Пятница , 6 июня 2025

ҚАЗАҚТЫҢ ШЕЖІРЕСІ аңыз да, ауызша да емес,БІЗГЕ ЖЕТКЕН ЖАЗБА ДЕРЕК

Шежі­ре – тарих ғылы­мы­ның халы­қтың шығу тегін, тара­луын баян­дай­тын тар­мағы. Ол – ру, тай­па­лар­дың тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жет­кіз­ген, қалып­тасқан ресми жаз­ба әде­би­ет. Біздің баба­ла­ры­мыз өзінің тари­хи шежіресін айту­мен ғана емес, оны қағазға түсіру­мен де ұрпағы­на қал­ды­рып оты­рған. Шежі­ре бар­лық халы­қтар­да кез­де­седі. Ресей, Гер­ма­ния, Англия, Фран­ция және Шығы­стың көп­те­ген елдерін­де шежіренің көп том­дық жинақта­ры шыққан. Мұның бәрі сол заман­дағы жаз­ба деректер­ге ғана сүй­еніп жазы­лған. Түр­кі халы­қта­ры – башқұрт, ноғай, қарақал­пақ, түрік­мен, тағы басқа­ла­ры­мен бір­ге Сібір халы­қта­ры да жаз­ба шежі­ре дереккөз­дері арқы­лы бүгін­де өздерінің өткен мол тарихын біліп отыр.

Біздің қаза­қтың қарт­та­ры отба­сы­лық ру шежіресін ауыз­ша да, жаз­ба­ша да тара­тып оты­рған. Өкіні­штісі – кей­бір ғалым­дар Қазақ шежіресін осы күн­ге дей­ін «дала­лық ауыз­ша тарих­на­ма» (ДАТ) деп есеп­тей­ді. Одан да өкіні­штісі – осы­лай ойлай­тын­дар­дың ара­сын­да қазақ ғалым­да­ры да бар. Осы­ны іліп әкет­кен шетел­дік тарих­шы­лар мен жазғы­штар да: «Қаза­қта жазу-сызу бол­маған, олар­дың бар тарихы, ұлт шежіресі ауыз­ша айту­мен ғана жет­кен», – деп санай­ды. Тіп­ті де олай емес, ауыз­ша айты­лған­ның бәрі – қаза­қтың өси­ет сөзі, ама­на­ты, шежіресі, тарихы, т.б. қағазға түс­пе­ді деп кім айт­ты? Ауыз­ша айты­лған­ды бір ізге түсіріп, кіта­пқа енгіз­ген­ді қалай­ша «жаз­ба дерек» деме­уі­міз керек?!

Мәсе­лен, сонау ІІ ғасыр­дан бел­гілі болған Үйсін мем­ле­кетін құраған ру-тай­па­лар тура­лы қытай жаз­ба­ла­рын­дағы деректер­ді аңы­зға құралған деу­ге қалай ауыз бара­ды? Бұл сол кездің адам­да­ры­ның айтуы, жазуы бой­ын­ша қағазға түсті. Жаз­ба деректер үйсін­дер­дің үш дүр­кін ірге көтеріп, біздің жыл сана­уы­мы­здан бұры­нғы 178–160 жж. қазір­гі Жеті­су өңіріне келіп қоныс теп­кенін айта­ды. Қазақ тарих­шы­ла­ры Бай­ұ­лы, Адай­лар тура­лы деректі қытай жаз­ба­ла­рын­да кез­де­сетін сонау ХІІ ғасыр­лар­да көшіп-қонып жүр­ген «жағ­ма-яғма, жар-жада, яда-ада»-дан бастап, ХІV ғасыр­да монғол тарихын жазған Рашид-ад-дин­нің «Джа­ми тау­а­рихын­да» кез­де­сетін «жадай, бай­а­уыт» делін­ген рулар­мен руха­ни сабақ­та­сты­ра тара­тып, бүгін­гі «Бай­ұ­лы – Адай­лар­дың» түп негізін тауып, ғылы­ми айна­лы­мға енгізді. Қазақ қабыл­даған, тари­хи айна­лы­мға енген мұны да енді ешкім аңыз дей алмайды…

Тағы бір мысал – Мах­мұд Қашқа­ри ХІ ғасыр­да жазған «Түбі бір түр­кі жұр­ты» кіта­бын­да: «Тар­бын (табын – Авт.) – түр­кілер­дің ең бір жау­жүрек қауы­мы», – дей­ді (21-бет). Табын тай­па­сы­ның сонау ерте орта ғасыр­лар­дан ХХ ғасыр­дың бас кезiне дей­iн­гi жүй­елi түр­де жазы­лған тарихы «Табын» деген атпен 2‑томды құрай­ды. Бұл том екi үлкен кiтап­тар­дан тұра­ды. Табын тай­па­сы­ның тарихы жай­лы егжей-тег­жей­лi айты­ла­тын оның 1‑кiтабында Табын­ның ХIII ғасы­рға дей­iн­гi тарихы, кезiн­де Орхон өзенi бой­ын мекен­де­ген Үш Табын­дар тай­па­сы, Май­қы бидiң Табын ханды­ғы­ның негiзiн салушы және биле­ушiсi ретiн­де­гi рөлi жай­лы, Алтын Орда дәуiрiн­де­гi, сон­дай-ақ кей­iн­гi орта ғасыр­лар­дағы Табын­дар тарихы­ның мәсе­ле­лерi, ХVIIХVIII ғасыр­лар­дағы сая­си жағ­дай­дағы Табын­дар­дың рөлi деректер мен зерт­те­улер­дiң мәлi­мет­терiне негiз­делiп қарас­ты­ры­лған. Табын деген рулар ноғай­лар, башқұрт­тар (жұрт­тың үштің екісіне таман) ара­сын­да да бар. Осы кітап­тағы деректің қай жері ауыз­ша тарих­на­ма? Мұның бәрі – ежел­гі қытай, араб, пар­сы жыл­на­ма­ла­ры­нан алы­нып, біз­ге жет­кен жаз­ба деректер. Бұл да қазақ үшін нақты­ланған ақиқат!

Иә, шежіренің халық жады­на сақта­лып, ұрпаққа ауыз­ша жет­кен­дері де бол­ды. Аңыз түбін­де ақиқат бар – тарих­шы­лар­дың арқа­сын­да ауыз­ша жет­кен біраз болжам­дар түбіне дей­ін зер­де­леніп, жаз­ба деректер­мен салы­сты­ры­ла оты­рып, қазір­гі уақыт­та біра­зы­ның ақиқа­ты нақты­лан­ды. Қазір­гі қазақ аңы­зға емес, зерт­теліп нүк­тесі қой­ы­лған соңғы сөз­ге сенеді және соны­мен жүреді. Енді­гі жер­де «кіта­пқа түс­пе­ген, жаз­ба деректер­де айтыл­маған» екен деп, қаза­қтың рулық шежіресін аңы­зға, ауыз­шаға телудің жөні жоқ. Еке­уі де қатар жүреді. Шежі­ре біз­ге ауыз­ша да, жаз­ба­ша да жет­ті. Жаз­ба деректер негізі­нен құл­пы­та­стар мен тастарға ойы­лып түсіріліп, ескі кітап­тар­да және жеке­ле­ген отба­сы­лық құжат­тар­да жазы­лып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп оты­рған. Кез кел­ген жаз­ба дерек сол заман шежіре­шісінің не тарих­шы­ның көз­бен көріп, естуі­мен, екін­шінің айтуы­мен қағазға түседі. Ежел­гі қытай жаз­ба­ла­рын­да (кіта­п­ха­на­сын­да) әлі де зерт­тел­ме­ген, соның ішін­де қазақ рула­ры­на қаты­сты мол мұра жатыр. ғасыр, дәлірек айтқан­да, 535 жылы (кей деректер­де 542 деп жүр) түрік­тер­дің қытай жыл­на­ма­сы­на кір­ген ежел­гі қазақ рула­ры­ның тарихы бел­гілі. ҚР Орта­лық кіта­п­ха­на­сы мен мұрағат­та­рын­да да кей­ін­гі ғасыр­лар­да жиналған қазақ шежіресіне қаты­сты ескі кітап­тар мен біраз деректер жиналған.

Олай бол­са, енді­гі жер­де «қазақ тарихы, қазақ шежіресі» деген­де ғылым­дағы – мұның бәрі «ауыз әде­би­еті», «ауыз­ша тарих» деген қалып­тасқан қасаң пікір­ден ары­ла­тын уақыт кел­ді. Бұрын да, қазір де қазақ өз шежіресін ұрпағы­на жазу­мен қал­ды­рып кел­ді. Бұл ешқан­дай да ауыз­ша тарих емес – жаз­ба тарих. Қазір­гі көр­ші­міз өзбек­тер­дің: «Қаза­қтар­дың тарихы­ның дені ауыз әде­би­еті мен аңы­здарға негіз­дел­ген, нақты­лық жоқ», – деп жүр­гені де содан. Өзе­кең­дер былай дей­ді: «Дис­кус­си­он­ным вопро­сом явля­ет­ся имя отца Ялан­туш бахаду­ра, так как по казах­ским уст­ным пре­да­ни­ям…» деп, қаза­қтың шежіресі бейне бір дәй­ексіз де, өзбек­тікі жаз­ба дерек деген­дей мұрын­да­рын шүй­іреді. Ал өздерін­де ұлт шежіресі тура­лы жаз­ба түгілі, ауыз­ша да дерек қал­маған. Руды айт­саң, мұрағат­тар­дағы сақталған бұры­нғы 92 қазақ рула­рын көл­де­нең тар­тып, көр­сет­кісі келеді. Оны да қиюла­сты­рып келісті­ре алмай­ды, сол 92-нің іші­нен ата-баба­ла­рын тауып, тарқа­тып та бере алмай­ды. Өйт­кені олар­да бүгін­де ру жоқ. Қазір­гі өзбек – ру-тегі­нен айы­ры­лып, оты­ры­қ­шы саны басым сарт­тар­мен асси­ми­ля­ци­я­ла­нып, түп негізі­нен айы­ры­лған халық. Олар­дың Жалаңтөс­ке, қазақ тарихы­на, оның шежіресіне тала­сып жүр­гені де осын­дай «аңы­зға негіз­дел­ген ауыз әде­би­еті­нен» деген қасаң пікір­ден туын­дап жатыр. Шынын айтуы­мыз керек, өзбек этно­ни­мін алып, саны басым сарт­тарға сіңісіп, жой­ы­лып кет­кен халық – ол да 92 бау­лы қаза­қтар еді. Қаза­қтың: «Өзбек – өз ағам (бауы­рым, қан­да­сым), сарт – садағам» дегені осы­дан қалған. Бұл тура­лы М.Тынышбаев: «…Этно­гра­фи­че­ские раз­ли­чия меж­ду эти­ми наро­да­ми тогда еще не было, так как и иные узбе­ки и каза­ки состо­я­ли из одних и тех же пле­мен Улу­са Джу­чи, да и сами узбе­ки и каза­ки смот­ре­ли на себя как на один народ…» – деп жаз­ды («Қазақ халқы­ның тарихы», 1993, 176-бет). Осы­ған кім, қай өзбек тарих­шы­сы қар­сы дау айтар екен?!

Өзе­кең­дер­дің ауыз тол­ты­рып айтып жүр­ген, бүгін­де тек мұрағат­та ғана сақталған 92 руы қаза­қтар екенін Шоқан Уали­ха­но­втың еңбе­гі­нен де бай­қа­уға бола­ды. Ол: «Қазақ шежіресі» деген еңбе­гін­де қазақ 96 тай­па­дан құралған дей­ді. Бұл – сөз жоқ, қып­шақ атанған елдің бір кез­де 92 ру-тай­па­дан құралға­ны­ның айғағы. Ал қазір­гі сарт­тар­дың (өзбек­тер­дің) ара­сы­нан 92 түгілі, 9 руды шам алып ізде­сең де, таба алмай­сың. М.Тынышбаев: «Бұрын өзбек пен сарт­тар­ды айы­ру мүм­кін еді, кім екенін сұра­саң, өзбек­тер ол кез­де өздерінің Кене­гес, Қат­таған, Қып­шақ екенін айта­тын, ал сарт­тар өзінің туған жерін, қала­ла­рын тізе бастай­тын, өйт­кені олар­да ру жоқ еді», – дей­ді (178-бет). Өттері жары­лып кет­се де, ашы­ғын айтуы­мыз керек, Шей­бан хан­нан кей­ін­гі өзбек­тер­дің тарихы – пар­сы тек­тес сарт­тар­дың тарихы, ұлт­тың аты өзбек атанға­ны­мен, заты – сарт. Бәрі­нен жұр­дай болып, сарт­тар­дың бар­лық тұр­мыстық салт-дәстүрін қабыл­дап, бүгін­де антро­по­ло­ги­я­лық түр кел­бетін де өзгерт­ті. Біры­ңғай сарт тек­тес оты­ры­қ­шы елдер­дің мем­ле­кет­тік фор­ма­сы – полис (қыстақ, қала) бол­са, қазақ, қарақал­пақ, ноғай секіл­ді көшпе­лі, жар­ты­лай көшпе­лі елдер­дің алға­шқы мем­ле­кет­тік фор­ма­сы – ру, ұлыс. Ұлыс – рулар­дың тай­па­лық одағы. Қазір­гі кез­де сонау түр­кі дәуірі­нен бер­гі рулық, тай­па­лық одақтың тігісін сөк­пей, этни­ка­лық құра­мы­на негіз етіп, моғол-мұғыл­дық түр-кел­бетін өзгерт­пей сақтап қалған халық – қазақ, қарақал­пақ, ноғай­лар ғана…

Өкіні­штісі – кей­ін­гі жыл­да­ры қазақ шежіресі мен тарихы­на көз алар­ту­шы­лар көбей­ді. Соның бірі – қырғы­здар. Қырғы­здар қаза­қтың ру шежіресін, тарихын үтір-нүк­тесіне дей­ін көшіріп алып, «қазақ халқы қырғы­здан тараған» деп, сонау Алтай­дан Аты­ра­уға дей­ін­гі алып аймақты «қырғы­здар­дың ата жұр­ты, қаза­қтар қырғы­здан тараған», – дей­тін­дерін қай­тер­сің. Және мұны өздерінің көп том­дық Қырғыз тарихы­на енгізіп те үлгер­ген дей­ді дереккөз­дері. Мек­теп оқулы­қта­ры­на енгізіп, жас ұрпақ сана­сы­на тоқы­тып жатыр. Тіп­ті «шежіре­ден тарқа­тар бол­сақ, Абы­лай­дың да түп-тұқи­я­ны қырғыз, шежіресі де қырғы­здан тараған», – деп соқты әлем­желі­де бір біл­гіш қырғыз тарих­шы­сы. Мұн­дай қара­улы­ққа қар­сы уәж айта­тын біздің ресми билік те, тарих­шы­ла­ры­мыз да, СІМ де үнсіз…

Қазақ тарихы­на тала­сып жүр­ген және бір ұлт бар. Таяу бола­шақта Ресей ыды­рап, ұлт рес­пуб­ли­ка­ла­ры тәу­ел­сіздік­терін ала­ды. Сол кез­де бір ғана «монғол-татар» деген этно­тер­мин­ді жалау етіп, Шыңғыс­хан, Жошы, Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда тарихы­на тала­су­шы үшін­ші ұлт­тың бірі – Қазан татар­ла­ры бола­ды. ФБ желісін­де татар тарих­шы­сы­ның: «Алтын Орда­ның тари­хи ізба­са­ры қаза­қтар дей­тін бол­саңы­здар – үлкен май­дан бола­ды, біз оған жібер­мей­міз» деген видео­сы жүр. Олар­дың қаза­қ­пен ашық айты­суы­на әзір­ге оры­стың импер­лік сая­са­ты тежеу болып, ады­мын аштыр­май отыр. Путин­ге ұлт рес­пуб­ли­ка­ла­ры­ның тарихы да, руха­ни­я­ты­ның жаңғы­руы да керек емес. Сон­ды­қтан төл тарихы­мы­здың қаза­ққа қаты­сты бұл­тар­мас тұста­рын қазір ғылы­ми тұрғы­дан айқын­дап алма­сақ, келесі даудың көкесін Қазан татар­ла­ры­нан (олар­да ру жоқ) көретін бола­мыз. Жаз­ба шежіре­мізді өзге­ге мой­ын­да­та алмай, керісін­ше, өзі­міз қосы­лып: «Шежі­ре деген күмән­ді аңыз, ауыз­ша тарих», – деп жүр­ген­де, ертең бер­гі тарихы­мыз Алтын Орда кезеңін татар­лар иеленіп кетіп, тарих­тың айтақы­рын­да қалып жүр­ме, Қазақ!

Кеңес өкі­меті зама­нын­да Қаза­қстан­да шежірені зерт­теу, оны тари­хи дерек ретін­де пай­да­ла­ну идео­ло­ги­я­лық сая­сат әсері­нен көп қолға алы­на қой­ған жоқ. Деген­мен, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востров, т.б. этно­лог ғалым­дар­дың еңбек­терін­де іші­на­ра көрініс тап­ты. Бұл еңбек­тер де халық ара­сы­нан, отба­сы­лық құжат­тар­дан жиналған­дар­ды кіта­пқа түсір­ген алға­шқы жаз­ба деректер еді. Жал­пы шежірені жинақтаған көнекөз қари­я­ла­ры­мы­здың жаз­ба деректерінің көме­гі­мен қаза­қтың ру-тай­па­ла­ры­ның өткені тура­лы бір­ша­ма мәлі­мет­тер алуға бола­тын­ды­ғы ХVІІІ ғасыр­да бел­гілі бол­ды. Осы кезең­де қазақ шежіресін нақты­лап, бір ізге түсі­ру бастал­ды. ХVІІІХІХ ғасыр­лар­да мұн­дай жаз­ба­ша да, ауыз­ша да жет­кен шежіре­лер­дің біра­зын Н.Аристов, А.Левшин, В.Григорьев, Л.Мейер, П.Рычков, М.Тевкелев, Н.Гродеков, И.Андреев, Ш.Уәлиханов, Г.Потанин, Ә.Диваев, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, М.Мұқанов, т.б. зерт­те­ушілер жазып алып, ғылы­ми айна­лы­мға енгізді.

Шежіре­лер­де кел­тіріл­ген жаз­ба деректер, адам­зат тарихы орта ғасыр­лар­дан бастау ала­ты­нын, тіп­ті жеке­ле­ген нұсқа­ла­ры Адам ата­дан баста­ла­тын­ды­ғын айқын­да­ды. Рашид әд-Дин, Ұлы­қ­бек, Әбілға­зы, Бей­ба­рыс, Ибн Хал­дун, т.б. көп­те­ген ортаға­сыр­лық автор­лар­дың жаз­ба еңбек­терін­де бел­гілі бір тұлға­лар­дың, ру-тай­па­лар­дың, халы­қтар­дың шығу тегі тара­ты­лып, бір­не­ше ұрпақтың алма­суы өрбітіліп отыр­ды. Одан қал­ды, әрбір қазақ отба­сы­ның өз шежіресі бар. Әрбір отба­сы­лық шежі­ре – ҰЛТ ШЕЖІРЕСІ! Отба­сы­лық шежіре­лер де баба­дан – атаға, ата­дан – әке­ге, әке­ден – балаға, бала­дан – ұрпағы­на қағазға түсі­ру арқы­лы жетіп отыр. Біл­ген­ге отба­сы­лық рулық шежіре­лер де біз­ге жет­кен жаз­ба деректер болып саналады.

Қазақ шешіресінің әу бастағы кесте нұсқа­сы ғасыр­лық шежірелік мәлі­мет­тер­ге еніп, қағазға түсіп оты­рған. Дәлел кел­тірей­ін: атақты Досжан қазірет Қашақұ­лы мен Құнан­бай ишан алғаш қажы­лы­ққа барған­да, Мек­кенің муда­ри­стері: «Қазақ деген ұлт­тың, мұсыл­ман­ның барын біл­мей­ді екен­біз, сіз­дер кім­сіз­дер?» – деген­де, Досжан ишан қаза­қтың жаз­ба шежіресін Қазан­нан алды­рып, мөр басы­лған шежірені ара­б­тар­дың алда­ры­на тастай­ды. Бұған сен­бе­ген ара­б­тар салып ұрып Бағ­дад кіта­п­ха­на­сы­нан және ізде­стіріп, қазақ шежіресін тауып, қазақ деген халы­қтың бары­на көз жет­кі­зеді. Олар: «Табыл­ды, қазақ деген жұрт Әнес Саха­ба­дан өсіп-өніп, өрбі­ген», – деп, шежірені көшіріп алып келеді. Сол шежіренің нұсқа­сын кей­ін Досжан ишан, Құнан­бай­лар 1867 жылы Мек­ке­ден қазақ еліне жет­кізді. Бұл да қазақ шежіресі тура­лы Бағ­дад кіта­п­ха­на­сы­нан табы­лған жаз­ба деректің бірі. Бұл аз десеңіз, бұған Шәкәрім қажы­ның «Тү­рік, қазақ-қырғыз һәм хандар ше­жіресі» мен Мәшһүр Жүсіп Көпей­ұлы­ның «Қазақ ше­жіресі» еңбек­терін қосыңыз…

Олай бол­са, нелік­тен Қазақ шежіресі ауыз­ша жет­кен, күмән­ді ауыз әде­би­етінің бірі болуы керек? Мұн­дай қасаң­ды­қтан, «кес­пе» пікір­ден ары­ла­тын уақыт кел­ді! «Қаза­қта жазу-сызу бол­маған, әде­би­еті мен тарихы тек қана аңыз бен ауыз әде­би­еті негізін­де құры­лған халық» деген­нің бәрі – импер­лік орыс идео­ло­ги­я­сы­ның кесірі. Бұған өзі­міздің қазақ тарих­шы­ла­ры мен кос­мо­по­лит жазғы­шта­ры қосы­лып, өзі­мізді-өзі­міз тұқыр­тып, көшіп-қонған мәде­ни­ет­сіз, жазу-сызу­сыз халық бол­дық деген­нен не ұттық?! Осы бір қасаң­ды­қтан, өкініш­ке қарай, әлі күн­ге дей­ін ары­ла алмай келе­міз, әсіре­се билік­те оты­рған оры­стіл­ділер­дің айта­ты­ны осы. Мұн­дай пікір­ден ары­ла­тын, сана­дан сылып тастай­тын уақыт кел­ді! Оры­стың қаза­ққа көр­сет­пе­ген зұлым­ды­ғы, жаса­маған жаман­ды­ғы аз ба еді? Ресей­дің қаза­ққа қар­сы жүр­гізіп кел­ген бұры­нғы, қазір­гі сая­са­ты­на да қаным қас!

Шежі­ре – қаза­қтың жаз­ба әде­би­еті, жаз­ба деректер! Бұл шежіре­лер өз кезе­гін­де көшіру­мен ұрпақтан-ұрпаққа жазы­лып, қал­ды­ры­лып отыр­ды. Осы жаз­ба деректер­дің негізін­де бүгін­де қазақ рула­ры­ның шежіресі бір ізге түсіп, марқұм Т. Омар­бе­ко­втың басқа­руы­мен том-том кітап­тар шықты. Әлем­желі­де Қазақ шежіресінің элек­трон­ды нұсқа­сы да бар. Бүгін­де Қазақ шежіресі бір жолға қой­ы­лып үлгер­ді. Мұн­дай тәр­тіп басқа ешбір түр­кі ұлт­та­рын­да жоқ. Бұған түр­кі халы­қта­ры­ның ішін­де алғаш болып тек қазақ халқы ғана қол жет­кізді. Бір­де-бір басқа түр­кі жұр­ты мұн­дай­ға жет­кен жоқ! Бұл – қазақ тари­хи ғылы­мы үшін үлкен жетістік, түр­кі әле­мін­де­гі сен­са­ция! Қазақ бұған ғасыр­лар қой­на­уы­нан, ұрпақтан-ұрпаққа ұмы­тыл­май кел­ген рулар шежіресінің руха­ни сабақ­та­сты­ғы арқы­лы жет­ті. Әрине, осы­ның бәрі басқа жұрт тара­пы­нан қызға­ныш туғы­за­ды, әсіре­се қазақ тарихы­на тала­су­шы кей­бір ұлт­тар мен ұлы­стар тарапынан…

Айта­рым, шежірелік сипатта жазы­лған әрбір тари­хи жаз­ба­лар Қаза­қстан тарихы үшін аса құн­ды дереккөзі болып сана­ла­ды. Шежі­ре – қаза­қтың жаз­ба әде­би­етінің бір сала­сы. Қазақ шежіресі бүгін­де ежел­гісі өңделіп, нақты­ла­нып, бір ізге толық түсті. Енді­гі жалға­сы аңыз болуы мүм­кін емес. Қаза­қтың отба­сы­лық шежіресі бүгін­де әр қаза­қтың төрін­де ілулі тұр! Шежірені тұп-тұқи­я­ны­нан тарқа­тып, зерт­теп, зер­де­леп, бүгін­ге жет­кіз­ген қаза­қтан басқа, қаза­қтан асқан басқа түр­кі ұлты жоқ.

Бұдан былай­ғы жер­де Қаза­қстан тарихын жазу бары­сын­да Қазақ шежіресі, оның ішін­де түр­кі тіл­дес халы­қтар жай­ын­да жазы­лған бай­ы­рғы және ортаға­сыр­лық шежіре­лер­дің бар­ша­сы аңыз да, ауыз­ша әде­би­ет те емес, керісін­ше, баба­ла­ры­мы­здан бүгін­гі біз­ге үзіл­мей жет­кен «Тари­хи жаз­ба деректер» болып қабыл­да­нып, осы­лай деп ғылы­ми айна­лы­мға түсуі тиіс! Төл шежірең­нен айы­рыл­ма, өзгенің шау­жай­ы­на жазып бер­ме, Қазақ!

Нұр­лы­бай ҚОШАМАНҰЛЫ, әле­умет­та­ну­шы

Республиканский еженедельник онлайн