Четверг , 10 июля 2025

Қазақ халқының рухани құндылықтары

Қазақ халқы­ның руха­ни әле­мі – оның бол­мысын, тір­шілі­гін, таны­мын айқын­дай­тын басты негіз­дер­дің бірі. Халы­қтың ғасыр­лар бой­ғы жинақтаған өмір­лік тәжіри­бесі мен дүни­е­та­ны­мы, адам­гер­шілік ұста­ным­да­ры, ар-ұят, иман­ды­лық, сабыр мен сөз­ге тоқтау сын­ды қаси­ет­тер – ұлт­тық руха­ни құн­ды­лы­қтар­дың өзе­гіне айналған.

Ар мен ұят – қазақ өмірінің темірқа­зы­ғы. «Иман жүзді», «ұят бола­ды» деген сөз­дер ұрпақтың бой­ы­на кіш­кен­тай­ы­нан сіңіріл­ген. Адам­ның мінез-құлқы мен сөзіне қарап оның тәр­би­есін, әдеп­тілі­гін, намысын баға­лаған. Сабыр­лы­лық – қиын-қыстау сәт­те де ұстам­ды­лық таны­тып, асы­ғы­стық жаса­мау. Ал сөз­ге тоқтау – қаза­қи дипло­ма­ти­я­ның бір көрінісі, бұл қаси­ет әрбір ер-аза­матқа қой­ы­лар басты талап­тар­дың бірі болған.

Руха­ни құн­ды­лы­қтар тек отба­сы, орта арқы­лы ғана емес, халық ауыз әде­би­еті арқы­лы да беріліп оты­рған. Жыр-тер­ме­лер, мақал-мәтел­дер, шешен­дік өнер, ерте­гілер – жас ұрпақты тәр­би­е­ле­удің құра­лы болған. Дом­бы­ра үні­мен жет­кен жыр­лар арқы­лы ерлік, адал­дық, махаб­бат, әділ­дік жай­лы тағы­лым­дар айты­лған.

Бүгін­гі таң­да да бұл құн­ды­лы­қтар­дың мәні жой­ы­лған жоқ. Қай­та заман ағы­мы­м­ен жаңа­рып, жаңа маз­мұнға ие болу­да. Қоғам­да болып жатқан түр­лі өзгерістер­ге қара­ма­стан, қазақ халқы өзінің руха­ни негізін сақтап қалуға тыры­су­да. Мек­теп бағ­дар­ла­ма­ла­рын­да, теле­бағ­дар­ла­ма­лар­да, түр­лі жоба­лар­да ұлт­тық тәр­би­енің жаңғы­ры­ғы бай­қа­ла­ды.

Руха­ни құн­ды­лық – бұл жай ғана ере­же емес, ұлт­тың жаны. Осы құн­ды­лы­қтар­ды сақтау – ұлт ретін­де жой­ы­лып кет­пе­удің алғы шар­ты. Ар-ұяты бар, иман­ды, пара­сат­ты ұрпақ тәр­би­е­леу – әр қаза­қтың боры­шы. Бұл – руха­ни биік­тік­ке ұмты­лған елдің басты мұраты.

Сабы­р­жанқы­зы Нұрбибі

Республиканский еженедельник онлайн