Понедельник , 12 мая 2025

Қазаққа ҚАРУ қажет пе?

  • «Елі­міздің баты­ры Бауы­р­жан Момы­шұ­лы ата­мы­здың «Жау – тек жаудың қанын татқан­ша ғана қорқы­ны­шты» деген. Басты­сы – бой­ы­мы­зда жауға деген өшпен­ділік пай­да болып, ата-баба­мы­здың рухы жігер­лен­дір­ген­ге дей­ін той­та­рыс бере алсақ, біз үшін алын­бас қамал қалмайды.

  • Қызы­л­жар мен елі­міздің өзге өңір­лерін­де­гі сепа­ра­ти­стік үнде­улер­дің жиі орын алуы және құқық қорғау орган­да­ры­ның оларға кел­ген­де шара­сызды­ғы­на қарап, осы біздің ел шын мәнін­де тәу­ел­сіз бе, әлде біздің тәу­ел­сізді­гі­міз тек қағаз­да ғана ма деген ой еріксіз толғандырады.

Солтүстік көр­ші­ден ағы­лып келіп жатқан теп­се темір үзетін жастар, дәл сол көр­шінің елі­міздің стра­те­ги­я­лық маңы­зды нысан­да­рын сатып алуы­ның арқа­сын­дағы күн санап асып бара жатқан ықпа­лы, елім, жерім, ұлтым деген шын мәнін­де отан­сүй­ер аза­мат­тар­дың ойдан құралған істер­мен абақты­ға жабы­луы, Қаза­қстан аумағын­дағы бөтен елдің әске­ри база­ла­ры­ның көп­ті­гі, сана­лы аза­мат­тар­дың елдің бола­шағы­на уай­ым­мен қара­уын ұлғай­ту үстін­де. Одан қал­ды, 30 жыл­да өз әскері­мізді керек-жарағы­мен, отан­дық өнім­мен қам­та­ма­сыз ете алмауы­мыз, негіз­гі әске­ри тех­ни­ка мен оқ-дәрінің тек бір елден алы­нуы, соның нәти­же­сін­де пай­да болған толы­қтай тәу­ел­ділік бізді қай­да апа­ра жатыр, кім жау­ап бере алады?

Бұл тақы­рып­ты қозға­мау – басын құмға тыққан тұй­еқұс сын­ды болған­мен тең, мысал – көз алды­мы­зда болып жатқан қан­ды соғыс. Укра­ин халқы да дәл біз­дей қағаз­да айты­лған уәде­лер­ге сеніп, сал­да­рын­да өз тәу­ел­сізді­гі үшін күн сай­ын жүз­де­ген адам мен мил­ли­он­даған қара­жат жоғал­ту­да. Бұл жағ­дай­дан дұрыс қоры­тын­ды шыға­рып, біздің елде дәл осын­дай сце­на­рий­дің қай­та­лан­ба­уы үшін, алдын ала керекті шара­лар­ды қабыл­да­ма­сақ, онда оба­лы­мыз жоқ деу­ге болады.

Был­тыр қыста Ресей­дің шабуыл­да­у­шы күш­тері Киев­тің маңы­на тақаған­да, Укра­ин билі­гі елім­ді қорғай­мын деген кез кел­ген ада­мға амал­дың жоқты­ғы­нан қару тара­туға мәж­бүр бол­ды. Қару тиген­дер­дің ішін­де шынайы пат­ри­от­тық сезім­мен қолы­на қару алған­дар­мен қатар, арам оймен қаруға қол жет­кіз­ген­дер де бар екені анық. Елдің ертеңі үшін жан алы­сып, жан берісіп жатқан сәт­те сен қару алған қой­ма­дан сені­мен бір­ге қару алып, қасы­ң­да тұрған адам­ның ойын­да не барын қай­дан білесің? Ол жаудың тың­шы­сы еме­сті­гіне, қиын сәт­те қолын­дағы қаруын саған қар­сы бұр­ма­сы­на кім кепіл? Оны тек­серіп те, зерт­теп те үлгер­ген ешкім жоқ.

Жақсы, қалай бол­са да, Укра­ин халқы өздерінің кім екенін әлем­ге айқын көр­сет­ті. Енді­гі жолы оларға қар­сы арам жос­пар құру­шы­лар мың ойла­на­ры айдан анық. Осы орай­да «Бей­біт­шілік­ті қала­саң, соғы­суға дай­ын бол» деген ұғым­ды алға тар­тып, біздің елдің басы­на күн туса, біз не істей ала­мыз деген ой келеді. Жоға­ры­да аталған­дай, біз­де­гі қару-жарақтың негізі сол Ресей­ден келеді. Арыс пен Тараз­дағы әске­ри қой­ма­лар­дың жары­лы­сын еске­ре оты­рып, біз­де қан­ша күн­ге жететін оқ-дәрі, қару-жарақ, азық-түлік пен киім-кешек бар деген ой сан­сыз сұрақтар туындатады.

Жөн, бар­лы­ғы жет­кілік­ті дей­ік, үкі­мет пен Қорға­ныс мини­стір­лі­гі бар­лы­ғын жай­ға­сты­рып қой­ды деп сеней­ік. Ары қарай ше?

Жау айтып кел­месі анық, аяқ асты­нан ел басы­на күн туды дей­ік, оры­спен жал­пы шека­ра­мыз 7500 шақы­рым екенін ескер­сек, негіз­гі соққы­ны қай бағыт­тан күтуі­міз керек? Шығы­стан ба, Баты­стан ба, әлде Сол­түстік­тен бе? Қай бағыт­тан кел­се де, оңай бол­ма­сы анық. Енде­ше алдын ала қан­дай шара­лар­ды қол­да­на аламыз?

Мар­дым­ды жау­ап іздеп, әлем­дік тәжіри­бе мен тарихқа үңіл­сек, жау саны бір­не­ше есе көп бол­са да, той­та­рыс бере алған екі елді мысал ретін­де кел­тір­гім келіп отыр (соғыс әлі аяқтал­маған­ды­қтан, Укра­и­на­ны әзір­ше қарас­тыр­май­мыз). Оның бірі – Изра­иль, екін­шісі – Фин­лян­дия. Еке­уі де жаудың есе­лен­ген күш­теріне қара­ма­стан, лай­ы­қты жау­ап қай­та­рып, өз еге­мен­дік­терін сақтап қалған ел. Соның арқа­сын­да бүгін­гі күні кере­мет дамы­ған елдер­дің ең алға­шқы қатарында.

Изра­иль біз­ге мысал ретін­де келе қой­мас, себебі олар қауіп­тің алдын алып, соққы­ны өздері бірін­ші жасап, жауды тығы­ры­ққа тіре­ген. Әрине, ондай батыл қада­мға бару үшін, Изра­иль­дің сенер досы АҚШ тұр­ды, соның арқа­сын­да олар тәу­е­кел­ге барып, үне­мі жеңіс­ке жетіп жүр деу­ге бола­ды. Өкініш­ке орай, біз­де еврей­лер сын­ды арқа сүй­ер одақ­та­ста­ры­мыз жоқ.

Иә, біз­ге үшін­ші жақтар көмек көр­се­те­ді деп үміт­те­ну­ге бола­ды. Бірақ ол тек – үміт және Укра­ин соғы­сы көр­сет­кен­дей, біз­ге көмек келеді, бірақ ол үшін біз алды­мен өзі­міз мүм­кін болар жауға той­та­рыс бере алуға тиіс­піз. Онсыз «Араб көк­те­мін» бастан кешір­ген елдер­дің қата­ры­на қосы­лып кетуі­міз әбден мүм­кін. Көмек­ті тек елі үшін құр­бан­ды­ққа дай­ын болып, жаудың мүй­ізін қай­ы­ра біл­ген елге көр­се­те­ді. Себебі біз­ден басқа бұл ел ешкім­ге керек емес, ал біз көмек күтіп, атарға оғы­мыз, шабарға қылы­шы­мыз жоқ болып отыр­сақ, көмек тұр­мақ, тас та бер­месі анық. Керісін­ше, бұлар­дың тағ­ды­ры шешіл­ген деген ұғым­мен кеше­гі достар өз үлесі үшін тұтқиыл­дан соққы беріп, Ливия, Ирак не Сири­я­ның қата­ры­на бір-ақ апа­рып таста­ма­сы­на ешкім кепіл­дік бере алмайды.

Жоға­ры­да айты­лған ойға негіз­де­ле оты­рып, Фин­лян­ди­я­ның қорға­ныс амал­да­рын қарас­ты­рып көрей­ік­ші. Қалай фин әскері өздері­нен ондаған есе артық, сақа­дай сай қару­ланған әскер­дің қал­пағын теріс айнал­ды­рып жібер­ді? Халы­қтың ерлі­гі мен жан­ке­шті­гін есеп­ке алмай­мыз, себебі ондай қаси­ет өз ұлты­мы­зда да бар­шы­лық деп сенейік.

Олай бол­са, Қызыл әскер­дің сақыл­даған пуле­меті мен темір сауыт қап­таған тан­кілеріне зама­на­уи зеңбіре­гі де жоқ ел не шара қол­дан­ды? Тоқ­сан ауыз сөздің тобы­қтай түй­інін айт­сақ: ол – фин халқы­ның елі үшін құр­бан болуға дай­ын­ды­ғы және жұрт­тың басым көп­шілі­гінің ата­дан мұра болып келе жатқан кәсібі – аңшы­лы­қты жетік мең­ге­руінің арқа­сы деу­ге бола­ды. Фин халқы­ның басым бөлі­гі аңшы­лы­қ­пен айна­лы­са­ды, олар күн­делік­ті қару­ды сақтау, ұстау, қол­да­нуға әбден машы­қтанған. Соның арқа­сын­да жау мың­даған зеңбірек­пен оқты қар­ша боратқан­да, олар сасқан жоқ, керісін­ше, аңшы­лы­қтағы шебер­лік­терін пай­да­ла­нып, жауды алдап, ада­сты­рып, тұтқиыл­дан соққы беріп, оңай жеңісті көз­де­ген жауды ойсы­рат­ты. Оған әрбір фин­нің өз жерін және табиға­тын жақ­сы білуі де қолға­быс болды.

Ал біз­дер ше? Ұлты­мы­здың ұлда­ры батыр екеніне күмәнім жоқ, оны кеше­гі Қаңтар айқын көр­сет­ті. Десе де, жары­лған зымы­ран­ның, жалап өткен оқтың, айна­ла­дағы айғай-шудың біздің отан қорға­у­шы­ла­ры­мы­здың бой­ын­да үрей туды­рып, дәр­мен­сіздік тулат­пас па екен? Себебі аты­лған оқтың дау­сы­на да құлақ пен қан үйре­нуі керек емес пе!

Үкі­мет­тің айтуын­ша, біздің әскер кез кел­ген жауға той­та­рыс беру­ге дай­ын дей­ді. Бірақ біздің елде бар болға­ны 40 000 адам әскер сала­сын­да қыз­мет ететінін ескер­сек, біз тек оқша­у­ланған қақты­ғы­сқа ғана дай­ын­быз, ал жал­пы соғы­ста біз дәр­мен­сіз­біз. 7500 шақы­рым шека­ра­да қоян-қол­тық ұрыс жүр­гі­зу үшін, біздің халық толы­қтай әске­ри жұмыл­ды­ры­лып қана қой­май, білік­ті әске­ри сар­баз болуы керек.

Ал әр аза­мат­тың жауын­гер­лік-сар­ба­з­дық білік­тілі­гіне қалай қол жет­кізу­ге бол­ды? Менің ойым­ша, ер жігіт­тің жеті қазы­на­сы­ның бірі – берен мыл­ты­ғын (әске­ри қаруын) үйін­де сақтау құқы­ғын беру керек деп есеп­тей­мін. Әрине, мін­дет­ті түр­де қой­ы­ла­тын талап­тар­ды еске­ру керек. Сөй­тіп, өз іші­міз­де­гі жау­лар да, сау­ат­сыз қызу қан­ды­лар да ол қару­дан аулақ болуы керек.

Ал ірік­те­уден өткен аза­мат­тар аумақтық қорға­ныс (тер­ри­то­ри­аль­ная обо­ро­на) күш­терінің негізі болуы керек. Аяқ асты­нан қимыл керек бол­са, сол аза­мат­тар өз көше­лерінің, ауыл­да­ры­ның, не бел­гілі бір аумақтар­дың ерік­ті қорға­у­шы­ла­ры­на бір сәт­те айна­луы керек. Жұмыл­ды­ру іс-қимыл­да­ры бітіп, әскер құра­лып, жауға қар­сы той­та­рыс іс-қимыл­да­ры басталғанға дей­ін ерік­ті қорға­у­шы­лар қорға­ныс күш­терінің бір бөлі­гі бола ала­тын­дай дәре­же­де болуы керек. Басқа­ша айтқан­да, дәл осын­дай сце­на­рий орын ала қал­са, бірі­міз айға, бірі­міз сай­ға жүгіріп жүр­ген­де, елі­міздің тас-талқа­ны­ның шық­па­сы­на еш сенім жоқ.

Елі­міздің баты­ры Бауы­р­жан Момы­шұ­лы ата­мы­здың «Жау – тек жаудың қанын татқан­ша ғана қорқы­ны­шты» деген. Басты­сы – бой­ы­мы­зда жауға деген өшпен­ділік пай­да болып, ата-баба­мы­здың рухы жігер­лен­дір­ген­ге дей­ін той­та­рыс бере алсақ, біз үшін алын­бас қамал қал­май­ды. Қақты­ғы­стың баста­пқы екі-үш апта­сын­да жұмы­ла біл­сек – болға­ны, ал ондай ұйым­да­сты­ру жұмыста­ры үшін қару­ланған халық өз үлесін қоса­ры анық!

Олжас ӘБІЛҚАЙЫР

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн