Понедельник , 30 июня 2025

Қазаққа қажетсіз ұжым «ТАСҚА» НЕГЕ ҚАЖЕТ?

Иманғали Тасмағамбетов жаңа жылдан бастап ҰҚШҰ-ның (ОДКБ) бас хатшылығына кіріскелі бері, елді елең еткізетін екі кездесу өткізді. Ақпанның 14-інде Беларусь басшысы Лукашенкомен кездессе, күні кеше Ресейдің қорғаныс министрі Шойгудың қабылдауында болды.

Бұл кез­де­су­лер тең дәре­желі кез­де­су деген­нен гөрі есеп беру­ге ұқсап кет­ті. Шой­гу­ден Путин­нің мен-мен­ді­гі анық аңға­рыл­ды. Алдын­да Бать­ка да: «Ресей мен Укра­и­на ара­сын­дағы қақты­ғы­сты өзіне қаты­сы жоқ деп ойлап, үнсіз оты­ра беру деген бол­май­ды. Бел­гілі бір пози­ци­я­ны ұста­на­тын уақыт жет­ті», – деп, ұйым­ның тіз­гінін жаңа ұстаған Тасмағам­бе­тов­ке жол-жорық беріп, дікең­де­ген­дей болған.

Кеше­гі кез­де­су­де де «Ұжым­дық күш­тер­дің басқа­ру жүй­есін, атап айтқан­да, бай­ла­ныс сала­сын жетіл­ді­ру бой­ын­ша жұмыстар жүр­гізіліп жатқа­нын» Шой­гу­ге баяндады.

Орыс әскер­ба­сы­на да кере­гі осы екені анық. Путин­нің атал­мыш «арна­у­лы опе­ра­ци­я­сы­на» жыл тол­ды. Жеңістің ауы­лы алыс екені айдай анық бол­ды. Бать­ка бастап, Шой­гу қостап, бас хат­шы­мен кез­де­су ұйым­да­сты­ру­дағы мақ­сат­та­ры – Қаңтар оқиға­сын­да қай­та жан кір­ген әске­ри ұйым­ды көзір етіп, Баты­сқа дөң айбат көр­се­ту, біз­де әлі де қауқар бар деген­ді жет­кі­зу ғана екені мәлім.

Соны ескер­сек, Қаза­қстан­ның сана­у­лы ұлт­жан­ды қай­рат­керінің біре­гейі сана­ла­тын Тасмағам­бе­то­втің гео­са­я­си жағ­дай ушы­ққан, күл­лі Баты­стың дамы­ған мем­ле­кет­тері Укра­и­наға қол­дау біл­діріп, Ресей­дің басқын­шы­лы­ғын айып­тап жатқан өліа­ра кезең­де «Вар­ша­ва шар­ты ұйы­мын» еске түсіретін, Ресей ықпа­лын­дағы ұйы­мға жетек­ші болуы елге де, «Тастың» («Тас» – қазақ истеб­лиш­мен­тін­де Тасмағам­бе­тов­ке таңы­лған лақап есім. – «D») жеке өзіне де абы­рой әпер­месі анық. Ел талқы­сы­на түс­кен екі кез­де­су­ден соны түйдік.

Еңбек өтілін оқы­ту­шы­лы­қтан бастаған Иманға­ли Назар­ба­евқа жағып, билік­тің биік бас­пал­дағы­на көтеріл­гені бел­гілі. Тұңғыш пре­зи­дент оны отқа да сал­ды – жан­ба­ды, суға да сал­ды – бат­па­ды. Керек кезін­де қорға­ныс сала­сын да басқар­ды. Қоғам оянып, сая­си талап күшей­іп, билік тран­зи­тін талап ете бастаған­да, елші болып кете бар­ды, арты­нан бір-ақ күн­де зей­нет­кер атанды.

Име­кең Назар­ба­ев билі­гіне адал болып кел­се де, халық оны өзі атқарған лау­а­зым­дар­дың көле­міне сый­дыр­май­ды, жоға­ры баға­лай­ды, биік көреді. Өткен қара­ша­да болған пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да да оны пре­зи­дент­тік­ке кан­ди­дат ретін­де көр­гісі келетін­дер­дің қара­сы мол болды.

Бірақ ол басқа жол­ды таң­да­ды. Елді Тоқа­ев­ты қол­да­уға шақы­рып, арты­нан қазақ елін­де жек­көріні­шті ұйы­мға бас хат­шы­лы­ққа сай­лан­ды. Бұл – Кремль­дің ұлт­жан­ды тұлға­ны халы­ққа сүй­кім­сіз етіп көр­се­ту, бедел­ді тұлға­лар­дың халы­қ­пен бірі­гіп, нағыз ұлт­тық мем­ле­кет құру күресінің жолын кесу әре­кеті болуы мүмкін.

Путин­нің Укра­и­наға басып кір­геніне жыл толған­да, әлем­дік гео­са­я­си жағ­дай­дың бета­лы­сы, кім­нің жеңім­паз бола­ты­ны айқын біліне баста­ды. Кеше Бай­ден кезін­де Кеңес билі­гі Шығыс Еуро­па елдерін күш­теп кір­гіз­ген «Вар­ша­ва шар­ты» ұйы­мы­ның бас шта­бы болған Поль­ша аста­на­сын­да Путин­ге қар­сы сөз сөй­леді. Бұл әре­кетінің сая­си-сим­вол­дық аста­ры бар екені айт­па­са да түсінік­ті. Тасмағам­бе­то­втің ҰҚШҰ-ға бас хат­шы болуы Қаза­қстан үшін де, Име­кеңнің жеке өз басы үшін де дұрыс қадам бол­маға­ны­на көз жет­кі­зетін кез алыс емес деген сөз.

Есбол ҮСЕНҰЛЫ,

Abai.kz – «DAT»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн