Четверг , 10 июля 2025

Қазақ халқының ел тарихы

Қазақ халқы­ның тарихы – терең әрі тағы­лым­ды, ғасыр­лар қой­на­уы­нан сыр шер­тетін ұлы шежі­ре. Бұл тарих – сақ пен ғұн дәуірі­нен баста­лып, түр­кі мем­ле­кет­тері, Алтын Орда, Қазақ ханды­ғы, пат­ша отар­лы­ғы, кеңе­стік кезең және Тәу­ел­сіздік­ке дей­ін­гі ұзақ жол­ды қам­ти­ды.

Сақтар мен ғұн­дар – көшпен­ді өрке­ни­ет­тің негізін қалаған, ерлік пен тәу­ел­сіздік­тің сим­во­лы­на айналған баба­ла­ры­мыз. Олар­дың жауын­гер­лік рухы мен елін қорға­уға деген сүй­іспен­шілі­гі кей­ін­гі ұрпаққа мұра болып қал­ды. Түр­кі қаға­на­ты тұсын­да қазақ дала­сы өрке­ни­ет пен мәде­ни­ет­тің орда­сы­на айнал­ды. Алтын Орда дәуірін­де де қазақ жері сая­си, мәде­ни, эко­но­ми­ка­лық жағы­нан күшті мем­ле­кет­тер қата­ры­на енді.

XV ғасыр­да Қазақ ханды­ғы құры­лып, халы­қтың ұлт­тық біре­гей­лі­гі мен тұта­сты­ғы айқын­да­ла түсті. Қасым хан­ның «Қасқа жолы», Есім хан­ның «Ескі жолы», Тәу­ке хан­ның «Жеті жарғы­сы» – құқы­қтық мем­ле­кет құру жолын­дағы алға­шқы қадам­дар еді. Бұл заң­дар әділет пен пара­сатқа негіз­деліп, ел басқа­ру­дың үлгісіне айнал­ды.

XIX ғасыр­да Кене­са­ры Қасы­мұ­лы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқы­ның отар­лық езгі­ге қар­сы күресінің шырқау шегі бол­ды. ХХ ғасыр­да Алаш қозға­лы­сы ұлт­тық мем­ле­кет­тілік­ті жаңғыр­ту­ды мақ­сат етті. Алаш ары­ста­ры – ұлт­тың шын жана­шыр­ла­ры, еркін­дік пен білім­нің жар­шы­ла­ры бол­ды.

1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі – еркін­дік үшін күре­стің жарқын көрінісі. Бұл оқиға қазақ жаста­ры­ның рухын, тәу­ел­сіздік­ке деген ұмты­лы­сын көр­сет­ті. Ақы­ры, 1991 жылы Қаза­қстан өз тәу­ел­сізді­гін алып, дер­бес мем­ле­кет­ке айнал­ды.

Қазақ халқы­ның тарихы – тек соғы­стар мен жеңістер ғана емес, бұл – ел болуға, тұта­стық пен бей­біт өмір­ге ұмты­лу­дың үлгісі. Тарих­ты білу – өткен­ге тағ­зым, бола­шаққа бағдар.

Сабы­р­жанқы­зы Нұрбибі

Республиканский еженедельник онлайн