Суббота , 5 июля 2025

Қайда барамыз: БОЙКОТҚА МА, САЙЛАУҒА МА?

Ақор­да билі­гінің сце­на­риі­мен кезек­тен тыс өтетін пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға үміт­кер ретін­де оппо­зи­ция мен аза­мат­тық қоғам өкіл­дерінің қаты­сқа­ны дұрыс па, жоқ әлде кезек­ті цирк қой­ы­лы­мы­на бой­кот жари­я­лау керек пе? Осы сұраққа орай қоғам өкіл­дері ара­сын­да сау­ал­на­ма жүр­гіз­ген едік. Ал біздің қой­ған сұрақтың жау­а­бын төмен­де жари­я­ланған пікір­лер сара­сы­нан оқыр­ман­ның өзі екшеп ала­ды деген ойдамыз.

Серік­бай ӘЛІБАЕВ, ҚР пар­ла­мен­ті мәжілісінің экс-депутаты:

Айла­кер­лер­дің алаңын­да ОЙНАУҒА БОЛМАЙДЫ!

Әрине, сай­ла­удың алдын­да аза­мат­тық қоғам өкіл­дерінің пікір­лері екі­ге бөлініп жатыр. Бірін­шілері – сай­ла­у­ға қаты­на­сып, өздерінің үміт­кер­лерін сай­ы­сқа қосу­ды, ал екін­шілері – бой­кот жари­я­ла­уды жөн көреді.

Сай­ла­у­ға қаты­сты­ңы­здар: қан­дай сая­си пар­ти­ядан, қоғам­дық ұйым­нан, бір­ле­стік­тен үміт­кер­лер шыға­ды? Ол үміт­кер­лер кім­дер? Он күн­нен кей­ін, 28 сәуір­де үміт­кер­лер­ді ұсы­ну аяқта­ла­ды. Осы уақы­тқа дей­ін бүкіл облы­стар­да, Алма­ты, Нұр-Сұл­тан, Шым­кент қала­ла­рын­да аймақтық кон­фе­рен­ци­я­лар және қоғам­дық бір­ле­стік­тер сиезін өткі­зе ала­сыздар ма? Ол жиын­дар­да қабыл­да­на­тын құжат­тар­ды билік мик­ро­скоп­пен тек­се­ретініне сіз­дер даяр­сыздар ма? 

Заң­ды түр­де, бар­лық рәсі­мін сақтап өткіз­ген жиын­да­ры­ңы­здың құжат­та­рын сай­лау комис­си­я­сы­на тап­сы­руға мүм­кін­дік­теріңіз де, уақыт­та­ры­ңы­зда жоқ. Бұған қан­ша қара­жат кететінін айт­пай-ақ, мүм­кін, ол мәсе­ле шешіл­ген шығар. 

Ең қиы­ны – үміт­кер­ді тір­кеу. Елге бел­гілі, халқы­на адал қыз­мет атқа­ра­тын аза­мат­тар­ды билік сай­ла­у­ға қаты­стыр­май­ды. Осын­дай аза­мат­тар­ды сай­ла­у­ға қаты­стыр­мау үшін, билік­тің заң­ды да, заң­сыз дай­ын­дап қой­ған тосқа­уыл­да­ры есеп­сіз. Өйт­кені сай­лау жүй­есі 30 жыл бойы ми бат­паққа бат­ты. Сон­ды­қтан елдің бола­шағын ойлаған адам ең бірін­ші кезек­те былы­ққан жүй­ені таза­ла­у­ға кіріседі. 

Бұдан кей­ін­гі қиын­дық – дауыс беруді бақы­лау. Қаза­қстан­да 10 мың­нан аса сай­лау учас­кесі бар. Кем деген­де, бір учас­ке­ге 2 адам­ды қой­ған­да, 20 мың­нан астам бақы­ла­у­шы­ны қай­дан таба­мыз? Әрине, олар­ды жедел семи­нар­лар арқы­лы дай­ын­да­уға бола­тын шығар. Бірақ бұл дай­ын­ды­қтың да босқа кетуі мүм­кін: бақы­ла­у­шы­лар­ды сай­лау учас­ке­леріне кір­гіз­бей­тін неме­се дауыс санау үстелінің басы­на жолат­пай­тын тәжіри­бені бастан өткер­ген­біз. Ал сай­лау комис­си­я­ла­ры билік­тің тап­сыр­ма­сын орын­дап, керек пай­ы­зда­рын хат­та­маға (про­то­кол) түсіретініне күмән жоқ. 

Осын­дай жағ­дай­да оппо­зи­ци­я­ның кезек­тен тыс сай­ла­у­ға қаты­сқа­нын, билік­тің сұрқия ісін қол­дап, леги­ти­ми­за­ция жасау деп түсі­не­мін: «Оппо­зи­ция да сай­ла­у­ға қаты­сты» – деген пікір әсіре­се әлем­дік қауым­да­стық алдын­да ауа­дай қажет. 

Енді бой­кот жари­я­лау керек пе, жоқ па деген мәсе­ле­ге келей­ік. Мен 2005 жыл­дан бастап Аста­на қала­сын­да бір­не­ше рет сұра­пыл былық сай­ла­у­лар­да оппо­зи­ци­яға жәр­дем жаса­дым. Сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның мүше­лерін қыл­мыс үстін­де де ұста­дық, олар­ды сотқа да бер­дік. Сай­лау заң­ды­лы­қта­ры­ның бұзы­лға­нын сот алдын­да дәлел­деп, бас­пасөз­де жари­я­ла­дық: нәти­же­сі – «нөл».

Бүгін­гі билік Қаза­қстан­ды окку­па­ци­я­ланған жер­ге айлан­ды­рып, халы­қ­пен есеп­тес­пей, күшпен басып ұстап отыр. Бірақ халы­қтың басым бөлі­гі билік­тің айла­кер­лі­гін түсін­ді де, қар­сы­лық біл­ді­ре баста­ды. Аста­на­дағы соңғы сай­ла­у­ға қаты­сқан­дар­дың мөл­шері 20 пай­ы­здан асқан жоқ. Ал қазір­гі кез­де билік­ке қар­сы­ла­стар көбей­іп жатқан­да, бой­кот жари­я­лан­са, дауыс беру­ге кем деген­де 5–6 млн адам қаты­спай­ды деп ойлай­мын. Ал бой­кот жари­я­ла­нып, бұл орай­да жақ­сы жұмыс жүр­гізіл­се, қаты­спай­тын­дар­дың саны бұдан да асып кетуі мүмкін. 

Бүгін­гі күні қазақ оппо­зи­ци­я­сы­ның басын бірік­тіріп, билік­тің залым­ды­қ­пен, айла­кер­лік­пен өткі­зей­ін деп жатқан сай­ла­у­ын тоқта­та алма­сақ та, қар­сы­лас күш­тер­ді жинап, бей­біт­шілік жол­мен Қаза­қстан­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­сын өткізу­ге дай­ын­да­лып, билік жүй­есін өзгер­ту­ге талап қой­ып, халы­қтың орта­сы­на шығуы­мыз керек. Сай­лау жүй­есіне қаты­сты заң­ды­лы­қтар халы­қа­ра­лық нор­ма­ларға түбе­гей­лі сай кел­мей­ін­ше, оппо­зи­ци­ядан үміт­кер ұсы­ну – бос әуре­шілік болады. 

Кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­у­ы­ның басты кей­іп­кері ерте­ден бел­гі­лен­ген, ал басқа­ла­ры «үміт­кер бол­дым» деген атаққа риза бола­ды. Ол атақтың халы­ққа қан­ша­лы­қты пай­да­сы бар? Сон­ды­қтан да айла­ке­лер­дің тәр­тібі­мен оның алаңын­да ойна­уға болмайды.

Ерсай­ын ЕРҚОЖА, педа­го­ги­ка ардагері:

БҰЛ САЙЛАУкелесі сай­ла­у­ға ДАЙЫНДЫҚ

Біз­де 1995 жыл­дар­дан бер­гі сай­ла­у­лар­дың бар­лы­ғы билік­тің сце­на­риі­мен өткенін халық жақ­сы біледі. Және соңғы 20–25 жыл бойы сай­ла­у­ға барып, дауыс бер­ген­ді қой­ған, тек бюд­жет­тік меке­ме­лер­дің қыз­мет­кер­лерін, әсіре­се мұғалім­дер мен сту­дент­тер­ді авто­бу­спен әр сай­лау учас­кесіне тасып, бюл­ле­тень­дер­ді топ­тап тастатқанға әбден үйрен­ген. Соның сал­да­ры­нан кез кел­ген сай­ла­уда пре­зи­дент­тік­ке беріл­ген дауыс 95%-дан жоға­ры бол­ды. Сол сияқты пар­ла­мент­тік сай­лау да осы тәріз­дес қой­ы­лым­мен өту­де. Егер де бүгін­гі пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаев айтқан­дай, ашық әрі әділет­ті сай­лау өткен жағ­дай­да «Нұр Отан» пар­ти­я­сы 20%-дан артық дауыс ала алмайды. 

Бірақ пре­зи­дент Тоқа­ев­тың «сай­лау ашық, демо­кра­ти­я­лық түр­де өтіп, адам құқы­ғы сақта­ла­ды» деген уәдесіне еріксіз күл­мес­ке шараң жоқ. 

Егер де Тоқа­ев мыр­за шын ашық демо­кра­ти­я­лық сай­лау өткі­зе­міз десе, сай­ла­у­ға дейін: 

Бар­лық сая­си тұтқын­дар­дың ісін қай­та қарап, оларға амни­стия жари­я­лап, түр­ме­ден шыға­рып, шетел­де жүр­ген­дер­ді елге қай­та­руы; Кон­сти­тут­ци­я­лық сот­ты қал­пы­на кел­тіруі; қоғам­дық бір­ле­стік­тер мен сая­си пар­ти­я­ларға қаты­сты заң­ды­лы­қтар­ды түбірі­мен өзгер­тіп, жаңа демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­лар құруға, олар­ды тір­ке­у­ге жағ­дай жаса­уы; әркім өз кан­ди­да­ту­ра­сын үміт­кер­лік­ке ұсы­на ала­тын­дай заң қабыл­дап, онда пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер Қаза­қстан аза­ма­ты кей­ін­гі 15 жыл­да Қаза­қстан­да тұру керек деген талап­ты мүл­де алып таста­уы; сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның құра­мын­да әртүр­лі сая­си күш­тер­дің өкіл­дері болуы­на; әкім­шілік ресур­стар­дың сай­лау науқа­ны­на ықпал ету мүм­кін­дік­терін жоюға күш салар еді. 

Осы сияқты ұсы­ны­стар­дың бар­лы­ғы сара­ла­нып, талқы­ла­нып, қабыл­данған­нан кей­ін ғана таза, әділ және ашық өтетін сай­ла­у­ға оппо­зи­ция неме­се аза­мат­тық қоғам өкілінің қаты­суы­на жол ашы­ла­ды. Ал бұл талап­тар орын­дал­маған жағ­дай­да бір­де-бір рет сай­ла­у­лар­ды заң­ды деп есеп­те­ме­ген халы­қа­ра­лық ұйым­дар сай­ла­удың тағы да заң­сыз екен­ді­гін алға тартады. 

Сон­ды­қтан да бұл сай­ла­уды аза­мат­тық қоғам өкіл­дері тек три­бу­на түрін­де пай­да­ла­нып, сара­лап, оны қалай түзе­ту­ге бола­ты­нын дәлел­деп, кей­ін­гі сай­ла­у­ларға дай­ын­дық ретін­де қол­да­нуы керек деп білемін. 

Ал бой­кот жари­я­лаған­мен, билік өздерінің «пар­тия» деген атты жамы­лып жүр­ген 3–4 пар­ти­я­сы­мен сай­лау өткізіп, халы­қты тағы да алдап соғуға тыры­са­ды. Сон­ды­қтан да бұл сай­ла­уда пат­ри­от­тық қоғам Жар­ма­хан Тұяқ­бай­дың ЖСДП пар­ти­я­сы­ның мүм­кін­дік­терін пай­да­ла­нып, келесі сай­ла­у­ларға дай­ын­дық жасаға­ны дұрыс-ау деп ойлаймын.

Өмір­зақ АҚЖІГІТ

жур­на­лист:

БІРЕГЕЙ ҮМІТКЕРӘЗІРГЕ ҚИЯЛ ҒАНА

Әрине, сай­ла­у­ға қаты­сқан дұрыс, қаты­сып қана қой­май, бар­лық мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып қалуға тыры­сқан жөн. Өмірі дауыс беру­ге бар­маған менің өзім алғаш рет сай­лау учас­кесі деген­ді көрей­ін деп отырмын. 

Бой­кот­ты ел аумағын­да іске асы­ру өте қиын екенін ұмыт­пай­ық. Себебі бой­кот жари­я­ла­сақ, ол 100 пай­ыз орын­дал­са ғана нәти­же беруі мүм­кін. Онда да мүм­кін… Билік оны ескер­мей отыр деу­ге бол­май­ды. Бар күшті бүкіл халық аты­нан билік­тің кан­ди­да­ты­на қар­сы бір адам­ды шыға­руға жұм­са­сақ, сөй­тіп біре­гей үміт­кер шыға­ра алсақ, тама­ша болар еді. Бірақ бұл әзір­ге тек қиял ғана болып тұр.

Еркін РАҚЫШЕВ,

кино­ре­жис­сер:

БОЙКОТ бере­ке БЕРМЕЙДІ

Қазір сай­ла­у­ға үміт­кер­лер өз кан­ди­да­ту­ра­ла­рын ұсы­на баста­ды. Соны­мен қатар қоғам­да сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­лау керек деген­дей де пікір­лер айты­лу­да. Бой­кот­тан бір нәти­же шық­са – жақ­сы. Бой­кот жари­я­лаған­нан ештеңе өзгер­мей­ді, билік біре­удің талап-тіле­гін тың­дай­ын деп оты­рған жоқ. 

Ұлт­шыл­дар мен оппо­зи­ция өкіл­дері бір-бірі­мен басы қосыл­май, бір жұды­рық болып бірі­ге алмай жүр­ген кез­де билік­ке бәрібір. Кей­бір ұлт­шыл үміт­кер­лер халы­қтың алдын­да беделі бол­маған соң, сай­ла­удан бас тарт­ты деп айта сала­ды. Одан кей­ін өздеріне бүй­ре­гі бұрып тұрған ұлт­шыл­дар­мен, оған ком­му­ни­стер мен эко­лог­тар­ды, қол­дан жасалған қуыр­шақ оппо­зи­ци­я­ны қосып, «тар­ты­сты» сай­лау өткі­зе­еді. Тіп­ті нағыз пре­зи­дент­ке лай­ық жаңа «тұлға» тауып, сай­ла­удың көр­кін қызды­руы да мүм­кін. Бір сөз­бен айтқан­да, бүгін­гі­дей жағ­дай­да сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­лау билік­ке ғана тиім­ді. Ешкім билік­тің қателік­тері мен қыл­мыста­рын сына­май, қыты­ғы­на тимей, сай­ла­удан кей­ін арыз-шағым жазып шула­май­ды. Ешқан­дай тосын оқиға бол­май, бәрі тыныш өтеді.

Ал сай­ла­у­ға аза­мат­тық қоғам өкілінің қаты­суы не береді деген­ге келетін бол­сақ, тәу­ел­сіздік алға­лы алғаш рет әділет­ті қоға­мға қарай бет бұра баста­дық. Халық бұры­нғы­дай ұйқы­да жатқан жоқ, ояна баста­ды. Билік­ке аз да бол­са талап­та­рын қоюда. 

Осын­дай кезең­де кей­бір пар­ти­я­лар, ұйым­дар, қоғам бел­сен­ділері өздерінің бағ­дар­ла­ма­ла­рын халы­ққа таны­сты­ра­тын мүм­кін­дік туып тұр. Осы сәт­ті пай­да­ла­нып, билік­тің 30 жылғы жасаған жұмыста­ры­на баға беріп, олар­дың жалаң ұранға, алдап-арба­уға негіз­дел­ген бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның быт-шытын шыға­руға бола­ды. Халы­қты басы­нған, бар бай­лы­ғы­мы­зды талан-тара­жға салып, жемқор­лық жай­лаған, әділет­сіз қоғам қалып­та­сты­рған билік­тің қыл­мысын бетіне басып, көз­деріне шұқып көр­се­ту­ге болады. 

Халы­қтың билік­ке деген өкпе­сі қара қазан­дай. Қоғам­ды жұмыс­сыздық жай­лаған, қым­бат­ты­шы­лық, адам­дар­дың ала­тын айлы­ғы күн­көрісіне жет­пей­ді, көп­шілі­гінің мой­нын­да кре­ди­ті бар. Одан бөлек, Қытай­дағы қан­даста­ры­мы­здың про­бле­ма­сы тағы бар. Жазы­қ­сыз сот­талған­дар мен жала­мен түр­ме­де оты­рған­дарға кім ара­ша түседі? Билік­тен үміт жоқ. Осын­дай­да ұлт­тың мүд­десін халық сеніп оты­рған ұлт­шыл­дар қорға­маған­да, кім қорғайды? 

Күн­делік­ті айтып жүр­ген сыни пікір­лер­ден сай­лау кезін­де айты­лған ой сал­мақты­рақ бола­ты­ны бел­гілі. Үміт­кер­лер­дің айты­лған сөз­дері теле­ар­на­лар­дан көр­сетіліп, халы­қ­пен кез­десіп, олар­дың өтініш, талап-тіле­гін билік­ке жет­кізу­ге мүм­кін­дік туа­ды. Сол үшін сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­ла­май, оған қаты­сқан дұрыс. Одан кей­ін әділет­ті қоғам қашан орнай­ды деп жата бер­мей, бір қадам бол­са да алға жыл­жи­тын едік. 

Алда пар­ла­мент­тік сай­лау келе жатыр. Бұл сай­лау соған жан-жақты дай­ын­да­лып, қателік­тері­міз­ден сабақ алу үшін соның алдын­дағы репе­ти­ция іспет­тес болар еді. Сон­ды­қтан бой­кот қоғам­ның топ­та­су мүм­кін­ді­гіне бере­ке бер­мей­ді деп есептеймін.

Ғаби­ден ЖӘКЕЙ

Бер­ді­бек Соқ­пақ­ба­ев атын­дағы қор­дың жетекшісі: 

БОЙКОТ жари­я­лаған ДҰРЫС

Менің­ше, сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­лаған дұрыс. Бұл сай­лау әбден дай­ын­да­лып, кім­ді сай­лай­тын­да­рын біліп оты­рған билік­ке ғана керек. Өкініш­ке қарай, бүгін­гі билік­ке, пре­зи­дент­ке деген елдің сені­мі жоғал­ды. Өйт­кені мем­ле­кет­тің дамуы үшін, халы­қтың жағ­дай­ын жасау үшін қан­дай жол­мен жүретін бағыт­тар әлі күн­ге бел­гісіз. Сон­ды­қтан билік­тің мүд­десін­де­гі сай­ла­у­ға аза­мат­тық қоғам­нан үміт­кер ұсы­нуға бой­кот жари­я­лау керек деп ойлаймын. 

Себебі сол – мақ­сат бел­гілі бол­са, мерзі­мі­нен бұрын сай­лау өткізіп, әлек­ке түс­пес едік. Демо­кра­ти­я­лық сай­лау арқы­лы Қаза­қстан аза­мат­та­ры сенім артқан тұлға билік басы­на кел­гені дұрыс болар еді, дәл бүгін ондай мүм­кін­дік­ті көріп тұрған жоқ­пын. Ширек ғасыр­дың ішін­де қаза­қстан­ды­қтар әле­умет­тік сала­ның ешқан­дай жақ­сы­лы­ғын көр­ген жоқ. Көр­гені – жер­дің асты-үстін­де­гі бай­лық талан-тара­жға түсіп, оның қызы­ғы елді биле­ген алпа­уыт­тарға бұй­ыр­ды. Өндіріс ошақта­ры жабыл­ды, отан­дық биз­нес тұра­лап қал­ды, «жаңа» пре­зи­дент алдағы бес жыл­дың ішін­де халы­қты осы тауқы­мет­тен құтқа­рып қала­ды деген­ге кім сенеді? Ширек ғасыр бойы айты­лған уәде­ден әбден жалықтық.

Ринат РАФХАТ,

«Халы­қа­ра­лық құқы­қтық баста­ма» қоғам­дық қоры­ның сарапшысы:

Қоғам­ның ояу екенін КӨРСЕТУГЕ ТИІСПІЗ

Мерзі­мі­нен бұрын өтетін пре­зи­дент­тік сай­лау – тәу­ел­сіз аза­мат­тар мен Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық күш­теріне, қоға­мға, көздің құр­тын­дай болып қалып­та­сып қалған «ескі жүй­е­ге» бәсе­ке­лес болып, жаңа­ша­ла­у­ға фор­маль­ды түр­де бол­са да мүм­кін­дік береді. Басты себеп – билік­ке кезек­тен тыс сай­лау өткізу­ге дәл қазір­гі сая­си-қоғам­дық жағ­дай негіз болып оты­рға­нын ұмыт­па­уы­мыз керек. 

Алды­мен осы жағ­дай­лар­ды еске­рей­ік! «Егер де таң­дау жоқ бол­са, сай­ла­у­ға барып, дауыс бер­ген­нен не пай­да?» деген әрқай­сы­мы­зға заң­ды сау­ал туын­дай­ды. Себебі сай­лау деген сыбысты ести сала, құлақта­ры тікірей­іп, ескір­ген пар­ти­я­сы­мақ өкіл­дері ұйқы­сы­нан ояна салып, үміт­кер­лерін дай­ын­да­уға жыбыр­лай баста­ды. Бола­тын сай­лау дода­сы­на түсер басты үміт­кер­лер – билік­тің бағы­тын­дағы сол пар­ти­я­лар­дың өкіл­дері екен­ді­гін ішім сезеді. Сөз жоқ, солай бола­ды да. Сон­ды­қтан олар­дың қай-қай­сысын таң­даға­ны­ң­мен, қоғам­да сая­си-әле­умет­тік өзгерістер бол­май­ты­ны бел­гілі. Бірақ солай бола­ды екен деп оты­ра беру­ге тағы да болмайды. 

Ал халық өкіл­дерінің сай­ла­у­ға үміт­кер болып қаты­суы түгілі, үміт­кер ретін­де тір­ке­луін қиын­да­та­ты­ны айдан-анық. Билік­пен бәсе­ке­ге түсе ала­тын лай­ы­қты аза­мат­тар бар-ау, бірақ сай­лау тура­лы заң­дар тәу­ел­сіз үміт­кер­лер­дің мүм­кін­дік­терін шек­теп, аяқта­ры­на жіп­сіз тұсау салып таста­ды. Нағыз, шын сая­си пар­тия құру үшiн 18 мил­ли­он халқы бар Қаза­қстан­нан 121 мың­нан астам қол жинау деген үлкен кедер­гі тағы бар. 

Соны­мен қатар әрбір үміт­кер­дің жас шама­сы 45 жастан жоға­ры болуы керек деген талап тұрған­да, бұл сай­ла­уда жаңа толқын – жас буы­нға ешқа­шан орын жоқ. Осын­дай шек­те­улер ел сана­сы­на сіңіп қалған­ды­қтан ба, «әділ сай­лау өтпей­ді-ау» деген кереғар пікір қалып­та­сып қал­ды. Және де бүгін­гі күні әле­умет­тік желілер­де сай­ла­у­ға «бой­кот» деген сөз­дер ішна­ра жазы­лып қалып жатыр. 

Бәл­кім, бұл кей­бір мүд­делі топ­тар­дың сай­ла­удағы бұры­нғы «қитұрқы» іс-әре­кетін жасы­ру үшін, халы­қты әдейі осы арнаға бұра тар­ту ама­лы да шығар. Сол себеп­тен осы жағ­дай­ды қатаң ескеріп, «бой­кот» деп далақта­уы­мы­зға жол беріл­ме­уі керек. 

«Бой­кот» деген менің түсі­нуім­ше – қар­сы­лық, тый­ым салу деген­ді біл­діретін секіл­ді. «Бой­кот» деп ұран­да­ту – аза­мат­тық қоғам­ның сай­ла­у­ға мүл­де дай­ын емес деген, оп-оңай жеңі­ле салу­дың төте жолы деп түсі­не­мін. Себебі өткен онжыл­ды­ққа қараған­да, қазір жыл­дан-жылға қоғам­ның бел­сен­ділі­гі арту­да. Қоғам қазір әрбір сая­си өзек­ті мәсе­ле­лер­ді наза­рдан тыс қал­дыр­май, әлсін-әлсін өз үндерін қосып жатыр. Бұры­нғы­дай емес, кіш­кене бол­са да, про­гресс бар. 

«Осы жолы сай­лау қалай өте­ді? Дауыс беру ашық бола ма, әлде тағы қитұрқы­лық бола ма? Бұры­нғы­дай бір ғана кан­ди­датқа 90 пай­ы­здан астам дауы­сты жазып бере ме?» деген күдік­ті сей­іл­ту үшін, бел­сен­ділі­гі­мізді арт­ты­руы­мыз керек. Ал осы мүм­кін­дік­ке бой­кот жари­я­ла­сақ, осы уақы­тқа дей­ін заң бұзған билік өкіл­деріне үлкен «бонус» жасаға­ны­мыз ғой. ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сын­да сай­ла­у­ға қаты­су­ды неме­се қаты­спа­уды – Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның өз таң­да­уы­на береді. 

Сай­ла­у­ларға барып, дауыс беру деген – әр аза­мат­тың өз еркі. Мыса­лы, жай халы­ққа қараған­да, полит­тех­но­ло­ги­я­ны мең­гер­ген билік­тің сая­си күш­тері, пар­ти­я­ла­ры, аза­мат­тар­ды сай­ла­у­ға қаты­суға мін­дет­те­уі неме­се сол сияқты бел­гілі бір сая­си күш­тер аза­мат­тарға сай­ла­у­ға бар­маң­дар деп үгіт-наси­хат жүр­гі­зуі де мүм­кін. Осы сәт­те екі әре­кет­тің ара жігін аны­қтау әр аза­мат­тың сана­сы­на келіп тіреледі. 

Бірақ біз қазір­гі уақыт­та «сай­ла­у­ға бару мен бар­маудың қай­сысы қолай­лы» деп ойла­нуы­мыз керек! Менің осы орай­да өз ойым: жап­пай бой­кот деп қар­сы­лық біл­дір­сек, онда Назар­ба­ев орнатқан мына жүйе қай­та­дан одан әрі тамы­ры терең­деп кете­ді деп есеп­тей­мін. Сол себеп­тен «бой­кот» деген­ге мен қар­сы­мын. Қоғам ояу екенін көр­се­ту­ге тиісті­міз! Сай­лау «әділет­сіз» жол­мен жүруі әбден мүм­кін (өз ойым), десек те демо­кра­тия жолын аңсаған мен үшін сай­ла­у­ға қаты­су – Аза­мат­тық пары­зым! Сая­си науқан­да табан­сыздық таны­туға бол­май­ды! Сон­ды­қтан бел­сен­ді болып, сай­ла­уды наза­рда ұстай­ық, ағайын!

Жанат ЕСЕНТАЙ, қоғам бел­сен­дісі:

Бұл сай­ла­удың өзі – КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ

Бәрібір бұл сай­ла­удан ештеңе өзгер­мей­ді! Қазір­гі билік өзіне керек кан­ди­дат­тар­ды тір­кеп, қолай­лы­сын сай­лап ала­ды. Сай­ла­удың әділ өтеріне сенбеймін! 

Билік бұған 9 мил­ли­ард тең­ге қара­жат шығын­дай­ын деп отыр. Ол не үшін керек, егер халы­қтың таң­даған ада­мы сай­лан­ба­са? Одан да сол ақша­ны халы­қтың тұр­мысын түзе­ту­ге жұм­са­май ма? 

Бұл сай­ла­удың өзі – көз­бо­я­у­шы­лық. Тәу­ел­сіздік­тің 30 жылын­да билік өз дегенін істеп бағу­да, дауыс санау, сай­ла­удың қоры­тындыс­ын­да сай­ла­у­ға бар­саң да, бар­ма­саң да, билік өзіне қажет­ті дауы­сты жари­я­лай­ды. «Нұр Отан­ның» – билік­тің кан­ди­да­ты көп дауыс «ала­ты­ны» алдын ала бел­гі­леніп қой­ған. Қаза­қстан­дағы сая­си өзгеріс тек қана бір адам­ның шеші­міне тәу­ел­ді. Сая­си шешім­нің сал­да­ры қоғам­дық қозға­лы­стар мен бір­ле­стік­тер­ге кедер­гі бола­ды. Демо­кра­ти­я­лық дамуға үлес қосуға, адам құқы мен бостан­ды­ғы­на қаты­сты мәсе­ле­лер­ді қолға алған ұйым­дар қуғы­нға түсу­де неме­се жабы­лып тына­ды. Бұл сай­ла­удан үміт күту­ге бол­май­ды. Мен бұл сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­ла­уды қолдаймын! 

Аман­дық ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ

қоғам бел­сен­дісі: КЕЛЕСІ САЙЛАУДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕМІЗ

Менің өз басым бұған дей­ін­гі үш сай­ла­у­ға тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы ретін­де қаты­сып көр­дім. Бұр­ма­ла­удың қалай жаса­ла­ты­нын, оның тех­ни­ка­ла­рын, тіп­ті, қажет десеңіз, олар­дың қалай ата­ла­ты­нын да үйреніп алдым. Сол сай­ла­у­лар­да сай­лау учас­кесі төрай­ым­да­ры­ның заң­сызды­ғы­на қаты­сты рәсім­дел­ген актілер үйім­де әлі сақта­у­лы. Ешкім­ге де қажет емес. 

Бұл сай­ла­уды дәу­рені бітіп, дәуірі өтіп бара жатқан мына билік­тің соңғы тұяқ сер­пісі деп қабыл­дай­мын өз басым. Сон­ды­қтан аянып қал­май­тын­да­ры сөз­сіз. Қасе­кең (Тоқа­ев) мен оған жүк­тел­ген мін­дет­ті, оған өз мін­детін атқа­руға берілетін «карт-блан­шты» – бәрін-бәрін шама­лап біліп отыр­мыз. Заң тала­бы­на сәй­кес келетін кан­ди­дат шыға­рып, жеңіс­ке тала­са ала­тын пар­ти­я­ның, не рес­пуб­ли­ка­лық ұйым­ның да жоқ екені белгілі. 

Менің ойлай­ты­ным ол емес, мынау: пре­зи­дент сай­ла­уы өтті деген сөз жақын ара­да пар­ла­мент сай­ла­уы (мәс­ли­хат­тар бір­ге) өте­ді деген­ді біл­діреді. Міне, қоғам болып, сол кез­ге дай­ын болуы­мыз керек. Ал мына сай­ла­у­ға сол сай­лау үшін «дене қызды­рып алуға» жәй қаты­са салу керек деп есеп­тей­мін. Қалай десек те, уақыт біздің жақта, келесі сай­ла­уда жеңіс­ке жетеміз!

Аман МАМБЕТАЛИЕВ,

қоғам бел­сен­дісі: Мүм­кін­дік­ті бос жіберіп АЛМАУЫМЫЗ КЕРЕК

Сөз­сіз, осы жолғы сай­ла­у­ға мей­лін­ше бел­сен­ді түр­де қаты­су керек деп ойлай­мын. Біздің қоғам­ның аль­ян­стар құрып, күш бірік­тіріп, кан­ди­дат­тар шыға­ра­тын сәті кел­ді. Өте көп уақы­тқа созы­лған тоқы­рау зама­нын­да ұлты­мы­здың, тіп­ті өзінің ешқан­дай да «таң­дау құқы­ғы­ның» жоқ екен­ді­гіне көніп болуы­на сәл ғана қал­ды. Бар­лық дең­гей­де­гі бас­шы­лар­дың сай­ла­ну­дың орны­на, тіп­ті аймақтар­дағы да тағай­ын­да­ла­тын­ды­ғы соның айқын көрінісі. 

Осын­дай жағ­дай­дың қан­ша­ма жыл­дар бойы жалға­сып келуінің нәти­же­сін­де өз дау­сы­ның қан­дай да бір өзгерістің себебі бола­тын­ды­ғы­на сені­мі қал­маған қоғам­ның сай­ла­удың әділ өтетін­ді­гіне де күмәні көп. Тіп­ті билік тран­зи­тінің жіті бақы­лау мен қатаң сце­на­рий бой­ын­ша өтетін­ді­гінің, сай­ла­нып шығар кан­ди­дат­тың қазір­ден бел­гілі екен­ді­гінің, жос­пар­ды бұз­дыр­мау үшін, қол­да­ры­нан кел­генін істей­тін­ді­гінің парқы­на барып оты­рған­дар да көп. 

Бұл дегені­міз жағ­дай­дың өте мүш­кіл екен­ді­гін біл­діреді. Бар­лық әділет­сіздік­тің қай­нар көзі қоғам­ның өзі таң­да­маған, қала­маған, дауыс бер­ме­ген билік болып отыр. Шыдам­ның да шегі бар деген­дей, үне­мі бұлай бола беруі мүм­кін емес, әрине. Не халы­қтың сабы­ры тау­сы­лып, алай-дүлей бола­ды, не адам­ша әділ сай­лау өткізіп барып тыны­шта­ла­мыз – еке­уінің бірі. 

Елба­сы да бұны біліп отыр. Сон­ша­ма жыл ел басқарған адам­ның жалт бұры­лып, жалғыз күн­де билік­тен кете салуы өте қиын, Назар­ба­евқа да оңай соқ­паға­нын түсі­нуі­міз керек. Әрине, кет­кен деген осы екен деп, кете салған елба­сы жоқ, басқа­ру тетік­тері мен менедж­мент меха­низмдерін әлі де бол­са өз қолын­да ұстап отыр.

Соны­мен, бой­кот деп, пәлен деп, түген деп, мүм­кін­дік­ті құр бос жіберіп алмауы­мыз керек. Сай­ла­у­ға қаты­су керек. Осын­ша­ма қысы­л­та­яң аз уақыт­тың ішін­де қажет кан­ди­дат­ты тауып, ұсы­на ала­тын­ды­ғы бөлек әңгі­ме, әрине. Заң бой­ын­ша кан­ди­дат бола ала­тын­дар­дың қара­сы көп емес. Бұры­нғы сай­ла­у­лар­дан сәл де бол­са өзге­ше­леу сай­лау бол­са жақ­сы болар еді. Халық сай­ла­у­ға қаты­сып, әлем­ге, мына билік­ке, ең алды­мен өз-өзіне өз қала­уы мен таң­да­уын көр­се­туі керек.

Республиканский еженедельник онлайн