Понедельник , 30 июня 2025

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚУДАЛАУ науқанын Кремль қоздыруда

  • Елі­міздің Сыр­тқы істер мини­стрі Мұх­тар Тіле­убер­ді­ге шұғыл қоңы­рау шалған Ресей СІМ-нің бас­шы­сы Сер­гей Лав­ров елде­гі орыс тілінің өрісі тары­лып жатқа­ны­на алаң­дай­ты­нын айт­ты деп хабар­лай­ды Dalanews.kz сайты.

«Қаза­қстан­дағы орыс тілінің құқы­ғы табанға тап­та­лып жатқа­ны күй­зел­те­ді. Мем­ле­кет­тік тіл­дің мүд­десін қорғау мақ­са­тын­да құры­лған тәу­ел­сіз ұйым­дар­ды “бесі­гін­де тұн­шы­қты­ру” керек. “Тіл май­да­ны” секіл­ді қозға­лы­стар екі елдің ара­сын­дағы қыл етпес татулы­ққа сызат түсіреді, олар­дың жолын кес­кен абзал. Ұлт­шыл­ды­қты қоз­ды­ру­дың артын­да Батыс пен АҚШ-тың сума­қай сая­са­ты жатуы әбден мүм­кін. Одақ­тас елдер­дің ара­сын­да тіл­дік фак­торға қаты­сты дау-дамай туын­да­мауы тиіс». – Елі­міздің сыр­тқы істер мини­стрі Мұх­тар Тіле­убер­ді­ге қоңы­рау шалған Сер­гей Лав­ро­втың сөз нұсқа­сы осындай.

«Қаза­қстан­дағы мем­ле­кет­тік тіл­ге мұр­нын шүй­і­ре қарай­тын меке­ме­лер­ді ара­лап, қазақ тілін­де қыз­мет көр­се­туді талап ететін тіл­дік пат­руль­дер­дің пай­да болуы Крем­ль­ге маза бер­мей отыр. Ресей СІМ-нің бас­шы­сы Сер­гей Лав­ров ілкі­де­гі мәсе­ле­лер­ді сөз етіп, елде­гі орыс тілінің жағ­дай­ы­на аса қат­ты алаң­дай­ты­нын айтып­ты» – деп жаза­ды осы орай­да Dalanews.kz. 

Қаза­қстан­да “Тіл май­да­ны” секіл­ді қозға­лы­стың құры­луы “орыс әле­міне” қауіп төн­діретін фак­тор деп санай­ды ресей­лік тарап. Осы­дан кей­ін-ақ тұр­мыстық қарым-қаты­на­ста қазақ тілінің қол­да­ны­лу аясы мен оның қазір­гі жағ­дай­ы­на қоғам­дық тек­серіс жүр­гіз­ген «Тіл май­да­ны» пат­рулі қаза­қстан­дық құқық қорғау орган­да­ры тара­пы­нан қуғы­нға түсті.

Еске сал­сақ, бұған дей­ін Кремль Қаза­қстан­дағы “Тіл май­да­ны” қозға­лы­сы­ның бел­сен­дісі Қуат Ахме­тов­ке шүй­лі­гіп, оған Ресей­ге кіру­ге 50 жылға тый­ым салған бола­тын. Ал соңғы бірер күн­де тараған ақпа­ратқа қараған­да, қаза­қстан­дық билік­тің баста­ма­сы­мен қозға­лы­стың жетек­шісі Қуат Ахме­тов­ке қаты­сты қыл­мыстық іс қозғалған.

Сая­сат­та­ну­шы Мұх­тар Сең­гір­бай осы нақұрыс науқанға бай­ла­ны­сты өз пікірін біл­дір­ді, деп жаза­ды Dalanews.kz:

«Аза­мат­тар кон­сти­ту­ци­я­ның орын­да­луын бақы­лау мақ­са­тын­да өз беті­мен баста­ма көтеріп, мем­ле­кет­тік тіл­дің мәр­те­бесін сау­ат­ты түр­де қорғап жүр. Қазақ тілін­де сөй­лей­тін­дер­дің құқы­қта­рын қорға­уға атса­лы­сып жүр. Аба­ев мыр­за мұны «үңгір ұлт­шыл­ды­ғы» деп ашық айт­ты. Аңда­май сөй­ле­ген жоқ, кәдім­гі арнайы хабар­да шеге­леп тұрып айт­ты. Енді мың жер­ден мақ­та­са да, жақ­та­са да, про­па­ган­да маши­на­сын қос­са да еш пай­да жоқ. Мем­ле­кет­тің тіл­ге қаты­сты сая­са­ты осы деген сөз», – дей­ді саясаттанушы.

Қалай болған­да да, өз жері мен өз елін­де өзінің қазақ тілін­де­гі тұр­мыстық қарым-қаты­на­сты жақтаған қоғам бел­сен­ділерін қуда­ла­у­ға Кремль­дің сая­сат­шы­ла­ры мұрын­дық болып оты­рға­ны айғақ. Ал қаза­қстан­дық билік бұл әпер­бақан және шови­ни­стік әрке­кет­ке қар­сы дәр­мен таны­та алмай отыр.

ДАТ-ақпа­рат.

«Еди­ная Рос­сия» «РУСОФОБ» заңын әзір­леді

  • Ресей­дің билік­те­гі “Еди­ная Рос­сия” пар­ти­я­сы “русо­фоб­тар­дың” елге кіруіне тый­ым сала­тын заң жоба­сын әзір­леді. Бұл жөнін­де Ресей мем­ле­кет­тік дума­сы­ның депу­та­ты, пар­ти­я­ның бас кеңесі хат­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Алек­сандр Хин­штейн өзінің теле­грам-арна­сын­да жаз­ды.

Оның айтуын­ша, жоба­да мына кате­го­ри­я­ларға жатқы­зы­лған шетел­дік­тер мен аза­мат­ты­ғы жоқ адам­дар­дың Ресей аумағы­на кіруіне тый­ым салынады:

  • Ұлт­тық, нәсіл­дік, діни және тіл­дік негіз­де басқа­лар­ды қор­лап, жұрт­тың ашу-ыза­сын туғызатындар;
  • Отан қорға­у­шы­лар тура­лы естелік­тер­ді, ұлы отан соғы­сы арда­гер­лерінің ар-намысы мен қадір-қаси­етін қор­лаған, Ресей­дің әске­ри даңқ сим­вол­да­рын маза­қтаған, әске­ри зират­тар мен ескерт­кі­ш­тер­ді бүл­дір­ген адамдар;
  • СССР-дың ұлы отан соғы­сы кезін­де­гі әре­кеті тура­лы көрі­неу жалған ақпа­рат таратқандар;
  • Наци­стік, экс­тре­ми­стік атри­бут пен сим­вол­дар­ды әзір­леп, наси­хат­тап, оны көр­сетіп жүретіндер;
  • Наци­стер­дің қыл­мысын қолдайтындар.

Бұл жоба бой­ын­ша “Ресей Феде­ра­ци­я­сы аумағы­нан шығу және Ресей Феде­ра­ци­я­сы аумағы­на кіру тура­лы” феде­ра­ция заңы­на өзгеріс енгі­зу көз­дел­ген. Депу­тат­тың айтуын­ша, өкілет­ті орган ретін­де Ресей ішкі істер мини­стр­лі­гі бұл баста­ма­ны қолдаған.

Депу­тат Хин­штейн­нің айтуын­ша, мұн­дай заң жоба­сын әзір­ле­у­ге “пост­со­вет­тік кеңістік­те­гі ашық русо­фо­би­я­лық әре­кет­тер” себеп болған. Ол нақты қан­дай оқиға­ны мең­зей­тінін тара­тып айтпады.

Мұн­дай заң бол­ма­са да, Ресей­дің ішкі істер мини­стр­лі­гі дүкен­дер мен мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­де қыз­мет­кер­лер­дің қазақ тілін мең­ге­руін тек­серіп видео түсіріп жүр­ген Қаза­қстан аза­ма­ты Қуат Ахме­то­втің Ресей­ге кіруіне 50 жылға тый­ым сал­ды. Бұған қоса Біш­кек­те­гі сауда орта­лы­ғын­да қырғыз­ша сөй­ле­ме­ген қыз­мет­кер­ді каль­ку­ля­тор­мен ұрған Қырғыз­стан аза­ма­ты­ның Ресей­ге кіруіне он жылға шек қойылды.

Өткен апта­да Ресей ішкі істер мини­стр­лі­гі “ұлт араз­ды­ғын қоз­ды­ра­тын мәлім­де­ме жасаға­ны үшін” Әзер­бай­жан­ның Бела­русь­те­гі бұры­нғы елшісі Исфанди­яр Вага­б­за­денің Ресей­ге кіруіне 40 жылға тый­ым сал­ды. Вага­б­за­де KANAL13 теле­ар­на­сын­да пост­со­вет­тік елдер­дің аумақтық тұта­сты­ғы­на шәк кел­тіріп жиі мәлім­де­ме жасай­тын Ресей­де­гі ЛДПР пар­ти­я­сы­ның бас­шы­сы Вла­ди­мир Жири­нов­ский­ді “кәрі есек” деп атаған және оның “өзі де, ұлты да шошқа сияқты сасық” деген.

Хин­штейн­нің айтуын­ша, Ресей­ге кіру құқы­ғы­нан айы­ры­ла­ты­ны өз алды­на, “русо­фоб мәлім­де­ме жасаған” әр адам­ның әре­кетіне сол елдің билі­гі құқы­қтық баға беруі тиіс. Ол сон­дай-ақ Ресей сыр­тқы істер мини­стрі Сер­гей Лав­ро­втың Қаза­қстан сыр­тқы істер мини­стрі Мұх­тар Тіле­убер­ді мен Қырғыз­стан сыр­тқы істер мини­стрі Рус­лан Қаза­қ­ба­ев­пен кез­дескенін, мини­стр­лер­дің тұр­мыстық ұлт­шыл­ды­ққа қар­сы тұру тура­лы айтқа­нын еске салды.

  • Тақы­рып­тың жалға­сы 11-бетте.

Бұл екі арада

Орта­лық Ази­яда АҚШ БАЗАСЫ ашыл­са, не болады?

  • Мәс­кеу Орта­лық Ази­ядан АҚШ әскерін көр­гісі кел­мей­ді. «Егер Орта­лық Ази­яда АҚШ әскері жүр­се, онда бұл аймақ шабуыл ныса­на­сы­на айна­ла­ды»,- деп мәлім­деді Ресей Сыр­тқы істер мини­стрі Сер­гей Лавров.

24 тамы­зда Буда­пешт қала­сын­да Вен­грия Сыр­тқы істер мини­стрі­мен келіс­сөз­ден кей­ін жур­на­ли­стер алды­на шыққан Лав­ров Ресей­дің Ұжым­дық қауіп­сіздік шар­ты келісі­мі бой­ын­ша Орта­лық Ази­ядағы пост­со­вет­тік рес­пуб­ли­ка­лар­мен “ортақ қауіп­сіздік кеңісті­гі” бар екенін еске сал­ды. Аталған әске­ри аль­ян­сқа Қаза­қстан, Қырғыз­стан, Тәжік­стан, Арме­ния, Бела­русь және Ресей кіреді.

Лав­ро­втың сөзін­ше, Ауған­стан босқын­да­рын бұл аймаққа орна­ла­сты­ру тура­лы АҚШ-тың ұсы­ны­сы Орта­лық Ази­ядағы тұрақты­лы­ққа қатер төн­діреді. Ресей Сыр­тқы істер мини­стрі «Орта­лық Азия елдері АҚШ әскерін орна­ла­сты­руға келі­се қал­са, сол сәт­тен бастап-ақ шабуыл ныса­на­сы­на айна­ла­ды” деп санайды.

Azattyq.org

Жеті­бай­да ЕРЕУІЛ басталды

  • Маңғы­ста­уда «West oil softwar» ЖШС жұмыс­шы­ла­ры жалақы­ла­ры­ның көтерілуін талап ету­де, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ «Лада» басы­лы­на сіл­те­ме жасап..

«Біз жалақы­мы­здың көтеріл­генін талап ете­міз және ҚР Еңбек кодексінің 103 бабы­на сәй­кес осын­дай қыз­мет­те­гі әріп­те­стері­міз­ден кем жалақы алғы­мыз кел­мей­ді», – дей­ді әле­умет­тік желі­де­гі бейне үнде­уде жұмыс­шы­лар. «Жалақы­мы­зды “Ойл Транс­порт Кор­по­рей­ш­эн” ком­па­ни­я­сы­мен теңе­стір­се, кемі 450–500 мың тең­ге ала­тын бола­мыз» дей­ді ере­уіл­ге шыққан мұнай­шы­лар­дың бірі.

Ере­уіл­ге бай­ла­ны­сты жұмысын тоқтатқан “West Oil Software” ком­па­ни­я­сы­ның бес жүз­ге жуық бұдан бөлек өздері құрған тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтың жұмысы­на жұмыс беру­шінің кедер­гі кел­тір­ме­уін де сұрай­ды, деп хабар­лай­ды Azattyq.org.

ДАТ-ақпа­рат.

«ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы бел­гілі жазу­шы, теле­жур­на­лист, пуб­ли­цист, ҚР еңбек сіңір­ген қайраткері

Сұл­тан Оразалиннің

дүни­е­ден өтуіне бай­ла­ны­сты, марқұм­ның отба­сы мен туған-туы­ста­ры­на қай­ғы­рып көңіл айтады.

«ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы бел­гілі жур­на­лист, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғы­ның лауреаты

Толқын Тәшімовтің

мезгілісіз қайтыс болуына байланысты, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына және ҚазТАГ агенттігі мен «Вечерний Алматы» газетіндегі әріптестеріне көңіл айтады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн