Пятница , 6 февраля 2026

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

  Әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетін­де жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сын талқы­ла­у­ға арналған ака­де­ми­я­лық тың­да­у­лар өтті.  Іс-шараға ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­тат­та­ры Үнзи­ла Шапақ, Ермұрат Бапи, Ерлан Саи­ров, судья­лар, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың өкіл­дері, ака­де­ми­я­лық қауым­да­стық мүше­лері, жетек­ші заң­гер-ғалым­дар, сон­дай-ақ кон­сти­ту­ци­я­лық құқық сала­сын­дағы тәжіри­белі адво­кат­тар мен сарап­шы­лар қатысты.

      Дөң­ге­лек үстел оты­ры­сын ҚазҰУ заң факуль­тетінің дека­ны Уәли­хан Аха­тов ашып, жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы­ның маз­мұн­дық әрі иде­я­лық өзе­гі пре­ам­бу­ла­да айқын көрініс тапқа­нын жет­кізді.  «Жаңар­ты­лған пре­ам­бу­ла фор­мал­ды кіріс­пе емес, мем­ле­кет­тің руха­ни-иде­я­лық тұғы­ры, Кон­сти­ту­ци­я­ның бүкіл мәтінін бірік­тіріп тұрған құн­ды­лы­қтық бағ­дар ретін­де ұсы­ны­ла­ды. Дәл осы бөлім­де мем­ле­кет­тің тари­хи жады, қоғам­дық келісім­ге деген ұмты­лы­сы және бола­шақ даму­дың стра­те­ги­я­лық бағы­ты жинақталған», – деді Уәли­хан Ахатов.

    Ака­де­ми­я­лық тың­да­уда мем­ле­кет­тік билік­тің кон­сти­ту­ци­я­лық негіз­дерін нығай­ту,    адам құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры­ның кепіл­ді­гін кеңей­ту  және қазір­гі қоғам­дық-сая­си өзгерістер жағ­дай­ын­да құқы­қтық инсти­тут­тар­дың рөлін арт­ты­ру мәсе­лесі қарастырылды.

     Жиын­да депу­тат Үнзи­ла Шапақ Кон­сти­ту­ци­ядағы өзгерістер аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын қорға­уды күшей­ту­ге, мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есін одан әрі жетіл­діру­ге бағыт­талға­нын айт­ты. «Жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның жоба­сы бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на жари­я­ланған­нан бастап қоғам ара­сын­да кеңі­нен талқы­ла­ну­да. Қазір­дің өзін­де Кон­сти­ту­ци­я­лық комис­сия түс­кен ұсы­ны­стар­ды қарас­ты­рып, жан-жақты тал­дау жұмыста­рын жүр­гізіп жатыр. Сон­ды­қтан әлі де жаңа Кон­сти­ту­ци­яға толы­қты­ру­лар мен өзгерістер енгізіледі. Осы орай­да, уни­вер­си­тет­тік ғалым-сарап­шы­лар­мен бір­лесіп ака­де­ми­я­лық тың­да­у­лар өткі­зу аса маңы­зды», – деді депутат.

Мәжіліс депу­та­ты Ермұрат Бапи өз сөзін­де жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сын талқы­лау қоғам үшін айры­қ­ша маңы­зды кезең екенін атап өтті.  «Кон­сти­ту­ция мем­ле­кет­тің құқы­қтық қаңқа­сы ғана емес, қоғам мен билік­тің өза­ра сені­мінің кепілі. Сон­ды­қтан ұсы­ны­лып оты­рған өзгерістер ең алды­мен аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын нақты қорға­уға, мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар­дың жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­руға бағыт­та­луы тиіс. Бұл рет­те ака­де­ми­я­лық орта мен заң­гер-ғалым­дар­дың сарап­та­ма­лық пікірі ерекше маңы­зға ие. Бұл сая­си науқан елдің бола­шағын сақта­уда жаса­лып жатқан ауқым­ды баста­ма», – деді Ермұрат Бапи.

 Ака­де­ми­я­лық тың­да­у­лар кезін­де заң ғылы­мы­ның док­то­ры, про­фес­сор Алуа Ибра­е­ва, заң ғылы­мы­ның кан­ди­да­ты, про­фес­сор Лей­ла Күл­те­міро­ва, Алма­ты қала­сы Ала­тау ауда­ны­ның судья­сы Талғат Дәу­лет­ни­я­зов баян­да­ма жасады.

         Шара бары­сын­да қаты­су­шы­лар жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы­ның негіз­гі ере­же­лерін жан-жақты әрі кәсі­би тұрғы­да талқы­лап, ұсы­ны­лып оты­рған өзгерістер жөнін­де тал­дау жұмыста­рын жүр­гізді.  Соны­мен қатар халы­қа­ра­лық тәжіри­бе мен ұлт­тық құқы­қтық дәстүр­лер­ді еске­ре оты­рып, ғылы­ми негіз­дел­ген ұсы­ны­стар әзірледі.

    Нәти­же­сін­де жинақталған сарап­та­ма­лық ұсы­ным­дар мен тал­да­ма­лық мате­ри­ал­дар алдағы ғылы­ми-тал­да­ма­лық, сарап­та­ма­лық-кон­суль­та­тив­тік және қоғам­дық-ағар­ту­шы­лық қыз­мет­те, сон­дай-ақ кон­сти­ту­ци­я­лық құқық пен мем­ле­кет­тік басқа­ру сала­сын­дағы ғылы­ми зерт­те­улер­ді дамы­ту­да пай­да­ла­ну жоспарлануда.

Әл-Фара­би атын­дағы ҚазҰУ-дың Бас­пасөз қызметі

Республиканский еженедельник онлайн