Пятница , 4 июля 2025

ҚАЙДА БАРСАҢ, ОНДА БАР!

Қара­пай­ым шару­а­лар­ды қан қақ­са­тып оты­рған «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның құзыр­лы орган­дар­дың ескер­туін еле­мей шалқа­юы оның осын­дай құлқын аңғар­тып отыр. Оның үстіне әділ үкім шыға­рып, тура төрелік айтуға тиіс сот­тың шеші­мі де біржақты.

Жам­был облы­сы, Жам­был ауда­ны, Ақба­стау ауыл­дық окру­гі аумағын­дағы 60 гек­тар жер­ге оты­рғы­зы­лған алма бақты лизинг­ке алған шару­а­лар алда­уға түсіп, бүгін­де шыр­мауы­қ­ша шыр­малған мәсе­ле­лер­ден шығу­дың жолын тап­пай, шарқ ұрып отыр. Алдаған – «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» акци­о­нер­лік қоға­мы, алданған­дар – «Әулие-Ата Алма» ауыл­дық тұты­ну­шы­лар коопе­ра­тивіне мүше лизинг алушылар.

Мәсе­ленің мәнісі

2015 жылғы 27 қара­ша күні «Ауыл шару­а­шы­лы­ғын қар­жы­лай қол­дау қоры» акци­о­нер­лік қоға­мы (қазір «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» акци­о­нер­лік қоға­мы оның мұра­гері болып отыр) «Сатып алушы» ретін­де бірін­ші жақтан, ZZ Euro Duo-Kalem Lazarevac «Сату­шы» ретін­де екін­ші жақтан, үшін­ші жақтан лизинг алушы­лар өсім­тал алма бағын егіп, іскер­лік жұмыс жүр­гізу­ге №4‑ПЛ-15 сатып алу-сату келісім­шар­ты­на шар­тта-шұрт қол­да­рын қой­ып, мөр­лерін басып­ты. Ол кез­де алма бақтың әлі ұшы­ғы мен пұшы­ғы да жоқ. Бірақ қағаз­да қанттай!

«Кей­ін бәрін қаты­ра­мыз» деп қары­зға баты­рған жары­лқа­у­шы кор­по­ра­ци­я­ның тала­бы­мен «Әулие-Ата Алма» ауыл­дық тұты­ну­шы­лар коопе­ра­тивіне бірік­кен лизинг алушы кәсіп­кер­лер келісім­шар­тқа қол қою кезін­де «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның Жарғы бой­ын­ша алма бақты лизинг­ке беру­ге құқы­ғы жоқты­ғын біл­ме­ген де. Ал ол – бар болға­ны қар­жы­лық ұйым ғана екен.

Үне­мі қат­ты жел соғып тұра­тын, ауа рай­ы­ның басқа да жай­сыз жағ­дай­ла­ры жиі бола­тын аймаққа орна­ласқан алма бақты ауыл­дың аңқау кәсіп­кер­лерінің мой­ны­на іле салу кор­по­ра­ци­яға түк­ке де тұр­маған. Эко­ло­ги­я­лық тал­дау, алма бақ құры­лы­сы­ның қоры­тындысы секіл­ді маңы­зды мәсе­ле­лер­ге мән де беріл­ме­ген. Алма баққа жеміс көшет­тері сонау Сер­би­ядан әкеліп оты­рғы­зы­лған. Агро­но­ми­яда «өсім­дік­ті аудан­да­сты­ру» деген бол­май­тын ба еді? Қаза­қ­ша қара­пай­ым тіл­мен айтқан­да, жер­сін­ді­ру. Біз таны­сқан құжат­тар­дың ешқай­сысы­нан бұл тура­лы ләм-мим сөз оқы­ған жоқпыз.

Алма бақты орна­ла­сты­ру­да да өзім білем деген білер­мен­дік­ке салы­нған кор­по­ра­ция бас­шы­лы­ғы ол жағын ойла­стыр­ды ма екен? Біздің­ше, бұл бей­жай, немқұрай­ды қарай сала­тын мәсе­ле емес. Жану­ар­лар мен өсім­дік­тер дүни­есін­де табиғи ерекшелік­тер ескерілу­ге тиіс. Біздің «Атал­мыш алма баққа оты­рғы­зы­лған жеміс сұрып­та­ры­ның жер­сі­нетін, жер­сін­бей­тіні алдын ала лабо­ра­то­ри­я­лық зерт­те­улер жаса­лып, зер­де­лен­ді ме?» деген сұрағы­мы­здың төр­кіні осын­да жатыр. Лизинг алушы­лар­дың ішін­де арнайы агро­ном­дық маман­ды­ғы бар­лар бар ма, жоқ па, біл­медік. Білетіні­міз – бар­лы­ғы да нан­та­лап шару­а­лар. Әу баста біз айтып оты­рған жеміс аға­шта­ры­ның жер­сі­нуі тура­лы олар да ешкім­нен сұра­маған сияқты. Сұра­са, қызы­ғу­шы­лық таныт­са, мүм­кін, мұн­дай жабы­рқау жағ­дай­ға ұшы­ра­мас па еді? Кім білсін!

Алма бақтың қол­да­ны­луға берілуі тура­лы ақпа­рат 2017 жылы пай­да бол­ды. Бола­ры болып, боя­уы сің­ген соң, лизинг алушы шару­а­лар істің ақы­рын күт­кен. Олар­да лизинг беру­шілер­дің «алма­ның астын­да қала­сы­ң­дар, көл-көсір табыс таба­сы­ң­дар» деген уәдесіне мал­да­ну­дан басқа амал да қал­маған еді. Деген­мен, бір сенім бар.

Көп ұза­май аңқау шару­а­лар­дың ол сенім­дері жел­ге ұшты. Үне­мі ұйтқи соққан жел мен ара-тұра болып тұра­тын дауыл­дан, көк­тем мен күз­де­гі бір­де ыстық, бір­де суық аума­лы-төк­пе­лі ауа рай­ы­нан, ағын­су­дың жетіс­пе­ушілі­гі­нен бұл жер­де алма бақ өсіріп, одан өнім алу мүм­кін емес екеніне көз­дері жетіп, көңіл­дері суый бастаған. 2018–2019 жыл­да­ры жеміс аға­шта­ры­ның жап­пай жой­ы­лып, жарам­сызда­нуы мен 2020–2022 жыл­да­ры табиғи фак­тор­лар­дың кері әсері­нен өнім бол­мауы себеп­ті «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» акци­о­нер­лік қоға­мы лизинг алушы­лар­ды «жары­лқап», 4 жыл­дық негіз­гі қарыз бен үсте­ме төлем­ді кей­ін­ге қал­ды­ру­ды құры­лым­даған. Бірақ мәсе­ле мұны­мен шеші­ле қой­ған жоқ. Қарыз шару­а­лар­дың мой­нын­да. Ерте ме, кеш пе төле­нуі керек. Өйт­кені кор­по­ра­ция алма бақты мақ­сат­ты жағ­дай­да пай­да­ла­ну­дың мүм­кін еме­сті­гін еске­рер емес.

 Кеңес өкі­меті кезін­де елді кол­хоз­да­сты­руға бірік­тіріп жүр­ген шолақ бел­сен­ділер «Бер­сең де бер бес тең­ге, бер­ме­сең де бер бес тең­ге! Сал бөк­сеңді кер­сен­ге!» – деп, кедей шару­а­ның соңғы тышқақ лағы­на дей­ін ортаға салғы­зған екен. Мынау – тура сол тірлік.

«Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» АҚ агро­но­мы­ның 2022 жылға жасаған қоры­тын­ды есебі бой­ын­ша болжам­ды өнім 500 тон­на болуы керек екен. Ал 2022–2023 жыл­дар­дағы ағын­су­дың жет­кіліксізді­гі, 2023 жылы алма аға­шта­ры­ның бак­те­ри­ал­дық күй­ік ауруы­на шал­ды­ғуы, 2023–2024 жыл­дар­дағы табиғи апат­тар сал­да­ры­нан алма бақ толық күй­ре­ген, жарам­сызданған. Мыса­лы, 2023 жыл­дың 3 қаңта­рын­да секун­ды­на 37 метр жыл­дам­ды­қ­пен соққан дауыл бақтың 60 пай­ы­зын құлатқан.

Осы жер­де қар­жы­лық лизинг келісім­шар­ты­ның «1. Тер­мин­дер мен аны­қта­у­лар» тара­уы­на сәй­кес, жай­сыз ауа райы, қат­ты ұйтқи соққан жел, яғни жел­дің секун­ды­на 18 метр және одан жоға­ры жыл­дам­ды­қ­пен ұйтқи соғуы, басқа да табиғи құбы­лы­стар тарап­тар­ды қар­жы­лық лизинг келісім­шар­ты­ның 18.1 пунк­тіне сәй­кес мін­дет­те­мені орын­дау жау­ап­кер­шілі­гі­нен құтқа­ра­тын форс-мажор құбы­лы­сы­на жата­ды» деген жол­да­ры да кор­по­ра­ция жетек­шілі­гін ойлан­дыр­маған. Олар­дың мақ­сат­та­ры – қалай­да лизинг алушы­лар­дан ақша өнді­ру. Көзір қол­да­рын­да. Алда­уға түс­кен шару­а­лар­дың бас­па­на­ла­ры олар­да кепіл­дік­те тұр.

ҚР Энер­ге­ти­ка және табиғи ресур­стар мини­стр­лі­гінің «Қаз­гид­ро­мет» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кәсі­пор­ны Жам­был облы­стық фили­а­лы­ның 2024 жыл­дың 25 қаңтар­дағы №26–04‑1–5/73 хатын­да 2020–2023 жыл­дар­да көп­те­ген күн­дер жай­сыз, жел­ді болға­ны атап көр­сетіл­ген. Олар­ды тізіп шығу­ды мін­дет санамадық.

Шару­а­лар­дың шырылы

«Әулие-Ата Алма» ауыл­дық тұты­ну­шы­лар коопе­ра­тивінің мүше­сі болып табы­ла­тын лизинг алушы­лар форс-мажор­лық жағ­дай туын­даға­ны тура­лы лизинг беру­ші кор­по­ра­ци­я­ны шұғыл түр­де, уақыт оздыр­май, 2023 жыл­дың 4 қаңта­рын­да № 80 хат­пен хабар­дар еткен. Бірақ лизинг беру­ші бұл хат­ты наза­рға алған да, шару­а­лар­дың шыры­лы­на пысқы­рған да жоқ.

Сон­дай-ақ ауыл­дық кәсіп­кер­лер қай­ы­ры­лған «Қазақ жеміс-көкөніс ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты» жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гінің 2024 жыл­дың 12 мау­сы­мын­да бер­ген № 01–177 қоры­тындыс­ын­да: «…зерт­теу-зер­де­леу кезін­де бақ қанағат­танғы­сыз жағ­дай­да бол­ды. Алма аға­шта­ры­ның 95 пай­ы­зы апатқа ұшы­раған», – деп көр­сетіл­ген. Әрі қарай осы қоры­тынды­да бақ жаз мез­гілін­де толық қан­ды­ра суа­рыл­маған­ды­қтан әлсіз­ден­гені, тағы да 2023–2024 жыл­дар­дың күз­гі-қысқы кезең­дерін­де­гі ауа тем­пе­ра­ту­ра­сы­ның құбы­луы алма аға­штар жағ­дай­ы­на кері әсерін күшей­те түсіп, ақы­рын­да алма бақтың толық күй­реп, жарам­сыз жағ­дай­ға әкеліп соққа­ны тай­ға таң­ба басқан­дай жазылған.

Ол аз десеңіз, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гінің агроө­нер­кәсіп кешенін­де­гі «Өсім­дік каран­тинінің рес­пуб­ли­ка­лық орта­лы­ғы» мем­ле­кет­тік басқар­ма­сы Жам­был ауда­ны бой­ын­ша мем­ле­кет­тік инспек­ци­я­сы­ның 2023 жыл­дың 15 мамы­рын­да жүр­гіз­ген мони­то­рин­гі нәти­же­сін­де алма бақта алма аға­шта­ры­ның бак­те­ри­я­лық күй­ік инфек­ци­я­сы аны­қталған. Осы­ған орай, Жам­был облы­сы әкі­мінің 2023 жылғы 30 мамыр­дағы № 96 қаулы­сы­мен үде­мелі өсім­тал алма бақтарға каран­т­ин­дік режим енгізіліп, бақтар­ды мақ­сат­ты пай­да­ла­нуға тый­ым сала­тын және инфек­ци­я­мен зақым­данған аға­штар­ды жою жөнін­де­гі жұмыстар қарас­ты­ры­лған. ҚР «Өсім­дік­тер каран­тині тура­лы» заңы­ның 1‑бабы 6–1 тар­мағы­на сәй­кес, өсім­дік каран­тині бой­ын­ша каран­т­ин­дік режим каран­тин ошағын жоюға бағыт­талған шара­лар­ды жүзе­ге асы­ру­ды міндеттейді.

Лизинг беру­ші «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» АҚ бас­шы­лы­ғы осы аталған ескер­ту­лер­дің ешқай­сысын да еле­мей отыр. Ол осын­ша дәлел­ді дәй­ек­тер мен заң талап­та­рын құлағы­на ілген де жоқ. «Қай­да бар­саң, онда бар!» дегені ғой. «Жер асты­нан жік шықты, екі құлағы тік шықты» теңе­уі де осы­ған сай келіп тұр. Міне, мықты!

Амал­да­ры тау­сы­лған лизинг алушы­лар «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның шой­ы­нқұлақ шене­унік­терін сотқа бер­ген. Олай әре­кет етпе­се, кепіл­дік­ке қой­ған бас­па­на­ла­ры­нан айы­ры­лып қала­тын түр­лері бар.

Жам­был облы­сы­ның ауда­на­ра­лық эко­но­ми­ка­лық соты 2023 жыл­дың 30 қара­ша­сы күні үш талап­кер­дің ары­зда­ры бой­ын­ша іс қараған. Бірін­ші талап­кер – «Әулие-Ата Алма» ауыл­дық тұты­ну­шы­лар коопе­ра­тивіне мүше болып табы­ла­тын лизинг алушы­лар қар­жы­лық лизинг­тік келісім­шар­ттың күшін жой­ып, тарап­тар­ды баста­пқы қал­пы­на кел­тіруді және нысан­ды пай­да­ла­нуға қабыл­дау актісін жарам­сыз деп табу­ды, екін­ші талап­кер – «Жам­был облы­сы Жам­был аудан­дық әкім­ді­гінің сәу­лет, қала құры­лы­сы және құры­лыс бөлі­мі» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік меке­месі жау­ап­кер­ге ешкім­нің рұх­са­тын­сыз өз бет­терін­ше салған құры­лы­сты жою­ды мін­дет­те­уді, үшін­ші талап­кер – «Жам­был облы­сы­ның мем­ле­кет­тік сәу­лет-құры­лыс бақы­ла­уы басқар­ма­сы» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік меке­месі нысан­ды пай­да­ла­нуға қабыл­дау актісін жарам­сыз деп табу­ды сұрай­ды. Осы үш талап бой­ын­ша да жау­ап­кер – «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» акци­о­нер­лік қоғамы.

Осы іске төраға­лық ету­ші Жам­был облы­стық ауда­на­ра­лық соты­ның судья­сы Е.Қалымханов талап­кер­лер­дің өтіні­ш­терін егжей-тег­жей­лі қарай келіп, үше­уін де қанағат­тан­ды­ру­дан бас тар­тқан. Жаға ұстай­тын­дай жағ­дай! Судья­ның құзыр­лы мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­дің дәлел­ді дәй­ек­терін наза­рға алмаға­ны­на таң­дан­басқа әддің жоқ. Кім біледі, сот­тың да өз біл­гені бар шығар?

Лизинг алушы­лар оны­мен тоқтап қалған жоқ. Олар бірқа­тар сая­си пар­ти­я­ларға әділ­дік­тің сал­та­нат құруы­на ықпал жаса­уды сұра­нып қай­ы­ры­лған. Олар не дей қой­сын, қан­ша айтқан­мен, қоғам­дық ұйым­ның аты – қоғам­дық ұйым. Олар өз тарап­та­ры­нан пікір біл­діреді, ұсы­ны­стар жасай­ды. Бірақ біре­уді дат­та­уға неме­се ақта­уға құзыр­лы емес. Деген­мен, сая­си пар­ти­я­лар мен қоғам бел­сен­ділері қаты­сқан жина­лы­стар­да олар­дың әділет­сіздік­ке ұшы­раған шару­а­лар­дың жанай­қай­ла­рын дұрыс түсініп, ара­ша түскілері кел­гені аңға­ры­ла­ды. Лизинг алушы­лар осы­ның бәрін елеп-ескер­ме­ген сот­тың шеші­міне нара­зы. Олар әділет сал­та­нат құрғанға дей­ін бар­лық дең­гей­де­гі құзыр­лы орган­дарға шағым­да­нуға бел­ді бекем буып отыр. Олар өз істерінің әділ екеніне сенім­ді. Сон­ды­қтан ауда­на­ра­лық эко­но­ми­ка­лық сот шеші­міне қанағат­тан­бай, жоға­ры­ға кас­са­ци­я­лық шағым түсір­ген. «Бәл­кім, әділ шешім болып қалар», – деп үмітті.

Бұл мәсе­ле­де бәрі керісінше

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Тоқа­ев жаңа әділет­ті қоғам құру жолын­да атқа­ры­луға тиіс жұмыстар­ды айқын­дап, мін­дет­тер­ді бел­гілеп те бер­ген. Ол мін­дет – халы­ққа адал қыз­мет көр­се­ту. Әділет­ті Қаза­қтан­да ісі әділ адам­дар зардап шек­пе­у­ге тиіс. Біз жазып оты­рған мәсе­ле­де бәрі керісін­ше. Кәсіп­кер­лік­ке кедер­гі кел­тіріліп, шару­а­лар­дың ісі ілгері бас­пай отыр.

Жуыр­да Аста­на мен Тараз­да онлайн бай­ла­ныс арқы­лы «Қаза­қстан пар­ла­мен­та­риз­мі даму қоры» мен «Әулие-Ата Алма» ауыл­дық тұты­ну­шы­лар коопе­ра­тивінің ұйым­да­сты­руы­мен «Жам­был облы­сы­ның шаруа қожа­лы­қта­ры аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы­ның әре­кеті­нен қалай зардап шек­ті?» атты бас­пасөз кон­фе­рен­ци­я­сы өткізіл­ген. Осы бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да да тіл­ге тиек болға­ны – несие кор­по­ра­ци­я­сы­ның уәдесіне мал­да­нып алданған шару­а­лар мәселесі.

Қаза­қстан пар­ла­мен­та­риз­мі даму қоры­ның пре­зи­ден­ті, экс-сена­тор Зәу­реш Қабыл­бекқы­зы Бат­та­ло­ва кор­по­ра­ци­я­ның озбыр­лық әре­кетін сынға алып, бұл сорақы тір­лік қоғам тара­пы­нан қол­дау табуы керек екенін баса айт­ты. Онлайн сипатта өткен бұл басқо­су­да Аста­наға лизинг алушы­лар­дың арнайы барған өкілі Ғани­жан Инам­жа­нов, лизинг алушы­лар­дың қорға­у­шы­сы, заң­гер Серік Тыны­бекұ­лы Қожа­мқұ­лов, Тараз­дан «Әулие-Ата Алма» АТҚ төраға­сы Рустам Ғани­жа­нов, Жам­был облы­стық Қоғам­дық кеңе­стің мүше­сі Кемел­хан Смағұлұ­лы Әбіле­ков, Жам­был облы­стық мәс­ли­ха­ты­ның депу­та­ты, «Ақ жол» демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­ның мүше­сі Дәу­рен Ахмет­жа­ев, осы жол­дар­дың авто­ры сөз сөй­леп, зардап шегу­ші лизинг алушы­лар­ды жақтап, дәлел­ді мысал­дар кел­тір­ген, аңқау шару­а­лар­ды алдап, оларға озбыр­лық көр­сетіп оты­рған «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» акци­о­нер­лік қоға­мын сынға алған. Әрине, әділет­ті шешім шығар­маған ауда­на­ра­лық эко­но­ми­ка­лық сот­тың бір­жақты әре­кеті де айтыл­май қалған жоқ.

Мақа­ла­да сын ныса­на­сы­на айналған «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның «Қай­да бар­саң, онда бар!» деп қай­қай­ып оты­рға­нын, алда­уға түс­кен­деріне қара­ма­стан, әділ төрелік айтуға тиіс сот­тан көңіл­дері қалып, месел­дері қай­тқан шару­а­лар­дың шырыл­дап шын­дық іздеп жүр­генін жеріне жет­кі­зе айтқан­дай-ақ сияқты­мыз. Енді осы жанай­қай­ға тиісті орган­дар, құзірет­ті меке­ме­лер, оқыр­ман көп­шілік, қоғам бел­сен­ділері не дер екен? Құлағы­мы­зды түріп, солар­дан жау­ап, үнқо­су тың­дап көрейікші.

Әділет­ті Қаза­қстан құру жолын­да қары­шты қадам жасап бара жатқан қоғам­да мұн­дай жағ­дай­ға ешкім енжар­лық таныт­пай, бей­та­рап қал­май­тын шығар? Әлде осы мәсе­ле­ге тіке­лей қаты­сы бар меке­ме­лер­дің шой­ы­нқұлақ шене­унік­тері ештеңені есті­ме­ген болып, есті­се де өркөкірек­тік­пен: «Қай­да бар­саң, онда бар!» деген рай­ла­ры­нан қайт­пай оты­ра берер ме екен?

Болат ЖАППАРҰЛЫ,Қазақстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі,ардагер журналист

Республиканский еженедельник онлайн