Вторник , 13 мая 2025

Қазыбек Иса: Қазақ тілін міндеттейтін ЗАҢ ҚАБЫЛДАМАЙ, мәселе ешқашан шешілмейді

  • Бұған дей­ін Қаза­қстан Пар­ла­мен­ті депу­тат­та­ры ара­сы­нан «ДАТ» газетіне сұх­бат беру­ден (2000-жыл­дар­дың басын­да) қай­мы­қ­паған әйгілі Серік­бол­сын аға Әбділ­дин мен атақты «ДВК» қозға­лы­сын құру­шы­лар­дың бірі Төлен Тоқ­та­сы­но­втан басқа депу­тат ата­у­лы бол­маған еді. Енді, міне, жаңа­дан сай­ланған ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Қазы­бек Иса біздің газет­ке сұх­бат беру­ден жал­тар­ма­ды. Төмен­де жари­я­ла­нып оты­рған, Қазы­бек мыр­за­мен болған әңгі­менің көле­мі кең болған­ды­қтан, бұл сұх­бат­ты газет­тің екі нөміріне бөліп жари­я­лап отырмыз. 

– Қазы­бек мыр­за, ең алды­мен пар­ла­мент­те­гі депу­тат­тық ман­дат­ты ел мүд­десіне сай қол­да­нып жатқан бета­лы­сы­ңы­зға риза­шы­лық біл­діре­міз! Жал­пы, өзі депу­тат болған қалай екен?

– Мен де алды­мен, Ере­ке, пар­ла­мент­те­гі бета­лы­сы­мы­зға бер­ген бағаңыз үшін өзіңіз­ге рах­мет айтамын!

Жал­пы, Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­та­ты жоға­ры мем­ле­кет­тік қыз­мет болған­ды­қтан, өзін­дік ерекшелік­тері бар. Менің еңбек тәлі­мім 37 жыл екен. Соның алға­шқы 7 жылы ғана мек­теп­те мұғалім болған­ды­қтан, бәрі уақыт кестесі­мен бел­гі­лен­ген еді. Ал қалған 30 жылым­да өз еркім – өзім­де, уақы­тқа тәу­ел­сіз еркін қыз­мет­тер­де жүр­ген екен­мін. Енді осы депу­тат­тық қыз­мет­те бел­гілі уақыт­тар жүй­есі­мен жүріп-тұруға бей­ім­де­лу­ге тура келуде.

Ал депу­тат­тық ман­дат­тың маңы­зы­на кел­сек, көте­рер жүгім бір­не­ше есе ауыр­ла­ды деп ойлай­мын. Мыса­лы, Ере­ке, біз бұған дей­ін де ұлт­тық мүд­де­мізді қорғау жолын­да күресіп келе жатыр­мыз. Ол кез­де менің өз еркім – өзім­де еді. Енді мен депу­тат­тық ман­датқа ие болған соң, ұлт­тық мүд­де жолын­да күре­су­ге тіке­лей мін­дет­ті­мін. Осын­дай жау­ап­кер­шілік­ті сезі­ну біраз күш-жігер мен қай­рат-қабілет­ті, тыным­сыз және тыныш­сыз жұмысты талап ете­ді. Бұрын жұрт маған қоға­мға өз үнін біл­діріп жүр­ген ақын, қалам­гер-қай­рат­кер деп қара­са, енді депу­тат деп қарай­ды да, бәріне жау­ап беру­ге мін­дет­ті деп ойлап, арта­тын жүк­тері де өте көбей­іп тұр.

Депу­тат­тық жұмысқа кел­сем, негізі 4–5 заң жоба­сы­ның жұмыс тобы мүше­сі­мін. Оның ішін­де Пар­ла­мент Мәжілісінің әле­умет­тік-мәде­ни даму коми­тетін­де­гі «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне көр­некі ақпа­рат мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» ҚР Заңы­ның жоба­сы бірін­ші оқы­лым­да мақұлданды.

Бұл заң жоба­сы нағыз менің тақы­ры­бым десем де бола­ды. Сон­ды­қтан ол заң жоба­сы­на бел­сене ара­ла­су­да­мын. Жұмыс тобы­ның мүше­лері 40-қа жуық ұсы­ны­стар жаса­ды. Ол енді екін­ші оқы­лым­да қаралады.

Бұл заң жоба­сы қазақ тілінің қол­да­ны­лу аясын кеңей­ту­ге де бай­ла­ны­сты ғой?

– Әлбет­те! Қазір, мыса­лы, басқа­сын айт­паған­да, күн­делік­ті дүкен­дер­де тау­ар баға­ла­ры­ның қазақ тілін­де жазыл­мауы көп дау туды­ру­да. Бұл мәсе­лені бұрын жер­гілік­ті әкім­дік­тер­дің Тіл­дер басқар­ма­сы бақы­лай­тын. Бұл бақы­ла­у­шы­лық функ­ция 2013 жылы енгізіліп, «екі жыл­да ешқан­дай шағым түс­пе­ген» деген сыл­та­у­мен 2015 жыл­дан бері Кәсіп­кер­лік кодексі­нен алы­нып тасталған. Ал 2018 жыл­дың алты айы ішін­де елі­міз­де жар­на­ма мәтін­дерін заң­на­ма талап­та­рын бұза оты­рып, рәсім­де­удің 13 мың­дай фак­тісі аны­қталған. Соңғы жыл­да­ры көр­некі ақпа­рат­тың дұрыс рәсім­дел­ме­уіне қаты­сты аза­мат­тар­дың уәкілет­ті және жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дарға өтіні­ш­терінің саны өсу­де. Айта­лық, 2018 жылы – 12 886 өтініш, 2019 жылы – 12 900, 2020 жылы – 1050 өтініш (каран­тин кезеңіне бай­ла­ны­сты азайған).

Енді сол бақы­лау функ­ци­я­сын Тіл басқар­ма­ла­ры­на қай­тар­ма­сақ, жағ­дай күн­нен-күн­ге қиын­дап келеді. Заң­ды қадаға­лау орын­да­ры­нан қай­ыр бол­маған соң, Мем­ле­кет­тік тіл­дің көп­шілік орын­дар­да қол­да­ны­луын талап етуді халық өз қолы­на алу­да. Аста­на­мыз Нұр-Сұл­тан қала­сын­да да, Алма­ты­да да, Пав­ло­дар, Өске­мен, т.б. қала­лар­да дүкен­дер­де баға­ның мем­ле­кет­тік тіл­де жазыл­мауы және сол дүкен­дер мен емха­на­лар­да, жола­у­шы­лар көлік­терін­де Қазақ мем­ле­кетінің мем­ле­кет­тік тілі қол­да­ныл­мауы­на бай­ла­ны­сты нара­зы­лы­қтар әле­умет­тік желілер­де көбей­іп тұр. Пав­ло­дар­да – Руза Бей­сен­бай­те­гі, Өске­мен­де – Жұл­ды­зай Форт, Нұр-Сұл­тан­да – Жасұлан Иса, Оғыз Доған, Мұқаға­ли Балқы­бай және т.б., Алма­ты­да – Қуат Ахмет, Садық Жаны­құл, Жанар Жахат секіл­ді тіл қорған­да­ры­ның қай­рат-қаре­кет­тері «Қазақ үні» ұлт­тық пор­та­лы бастаған көп­те­ген сайт­тар­да да жиі жазылуда.

– Деген­мен, әсіре­се тұты­ну орын­да­рын­да қазақ тілін­де қыз­мет көр­сет­пеу жағ­дай­ла­ры­на бай­ла­ны­сты дау-дамай жиі көтерілетіні жасы­рын емес қой…

– Көп жер­де осын­дай заң­ды талап­ты орын­да­май, дау туды­руға себеп­кер болған дүкен иелері өздерінің кінәсін біл­мей, бір­ден поли­ция шақы­ра­ды. Ал жетіп кел­ген біздің поли­ция тұты­ну­шы­ның тала­бы заң­ды екенін өздері де біл­мей, сату­шы­ға қосы­лып, «біз­де – екі тіл» деп жалған айтып, тұты­ну­шы­ны поли­ция бөлім­ше­сіне сүй­рей жөне­леді. Орыс тілі біз­де­гі Тіл заңы мен Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша тек мем­ле­кет­тік меке­ме мен жер­гілік­ті басқа­ру орган­да­рын­да ресми тіл ретін­де қол­да­ны­ла­ды. Ал дүкен­дер мен жеке емха­на­лар, жола­у­шы­лар көлік­тері мем­ле­кет­тік меке­ме емес, сон­ды­қтан олар­да тек мем­ле­кет­тік тіл ғана қол­да­ны­луы керек екенін түсін­діріп бере ала­тын дең­гей­ге біздің поли­ция да, жеке мен­шік кәсі­по­рын­дар мен меке­ме бас­шы­ла­ры да жет­кен жоқ. Ал Тіл басқар­ма­ла­ры қол­да­рын­дағы ондай бақы­ла­у­шы­лық құзірет­тен айы­ры­лып қалған.

– Шығар­ма­шы­лық пен газет­те­гі жұмысы­ңы­зға депу­тат­тық мін­дет кесірін тигізіп жатқан жоқ па?

– Иә, ол да бар. Әсіре­се шығар­ма­шы­лы­ққа еркін уақыт керек қой, сол жет­пей қала­ды. Бұрын мен түн­гі 3–4‑ке дей­ін, кей­де тіп­ті таңғы 5–6‑ға дей­ін жұмыс істей беретін­мін. Енді олай құла­шты еркін сіл­теп жазуға не оқуға оты­ра алмай қал­дым. Өйт­кені таңер­тең 7‑де тұруың керек. Жұмысқа бару керек. Сон­ды­қтан ары кет­кен­де түн­гі сағат екі жарым­дар­да ұйы­қта­уға тура келеді. Деген­мен, шабы­тым кел­ген­де күй талға­май­мын, жазып қалуға тыры­са­мын. Елу­ге толып, ел газет­теріне сұх­бат бер­ген­де айтып едім – менің ең күшті өлең­дерім пой­ы­здағы төсек­тің екін­ші қаба­тын­да жазы­лған деп…

Ал «Қазақ үні» газетіне кел­сек, депу­тат­тың ондай жеке кәсіп­пен айна­лы­суы­на бол­май­ды. Сон­ды­қтан сай­лау басталған кез­де газет­тің ұйым­да­сты­ру­шы­лық басқа­ру тіз­гінін газет­те бұрын­нан мене­джер болып істеп жүр­ген ұлым Қаны­шқа сенім­ді басқа­руға өткіз­ген­мін. Шығар­ма­шы­лық пен «Қазақ үні» газетінің жағ­дайы қазір осын­дай, Ере­ке. Мен де сіз секіл­ді «Бас редак­тор» емес, «Бас оқыр­ман­мын» бүгін­де. Бас редак­тор – өзіңіз жақ­сы білетін, елге бел­гілі жур­на­лист-жазу­шы Құл­төлеу Мұқаш.

– Ал енді өткен апта­да Қан­дастар көшіне бай­ла­ны­сты ҚР пре­мьер-мини­стрі Асқар Мамин­ге жол­даған сау­а­лы­ңыз тура­сын­да біл­гі­міз келеді. Мұн­дай депу­тат­тық талап негізін­де­гі сау­а­лы­ңы­зға қан­дай жағ­дай­лар түрт­кі болға­нын газет оқыр­ман­да­ры үшін айтып берсеңіз?

– Әлем­де қан­дай ел бол­са да, ұлт­тық қауіп­сізді­гін сақта­удағы басты фак­тор­лар­дың бірі – демо­гра­фи­я­лық аху­ал болып табы­ла­ды. Аумағы бой­ын­ша әлем­де 9‑орынды, халық саны бой­ын­ша 64-орын­ды иелен­ген Қаза­қстан әлем­де халы­қтың орта­ша тығы­зды­ғы бой­ын­ша БҰҰ таны­ған 195 тәу­ел­сіз елдер тізі­мін­де 184-орын­да. Біз­де бір шар­шы км – 6,7 адам­нан келетін бол­са (Өзбек­стан­да – 76 адам), әлем­дік орта­ша көр­сет­кіш – 56 адам. 2012 жыл­дан бері мигра­ци­я­ның теріс айыр­ма саль­до­сы 30 мың­ның үстіне шықты, соның сал­да­ры­нан сырт елдер­мен шека­ра­лас сол­түстік пен шығыс өңір­лер­де ауыл­дар босап қалуда.

«Отан­дастар» қоры мәлі­метін­ше, шетел­дер­де 7 млн-ға жуық қазақ тұра­ды. Бұл қазақ халқы­ның 50% пай­ы­зға, яғни жар­ты­сы­на жуы­ғы. Олар­дың алдағы уақыт­тар­да асси­ми­ля­ци­яға ұшы­рау қау­пі өте жоға­ры. Демо­гра­фи­я­лық аспек­ті­де қазақ ұлты үшін бұл үлкен әле­ует болып табы­ла­ды. Қазір Қаза­қстанға қоныс ауда­руға ынта­лы шетел­дік қаза­қтар­дың саны 1,5 млн ада­мға жуы­қтай­ды. Осы ада­ми ресур­сты біз неге дұрыс пай­да­лан­бай­мыз? Кім кедергі?

1991 жылы басталған Ұлы көш­ке де биыл 30 жыл толады.

Осы уақыт­та елі­міз­ге 1 мил­ли­он­нан астам қан­даста­ры­мыз кел­ді. Алай­да соңғы жыл­да­ры көші-қон тым бая­у­лап, кедер­гі қат­ты көбей­іп тұр. 1993–2021 жыл­дар ара­лы­ғын­дағы бөлін­ген кво­та кестесіне қара­сақ, адам саны 100 есе­дей азай­ып кет­кен! 1993 жылы енді ел болып, есі­мізді жиып, ете­гі­мізді жауып жатқан­да, 60 мың­дай (10 мың отба­сы), 2009 жылы 100 мың­нан аса адам (20 мың отба­сы) қабыл­даған Қаза­қстан ел Тәу­ел­сізді­гінің 30 жыл­ды­ғын­да 1426 ада­мға ғана кво­та бөл­ді. Осын­ша­ма, бұры­нғы меже­ден 100 есе­дей азай­ып, анти-рекор­дқа жететін­дей, басы­мы­зға не күн туды?

– Сіздің ойы­ңыз­ша, қан­дастар­ды Қаза­қстанға көші­ру мәсе­лесінің тіп­тен саябыр­сып қалуын­да қан­дай себеп­тер болуы мүмкін?

– Бұның бір­ден-бір себебі – кезін­де­гі Көші-қон агент­ті­гінің жой­ы­лып, мигра­ци­я­мен айна­лы­су – әр мини­стр­лік­ке, кво­таға ұсы­ныс беру – әр облыс әкім­шілі­гіне беріл­гені­нен болып тұр. Әкім­дер шетел­де­гі қан­даста­ры­мы­зды шақы­руға олар­ды орна­ла­сты­ру­дың қиын­ды­ғы­нан қашып, елдің ыры­сын емес, жан­ның тыны­шын ойлап оты­рған­ды­қтан, бар­лық облы­стар­да кво­та бөлу күрт төмен­деп кет­кен. Мыса­лы, Аты­рау мен Батыс Қаза­қстан облы­ста­ры 2017–2021 жыл­да­ры бес жыл қата­ры­нан кво­та бөлу­ге бір­де-бір адам ұсын­баған. Ол облы­старға елі­міздің стра­те­ги­я­лық мақ­са­ты – халқы­мы­здың санын қан­даста­ры­мы­з­бен көбей­тудің қажеті бол­маға­ны ма?

Ал 2012–2017 жыл­дар ара­сын­да қата­ры­нан 6 жыл бойы елі­міз бой­ын­ша қан­дастар­дың келуіне бір­де-бір кво­та бөлінбеген?!.

Бұл келеңсіздік­тің себебі, кей­бір болжам­дар бой­ын­ша, Жаңаө­зен оқиға­сын­да нара­зы­лы­ққа шыққан­дар­дың дені қан­дастар деген лақап­тың жоға­ры­ға жетуі көш­ке тұсау сал­ды деген де сөз бар.

Бүгін­де көштің бұлай саябыр­сып қалуы елдің бәрін алаң­да­ту­да. Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың өзі де «Тәу­ел­сіздік бәрі­нен қым­бат» атты мақа­ла­сын­да: «Соңғы жыл­дар­да түр­лі себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты бәсең­деп қалған қан­дастар көшін барын­ша қол­дап, олар­ды сол­түстік және шығыс өңір­лер­ге орна­ла­сты­ру­ды жан­дан­ды­ра­мыз» деп атап көрсетті.

Демек, жал­пы айтқан­да, бүгін­гі күн­де­гі кво­та жүй­есі мем­ле­кет­тің көші-қон және демо­гра­фи­я­лық сая­са­ты­на ешқан­дай оң әсерін бер­ме­уде. Сон­ды­қтан бүгін­де бір­не­ше мини­стр­лік­ке шашы­рап кет­кен басқар­ма­лар­ды бір органға жинап, Демо­гра­фия және көші-қон жөнін­де­гі агент­тік­ті қай­та құру керек. Қан­дастар­ды қабыл­дау кво­та­ла­рын жылы­на 20 мың отба­сы­на – 100–120 мың ада­мға жет­кі­зу керек.

Бірін­ші­ден, елге көшіп кел­ген қан­дастарға бір­ден аза­мат­тық ста­тус ешқан­дай әуре-сар­саң­сыз берілуі керек. Екін­ші­ден, қан­даста­ры­мы­зға аза­мат­тық алу­да жинай­тын қап­таған құжат саны аздай, кей­ін­гі кез­де тағы бір қиын кедер­гі – шетел­де­гі Қаза­қтар­дың өздерінің қазақ екенін дәлел­деу, оны құжат жүзін­де рәсім­деу ең басты мәсе­ленің бірі болып отыр.

Қаза­қтың қазақ екенін рас­тай­тын ол құжат­ты бұрын 1992 жылғы 23 қыр­күй­ек­те шыққан Үкі­мет­тің №791 қаулы­сы­на сәй­кес «Дүние жүзі қаза­қта­ры­ның қауым­да­сты­ғы» беретін.

Бұл жұмыстар 2017 жылға дей­ін заң­ды негізі бол­ма­са да, қалып­тасқан тәжіри­бе ретін­де жалға­сып келген.

Қауым­да­стық тара­пы­нан аны­қта­ма беру тоқтаған­нан кей­ін, мәсе­ле қан­дастар ара­сын­дағы қоғам­дық аху­алға әсер ете баста­ды, әле­умет­тік желілер­де үлкен талқы­ға түсіп, резо­нан­стық жағ­дай­лар бүгін­гі күн­ге дей­ін жалға­сып келеді.

Соны­мен, 2017 жыл­дан кей­ін 4 жыл­да бұл шару­а­мен ешкім айна­лы­спай, ақы­рын­да қазақ екенін дәлел­дей­тін аны­қта­ма ала алмай, қан­ша­ма қазақ Қазақ еліне келе алмай жүр, кел­гені әлі аза­мат­тық ала алмай жүр.

Сон­ды­қтан «этни­ка­лық қазақ» екен­ді­гін дәлел­дей­тін құжат­ты беру меха­низ­мін тез ара­да дұрыс жолға қой­ма­сақ, алдағы аз уақыт­та көп қан­даста­ры­мы­зды «жоғал­тып алу» қау­пі бар.

Шетел­де­гі қан­дастар Қаза­қстанға келуі үшін тағы бір кедер­гі – олар­дың мұн­да тіке­лей туы­сы болуы керекті­гі. Бір түсініксізді­гі – бұл талап­ты шетел емес, біздің ел қой­ып отыр.

Иә, қан­дастар­ды, мем­ле­кет бас­шы­сы айтқан­дай, әсіре­се елдің халық аз қоны­станған сол­түсті­гі мен шығы­сы­на қоны­стан­ды­ру керек. Жам­был ауда­ны­ның (СҚО) Ека­те­ри­на ауы­лын­да бар­лы­ғы 100-дей отба­сы бол­са, 80-дей үй бос тұр. Ғ.Мүсірепов ауы­лын­да үлкен мек­теп­те 35 бала ғана оқи­ды. С.Мұқанов ауы­лын­да 35 отба­сы ғана бар.

Бұл өңір­лер­де­гі ауыл­дар­да бос қалған жап-жақ­сы үйлер­дің баға­сы 200–500 мың тең­генің ара­сы. Ал әкім­дік салып беріп, қан­дастарға ұсы­нып жатқан үйлер­дің баға­сы 7,5 млн тең­ге!.. Бас­па­на алу үшін қан­дай адам баға­сы 40 есе қым­бат үйге ұмтылады?

Қарап отыр­сақ, біздің үкі­мет­тің талап­та­ры мен ере­же­лері бір-біріне қара­ма-қай­шы. Елге кел­ген қан­дастар мал жай­ы­лы­мы үшін әкім­дік­тен жер сұра­са – жер бер­мей­ді, өйт­кені жер беруі үшін, оның малы болуы керек екен. Өзі зорға жет­кен қан­да­ста қан­дай мал болуы мүм­кін?!. Мал алай­ын десе, банк несие бер­мей­ді, өйт­кені несие алу үшін кепіл­ге қояр жері де, малы да жоқ. Сон­да Көк туды көру үшін көзі жаса­у­рап, елім деп еңіреп көшіп кел­ген қан­даста­ры­мыз қалай күн көреді?! Алды­мен несие беріп, содан соң алған малы мен жер телі­мін неге кепіл­ге қоймасқа?

Одан соң қан­дастар жұмысқа орна­ла­сай­ын десе, олар­дың шетел­де алған диплом­да­рын біздің мем­ле­кет танымайды.

Біздің үкі­мет­тің қан­дастар­мен жұмыс істеу жүй­есіне қара­сақ, «Қой­шы көп бол­са, қой арам өледі», «Жаны ашы­ма­стың қасын­да басың ауыр­ма­сын» деген мақал­дар еріксіз еске түседі.

Негіз­гі мін­деті шетел­де­гі қаза­қтар­дың этни­ка­лық біре­гей­лі­гін сақтау болып табы­ла­тын «Отан­дастар қоры» қоға­мы­ның бюд­жеті Ресей­дің «Рос­со­труд­ни­че­ство» меке­месі бюд­жеті­нен 60 есе аз неме­се оның бюд­жетінің 1,6 пай­ы­зын ғана құрайды.

Шетел­дер­де­гі қан­даста­ры­мы­зды елі­міз­ге жүй­елі түр­де көп­теп көшіріп алу­дың ерекше екі маңы­зы бар. Бірін­ші­ден, Тәу­ел­сіз мем­ле­кеті­міз үшін аса маңы­зды болып тұрған халық санын арт­ты­ра­ды. Екін­ші­ден, қазір кей­бір шетел­дер­де өз тілін­де оқи алмай, ана тілі мен ұлт­тық ғұрып­та­ры­нан айы­ры­лып қалу­дан және сая­си қысым­дарға түсу­ден құтқарады.

Ада­ми капи­тал мем­ле­кеті­міздің басты құн­ды­лы­ғы болған­ды­қтан, біз келесі нақты шара­лар­ды қабыл­да­уды ұсындық:

1. Қан­дастар­ды қабыл­дау кво­та­ла­рын 2009–2011 жыл­дар­дағы­дай жылы­на 20 мың отба­сы­на дей­ін ұлғайту;

2. Өңір­лер­де қан­дастар­ды бей­ім­деу-кірік­ті­ру орта­лы­қта­рын құру;

3. «Отан­дастар қоры» қоға­мы­ның шетел­де­гі қан­дастар­ды қол­дау жоба­ла­рын қар­жы­лан­ды­ру­ды есе­леп ұлғайту;

4. Комис­сия оты­ры­ста­ры­на кон­сул­дық өкіл­дерінің және арыз беру­шінің мекен­де­ген елі­нен онлайн режим­де қаты­суын қам­та­ма­сыз ету;

5. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­суы үшін пай­ыз­сыз несие және 5 жылға дей­ін салы­қтық жеңіл­дік­тер қарас­ты­ру. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сын лизинг­ке алу үшін жеңіл­дік­тер жасау;

6. ҚР көле­мін­де бір рет­тік тұрғын үй салуға және жеке шару­а­шы­лы­ққа бай­ла­ны­сты жер телім­дері берілуі керек.

– Мәжіліс­ке бара салып жасаған алға­шқы депу­тат­тық сау­а­лы­ңы­зда қазақ тілінің мәсе­лесін көтер­діңіз: бұл пар­ла­мент­тік дең­гей­де қозғалған батыл және нақты талап бол­ды. Бірақ ел билі­гін­де­гі сая­си шешім­ге кереғар ұсы­ны­стар мен талап­тар жол­дау сіздің депу­тат­тық қыз­метіңіз­ге зала­лын тигі­зуі мүм­кін ғой…

Мәсе­лен, билік­тің қысы­мы­м­ен «Ақ жол» пар­ти­я­сы сіздің ман­да­ты­ңы­зды кері шақы­рып алуы мүм­кін бе?

– Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы депу­тат­тық сау­а­лым­ды жоға­ры баға­лаға­ны­ңыз үшін тағы да рах­мет айта­мын! Әйт­пе­се, көріп жатыр­сыз, өмірін­де тіл­ді қол­да­мақ түгілі, қазақ тіліне қар­сы шыққан­дар енді аяқ асты­нан екі­жүзділі­гін көр­сетіп, тіл «жана­шы­ры» бола қалып, «Қазы­бек Иса тіл мәсе­лесін­де не істе­ді, пар­ла­мент­ке бар­ды, енді неге тіл­ді көтер­мей жатыр» деген жалақор­лар балаққа жар­ма­сып, өздері масқа­ра болып жатыр.

Мен депу­тат­ты­ғы­ма зия­ны тиеді деп, ұлт­тық мүд­дені қорға­удан бас тар­та­тын адам бол­сам, баяғы­да депу­тат болар едім. Баяғы 2004 жылғы өзің де түс­кен пар­ла­мент­тік сай­ла­удан бері есеп­те­ген­де 16 жыл­дан (төрт шақы­ры­лым) кеші­гіп беріл­ген ман­дат бұл. Яғни, төрт шақы­ры­лым­ның жүгі бар десек те болады.

Ал өзіңе осы­лай сен­ген, осы­лай он алты жыл үмітін үзбе­ген Ел Ама­на­тын қалай тастап кетесің?!. Қолым­нан кел­генін­ше қай­рат ете­мін. Оның үстіне мен жалғыз емес­пін ғой, артым­да Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­да­уды талап етіп, Пре­зи­дент­ке жазы­лған Ашық хат-пети­ци­яға қол қой­ған 126 мыңға жуық қалың қол тұр. Олар­дың артын­да мил­ли­он­даған халық тұр. Мені қол­дай­тын «Ақ жол» пар­ти­я­сы мен оның пар­ла­мент­те­гі фрак­ци­я­сы бар. Мәжілісте­гі 107 депу­тат­тың іші­нен ұлт­тық мүд­дені қорға­уда бір қатар­дан табы­ла­тын ұлт­шыл депу­тат­тар да шыға­ды деп сене­мін. Өйт­кені қазір Пар­ла­мент­тің 85 пай­ы­зы қазақ тіліне қар­сы шыққан 2004 жыл емес қой! Есіңіз­де болар, 2004 жылы «Қазақ үні» газетін­де «Мем­ле­кет­тік тіл­ді табанға тап­таған пар­ла­мент тара­ты­луы тиіс» атты мақа­ла­мы­зда қазақ тіліне қар­сы дауыс бер­ген депу­тат­тар тізі­мін жари­я­лап жібе­руі­міз елді дүр сіл­кін­діріп, қоғам­да сең қозғаған сен­са­ци­я­лық бом­ба болды!

Ал енді мем­ле­кет­тік тіл­дің қазір­гі жағ­дай­ы­на келер бол­сақ, бұл бүгін де өте өткір де, өзек­ті мәсе­ле болып тұр. Сон­ды­қтан да жоға­ры­да депу­тат­тық сау­а­лым­да айтқан­дай, Мем­ле­кет­тік тіл­ді мін­дет­теу тура­лы заң қабыл­да­май, бұл мәсе­ле ешқа­шан шешіл­мей­ді. Қазір­гі заң­ның бұл мәсе­лені шешетін қауқа­ры жоқ.

2018 жылы елба­сы: «Пар­ла­мент пен Үкі­мет­тің жұмысы тек мем­ле­кет­тік тіл­де жүр­гізілуі тиіс» деп нақты тап­сыр­ма бер­ді. Бірақ іс оңал­ды ма? Әлі де депу­тат­тар да, мини­стр­лер де мем­ле­кет­тік тілі­мізді аттап өтіп, Ресей тілін­де сөй­ле­уде. Мем­ле­кет­тің мини­стр­лері мен депу­тат­та­ры бастап, мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­леріне дей­ін мем­ле­кет­тік тіл­де сөй­ле­мей­тін Қаза­қстан­нан басқа елді әлем­нен тауып бере ала­сыз ба?

Енді мем­ле­кет­тік тіл­дің өз аты­на сай болуын кей­ін­ге қал­ды­руға бол­май­ды. Өйт­кені қазір­гі кез­де 1989 жылғы қаза­қтың саны 39 % кезін­де қабыл­данған алға­шқы Тіл­дер тура­лы заң­нан бері демо­гра­фи­я­лық өсі­мі­міз екі есе­ге өсті, қоғам да мем­ле­кет­тік тіл­дің бар­лық сала­да қол­да­ны­луын талап ету­де, уақы­ты да келді.

Қазір халқы­мыз 19 мил­ли­онға, оның ішін­де қазақ ұлты 78%-ға жетіп қал­ды. Ресми мәлі­мет­тер бой­ын­ша, қазақ халқы мен қаза­қ­ша түсі­нетін­дер­ді қосқан­да, жал­пы саны – 88,7 пай­ыз болып тұр. Ал сол халы­ққа қыз­мет көр­се­тетін маман­дар­дың мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­ме­уі тұрғын­дар­дың сапа­лы қыз­мет алу құқы­ғын аяқа­сты етіп отыр. Тәу­ел­сіз Қазақ елін аңсап кел­ген мил­ли­он­нан астам қан­даста­ры­мыз және ауыл­дық мил­ли­он­даған қара­көз­дері­міз қан­ша жыл­дан бері жапа шегу­мен келеді. Халы­қ­пен етене ара­ла­сып жұмыс істей­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің, әсіре­се жоға­ры шен­ділер­дің мем­ле­кет­тік тіл­ге немқұрай­лы қара­уы халық пен билік ара­сын­дағы алшақты­қты көр­се­ту­де. Мыса­лы, тек қаза­қ­ша сөй­лей­тін қан­даста­ры­мыз мем­ле­кет­тік орган­дар мен қыз­мет көр­се­ту меке­ме­леріне барған­да, мем­ле­кет­тік тіл­де қыз­мет ала алмаға­ны бас­пасөз­де талай жазылды. 

30 жыл­дан бері әлі күн­ге дей­ін мем­ле­кет­тік қыз­мет­шінің мем­ле­кет­тік тіл­ді білуі тура­лы талап жоқ. Мем­ле­кет­тік тіл­ді білу тала­бы қазір жаң­сақ айты­лып жүр­ген­дей, аза­мат­тың жеке басын тіліне қарай кем­сіту емес, мем­ле­кет­тік қыз­мет­шілер­ге, бар болға­ны 100 мыңға жуық ада­мға қой­ы­ла­тын кәсі­би білік­тілік тала­бы болуы тиіс. Сыр­тқы істер сала­сы­ның маман­да­ры­нан шет тілін білуді қалай талап етсе, неме­се көлік жүр­гі­зу­ші­ден жүр­гі­зу­ші куәлі­гін қалай талап етсе, соны­мен бір­дей болуы тиіс мін­дет бұл.

Ал қазір Тәу­ел­сізді­гі­міз­ге 30 жыл толып оты­рған­да, Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы өз ста­ту­сын толы­ққан­ды атқа­ра алмаған заңы­мыз демо­гра­фи­я­лық және демо­кра­ти­я­лық заң­ды­лы­қтар­мен өз күшін жой­ып отыр… Суға түс­пей жүзуді үйре­ну қан­дай мүм­кін бол­ма­са, мем­ле­кет­тік тіл­ді мін­дет­те­мей, оны үйре­ну де сон­дай мүм­кін емес! Ал ешбір заң­да не бағ­дар­ла­ма­лар­да, мем­ле­кет­тік орган­дар­да мін­дет­ті түр­де мем­ле­кет­тік тіл­ді білу тура­лы нор­ма (!) жоқ. Сон­ды­қтан да Пар­ла­мент­те «Ақ жол» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы жасаған депу­тат­тық сау­ал­да біз:

1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­шілер­дің, құқық қорғау орган­да­ры қыз­мет­кер­лері мен сот­тар­дың және көп­шілік­ке қыз­мет ету меке­ме­лері қыз­мет­кер­лерінің мін­дет­ті түр­де мем­ле­кет­тік тіл­ді білуі тура­лы стан­дарт енгізу;

2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­шілер­дің мем­ле­кет­тік тіл­ді мең­ге­ру дең­гей­ін аны­қта­удың жүй­есі мен тәр­тібін бел­гілеу, оның қажет­ті меха­низмдерін жасау;

3) заң актiлерi мен өзге де нор­ма­тив­тiк құқы­қтық актiлер­ді, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың құжат­та­ры мен хат­та­рын, ақпа­рат­та­ры мен есеп­терін, іс қағаз­да­рын және т.б. рәсім­де­удің негіз­гі нұсқа­сы – тек мем­ле­кет­тік тіл­де жүзе­ге асуы тиіс» – деп, біз осы­лай Үкі­мет­ке нақты талап­тар қойдық.

Негізі, мем­ле­кет­тік тіл­ді тек Пар­ла­мент пен Үкі­мет­те ғана емес, әркім күн­делік­ті кез кел­ген жер­де талап етуі керек. Қай ұлт өкіліне бол­са да қаза­қ­ша аман­да­сы­ңыз. Банк­те, бан­ко­мат­та бол­сын, бар­лық жер­де қазақ тілін­де­гі нұсқа­сын пай­да­ла­ны­ңыз. Сон­да ғана нәти­же бола­ды. Бал­тық бойы елдері осын­дай талап­пен тіл­дік май­дан­да жеңіс­ке жетті.

  • (Сұх­бат­тың жалға­сы газеті­міздің келесі санында)

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн