Вторник , 1 июля 2025

Қазақстан Қытайдан 100 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРЫЗ АЛАДЫ

Қаза­қстан үкі­меті Қытай­дан 2 млрд 60 млн юань, яғни 100 млрд тең­ге­ден астам қарыз алмақ. Қомақты сома қазақ-өзбек шека­ра­сын­дағы өткі­зу пунк­тін жетіл­ді­ру үшін жұм­са­ла­ды, деп хабар­лай­ды «Аста­на» теле­ар­на­сы.

Келісім­ді рати­фи­ка­ци­я­лау тура­лы заң жоба­сы 8 сәуір күні сенат­тың Қар­жы және бюд­жет коми­тетінің кеңей­тіл­ген оты­ры­сын­да қарал­ды. Несие 20 жылға екі пай­ы­з­бен жеңіл­детіл­ген несие ретін­де берілмек.

Бұл қар­жы­ға тоғыз авто­көлік пен бір пой­ы­зды өткі­зу бекеті рет­ке кел­тіріліп, тех­ни­ка­лық жаб­ды­қтау жоспарлануда.

Айта кетей­ік, бекет­те­гі жөн­деу және жаб­ды­қтау жұмыста­ры осы жыл­дың соңын­да баста­лып, 2022 жылы аяқта­ла­ды. Осы­лай­ша елі­міздің өткі­зу пунк­терін­де­гі екі-үш күн­ге созы­ла­тын кезек­тер мәсе­лесі шеші­мін тап­пақ, деп хабар­лап­ты «Аста­на».

kaz.nur.kz

Республиканский еженедельник онлайн