовых беспорядков. Ситуация такова, что уже сегодня начинают праздновать по городу Наурыз. Это массовые гуляния. Кто-то может употребить алкоголь, потом случайно могут кого-то толкнуть, и может начаться ситуация, которую никто из нас не захочет.

В соседнем здании – штаб Инги Иманбай, она супруга Жанболата Мамая. Вы знаете, за что он сидит, в чем его обвиняют. Просто хотел провести мирный митинг, его задержали, в итоге сейчас на него вешают жизни погибших людей. Предлагаю эти моменты оставить на потом. Сейчас нужно получить результаты выборов, проанализировать их. Если есть фальсификации, то в рамках закона привлечь виновных лиц к ответственности. Есть статьи Уголовного кодекса по этому поводу.

Фальсификация – это ОПГ, потому что крупные фальсификации делают в составе организованных преступных групп. Избиркомы, состав, все списки размещены. Каждого члена избиркома допросить, если есть расхождения между протоколами, которые есть у нас, у наших наблюдателей и теми, которыми они оперируют, тогда спросить, от кого получил ту или иную команду. И вот здесь в рамках закона, мирно, без оружия, мы сможем эти вопросы отрегулировать. Если это не будет происходить, можно как-то иначе ставить вопросы. Но сейчас ещё раз хочу предостеречь. У меня и других присутствующих нет цели, тем более интереса и даже намерений, чтобы пролилась кровь.  

Аты-жөнін анықтаймыз: Осыдан 36 жыл бұрын елім-жерім деп шыққан студент жастардың бірі – Желтоқсан ардагерімін. Бүгінгі күнде Алматы қаласы бойынша № 2 қалалық мәслихатқа үміткермін. 26 сайлау учаскесі болды, сондағы кеткен ұрлық – жаңағы айтқандарыңыздың дәлелі. Оның бәрін көріп, мұғалімдердің мынадай әрекетке барғанына қатты налыдым. Біздің болашағымыз – балаларымыз, жастарымыз, бүгінгі мектеп оқушылары. Жастарымызды тәрбиелеп отырған мұғалімдердің осындай ұрлыққа, ұры-қарлыққа барғаны барлық видеода жүр. Кеше Бәйкен деген желтоқсаншы таңғы сағат алтыға дейін отырды, біреуін төртте жедел жәрдем алып кетті, осындай келеңсіз жайттар болды. Мен есептеп отырдым, көп болса 300, кей жерлерде 100 адам келді. Соны жоғары білімді мұғалімдер таңғы алтыға дейін есептеді. Біз ертеңгі болашағымыздың тәрбиесін кімге тапсырып отырмыз?  Айтқым келгені осы.

Мадина Көкетаева: Уважаемые казахстанцы, я выдвигалась в 4-м округе. По нарушениям всем понятно, что произошло, поэтому мы требуем посадить председателя Центрального избирательного комитета Нурлана Абдирова и акима города Алматы Ерболата Досаева за то, что они провоцируют народ, особенно в Алматы.  У нас самый демократичный город и благодаря наблюдателям в прямых эфирах более 1000 доказательств фальсификации. Над кабинкой голосования стояли камеры. Где тайна голосования, где прокуроры, которые должны были реагировать? Увольнение членов избирательных комиссий недостаточно, согласно законодательству должно быть уголовное наказание до четырех лет. Почему прокуроры сейчас молчат?  

Казахстан показал всему миру, что президентская форма правления и представительная демократия неэффективна в наше время. Только прямое народовластие, когда по всем вопросам люди сами будут принимать решения. То, что сегодня произошло – показательно для всего мира. Сейчас ОБСЕ признают выборы нелегитимными, несправедливыми, но это ничего не значит. Кроме этого объявления никаких действий от ОБСЕ не происходит. Поэтому казахстанцы, которые сейчас находятся в заложниках у власти и за копеечную зарплату идут на фальсификации, должны осознать, какую страну вы оставите своим детям?

Поэтому я призываю в апреле собраться возле Администрации президента в Астане на «Мәңгілік ел». Этот дом министерства как «Стена плача», все туда ходят, а результата нет. Даже просьбы, которые попадают лично помощникам, сотрудникам администрации, они не имеют дальнейшего продолжения. Сама администрация президента полностью коррумпирована, все судебные иски бесполезны, все судьи зависимы от власти. Поэтому лично призываю 6–7 апреля собраться перед Администрацией президента и поднять эти вопросы. Выражаю огромную благодарность всем независимым наблюдателям за то, что вы в истории останетесь людьми, которые попытались в этой стране сделать жизнь лучше для своих же детей.

Ануар: Ассалаумағалейкум! «Кәрі иттер жаңа тіске үйренбейді» дейді. Көп сөз – боқ сөз. Болды ғой, бәрін қуу керек!

Мейірхан Әбдіманап: Мен № 12 сайлау округы бойыншы үміткер ретінде сайлауға қатыстым. Маңызды бір мәселені айтайын – 9 наурыз күні ОСК төрағасы Әбдіровті сотқа берген болатынмын. Тікелей Жоғарғы сотқа тіркеліп, арыз бердім, сағат 17:42-де электрондық поштамен барды. Оған дейін мен көптеген адам құқығын қорғау ұйымдарын, заңгерлерді шақырған болатынмын, бірақ ешқайсысы үн қоспағаннан кейін, өз тіліммен жеке жазғанмын. Басында маған бірнеше жауап келді, 3 сәуір күні қаралады деді. Әрине, сотқа сенім жоқ,  бірақ мен міндетті түрде күресті жалғастыру керек деп ойлаймын.

Балық басынан шіриді, олар биліктің тапсырмасын орындап жатыр. Бізде қолымызда дәйек жоқ болғаннан кейін, Әбдіровті тікелей қылмысқа тарту керек. Оған қандай айып тағуға болады? Олар облыстық, одан кейін округтік сайлау комиссиянына өздерінің нұсқауларын жібереді. Үміткерлер тұрмақ, мәжіліс, мәслихаттың құқығы бұзылып жатыр. Мәжіліс (кандидатына) тиеселі – 950 000 теңге, мәслихатқа – 350 000 теңге, көпшілігіне әлі күнге дейін бөлінген жоқ. Кәдімгі таза дискриминация жүріп жатыр. Ол ақшаны қайда жіберді, неге ақша бөлінбейді?

300 000 теңге брошюраға бөліну керек болатын. Мен үш апта бұрын келісімшарт жасадым, ал олар ақша бөлген жоқ. Мен сотқа бергеннен кейін, бірнеше минуттан кейін 300 000 теңгені ғана аударған. 10-ы күні (брошюраны) басты, 11-і күні қолға алдық. Сонда үгіт-насихатқа бір апта ғана уақытымыз болды, олар үш апта уақытымызды ұрлап алды. Бұл дискринимация ма? Дискриминация.

Одан кейін, мен шығып отырған аудан – Алатаудың шыңынан бастап, Балқаш көлінің жағалауына дейін. 500 километрден астам жер, ол үлкен территория, кішігірім мемлекеттің территориясындай. Ал жанар-жағар майға 200 000 теңге ғана бөлінген, оған да көндік. Бірақ ол келісімшарт бойынша белгіленген қаржы осы күнге дейін бөлінген жоқ, нешетүрлі сылтаулар айтады. Соңында счет-фактура дейді, ол төленгеннен кейін жазылатын нәрсе.

Сондай нешетүрлі амалдарды, сылтауларды не қылады? Оның басында кім тұр? Әбдіров! Осыған қосылып, сот процесін бастау керек. Соны талап ету керек. Бас прокуратураға, Конституциялық сотқа, жалпы барлық заң органдарына осыны біз айтуымыз керек. Ең бастысы – біз сотқа беруіміз керек. 

Ал нәтижесі қалай болады? Ол басқа мәселе. Мен осыған бәрін шақырамын. Осы мен бастаған істі аяқсыз қалдырмау керек. Дискриминация!

Одан басқа мен оған қандай айып таптым? «Аманат» партиясы бірнеше облыстарда үгіт-насихатты рұқсат берілген уақыттан ерте бастап кетті ғой. Неге ол партия ешқандай жазаға тартылмайды? Сотқа беріп жатқан кандидаттар неге қосылмайды? Бұл да бар. Оны да қолға алу керек.

Үшіншіден, жабық учаскілер, оны да мен жазғанмын. Ол неге жабық учаскі болады? Мен сайлауға түсіп отырған учаскіде 7 жабық учаскі бар. Іле ауданында әскери бөлімде бақандай – 4, Жамбыл ауданында әскери бөлімде – 2, Қарасай ауданында – 1 жабық учаскі. Ал Алматыда қаншама? № 11 сайлау учаскісінде барлығы жабық учаскілер бар. Осының бәрі дискриминация. Ол жерде 18–21 жас арасындағы сайлауға құқығы бар жастар ғой. Олар неге үгіт насихат информациясын білмеуі керек? Неге ол жерге тәуелсіз бақылаушылар бармауы керек? Олар командирдің бұйрығымен дауыс беріп, кандидат өткізіп, үлкен қылмыс жасады. Соның бәрінің басында отырған Әбдіров бірінші кезекте орнынан алынуы керек, одан кейін үстінен қылмыстық іс қозғау тиіс.

Думан Мұхамедкәрім: Әлгінде ғана мен бүкіл халықты көшеге шығуға шақырғам. Өздеріңіз естідіңіздер, оны қоя тұрайық. Наурыз кезінде адам шығыны болуы мүмкін дедік. Шындығына келгенде, билік қарамайды – бес жастағы бала ма, сексендегі ақсақал ма, жоқ әлде дүкенге бара жатқан адам ба? «ОДКБ»-ны алып келіп, «таз ашуын тырнадан алады» дегендей, қырып тастауы әбден мүмкін.

Бірақ мен айтқанымнан қайтпаймын, бүкіл елдегі 120 кандидат дайын отырыңыздар. Биліктің жасап берген спектакль сайлауының нәтижесін көрейік. Протоколдарын алайық, өзіміздің протоколдарымызбен салыстырайық, сосын ар жағы не болатынын айтамыз.

Өз басым тағы да қайталаймын, бұл билікті, бұл қазақ елін эволюция өзгертпейді, өйткені оларда сана жоқ, тек қана – революция!

Сондықтан дайын болыңыздар, бүкіл кандидаттар ақылдаса келе, бір күнді белгілеп, бір аптаның төңірегінде, егер қамап тастамаса, атып тастамаса, өзім бірінші болып алға шығамын. Оған 100% cенімді болыңыздар!

  • «ND» ютуб-арнасында тікелей эфирде көрсетілген баспасөз мәслихатынының газеттік мәтінін дайындаған –

Мейір СЕЙТҚАЗЫ,

«D»   

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн