Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚ ҮКІМЕТІ

тағы да қазақ тіліне

ҚАРСЫ ШЫҚТЫ!

  • Тіл тура­лы тұжы­рым­да­ма­дан «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» заң­ды үкі­мет неге алып тастады?

2023 жылы 20 сәуір­де ҚР Ғылым және жоға­ры білім мини­стр­лі­гі Тіл коми­тетінің «Тіл сая­са­тын дамы­ту­дың 2023–2029 жыл­дарға арналған тұжы­рым­да­ма жоба­сын бекіту тура­лы» ҚР Үкі­метінің қау­лы жобасынан 

«Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» арнайы Заң әзір­леу – маңы­зды мәсе­ле» деген ең басты тұжы­рым алы­нып тасталды!

Тіл тұжы­рым­да­ма­сы 2023 жылғы 11 сәуір­де ашық нор­ма­тив­тік-құқы­қтық актілер пор­та­лын­да (Ашық НҚА пор­та­лы) жарияланған.

Соны­мен қатар ҚР Пре­зи­ден­тінің жанын­дағы Мем­ле­кет­тік басқа­ру ака­де­ми­я­сы­на сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы ғылы­ми сарап­та­маға, Ғылым және жоға­ры білім мәсе­ле­лері жөнін­де­гі қоғам­дық кеңес­ке, «Ата­ме­кен» ұҰлт­тық кәсіп­кер­лер пала­та­сы­на және ҚР Жоға­ры оқу орын­да­ры­ның қауым­да­сты­ғы­на сарап­та­маға жолданды.

Қоғам тара­пы­нан 11–24 сәуір ара­лы­ғын­да ашық пор­тал­да Тұжы­рым­да­ма жоба­сы­на 4103 қара­лым жаса­лы­нып, 126 пікір түсті. Бар­лы­ғы­на жау­ап берілді.

Пікір­лер негізі­нен Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­дау, Тіл оқы­ту орта­лы­қта­ры оқы­ту­шы­ла­ры­ның мәр­те­бесін айқын­дау, жалақы­ла­рын көте­ру, латын әлі­п­биіне көшу мәсе­ле­лерін қолдаған.

Ешқан­дай түбе­гей­лі қар­сы пікір­лер жазыл­маған. 4103 қара­лым­ның бар­лы­ғы қол­дап, ешкім қар­сы шық­паған. Тек 11 диз­лайк қана бар.

ҚР Үкі­метінің қаулы­сы жобасында:

«Тіл­дік, этно­де­мо­гра­фи­я­лық және сая­си жағ­дай­лар­ды еске­ре келе, қаза­қстан­дық қоғам­ның біре­гей­лі­гін нығай­ту фак­то­ры болып табы­ла­тын «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» арнайы Заң әзір­леу – маңы­зды мәселе.

Мұн­дай Заң мем­ле­кет­тік тіл ретін­де қазақ тілінің мәр­те­бесін нақты бел­гіле­у­ге, оны пай­да­ла­ну сала­сын айқын­да­уға, қол­да­ныс мәде­ни­етін арт­ты­руға зор мүм­кін­дік­тер береді. Аталған Заң­ды қабыл­да­удың алғы­шар­тта­рын қалып­та­сты­ру жұмыста­ры кезең-кезеңі­мен жүр­гізілетін бола­ды», – деп тай­ға таң­ба басқан­дай айқын жазы­лған болатын!

Осы «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» арнайы Заң әзір­леу – маңы­зды мәсе­ле» деп баста­ла­тын ең басты тұжы­рым жоба­ның «Тіл сая­са­тын дамы­ту­дың негіз­гі қағи­дат­та­ры мен тәсіл­дері» деген 5‑бөлімінің «Тіл­дік ортаға негіз­дел­ген тіл сая­са­тын жүр­гі­зу» атты 1‑тарауының «Мем­ле­кет­тік тіл және қоғам­дық сала­лар» деген 3‑параграфынан алы­нып таста­лып отыр.

Тұжы­рым­да­ма жоба­сы­ның алға­шқы дұрыс нұсқа­сы Ашық НҚА пор­та­лы­на 11 сәуір күні орна­ла­сты­рыл­ды. Ал Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­дау қажет деген талап­ты алып тастап, өзгер­тіл­ген бұрыс нұсқа­сы 20 сәуір күні қай­та орналастырылды.

Үкі­мет не үшін алып таста­ды Тұжы­рым­да­ма­дағы Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­дау керек деген талапты?!

Тұжы­рым­да­ма­дағы «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» арнайы Заң әзір­леу – маңы­зды мәсе­ле» деген ең басты талап­ты елдің бәрі талқы­лап, қол­дап жатыр ғой?! 

1. Сон­да үкі­мет халық тала­бы­на қар­сы ма?

2. Әлде Тәу­ел­сізді­гіне 32 жыл­дан асса да, көлең­кесі­нен қорқа­тын біздің билік Тұжы­рым­да­ма­ны қарап, қол­даған 4103 адам­ның 4092 ада­мын есеп­те­мей, қар­сы басы­лған 11 диз­лайк­тан шошып отыр ма?

3. Жоқ, Қазақ қазы­на­сы­нан тен­дер алып отыр­са да, Қазақ тіліне қар­сы шығу­ды әдет­ке айнал­ды­рған, жал­пы ұлт мүд­десіне қар­сы жұмыс істей­тін 3 сайт­тың сыны­нан қорқып отыр­сыздар ма?

Онда бұл масқа­ра әшке­ре­лен­ген соң бас көте­ретін қаза­қтіл­ді жүз­де­ген БАҚ пен мил­ли­он­даған нара­зы­лық таны­ту­шы­ларға не дей­сіз­дер ертең, Көл­гі­нов мыр­за мен Бала­е­ва ханым?!.

Біз бұл мәсе­лені тек­ке айтып оты­рған жоқ­пыз. Өйт­кені біздің Қазақ билі­гінің Қазақ тіліне – Мем­ле­кет­тің Мем­ле­кет­тік тіліне қар­сы шығып оты­рға­ны бір бұл емес!

1. Бұры­нғы­лар­ды айт­паған­да, бер жағы­нан бас­та­сақ, 2011 жылы елде қоғам­дық резо­нанс туды­рған, Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­да­уды талап етіп, Пре­зи­дент­ке жазы­лған әйгілі 138-дің хаты жазы­луы­на да тура осы Үкі­мет­тің өзінің тура осын­дай 2010–2020 жылға арналған Тіл тура­лы мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы­нан өздері ұсы­нған талап­ты алып таста­уы бола­тын. Тіл бағ­дар­ла­ма­сын­дағы «2013 жыл­дан бастап халы­қ­пен, көп­шілік­пен тығыз жұмыс істей­тін меке­ме­лер­дің бар­лы­ғы тек мем­ле­кет­тік тіл­де жұмыс істей­ді» – деген талап­ты орыс тіл­ді тролл­дар­дың сыны­нан қорқып алып таста­ды. Ал орыс тіл­ділер­дің қар­сы­лы­ғын оншақты есе көп басым дауы­спен басып тастаған қазақ тіл­ді қауы­мға қараған жоқ! Өйт­кені біздің билік о бастан бүгін­ге дей­ін тек орыс тілін­де­гі кон­тент­ті ғана оқи­ды. Сол кез­де біз Ашық хат жазып, Мұх­тар Шаха­нов бастаған ұлт жана­шыр­ла­ры митин­гі­ге шыққан бола­тын­быз. Бес мыңға жуық халық «Сары­арқа» кино­те­ат­ры­ның артын­дағы алаң­да билік­ке ел тала­бын жет­кізді. Бұл Ашық хат­ты мыңға жуық ел қолдады.

2. 2017 жылы баста­лып, 2018 жылы және 2020 жылы жалғасқан Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­да­уды талап етіп, Пре­зи­дент­ке жазы­лған Ашық хатқа әлем­ге әйгілі жүз­де­ген ұлт зия­лы­ла­ры бастап, бүгін­де 130 мыңға жуық адам қол қой­ды. Бұры­нғы меже­лер­ден 1000 есе­дей көп тари­хи рекорд­тық дең­гей­ге жетіп отыр. Ұлт мүд­десі үшін бұрын мұн­ша­лы­қты қалың қол жиналған емес. Бұлар тек интер­нет­ке қолы жет­кен­дер ғана. Бұл бір­жа­рым айда ғана 122 мыңға жет­кен. Ел пат­ри­от­та­ры артын­да смарт­фон пай­да­ла­на алмай­тын мил­ли­он­даған халық тұрға­ны айқын. Бұл қалың қол ішін­де тек қаза­қтар ғана емес, әртүр­лі ұлт өкіл­дері де (50-ге жуық) жет­кілік­ті. Бел­гілі жур­на­лист, қоғам қай­рат­кері Мак­сим Рожин бастаған көп­те­ген орыс ұлты өкіл­дері де Мем­ле­кет­тік тіл­ді талап еткен Ашық хат­ты қол­дап, қол қой­ып, нағыз отан­шыл пат­ри­от­ты­қта­рын көрсетті. 

Яғни, Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­дау күн тәр­тібін­де күн­нен-күн­ге күшей­іп келе жатқан ең өзек­ті мәсе­ле болып тұр. Сон­ды­қтан да «Қазақ үні» пор­та­лын­да 1 мил­ли­онға жуық адам оқып, 1 мыңға жуық пікір жазы­лып, қол­дау біл­діру­де. Әле­умет­тік желілер­де­гі қап­таған қол­да­у­шы­лар­дың санын есеп­теу мүл­де мүм­кін емес.

Дәл бүгін қол қою­шы­лар саны 129 602 ада­мға жетті.

Былтыр 2022 жылғы 27 сәуір­де Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң­ды талап еткен «Ақ жол» фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­тық сау­а­лын Мәжілісте­гі 4 фрак­ци­я­ның 41 депу­та­ты қол­дап қол қой­ды. Ал осы депу­тат­тық сау­ал­да көтеріл­ген Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­да­уды талап еткен его­втағы пети­ци­я­ны қол­да­у­шы­лар бір айда 500 мың­нан, яғни жар­ты мил­ли­он­нан асып кетті.

Ал енді салы­сты­ры­ңы­здар, билік­те­гі мыр­за­лар, 3 сайт, 11 диз­лайк пен 130 мың­нан – 500 мыңға дей­ін қол қою­шы­лар­дың қай­сысы басым екенін?!.

Бұл тура­лы өткен­де Пар­ла­мент­ке жаңа үкі­мет құра­мы­на бекітілу­ге кел­ген­де Үкі­мет­тің вице-пре­мьері Алтай Көл­гі­нов­ке де, ҚР Ғылым және жоға­ры білім мини­стрі Сая­сат Нұр­бек­ке де айтылды.

Осы Тіл тұжы­рым­да­ма­сы жоба­сын­да біз талай мысал еткен Малай­зи­я­ның мем­ле­кет­тік тіл­ді дамы­туы жақ­сы келтірілген.

«Алыс шетел­дер­ден тіл сая­са­тын­дағы нәти­желі тәжіри­бені Малай­зия үлгісі­нен көре­міз. Тәу­ел­сізді­гін алған малай­лар 1963 жылы 30 %-ті құра­са, қытай­лар 60 %-ке жуық болған. «Малай­зия тілі мен әде­би­еті бой­ын­ша кеңес» атты ғылы­ми-зерт­теу және бас­па орта­лы­ғы құры­лып, елде­гі тіл сая­са­тын жүзе­ге асы­ру, ғылы­ми, әдісте­мелік және ұйым­да­сты­ру жұмыста­ры осы меке­ме­ге жүк­тел­ген. Кеңе­стің тиім­ді жұмысы­ның нәти­же­сін­де мем­ле­кет­тік тіл деп жари­я­лаған малай тілі қоғам­ның бар­лық сала­сын­да жетек­ші тіл­ге айналған. Малай­зи­яда тек малай тілі мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­ге ие. Қазір­гі кез­де малай­лар жал­пы халы­қтың 60 %-ын, қытай­лар 22,6 %-ын, ал ондаған ұлт­тар қалған бөлі­гін құрайды.

Малай тілін дамы­ту­дың тәжіри­бесін Қаза­қстан­да қол­да­нуға бола­ды», – дейді.

Ал Қаза­қстан­да қазір қаза­қтар­дың саны 70 пай­ы­здан асып кетті.

  • Біздің талап: Тіл тұжы­рым­да­ма­сы 2023 жылғы 11 сәуір­де­гі баста­пқы нұсқа­сы қай­та қой­ы­лып, тұта­стай қабыл­да­нуы тиіс!

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаттары:

Қазы­бек ИСА

Мак­сим РОЖИН

Ермұрат БАПИ

Самат МҰСАБАЕВ

Ринат ЗАЙЫТОВ

Мақ­сат ТОЛЫҚБАЙ

Еділ ЖАҢБЫРШИН

Нар­тай СӘРСЕНҒАЛИЕВ

Асқар САДЫҚОВ

Ержан БЕЙСЕНБАЕВ

Нұр­лан ӘУЕСБАЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн