Пятница , 23 мая 2025

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҰЛЫ ЖҰМАБЕК ТАШЕНОВ

Бүгін Жұма­бек Таше­но­втің туған күні.

 Еліне ес болған,  тари­хи тұлға Тота­ли­тар­лық жүй­е­ге қар­сы тұрған жалғыз мем­ле­кет қайраткері.

Елінің бір­лі­гі, жерінің тұта­сты­ғы  үшін Мәс­ке­умен тар­ты­сқа түс­кен­де Ники­та Хру­щев­тың  содыр сая­са­ты­ның  соққы­сы­на ұшыраған.

1950-ші жыл­да­ры Кеңес одағы­ның бас­шы­сы Ники­та Хру­щев­тің  баста­уы­мен орыс  шови­ни­стері қаза­қтан келетін қауіп­тің алдын алу үшін Қаза­қстан­ды бөл­шек­теп таста­уды мақ­сат тұт­ты.  Қаза­қтың жерін “жұм­сақ аннек­ци­я­ла­уды Н.Хрушевтің өзі басқарды.

Оңтүстік Қаза­қстан­дағы Бостан­дық, Мақта­арал жерің өзбек­тер­ге бер­сек, ол жер­лер­ден шыққан мақта­ны Таш­кент­ке жақын еңбек өнім­ділі­гін арт­ты­рып, басқа­ру қолай­лы деген желе­умен қаза­қты эко­но­ми­ка­лық жағы­нан әсірет­пек­ші болды.

1955- 1956-шы жыл­да­ры Қазақ КСР‑і Жоғарғы Кеңесі төре­алқа­сы­ның төраға­сы Жұме­кең өзі бас­шы­лық жасап ком­мис­сия құрды.

Комис­сия “Бостан­дық пен Мақта­арал жері мал өсіру­ге суы мол, жай­ы­лы­мы ыңғай­лы және маши­на жасау, қорға­сын мен көмір шыға­ру өндірістеріне дем алуға шипа­жай жасаймыз.

Сон­ды­қтан бұл жер­лер­ді Өзбек­станға беру біз­ге қолай­сыз” деген шешім шыға­рып, Қаза­қстан ком­пар­тия Орта­лық коми­тетінің бірін­ші хатшысы

Л.Брежневке жібер­ді. Ол комис­сия шеші­мінің қор­тындыс­ы­на қар­сы кел­мей, “Бостан­дық пен Мақта­арал Өзбек­станға беріл­месін” деп қау­лы қабылдады.

1960-шы жыл­да­ры КОКП ген­сек Н.Хрущев Қаза­қстан­ның Маңқы­стау аймағың Түрікм­кен­станға беріп, бес облы­сы (Сол­түстік Қаза­қстан, Көк­ше­тау, Ақмо­ла, Пав­ло­дар) кір­ген жер­ді біріктіріп

 “Тың өлкесі” деп атап, жаңа әкім­шілік- тер­ри­то­ри­я­лық әкім­шілік құрып,  қазақ жерін бөл­шек­те­у­ге кірісті.

Тіп­ті, “Тың өлексі” деген аймақ құрып, Ресей­ге қосып, өлке басшылығына

Мәс­ке­уден Т.Соколовты жіберді.

Ол қазақ бас­шы­лы­ғы­на бағын­бай, 1960 жылға жасалған жыл­дық бюд­жет мәлі­метін бер­ме­ген­ді­гі үшін 24 сағат­та Қаза­қстан­нан қуып жібер­ді. “Тың өлкесі” Ресей­ге беріл­мей­ді деп Қаза­қстан бас­шы­лы­ғы Хру­щев­ке қар­сы тұрды.

Бес облы­сты Ресей­ге қосу тура­лы мәсе­лені талқы­лау үшін Қаз. Ком­пар­ти­я­сы ОК-нің бюро мүше­лерің Мәс­ке­у­ге шақы­рып, талқы­ға салғанда

Жұма­кең:

– Мен Ақмо­ла­да тудым, ата- баба­мы­здың зира­ты бар, сіз соны Ресей­ге берем дей­сіз, оны қаза­қтар қалай қабыл­дай­ды? — деп төтесі­нен сұрақ қой­ып, өз ойы­ның дұры­сты­ғың дәлел­деді. Ол КСРО-ның Кон­сти­ту­ци­я­сы­на Хру­щев пен одақтық шеші­міне қар­сы шағым жасап, Қаза­қстан­ның  аумақтық тұта­сты­ғын сақтап қалды.

Сөй­тіп, Хру­щев­тың дауы­ры­қ­па сая­са­ты іске аспады.

Н.Хрущев Жұме­кен­ді іштей мой­ын­дап, құрметтеген.

1959 жылы Қытай ком­пар­ти­я­сы­ның 10 жыл­дық мере­кесіне Хру­щев бастаған деле­га­ция барады.

Мао Цзе дун әңгі­ме үстін­де “Кеңес Одағы, сөз жоқ, ұлы ел, ал біз Ұлы Қытай­мыз. Сіз­дер­ге қараған­да біз­де ком­му­ни­стер көп, —  деген­де, Н.Хрущев тосы­лып қал­ды. Сон­да  Жұмекең:

– Рево­лю­ци­я­ны Кеңес ком­пар­ти­я­сы жаса­ды емес пе?

Олар кей­ін сіз­дер­ге көмек бер­ген жоқ па? — деп тығы­ры­қтан шығарды.

Кей­ін риза болған Никита:

– Сен өзің марк­сист екен­сің ғой… — деп күл­ген екен.

Келесі күні қонақа­сы­да Хру­щев орын­сыз сөй­леп, тоқта­май қояды, Жұме­кең шын­тағы­мен түрт­се де, сөзің жалға­сты­ра береді.

Аудар­ма­шы Мао­мен сөйлесіп,

Жұм­кеңе:

– Сіз ұял­май-ақ қой­ы­ңыз, — десе керек.

Қай­тар жол­да Хрущев:

– Мао саған не деді? —  деп сұраған­да, ашуы кел­ген Жұмекең:

– Мына­уы­на айт көп ойлап, аз сөй­лесін деді…

Осы сөзінің өзі­нен Жұме­кенің бой­ы­нан қаза­қтың дана­лық қаси­тінің лебі есіп тұрғандай.

Бірақ, “ұлт­шыл” деп айыпталып

Н.Хрущевтің нұсқа­уы­мен қыз­меті­нен боса­тып, Шым­кент­ке жібер­ді, сон­да зей­нет­ке шығып, 1986 жылы 18 қара­ша­да 71 жасын­да халқым деп соққан жүре­гі тоқтады.

Қаза­қтың бағы үшін туған Жұме­кеңнің халқы­на жасаған еңбе­гін ұмы­ту мүм­кін емес.

Жұме­кең қазақ дала­сын­да ядро­лық жары­лы­сты жасау сынағы­на қар­сы шығып, халқың қыры­лу­дан сақтағы­сы келді.

Ол өзіне қажет деп тапқан істі жүзе­ге асы­руға кел­ген­де шебер-шешім­паз­дық таны­тып, қорқы­ныш пен жасқа­ну­ды білмейтін.

Сая­сатқа бай­ла­ны­сты сот­та­лып кете жаздаған

укра­ин ғалы­мы­на ара­ша түсті.

Шығар­ма­шы­лық одақтар өкіліне үй сал­дыр­тып, пәтер бер­гені үшін Алма­ты­ның орта­сын­да “қазақ ауы­лын” құр­ды. Сол үшін ұлт­шыл  деп айыпталды.

Мағ­жан Жұма­ба­ев­тің жалғыз басты жары Зыли­хаға бер­ген үйіне дей­ін тек­сер­ді. Екі бөл­мелі пәтер бер­ген деген әңгі­ме бол­мас үшін “Екі бөл­мені бөліп тұра­тын қабы­рға­ны алып тастап, бір бөл­ме етіп көр­сетің­дер” деген сөзі асыл аза­мат­тың ана­ларға көр­сет­кен құр­меті, ұрпағы­мы­зға үлгі болар­лы­қтай шаруа. Бауы­р­жан Момы­шұ­лы мен Рахым­жан Қошқарбаевқа

Кеңе­стер Одағы­ның Баты­ры атағын алып беру­ге әре­кет жасады.

Сәкен Сей­фул­лин,

Бей­ім­бет Малин­нің шығар­ма­ла­ры­ның жары­ққа  шығуы­на мұрын­дық болды.

Түкістан­ның өркен­де­уіне көп көңіл бөлді.

Қазақ әде­би­еті” газетін жабы­луы­нан аман алып қалды.

Москва­дан “Соци­а­ли­стік Қаза­қстан­ды” “Казах­стан­ская прав­да­ның” аудар­ма­сы етіп шыға­ру иде­я­сы кел­ген­де, үзіл­ді-кесіл­ді қар­сы болды.

Ол кісінің басты қаси­еті шын­ды­қты сүй­іп, жалған жағым­паз­ды­қты, өтірік айтқан өресіздік­ті, екі­жүзділік­ті жек көрді.

Өктем­дік пен озбыр­лы­ққа жол бер­ген жоқ.

Ерен еңбе­гінің арқа­сын­да халық көсе­міне айналды.

Ол қари­я­лар сөзін тың­дап, солар­мен кеңесіп, мәсе­ле шешетіні жөнің­де көп­те­ген естілік­тер бар.

Қара­пай­ым­ды­лы­ғы мен кісілі­гің жоғалт­паған, ұлты­ның ар- намысың биік

қой­ған Жұме­кең сайқал

сая­сатқа қар­сы келді.

Жұме­кенің қара­пай­ым­ды­лық қаси­еті тура­лы жиі естідім

1973 жылы менің наға­шым Хам­зе  Мың­бай­ұ­лы  осы күні бел­гілі ғалым, бедел­ді  жур­на­лист болған

Нұр­ханды ертіп,

Шым­кент­ке арнайы іздеп бара­ды. Онда Жұме­кең Мәс­ке­удің пәр­мені­мен Шым­кент облы­стық атқа­ру коми­теті төраға­сы­ның көп орын­ба­сар­ла­ры­ның бірі екен. 

Хат­шы­сы Жұмекеңе:

– Мың­ба­ев Хам­зе кел­ді, —  деп хабар­лаған­да, өзі шығып, Хам­зе наға­шым­ды құшақтап:

– Жәй, жүр­сіз бе?- деп, сұра­уы, оның ел ада­мы­на деген  құр­меті. Кел­ген шаруа­сын сұра­уы — көмек­ке қол ұшын беру­ге дай­ын тұрға­ны­ның айғағын­дай.  Ел аға­сы­ның кіші­пей­іл­дік қаси­еті өз алды­на бір төбе.

Хам­зе нағашым:

– Сенің бет- жүзіңді көріп, ел аман­ды­ғын айта кел­дім, — дегеніне риза, болып бала­ша қуаныпты.

Нұр­хан аға олар­дың әңгі­месінің басы-қасын­да аяғы­на дей­ін отыр­маға­ны­на, рұқ­сат сұрап шығып кетіп бала­лық жасаға­ны­на әлі өкінеді…

Ол енді басқа әңгіме…

Жұме­кеңді Оңтүстік халқы қара­пай­ым­ды­лы­ғы мен әділ­ді­гі, таза­лы­ғы үшін  құр­мет тұт­ты. Қаза­қтың асыл ұлын ару­лап жер бесік­ке бөле­ген­де ел күңіреніп кетті.

Қазір Шым­кент шаһа­ры­ның орта­лық бір көше­сі Жұма­бек Тәше­нов атында!

Жаны асқақ, рухы биік қара басы­на  қауіп төнседе

халқы үшін бәріне баруға даяр болды.

Қаза­қтың асыл перзенті,

елі үшін, жері үшін айда­уға түс­кен,  Жұм­кек­нің рухы мәң­гілік!  Ел есіңде!

РАЙХАН МАТАЙ

Республиканский еженедельник онлайн