Пятница , 4 июля 2025

Қазақ медицина ғылымында «ЕСЕНҒОС» ДЕГЕН ЕСІМ БАР

  • «ДАТ» газетін алғаш рет (1998 ж.) қолы­на алған­да, 58 жаста ғана болған тұрақты оқыр­ма­ны­мыз Есенғос Мәм­бе­та­лин бүгін­де 80-нің сең­гіріне шықты. Содан бер­гі жыл­дар бойы халы­қтық билік пен ұлт­тық құн­ды­лы­қтарға, елдің еркін тір­лі­гіне тән­ті, Қаза­қстан­ның азат бола­шағы­на құштар Ес-аға­мы­здың мерей­той­ы­на арнап «Одес­са» жур­на­лын­да (Укра­и­на) шыққан мақа­ла­ның қаза­қ­ша нұсқа­сын жари­я­лап отырмыз.

Аға­мы­здың 22 жыл­дан бер­гі сүй­ік­ті газетінің редак­ция ұжы­мы мерей­той иесін кел­ген мерей­лі жасы­мен құт­ты­қтап, про­фес­сор-дәрі­гер­дің Қаза­қстан меди­ци­на­сы­на қосқан зор үлесін ел-жұрт­тың есіне салған­ды жөн көр­дік. Аман болы­ңыз, асыл аға!

«DAT» газетінің редакциясы

Есенғос Сағы­най­ұ­лы Мәм­бе­та­лин 1940 жылы 27 қаңтар­да Ақтө­бе облы­сы­ның Шалқар ауда­нын­да туған. 1957 жылы қазақ орта мек­тебін бітір­ген­нен кей­ін, сол жылы ашы­лған Ақтө­бе мем­ле­кет­тік меди­ци­на инсти­ту­ты­ның (қазір­гі Марат Оспа­нов атын­дағы Батыс Қаза­қстан мем­ле­кет­тік меди­ци­на уни­вер­си­теті) емдеу факуль­тетіне оқуға түседі.

1963 жылы инсти­тут­ты қызыл диплом­мен бітір­ген­нен кей­ін, жеті жыл бойы Шалқар темір­жол ауру­ха­на­сын­да хирург бол­ды, Қан­ды­ағаш темір­жол ауру­ха­на­сы­ның бас дәрі­гері қыз­метін атқар­ды. Осы жыл­да­ры Алма­ты, Мәс­кеу қала­ла­рын­дағы дәрі­гер­лер білі­мін жетіл­ді­ру инсти­тут­та­рын­да хирур­гия және уро­ло­гия сала­сы бой­ын­ша білі­мін толықтырды.

Оның 1970 жыл­дан кей­ін­гі еңбек жолы уро­ло­гия сала­сын­дағы ғылы­ми, ұста­здық, дәрі­гер­лік қыз­мет­ке ұла­сты. 1973 жылы Мәс­ке­удің Дәрі­гер­лік білім­ді жетіл­ді­ру инсти­ту­тын­да аспи­ран­ту­ра­да оқып, КСРО және Ресей Феде­ра­ци­я­сы ғалым­да­ры­ның алдын­да меди­ци­на ғылы­мы­ның кан­ди­да­ты атағын қорғап шықты. Қорғаған дис­сер­та­ци­я­сы­ның тақы­ры­бы сол кез­де де, қазір­гі кез­де де өте өзек­ті мәсе­ле – бүй­рек­тің созыл­ма­лы жет­кіліксіздік ауруын зерт­те­у­ге радио­изо­топ­тық дина­ми­ка­лық сцин­ти­гра­фия әдісін енгі­зу тақы­ры­бы бол­ды. Есенғос Мәм­бе­та­лин КСРО-да уро­ло­ги­яға дина­ми­ка­лық ска­нер­леу және радио­изо­топ­тық ангио­гра­фия әдісін алғаш енгі­зу­шілер­дің бірі болды.

Кей­ін­нен Есенғос Мәм­бе­та­лин өзі тұңғыш түлек­тер­дің бірі болып бітір­ген Ақтө­бе дәрі­гер­лік инсти­ту­тын­да 21 жыл (1973–1994) бойы, әуелі – асси­стент, кей­ін – доцент, уро­ло­гия кафед­рас­ы­ның мең­ге­ру­шісі қыз­метін атқар­ды (1978 ж.). Осы жыл­да­ры Ақтө­бе облы­сы­ның бас уро­ло­гы ретін­де облыс халқы­на уро­ло­ги­я­лық жәр­дем көр­се­ту­де үлкен үлес қосты және Аты­рау, Орал, Ақтау қала­ла­ры­на сани­тар­лық ұшақ­пен барып, Батыс Қаза­қстан өлкесінің тұрғын­да­ры­на емдеу-кон­суль­та­ци­я­лық жәр­дем беру ісін ұйым­да­стыр­ды. 1994 жылы рес­пуб­ли­ка­мы­здың меди­ци­на­лық жоға­ры оқу орын­да­ры­на арналған қазақ тілін­де­гі алға­шқы уро­ло­гия оқулы­ғын жазып шығарды.

Бұған дей­ін ол 1992 жылы Мәс­ке­уде екі бір­дей дәрі­гер­лік маман­ды­қтан (уро­ло­гия және гиги­е­на) «Хром қосын­ды­ла­ры­ның және басқа неф­ро­уыт­ты заттар­дың адам­ның несеп жыныс жүй­есіне әсері (кли­ни­ка­лы-экс­пе­ри­мен­таль­дық зерт­теу)» тақы­ры­бы бой­ын­ша док­тор­лық дис­сер­та­ция қорға­ды. КСРО Уро­ло­гия дис­сер­та­ци­я­лық кеңесінің төраға­сы, ака­де­мик Н.А.Лопаткин, гиги­е­на сала­сы­ның бел­гілі, бедел­ді ғалым­да­ры, ака­де­мик И.В. Саноц­кий мен про­фес­сор А.В. Рощин Есенғос Сағы­най­ұлы­ның ғылы­ми еңбе­гін уро­ло­гия ғылы­мы­ның жаңа бағы­тын ашу­шы, эко­ло­ги­я­лық уро­не­фро­ло­ги­я­ның негізін салушы деп бағалады.

Бертін­де (1994–2003ж.) жоға­ры дәре­желі уро­лог-дәрі­гер, про­фес­сор Есенғос Мәм­бе­та­лин тоғыз жыл Б.О. Жар­бо­сы­нов атын­дағы Уро­ло­гия ғылы­ми орта­лы­ғы­ның кли­ни­ка­лық жұмысын басқар­ды. Бұл қыз­мет­те жүріп, ол өзін терең білім­ді, үлкен тәжіри­белі уро­лог-ғалым ретін­де көр­се­те біл­ді, кли­ни­ка­лық тәжіри­бе­ге жаңа тех­но­ло­ги­я­лық әдісте­ме­лер­ді, уро­ло­ги­я­лық ауру­лар­ды емде­удің стан­дарт­та­рын енгізу­ге көп еңбе­гін сіңір­ді. Елі­міздің тұрғын­да­ры­на маман­ды­ры­лған уро­ло­ги­я­лық жәр­дем көр­се­туді жетіл­діру­ге айтар­лы­қтай үлес қосты.

1996–2005 жыл­да­ры Е. Мәм­бе­та­лин Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Уро­лог­тар қауым­да­сты­ғы­ның төраға­сы, «Уро­ло­гия» маман­ды­ғы­нан дис­сер­та­ция қорғау кеңесі төраға­сы­ның орын­ба­са­ры, Рес­пуб­ли­ка­лық фар­ма­ко­ло­ги­я­лық коми­тет­тің мүше­сі бол­ды. Көп жыл­дар бойы Бүкі­ло­дақтық уро­лог­тар қауым­да­сты­ғы басқа­ру­шы алқа­сы­ның мүше­сі бол­ды, көп­те­ген Бүкі­ло­дақтық, рес­пуб­ли­ка­лық уро­лог­тар жиын­да­ры­на (съезд, кон­фе­рен­ция, сим­по­зи­ум) қаты­сып, ғылы­ми баян­да­ма­лар жаса­ды. 1984 жылы Ақтө­бе қала­сын­да Қаза­қстан уро­лог­та­ры­ның 3‑ші кон­фе­рен­ци­я­сын өткізді.

Про­фес­сор Е. Мәм­бе­та­лин 153 ғылы­ми еңбек­тер­дің авто­ры, оның ішін­де 5 моно­гра­фия, 3 оқулық, 4 өнер­та­пқы­штық еңбек бар. Оның жетек­шілі­гі­мен бір­не­ше док­тор­лық және кан­ди­дат­тық дис­сер­та­ци­я­лар қорғал­ды. Қазақ Ұлт­тық энцик­ло­пе­ди­я­сын шыға­ру кезеңін­де (2000–2007 ж.) меди­ци­на бөлі­мінің ғылы­ми кеңес­шісі болды.

Есенғос Мәм­бе­та­лин КСРО-ның «За доб­лест­ный труд» (1970 ж.), Қаза­қстан­ның «Ерен еңбе­гі үшін» (2005 ж.) медаль­да­ры­мен, «КСРО Ден­са­улық сақтау ісінің үзді­гі» (1977 ж.) бел­гісі­мен мара­пат­талған, Марат Оспа­нов атын­дағы БҚМ­МУ-дің құр­мет­ті профессоры.

Жұбайы Ана­ста­сия Көбей­қы­зы да дәрі­гер, аку­шер-гине­ко­лог, Ақтө­бе меди­ци­на инсти­ту­тын­да, Алма­ты­дағы Ұлт­тық меди­ци­на уни­вер­си­тетін­де оқы­ту­шы бол­ды. Есенғос Сағы­най­ұ­лы екі ұлдың – Серік­жан мен Әли­хан­ның әкесі, он бір неме­ренің, бір шөбе­ренің атасы.

Зей­нет­кер­лік­ке шыққан­нан кей­ін, Е.С. Мәм­бе­та­лин Сан­жар Асфен­ди­я­ров атын­дағы Ұлт­тық меди­ци­на уни­вер­си­тетін­де Уро­ло­гия және опе­ра­тив­тік неф­ро­ло­гия кафед­рас­ы­ның про­фес­со­ры қыз­метін атқар­ды. Қазір­гі уақыт­та Қазақ мем­ле­кет­тік меди­ци­на­лық білім толы­қты­ру уни­вер­си­тетінің герон­то­ло­гия кафед­рас­ы­ның профессоры.

«Одес­са» жур­на­лы (№46. 2015 жыл)

ЖҮРЕГІН КІР ШАЛМАҒАН АДАМ

Жады­рап жаз, күр­кіреп күз кезе­гі­мен алма­сып, тір­шілік дәп­терінің талай бет­тері ауда­ры­лып­ты. Жел­ге мін­сең де жет­кіз­бей­тін өткен өмір тек алға оза беріп­ті. Озған сай­ын қадірін таны­та түседі екен. Қай­та­лан­бас, қай­тып кел­мес күн­деріңді аңсап, сағы­нып ойға бата­сың. Ондай кез­де алы­ста қалған ұмы­тыл­мас сәт­терің мон­шақтай мөл­діреп, көз алды­ң­нан өтіп жатады.

Кеше­гі­дей бәрі есім­де. Сонау 1987 жылы жаз­да Дүкен­бай Досжа­но­втың туған жеріне барып, твор­че­ство­лық есеп беру сапа­ры­на Бақыт­жан еке­уміз қонақ ретін­де шақы­ры­лып, қаси­ет­ті Сыр еліне ат басын тіредік. Облы­стың, қала­ның лау­а­зым­ды жігіт­тері қоше­мет-құр­мет­пен құшақ жая қар­сы алды. Бұл қонаққа деген жай көңіл­жы­қ­пас­тық емес, шынайы ықы­лас, ыстық мей­ірім сезім­дері еді.

Біз­ге арналған мәде­ни шара­лар­дың бар­лы­ғын да Қызы­лор­да қала­лық пар­тия коми­теті идео­ло­гия бөлі­мінің хат­шы­сы Аңса­тов Сәду­ақас бастап жүр­ді. Алай­да сол күн­дер­де қысқа жау­ап­та­су­дан ары­ға бар­ма­ды, ешбір әңгі­ме­ге ара­лас­па­ды. Жәлел, Аман­гел­ді секіл­ді бас­шы қыз­мет­те­гі жігіт­тер біз­бен емен-жарқын сөй­лесіп, ара­сын­да әзіл­десіп жатқан­да да ләм демей, үнсіз жүр­ді. Қала­ның бір бас­шы­сы ретін­де арнайы кел­ген қонақтың жағ­дай­ын жасау мін­детін атқа­рып қана жүр­ген­дей көрін­ді. Шыным­ды айт­сам, сон­да: «Мына бір «жауқа­бақ», көзқа­ра­сы ауыр, үнде­мес жігіт­тің әде­би­ет­тен хаба­ры шама­лы, ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның уста­вы­нан басқа­ны оқы­маған, қара тыр­нағы­на дей­ін қатқан пар­то­крат болуы керек», – деп ойладым.

Біз бір­не­ше аудан­ды ара­лап, оқыр­ман­мен кез­де­су­лер өткізіп, Қызы­лор­даға қай­та кел­дік. Алма­ты­ға ора­ла­тын мерзім жет­кен­де, біз­ге арнап кең, мол дастарқан жай­ы­лып, маз­мұн­ды да мағы­на­лы оты­рыс бол­ды. Міне, сол кез­де әлгі «үнде­мес» жігіті­міз терең­нен толғап, тамы­ры­нан тар­та тер­ме­леп, мәнер­леп тұрып сөй­ле­ген­де, таңғалған­нан көзім төбе­ме шықты. Көлең­ке­ге қарап, көй­лек піш­кен­дей, адам­ды жете біл­мей тұрып, жан дүни­есін түсін­бей жатып, шолақ ойлап, шұғыл шешім жасаға­ны­ма қат­ты ұялдым.

Біз Сыр елі­нен руха­ни бай­ып қайт­тық, әйгілі сүлей­лер­дің жыр­ла­ры мен тер­ме­леріне сусын­дап, көкірек көзі­міз ашы­ла түсті. Біз шынайы достар тауып, өрісі­міз кеңей­іп қайттық.

Бақыт­жан еке­уміз талай жер­де құр­мет-қоше­мет көріп, талай адам­мен дәм­дес бол­дық. Әйт­се де, Сыр елі­нен тапқан доста­ры­мы­здай күні бүгін­ге дей­ін сый­ла­сты­ғы үзіл­ме­ген­дер кем­де-кем. Әсіре­се Аңса­то­втар әулеті­мен Момы­шұ­лы шаңы­рағы­ның ынты­мақ-бір­лі­гі бекі­ме­се, босаған емес. Кез кел­ген­ге бүй­ре­гі бұра бер­мей­тін Бақыт­жан­ның Сәду­ақас деген­де ықы­ла­сы ерекше еді. Сәкеңнің жүре­гін кір шал­маған таза­лы­ғын, досты­ққа берік адал­ды­ғын қат­ты баға­лай­тын. Әсілі, адам бой­ын­дағы асыл қаси­ет­тер – ар-ұят пен намыс, бұлар адам­ды нағыз адам ететін бел омыр­тқа тірек­тер. Сәду­ақа­ста осы тірек­тер­дің бәрі бар. Оның ойлау аясы кең, тір­шілік­те­гі сан алу­ан құбы­лы­старға өзін­дік ой-пікірі, өзін­дік жеке көзқа­ра­сы бар тұлға.

Сәкең – уызы­на жары­ған жан, өйт­кені ақын ана­сы Бибі­са­ра ана­мы­здың бесік жырын тың­дап, өлең­мен ауы­зданған. «Басын­да бұлағы бар өзен ұзақ аға­ды» деген – осы.

Ер-аза­мат­ты зор ететін де, қор ететін де – кей­де әйел­дер. Сәкең бұл жағы­нан да маң­дай­лы. Аза­ма­ты­ның басын ардақтап, жанын түсі­нетін Кен­же­дей ару­мен жұп­та­сып, өмір­дің ыстық-суы­ғын бір­ге көріп, ұлды ұяға, қызды қияға қон­ды­рған­да­ры үшін бақытты.

Бүгін – Сәду­ақа­стың мерей­лі күні! Атар таң­да­ры арай­лы, күн­дері шуақты бол­сын деп, ақ ниет, таза жүрек­пен тілеймін!

Зей­неп АХМЕТОВА,

Жазу­шы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн