Вторник , 10 июня 2025

ҚАЙРАН ҚАРЫНДАСЫМ!..

Әлем­ді ала­мы­штап жүр­ген қаңғыр­ма­ви­рус менің де қабы­рғам­ды қай­ы­стыр­ды… Бақыт­гүл еке­уі­міздің жур­на­ли­стік жол­да таны­сқа­ны­мы­зға, бір ата-ана­дан туған аға-қарын­дастай болып табысқа­ны­мы­зға жиыр­ма төрт жыл толып еді. Иман­ды­лық шырайы жара­сым­ды жұқал­таң аққұ­ба жүзі, ашық та жұм­сақ жылы дауы­сы ина­бат­ты жара­ты­лы­сын алғаш әңгі­ме­ле­с­кен­де-ақ анық таны­тып еді. Содан бері­де сан мәр­те сұх­бат­та­стық, сая­си сипатты үлкен-кіші жиын­дар­да пікірлестік.

Елі­міздің, халқы­мы­здың мүд­десін ардақ тұтқан ақ жүрек Тұлға еді. Отыз жыл бойы сөзі мен ісі екі­дай болып келе жатқан «мәң­гілік» билік­тің қоғам­ды қожы­ратқан қаре­кет­терін қапы­сыз біліп айтып, батыл жазып жүр­ді. Шын мәнін­де тәу­ел­сіз «Дат­тың» оқыр­ман­да­ры Бақыт­гүл­дің қала­мы­нан туған шағын-ірі жаз­ба­лар­ды алдын ала қуа­на оқи­тын. Ақиқат­ты қым­бат қал­пын­да әділ айта­ты­ны­на кәрі-жас қал­тқы­сыз сүйінетін-ді.

Бір аула­да әсіре­се бей­сен­бі­де, «ДАТ» шыға­тын күні, кез­десіп, ой бөлісіп жүретін үш қарт бар­мыз. Сыр­тқы пошта жәші­гі­міз­ден гәзеті­мізді алып, орта­дағы ұзын орын­ды­ққа жай­ға­са­мыз да, гәзет­тері­мізді ашып, шолуға кірісіп, сөз бастай­мыз: «Бәтуәсіз билік­тен қай­мы­қ­пай­ды, ә?!»; «Ермұрат бұл жолы да бірін­ші бет­тен бастап­ты!»; «Мына Бақыт­гүлі­міз – қыз болып туған ержі­гіт қой!» десеміз.

Тарын­ба­ста тары­на қала­ты­ны бар тағ­дыр біздің де Бақыт­гүлі­мізді ара­мы­здан алып кетіп, жаны­мы­зды жүдетті.

Беу, қай­ран қарын­да­сым, Бәке, қаза­қтың қай­рат­ты, қай­сар, адал Қызы! Не дей­ін?.. Енді­гі мекенің жұмақ болуын тілей­мін! Арай­лы ажа­рың көз алдым­да тұрар, «аға­лаған» әсем дауы­сың құлағым­да болар.

Қош, қош!..

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Үзіл­мес үміт

АНАЛАР ЗАРЫ Ақор­даға жете ме?

Алма­ты­дағы Қытай кон­сул­ды­ғы ғима­ра­ты алдын­да жүр­ген апа­ла­ры­мы­здың 4–5 жыл­дан бері Қытай­дағы туы­ста­ры­нан хабар ала алмай, не олар­дың өлі екенін, не тірі екенін біле алмай, зар жылаға­ны­на 230 күн болып­ты. Қытай кон­сул­ды­ғы­ның бір­де-бір өкілі осы ақ шашты анла­ры­мы­здың хал-жағ­дай­ын сұрап, бүгін­гі күн­ге дей­ін бір­де-бір сұрақта­ры­на жау­ап бер­меп­ті. Ашы­нған ана­ла­ры­мыз Қаза­қстан үкі­меті­нен де біра­уыз жақ­сы сөз ести алмаған­нан кей­ін, өз нара­зы­лы­қта­рын жалға­сты­рып келеді. Өткен­де әле­умет­тік желі­ден жеті қараңғы түн­де көше­де түнеп жатқан ана­ла­ры­мы­зды көр­ген­де не істерім­ді білмедім.

Сол апа-қарын­даста­ры­мы­зға барай­ын, тілек-ниетім­ді біл­дірей­ін деп ойла­дым. Олар Бай­та­сов көше­сін­де­гі Қытай кон­сул­ды­ғы алдын­дағы жол­дың шетін­де түскі аста­рын ішіп отыр екен. Май айы емес, қазір күз – қыр­күй­ек айы­ның соңы. Күн салқын­дай бастаға­ны бел­гілі. Суық, жары­қ­сыз, жылу­сыз тастай қараңғы түн­де дала­да түн­ген­нің қан­дай бола­ты­нын уағын­да ас-суын ішіп, жылы үйде бала­ла­ры­ның қасын­да оты­рған­дар қай­дан біл­сін? Қытай­да қамалған етжақын туы­ста­ры­нан бір жақ­сы хабар ала алмай, қай­ғы­дан қан жұтып оты­рған ана­ла­ры­мыз әлі де үміт­сіз емес екен. «Бұл жер­ден өлі­гі­міз ғана кете­ді…» деп, тас-түй­ін отыр.

 Бей­біт күн­де тірі жесір­дің күй­ін кеш­кен әпке-қарын­даста­ры­мыз бен тірі жетім бүл­дір­шін­дері­міздің көзді­нен сорға­лаған жасты көр­ген­де, көше­ден өтіп бара жатқан адам­дар­дың өзі арт­та­ры­на қай­ы­ры­лып келіп, қосы­ла жылаған­да­ры да бол­ды. Кей­біре­улерінің мей­ірі­мі түсіп, қолын­да барын ұсы­нып жатқа­ны­на да куә болдым.

Айран­дай ұйып, өз отба­сы­ның күй­ін күйт­теп, өз күн­дерін өздері көріп жүр­ген бей­күнә, жазы­қ­сыз жан­дар­ды отба­сы­нан айы­ра­тын­дай не күнәсі бар? Егер де олар­дың Қытай елінің ішкі ісіне қаты­сты бір қыл­мысы бол­са, мерзім­ді жаза­сын өте­у­ге ешкім­де қар­сы емес. Қытай сол қазақ халқы­мен ежел­гі тату көр­шілі­гін ескеріп, жазы­қ­сыз адам­дар­ды қуда­ла­у­ын тоқтат­сын! Әлем халы­қта­ры­ның алдын­дағы жау­ап­кер­шілік нор­ма­сын сақ­та­сын дегім келеді.

Өзі­міздің пре­зи­дент Қ‑Ж.Тоқаев пен сыр­тқы істер мини­стрі көр­шілес екі ел ара­сын­дағы дипло­ма­ти­я­лық заң­ды­лы­қтар­ды сақтай оты­рып, Қытай­дағы оңал­ту лагер­лерін­де жазы­қ­сыз қысым көріп жүр­ген аза­мат­та­ры­мы­здың аман-есен еліне ора­луы­на көңіл бөледі деп сене­міз. Жақын­да Ауған­стан­дағы 41 отан­да­сы­мы­здың елге аман-есен орал­дуы­на себеп­кер болған ел пре­зи­ден­тіне бүкіл қазақ шынайы риза­шы­лы­ғын біл­дір­ген еді. Енді Шығыс Түр­кістан­дағы қан­даста­ры­мы­здың бостан­ды­ққа шығуы­на жәр­дем­де­седі деген үміті­міз бар.

Төле­ухан БІДІРӘЛІ Алма­ты қаласы.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн