Четверг , 18 сентября 2025

ҚАЗАҚ БОКСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖЕТІСТІК

Англи­я­ның Ливер­пуль қала­сын­да 4–14 қыр­күй­ек ара­лы­ғын­да World Boxing ұйы­мы алғаш рет ұйым­да­сты­рған Әлем чем­пи­о­на­тын­да қазақ бокс­шы­ла­ры бұрын-соң­ды бол­маған тари­хи жетістік­ке жет­ті. Жеті бокс­шы­мыз алтын­нан алқа тағын­са, тағы бір спорт­шы – күміс, еке­уі – қола медель­ді жеңіп алып, Қаза­қстан коман­да­сы жеке-дара топ жар­ды. Бұл – ел спор­ты тарихын­дағы ең ірі жеңістер­дің бірі.

Оның үстіне Сан­жар Тәш­кен­бай мен Мах­мұд Сабыр­хан екі дүр­кін әлем чем­пи­о­ны атағы­на қол жет­кіз­се, бұл сай­ы­стың тағы бір ерекшелі­гі – бір үйдің қос қыра­ны – Мах­мұд пен Төре­хан Сабыр­хан жеңіс тұғы­ры­на көтеріліп, осы спорт түрінің ота­ны сана­ла­тын қала­да олар­дың құр­метіне елі­міздің әнұра­ны шырқал­ды. Сан­жар 2023 жылы 19 жасын­да Таш­кент­те­гі Әлем чем­пи­о­на­тын­да атой салып, олим­пи­а­да­лық спорт түрі­нен әлем чем­пи­о­ны болған қаза­қтың ең жас спорт­шы­сы атан­са, осы дүни­е­жүзілік сай­ы­ста Төре­хан да 19 жасын­да бок­стан әлем чем­пи­о­ны ата­нып, аға­сы Мах­мұд чем­пи­он болған еді. Олар­дың енді­гі арма­ны – Олим­пи­а­да шыңы­на Қаза­қстан­ның Көк туын тігу!

Ливер­пуль рин­гін­де­гі жеңіс – шын мәнін­де тари­хи үлкен жетістік! Оның ауқы­мын түсін­ді­ру үшін, жүл­делі үш оры­нға ие болған құра­ма­лар­дың нәти­же­сін салы­сты­рып көрей­ік. Екін­ші орын­ды иеле­ген Өзбек­стан құра­ма­сы 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алса, үздік үштік­ті түй­ін­де­ген Үндістан құра­ма­сы – 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль­ді қан­жы­ға­сы­на байлады.

Осы рет­те аса ауыр сал­мақта жетін­ші алтын медаль­ді қайт­пас қай­сар­лы­ғы, жеңіс­ке деген құштар­лы­ғы, Қаза­қстан құра­ма­сы­ның капи­та­ны ретін­де­гі намыс пен жау­ап­кер­шілік­тің арқа­сын­да және оны өзбек қар­сы­ла­сы­нан жұлып алған Айбек Орал­бай­дың жеңісін ерекше атап айтқан жөн. Егер Айбек жеңіл­се, жетін­ші алтын медаль­ді Өзбек­стан құра­ма­сы ием­деніп, олар коман­да­лық есеп­те бірін­ші оры­нға көтерілетін еді. Айбек ондай абы­рой­сызды­ққа жол бер­меді. Міне, нағыз капи­тан! Шешу­ші шай­қа­ста құра­ма сар­да­ры­ның ортақ жеңіс­ке қосқан үлесінің сал­мағы осындай!

Айбек Орал­бай финал­да өзбек­стан­дық қар­сы­ла­сы­мен болған жек­пе-жек­те шешу­ші сәт соңғы раунд­та болға­нын айтты.

– Соңғы раунд ең қиын кезең бол­ды. Бірақ дәл сол кез­де өзім­ді толық жинап, бар күшім­ді сал­дым. Қар­сы­ла­сым­ның шар­шаға­нын көріп, басым­дық таны­ту керекті­гін түсін­дім. Соңын­да бұл маған жеңіс әкел­ді, – деді спортшы.

Сон­дай-ақ ол Ұлт­тық құра­ма­ның капи­та­ны ретін­де коман­да рухын жоға­ры дең­гей­де ұста­удың маңы­зды екенін де атап өтті.

– Шыным­ды айт­сам, Олим­пи­а­да­дан кей­ін Әлем чем­пи­о­на­ты қара­пай­ым тур­нир секіл­ді сезіледі. Себебі екі жары­стың атмо­сфе­ра­сы мүл­де бөлек. Біз – мен, інім Нұр­бек, Сан­жар, Мах­мұд төр­те­уміз – бұл жары­сқа тек жеңе­міз деген мақ­сат­пен бар­дық. Иә, інім­нің жолы бол­ма­ды, бірақ, менің ойым­ша, Нұр­бек­тің жеңісі әлі алда. Ол маған сенеді, мен оған сене­мін, – деді чемпион.

Ұлт­тық құра­ма­ның бас бап­кері Қай­рат Сәт­жа­нов алдағы уақыт­та коман­да ақпан айын­да өтетін Әлем кубо­гы­ның шешу­ші кезеңіне дай­ын­да­ла­ты­нын атап өтті. Соны­мен қатар ол чем­пи­о­нат­тағы төре­шілер жұмысы­на да назар аударды.

– Бір­не­ше сәт бол­ды, қан­дай жағ­дай бол­са да, біздің бокс­шы­лар қар­сы­ла­ста­ры­нан бір саты жоға­ры өнер көр­сет­ті. Олар жеңіс­ке жету үшін бар күшін сал­ды. Уақыт өте келе бар­лы­ғы рет­ке келеді, – деді ол.

Бокс­шы­ла­ры­мы­здың жеңісіне орай ҚР Туризм және спорт мини­стр­лі­гі Спорт және дене шыны­қты­ру істері коми­тетінің төраға­сы Рус­лан Есе­на­лин де өз пікірін біл­дір­ді. Оның айтуын­ша, бүгін­гі жеңістер Қаза­қстан бок­сы­ның дұрыс бағыт­та дамып келе жатқа­нын көрсетеді.

– Елі­міздің құра­ма коман­да­сы тәжіри­белі, тех­ни­ка­лық тұрғы­да сапа­лы бокс көр­се­те біл­ді. Бірақ біз қол жет­кіз­ген жетістік­тер­мен тоқтап қал­май­мыз. Алдағы басты мін­дет – 2026 жылғы Азия ойын­да­ры мен 2028 жылғы Олим­пи­а­да ойын­да­ры. Қазір­гі уақыт­та жос­пар­лы дай­ын­ды­қты бастап кет­тік, қателік­тер­ді сарап­тап, алға жыл­жи­мыз. Біз­де жас бокс­шы­лар­дың да үлкен қоры бар, олар ірік­те­у­ге дай­ын. Бірақ кей­бір спорт­шы­лар­дың неге Әлем чем­пи­о­на­ты­на бабын­да келе алмаға­нын түсі­нуі­міз қажет. Тал­дау жүр­гі­зе­міз, содан кей­ін нақты шешім қабыл­да­на­ды, – деді Есеналин.

Әлем чем­пи­о­на­тын­да топ жарған бокс­шы­ла­ры­мы­зды мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев та құттықтады.

– Ливер­пуль­де өткен бок­стан Әлем чем­пи­о­на­тын­да Ұлт­тық құра­ма­ның жеңіс жолын Алуа Балқы­бе­ко­ва, Аида Әбі­ке­е­ва, Төре­хан Сабыр­хан, Ната­лья Бог­да­но­ва, Айбек Орал­бай жалға­стыр­ды. Қазақ бокс­шы­ла­ры әлем бірін­шілі­гін­де кере­мет нәти­же көр­сет­ті. Әйт­се де алды­мы­зда АҚШ-та өтетін Олим­пи­а­да ойын­да­ры күтіп тұр. Соған қазір­ден бастап дай­ын­да­лу қажет. Қазақ бокс мек­тебінің мерейі әрдай­ым үстем бол­сын, – деп жаз­ды Пре­зи­дент Instagram парақшасында.

Жеңім­паз­дар­дың елге ора­луы олар­дың жан­күй­ер­лері мен туы­ста­ры үшін нағыз мере­ке­ге айнал­ды. Қалың жұрт­шы­лық спорт­шы­лар­ды ұлт­тық туы­мы­з­бен, гүл шоқта­ры­мен және ыстық қоше­мет­пен қар­сы алды. Осы жай­ын­да Әлем чем­пи­о­на­ты­ның қола жүл­де­гері, 24 жастағы Вик­то­рия Гра­фе­е­ва әуе­жай­дағы қар­сы алу өте әсер­лі болға­нын айтты.

– Қан­ша­ма адам келіп қол­да­ды – туы­стар, жан­күй­ер­лер, бар­лы­ғы құт­ты­қтап, қол­дау біл­дір­ді. Біз, спорт­шы­лар, ең алды­мен елі­міздің абы­ройы үшін өнер көр­се­те­міз. Халы­қтың осын­дай қол­да­уын көру – үлкен қуа­ныш. Мен қола жүл­де­гер атан­сам да, халы­қтың қол­да­уы жігер береді. Келесі жары­стар­да бұдан да жоға­ры медаль алуға тыры­са­мын. Жар­ты­лай финал­да төре­шілер жеңісті қар­сы­ласқа бер­ді, бірақ мен өз жек­пе-жегім­де жеңіл­дім деп сана­май­мын. Төре­шілер­дің шеші­мі солай болға­ны­мен, енді келесі­де олар­да еш күмән тумауы үшін барым­ды салу керек, – деп түй­ін­деді Графеева.

Құра­ма­ның ең атақты спорт­шы­сы, үш дүр­кін әлем чем­пи­о­ны, 32 жастағы Назым Қызай­бай Ливер­пуль-2025 жары­сын­да күміс жүл­де иелен­ді. Алай­да бұл нәти­же­ден оның көңілі тит­тей де түс­пе­ген, керісін­ше, алға жете­лей­тін сыңайлы.

– Менің басты мақ­са­тым – 2028 жылғы Олим­пи­а­да­да алтын медаль иеле­ну. Мүм­кін, сал­мақ дәре­же­сін ауы­сты­ру керек болар. Мен оған дай­ы­н­мын, басты­сы – мақ­сатқа жету, – деді Назым.

Иә, өмір­дің мәні сол. Қашан­да ел намысын арқа­лап жүретін спорт­шы­ла­ры­мы­зға сол асқақ арманға қол жет­кі­зу бұй­ыр­сын деп тілейміз!

Сар­баз ҚҰТ-МҰХАММЕД

Республиканский еженедельник онлайн