Пятница , 4 июля 2025

Қазақтың рухани тәуелсіздігі: ОҒАН ҚАЛАЙ ЖЕТЕМІЗ?

  • Қазақ елін 30 жыл басқарған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өз еркі­мен пре­зи­дент­тік лау­а­зым­нан бас тар­тқан кез­де ел ішін­де бір «уһ» деген дыбыс сезіл­ген­дей болып еді. Бірақ ол алдам­шы дыбыс болып шықты.

Бір орнын­да тап­жыл­май, 30 жыл бойы ел басқарған­да, Н.Назарбаев қазақ халқы­ның руха­ни бола­шағы үшін не тын­дыр­ды? Бұған дей­ін бір­не­ше ғасыр бойы Ресей­дің ота­ры болып, руха­ни бол­мысы әлсіре­ген елдің руха­ни еңсесін көте­ре алды ма?

Сөз жоқ, отар­ла­у­шы ел бірін­ші кезек­те өзіне бағы­ны­шты болған халы­қты ұлт­тық сана­сы­нан айы­ру үшін, оның рухын, тілін, мәде­ни­етін жоюға тыры­са­ды. Егер де отар­шыл­дар олай істе­ме­се, ұлт­тық сана­сы сақталған халық бола­шақта өзінің бостан­ды­ғы үшін күре­сетінін басқа импе­ри­я­лар да, Ресей де жақ­сы білді.

Пат­ша­лық Ресей, онан кей­ін Қызыл импе­рия қазақ халқын ұлт­тық сана­сы­нан, руха­ни мәде­ни­еті­нен, ана тілі­нен айы­рып, мәң­гүрт­тен­ді­ру сая­са­тын жүр­гіз­гені мәлім. Әсіре­се бұры­нғы Совет Одағы­ның ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы­ның басты мақ­са­ты – бар­лық ұлт­тар­ды бірік­тіріп, совет халқын жасау, ал шын мәнісін­де мет­ро­по­ли­ядағы ұлт­тар­ды оры­стан­ды­ру болатын.

Совет Одағы ыды­рап, оның құра­мын­да болған рес­пуб­ли­ка­лар өздерінің тәу­ел­сізді­гін алып, өз алды­на еге­мен­ді ел болған­нан кей­ін, кей­бір ұлт­тық сана­сын сақтап қалған халы­қтар отар­сыздан­ды­ру сая­са­тын жүр­гізіп, мем­ле­кет құру­шы титул­ды ұлт­тық тілін «Мем­ле­кет­тік тіл» деп жари­я­лап, ұлт­тық сана­сын қалып­та­сты­рып, ұлт­тық рухын жаңғыр­тып, ана тілін дамы­тып, біраз жетістік­тер­ге қол жет­кізді. Осын­дай батыл сая­сат жүр­гі­зудің арқа­сын­да тәу­ел­сіздік­тің үш таға­ны – қоғам­дық-сая­си, әле­умет­тік-эко­но­ми­ка, руха­ни-мәде­ни­ет сала­сын­да көп жұмыстар атқар­ды. Оған Бал­тық жаға­ла­уы, Кав­каз, Орта Азия елдерін жатқы­зуға бола­ды. Ал халқы асси­ми­ля­ци­яға көп ұшы­раған Бела­русь, Қаза­қстан сияқты елдер Ресей­ге руха­ни бодан­ды­қтан шыға алмай, бүгін­гі күн­ге дей­ін тәу­ел­ді болып отыр­са, 40 мил­ли­он халқы бар Укра­и­на қазір­гі кез­де өзінің руха­ни тәу­ел­сізді­гі үшін күрес жүр­гізіп жатыр.

Ал Қаза­қстан бол­са, 2017 жыл­дан бері Назар­ба­ев­тың «Бола­шаққа бағ­дар: руха­ни жаңғы­ру» деген мақа­ла­сын шиыр­лап, руха­ни­ят тура­лы сөз ете баста­ды. Бірақ бұл мақа­ла­да тәу­ел­сіздік­тің басты тіре­гі қоғам­дық-сая­си сана тура­лы ләм-мим сөз жоқ. Бұл жөнін­де үкі­мет арнайы бағ­дар­ла­ма жаса­ма­ды. Руха­ни тәу­ел­сіздік тұрғы­сын­дағы сөздің бәрі сылдыр

су. Сон­ды­қтан да билік­тің басын­да оты­рған шене­унік­тер оны кезек­ті даб­ы­ра науқанға айнал­ды­рып, «руха­ни жаңғы­ру» деген киелі сөздің қадір-қаси­етін кетіріп жіберді.

Шын мәнін­де «руха­ни жаңғы­ру» деген сөз қазақ халқы­ның ғасыр­лар бойы отар­шыл­ды­қтың сал­да­ры­нан жоға­луға айналған руха­ни құн­ды­лы­қта­рын түген­деу бағы­тын­дағы ұлы істер­дің басы ғана бола­тын. Ал халқы­мы­здың руха­ни құн­ды­лы­ғы­на оның тілі, діні, салт-дәстүрі, мәде­ни­еті, әде­би­еті, тарихы, өнері жата­ды. Мұның бәрі адам сана­сы­на ана тілі арқы­лы дарып, бой­ы­на сіңуі керек.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың тарихын­да қала­тын ауыр мін – осы! Соңғы 30 жыл ішін­де­гі бір ұрпақтың ғұмы­ры­мен өлше­нетін уақыт қаза­қты алдам­сы­ра­ту науқа­ны­мен өтті. Біз өзі­мізді қан­ша­лы­қты тәу­ел­сіз ел сана­сақ та, шын мәнісін­де қазақ елі әлі бұры­нғы мет­ро­по­ли­яға руха­ни тәу­ел­ді. Себебі мем­ле­кеті­міздің іс-қағаз­да­ры орыс тілін­де жүреді, шене­унік­тер орыс тілін­де сөй­лей­ді, осы тіл­де ел басқа­ра­ды. Ал жаста­ры­мыз көбі орыс тілін­де оқып, білім ала­ды, қоғам­дық ақпа­рат құрал­да­ры орыс тілін­де хабар тара­та­ды. Соның сал­да­ры­нан қазір­гі жастар­дың дені орыс мәде­ни­етіне жақын болып өсіп, руха­ни сана­сы, пси­хо­ло­ги­я­сы сол бағыт­та қалыптасуда.

Тәу­ел­сіздік­ке дей­ін қазақ халқы­ның 70–80 пай­ы­зы ауыл­дық жер­де тұр­ды, сон­ды­қтан олар ана тілін­де сөй­леп, ұлт­тық рух­та тәр­би­е­леніп, ұлт­тық сана­сын сақтай біл­ді. 1991 жыл Совет Одағы ыды­рап, Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гін алған­нан кей­ін, ауыл­да бұры­нғы ұжым­шар­лар мен кең­шар­лар тарап, жұмыс­сыз қалған халық күн көру үшін қала­ларға қоны­ста­на баста­ды. Осы урба­ни­за­ция дәуірі­мен бір­ге қаза­қтың руха­ни дағ­да­ры­сы етек жай­ды. Қалаға кел­ген қаза­қтар­дың әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дайы бол­маған­ды­қтан, көбісі жал­да­нып, қара жұмыс жасап, жал­да­ма­лы пәтер­де тұрып, мораль­дық және руха­ни күй­зеліс­ке ұшырады.

Міне, осы қасірет­тің басты себебі Н.Назарбаевтың режи­мі ұстанған сыңаржақ сая­сат­тың сал­да­ры­нан орын алды. Қаза­қтың ұлт­тық сана­сы дағ­да­ры­сқа ұшы­рап, тәу­ел­сіз ұлт ретін­де өзінің ұлт­тық мүд­десін қорғап, ұлт­тық құн­ды­лы­қта­рын дамы­туға мүм­кін­шілік бер­ме­ген мем­ле­кет­тік сая­сат­тың басын­да кешегі/бүгінгі Назар­ба­ев әлі отыр. Елі­міз сая­си тәу­ел­сізді­гіне қол жет­кіз­ген­мен, билік басын­да сол бұры­нғы ком­му­ни­стік рух­та тәр­би­е­лен­ген, орыс­ша білім алған, орыс мәде­ни­етіне жақын шене­унік­тер билік пен бай­лы­ққа ие болып, елі­міз­де авто­ри­тар­лық жүйе орна­тып, әмір­шіл­дік-әкім­шіл­дік әдіспен ел басқар­ды. Соның сал­да­ры­нан ұлты­мы­здың руха­ни тәу­ел­сізді­гіне назар­ба­ев­тық билік көңіл бөл­ген жоқ. Ол билік «сая­си тұрақты­лық» деген жасан­ды тер­мин­нің пәр­менін арт­ты­рып, елде­гі басым халық – қаза­қтың мүд­десін тең­гер­ме­шілік­ке тәу­ел­ді етті. Қазақ халқы­ның руха­ни сана­сын қалып­та­сты­ра­тын оқу және мәде­ни­ет меке­ме­лері шек­те­усіз және толас­сыз рефор­ма­ларға душар бол­ды. Елі­міз тәу­ел­сіздік алған­нан бер­гі 27 жыл бойы білім және мәде­ни­ет мини­стр­лері жиі ауы­сты­ры­лып, оның үстіне әрбір министр жаңа рефор­ма ойлап тауып, оны аяғы­на дей­ін жет­кіз­бей, орта жол­да қал­ды­рып отырды.

Қысқар­тып айтқан­да, қазақ халқы­ның руха­ни дағ­да­ры­сы «Голо­ще­кин­нің гено­ци­ді» сияқты қол­дан жасал­ды. Неме­се халы­қтың руха­ни тәу­ел­сізді­гін қалып­та­сты­ру – елді жеке-дара билеу ісіне кедер­гі бола­тын­ды­қтан, халы­қты руха­ни мәң­гүрт­тен­дірудің астыр­тын сая­са­ты жүргізілді.

Қаза­қстан өзінің сая­си және эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­сізді­гіне де-юре қол жет­кіз­гені­мен, руха­ни тәу­ел­сіздік­ке де-факто әлі қол жет­кі­зе алған жоқ. Руха­ни тәу­ел­сіздік­тің басты атри­бу­ты – мем­ле­кет құру­шы ұлт­тың тілі болып саналады.

Қаза­қстан­ның тұңғыш пре­зи­ден­ті Н.Назарбаев: «Қаза­қстан­ның бола­шағы – қазақ тілін­де» деп айтқа­ны­мен, «руха­ни жаңғы­ру» науқа­нын сөз жүзін­де қал­ды­рып, оны іске асы­ру­да ешқан­дай нақты, қомақты әре­кет істе­ген жоқ. Ең бол­ма­са өзі тағай­ын­даған шене­унік­тер­ден мем­ле­кет­тік тіл­ді жетік білуін де талап етпе­ді. Қай­та, керісін­ше, «біз­ге сая­си тыны­штық керек» деп, бұл сала­да нақты қадам жаса­мақ болған тұлға­ларға мүм­кін­шілік бермеді.

Қаза­қстан тәу­ел­сіз ел бола тұра, оның Кон­сти­ту­ци­я­сын­да «Қазақ тілі – мем­ле­кет­тік тіл» деп жазыл­са да, елде­гі заң­дар­дың мүл­тіксіз орын­да­луы­на кепіл бола­тын пре­зи­дент «орыс тілін­де қой­ы­лған сұраққа орыс тілін­де жау­ап беріл­сін» деп, елде­гі руха­ни өзгерістер баста­ма­сы­на тұсау салды.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың Алаш ары­сы Ахмет Бай­тұр­сы­нов айтқан: «Тілі жой­ы­лған ұлт­тың өзі де жой­ы­ла­ды» деген дана­лы­ғын біл­ме­уі мүм­кін емес. Енді, міне, елді руха­ни тоқы­рау тұй­ы­ғы­на қамаған сол Назар­ба­ев пре­зи­дент­тік лау­а­зым­нан кет­се де, билік­тен кет­пей, халық сай­лаған пре­зи­дент Тоқа­ев­пен жары­сып, билік басын­да әлі отыр. Алдағы уақыт­та ол Қаза­қстан тарихын­да «тұңғыш пре­зи­дент» ретін­де жақ­сы атпен қалуы үшін, ең бірін­ші кезек­те сол тарих­ты зер­десіне тоқи­тын қазақ халқы­ның руха­ни мүд­десіне сай қыз­мет қылуы керек еді. Өзі баста­ма­сын көтер­ген «руха­ни жаңғы­ру» жөнін­де халы­ққа бер­ген уәдесін іске асы­руға, Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы және «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның бас­шы­сы ретін­де қаза­қтың руха­ни тәу­ел­сізді­гіне қол жет­кі­зуіне көмек көр­се­туіне әлі де толық мүм­кін­шілі­гі бар. Бірақ ол мүм­кін­шілік­тің атқа­ры­лу уақы­ты тым қысқа…

Халы­қтық толық мән­де­гі руха­ни тәу­ел­сіздік­ке елді­гі­міздің ныға­юы, жері­міздің тұта­сты­ғы, сана­мы­здың сауы­ғуы, рухы­мы­здың жаңғы­руы, тілі­міздің дамуы, діні­міздің сақта­луы, салт-дәстүрі­міздің өркен­де­уі ғана кепіл бола ала­ды. Осы талап­тар­ды орын­дау жолын­да пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың құзыр­лы қыз­метіне «кеше­гі пре­зи­дент» Н.Назарбаев бұдан былай да кедер­гі кел­ті­ре беретін бол­са, оның тарих­тағы аты­на «қара күйе» жағы­луы ғажап емес.

Елдің руха­ни тәу­ел­сізді­гін қалып­та­сты­руға кепіл бола­тын тағы бір негіз­гі түрт­кі – жаңа редак­ци­я­сын­да қабыл­да­на­тын Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Тіл­дер тура­лы» заңы бол­мақ. Бұл заң­ның жаңа заман талап­та­ры­на сай кел­мей­тін, қазақ халқы­ның демо­гра­фи­я­лық дамуы­на нұқ­сан кел­тіретін ескі редак­ци­я­сы жаңа заман тала­бы­на сай редак­ци­я­ла­нуы керек. Ол қабыл­да­на­тын жаңа редак­ци­яда мем­ле­кет­тік тіл­дің беделін көте­ру үшін, мынан­дай бап­тар­дың болға­нын қалар едік:

  • Мем­ле­кет­тік орган­дар­да қыз­мет істей­тін шене­унік­тер мем­ле­кет­тік тіл­ді білу­ге міндетті;
  • Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алғы­сы келетін аза­мат­тар мем­ле­кет­тік тіл­ден тест тап­сы­руы тиіс;
  • Орта және жоға­ры оқу орын­да­рын­да мем­ле­кет­тік тіл­ден емти­хан тап­сы­ру міндеттеледі;
  • Іс қағаз­да­ры мем­ле­кет­тік тіл­де жүр­гізілуі тиіс.

Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ

НАШАҚОР ЖИЕН шартты жазаға кесілді

  • Лон­дон соты «поли­цей­ге шабуыл жаса­ды» деп айып­талған Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­тінің жиені Айсұл­тан Назар­ба­ев­ты бір жыл шар­тты жаза­ға кесті, деп хабар­ла­ды 18 қазан­да «BBC» арнасы.

Сот оған 18 ай сынақ мерзі­мін бер­ген: егер бұл уақыт ара­лы­ғын­да ол заң бұз­са, шар­тты жаза түр­ме жаза­сы­на айнал­мақ. Сот үкі­міне сәй­кес, ол 140 сағат қоғам­дық жұмыс істе­уі тиіс, есірт­кі­ге тәу­ел­ділік­тен ары­лу тура­лы 20 сес­си­яға қаты­суға мін­дет­ті. Бұған қоса, сот оны 1000 фунт көле­мін­де (шама­мен 1100 дол­лар) айып­пұл төлеп, 5000 фунт көле­мін­де­гі шығын­ды өте­у­ге міндеттеді.

Еске сал­сақ, мау­сым айын­да Қаза­қстан­ның бірін­ші пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жиені, Дариға Назар­ба­е­ва­ның ұлы Айсұл­тан Назар­ба­ев Лон­дон­да есірт­кінің күші­мен поли­ция қыз­мет­кер­леріне қар­сы­лық көр­сетіп, олар­дың бірін тістеп алды деп айып­талған еді. Тер­геу орын­да­ры­ның дере­гін­ше, поли­цей­дің қолын­да кәдім­гі­дей із қалып, қан аққан. Айсұл­тан­ның адво­ка­ты­ның айтуын­ша, экс-пре­зи­дент­тің жиені «сот үкі­мін есті­ген соң, ауыр жүк мой­ны­нан түс­кен­дей сезінген».

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн