Среда , 28 мая 2025

«ҚАЗАҚФИЛЬМ» ҚҰРДЫМҒА ҚҰЛАЙ МА?

Есім­дері тіл­ге айнал­са, іле ойға ора­ла­тын ұғым­дар неме­се сол есім­дер­мен телға­быс ата­ла­тын құт қонған қоныс, бақ дары­ған ата­у­лар бола­ды. Олар Кие­ге айналған ұғым­дар. Ал Кие­ге қия­нат қылу – дұшпан­ның ісі! Мыса­лы, Дәдам Қорқыт десек – Сыр­да­рия, әл-Фара­би десек – Оты­рар, Әзірет Сұл­тан десек – Түр­кістан, Пір Бекет десек – Маңғы­стау, Махам­бет десек – Нарын, Бір­жан сал десек – Көк­ше­тау, Ақан сері десек – Сырым­бет, Абай десек – Шыңғы­стау, Қасым десек – Қарқа­ра­лы, Мұқаға­ли десек – Хан Тәңірі, Мәшһүр десек – Бая­на­уыл ойға келеді.

Ал сол Бая­на­уыл­дың қос ұлы пер­зен­ті Қаныш Сәт­ба­ев пен Шәкен Айма­но­втың атта­ры атал­са, ең әуелі ҚР Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы мен «Қаза­қ­фильм» сту­ди­я­сы еске түсері хақ. Жүмілаға мәлім, Қазақ ұлтын жою жолын­да бүкіл ғұмы­рын сарп еткен вор-сал­тан Тәу­ел­сіз елдің пре­зи­ден­ті болып бекіп, әбден тұғы­рын нықтап алға­сын, басқа да мем­ле­кет ұстын­да­ры­мен бір­ге ұлы Қаныш құрған Ғылым ака­де­ми­я­сын құр­ту­ды қолға алған! Әрине, ғылы­мы құры­ған елдің бола­шағы құр­дым екені бесе­не­ден белгілі…

Сон­дай-ақ Ұлт­тың руха­ни әле­мін­де кино өнерінің орны ала­бө­тен екен­ді­гін де ешкім­ге дәлел­де­удің қажеті жоқ. Тарихы ғасы­рға бет алған «Қаза­қ­фильм­нің» төбесіне бұлт үйріл­геніне, кере­гесіне бәле ұялап, басы­нан дау кет­пей жүр­геніне де біраз бол­ды. Енді, міне, уағын­да Шәкен­дей қаһар­ман­ның қай­ра­ты­мен қолға кел­ген «Қаза­қ­фильм­нің» ғима­ра­ты, яки тер­ри­то­ри­я­сы әлдекім­дер­ге керек болып­ты! Ұққа­ным, әлгі «әлдекім­дер» әлем­дік тұлға – ұлы актер, ұлы режис­сер атын­дағы сту­ди­я­ны Алма­ты­ның сыр­ты­на, қай­дағы бір гара­жға лақты­рып, орны­на өздеріне ғана қажет­ті әлдене сал­мақ көрі­неді! Қазақ еліне қан­ша­ма руха­ни олжа әкел­ген, әке­ле де беретін, бүгін­гі және келер ұрпақ үшін де аса қажет­ті осы­нау қастер­лі шаңы­раққа «көзі» түс­кен көзі ойы­лғыр кім екен?! Ол «көздің» ындын қала­уы қаза­қтың мүд­десі­нен, оны ел қылып тұрған мәде­ни­еті мен өнері­нен де жоға­ры болға­ны ма?!

Ең сой­қа­ны – билік Ұлт мүд­десін әлгі құм құй­ыл­май тол­май­тын «көз­ге» жығып бер­гелі отыр! Ау, бұл кеше­гі, алды-арты­на уыс топы­рақ, «ескі Қаза­қстан­ның» «жұмыс тәсілі» емес пе еді?! Демек, «көсеу түрт­кенін істеп», бұл Қаза­қста­ның да сол баяғы өздерін «тәр­би­е­леп өсір­ген» жемітін жегір жүй­енің «жол-жоралғы­сы­на» «адал­ды­қта­рын сақтап» қалға­ны ма?..

Бұл даудан түй­сін­генім әзір­ге осы бол­ды. Димаш Әкі­мов, Бай­кен­же Бел­ба­ев, Алдаб­ек Шал­ба­ев, Ерлан Төле­утай, т.б.-лардың жанай­қай­ын естіп, жаным түршікті…

Япыр­мау, сон­да мынау «билік» ата­ла­тын коман­да­ның мақ­са­ты не? Мен түк түсі­ну­ден қал­дым. Бұлар әлдебір құпия күш­тен жасы­рын бұй­рық алып, өз ұлтын, оның бар­ша құн­ды­лы­қта­рын жою­мен айна­лы­са­тын құры­лым ба? Басты мақ­сат­та­ры – Ұлт­ты халы­қтық сыпат­тар­дан жұр­дай қылып, рух­ты тұн­шы­қты­рып, тари­хи сана­дан айы­рып, этни­ка­лық түй­сік­тен ада­лап, тек нәф­са­ни қала­у­мен, сай­та­ни сұм­пай­ы­лы­қ­пен ғұмыр кешіп, арты­на бық­сы­ған тұман мен шап­шы­ған ылаң ғана қал­ды­рып, өшіп кететін қара тобыр жасау ма?.. Басқа не деу­ге бола­ды мына бассыздықты?!

 Светқали НҰРЖАН

Республиканский еженедельник онлайн