Пятница , 4 июля 2025

ҚАЙТСЕК сайлау әділ ӨТЕДІ?

Қаза­қстан еге­мен­дік алға­лы, сай­лау қоры­тындысы бұр­ма­ла­на­ты­ны тура­лы аз айты­лып жүр­ген жоқ. Соңғы пре­зи­дент сай­ла­у­ы­нан кей­ін халық сай­ла­удың әділ өтпе­геніне нара­зы болып, билік­тен сая­си рефор­ма­лар жүр­гі­зуді талап ету­де. Бұрын сай­ла­у­мен жұмысы бол­маған халық билік­ке кел­ген пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаевтың сай­лау әділ өте­ді дегеніне сеніп, елі­міздің келе­ше­гі үшін, елдің сая­си өміріне бей­біт жол­мен өзгеріс жасал­са екен деген үміт­те болған еді. Алай­да халы­қтың үміті ақтал­ма­ды, сөз жоқ, сай­лау әділ өтпе­ді, сай­ла­у­шы­лар­дың дауы­сы тонал­ды. Бұл жөнін­де­гі фак­тілер­ді тіз­бек­те­удің қажет­тілі­гі шама­лы, олар әле­умет­тік желі­де толып жатыр.

Осы орай­да сай­ла­у­шы­лар­дың дауы­сы неге ұрлан­ды, оның себеп-сал­да­ры қан­дай деген сұрақ сұра­нып-ақ тұр. Билік пен мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер ара­сын­да халық сая­сат­пен айна­лы­спа­уы керек деген ұғым көп­тен бері қалып­тасқан. Бұл – түбірі­мен жаң­сақ пікір. ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 3‑бабында: «Мем­ле­кет­тік билік­тің бір­ден-бір баста­уы – халық. Халық билік­ті тіке­лей рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум және еркін сай­лау арқы­лы жүзе­ге асы­ра­ды, сон­дай-ақ өз билі­гін жүзе­ге асы­ру­ды мем­ле­кет­тік орган­дарға береді» деп жазы­лған. Осы заң ере­же­лері бой­ын­ша сай­ла­у­шы халық пар­ла­мент мәжілісі мен жер­гілік­ті мәс­ли­хат­тарға өз өкіл­дерін сай­лай­ды. Сон­дай-ақ дауыс беру жүй­есі­мен сай­лау арқы­лы жеңіс­ке жет­кен үміт­кер тұлға­ны пре­зи­дент етіп тағай­ын­дай­ды. Осы­лай­ша, халы­қтың өз елінің сая­си өміріне тіке­лей қаты­сты­лы­ғы сай­ла­у­мен айқын­да­ла­ды. Бұны билік басын­дағы­лар­дың көзіне шұқып тұрып, жиі-жиі айтып тұрған дұрыс!

Енді осы сай­ла­уда қат­ты алданған қоғам билік­тен сай­лау заң­ды­лы­қта­ры­на қаты­сты рефор­ма жаса­луын талап етіп отыр. Бірақ рефор­ма нақты қалай жаса­луы керекті­гін көп­шілік түсін­се де, билік қаса­ры­сып отыр. Осы­ған бай­ла­ны­сты қайт­сек сай­лау әділ өте­ді деген сұраққа өз тара­пым­нан жау­ап жол­даға­лы отыр­мын. Ең басты­сы – сай­ла­удың әділ өтпе­уінің себеп-сал­да­ры аны­қта­луы қажет етіледі. Осы­ған қаты­сты мына ұсы­ны­сты пай­да­ланған жөн деп есептеймін:

1). Талап арыз ҚР пре­зи­ден­ті Қ.-Ж.Тоқаевтың аты­на және Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на жіберіл­гені дұрыс бола­ды. ОСК-сына пре­зи­дент тара­пы­нан пәр­мен бол­са, тиісті шара­лар көтерілуі тиіс. Жаз­ба­ша талап­ты пар­ти­я­лар, қоғам­дық ұйым­дар және жеке аза­мат­тар бас қосып, талап ары­з­бен бір­ге жина­лыс өткіз­ген хат­та­ма­ла­ры тір­ке­луі қажет.

2). Сай­лау комис­си­я­ла­рын «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның ықпа­лы­нан шыға­ру­ды талап ету. Себебі – халы­ққа қыз­мет көр­се­тетін әкім, мем­ле­кет­тік меке­ме бас­шы­ла­ры, тіп­ті мек­теп дирек­тор­ла­ры осы пар­ти­я­ның мүше­лері. Сай­ла­уда бір жағы­нан – әкім­дік, екін­ші жағы­нан – «Нұр Отан» пар­ти­я­сы учас­келік комис­си­яға өз үстем­дік­терін жүр­гізіп, сай­ла­удың әділ өтуіне мұр­ша бермейді.

3). Сай­лау учас­ке­лерін мек­теп­тен Мәде­ни­ет үйлеріне, ірі меке­ме ғима­рат­та­ры­на көшіруді талап ету. Алы­сқа бар­май-ақ, өзім білетін мына фак­тіні кел­тірей­ін, Асы­қа­та кен­тін­де 8000 сай­ла­у­шы­ны бұры­нғы екі учас­кенің орны­на 5 мек­теп­ке орна­ла­сты­рып, бөл­шек­теп жібер­ген. Билік бұл шара­ны комис­сия жұмысын бақы­ла­уда ұстау үшін жасаған. Өткен­де­гі сай­ла­уда комис­сия мүше­лері мен бақы­ла­у­шы­лар учас­ке­лер­ге дауыс беру­ге келетін сай­ла­у­шы­лар­дың азды­ғы­нан босқа зері­гіп отыр­ды. Мен бақы­ла­у­шы ретін­де қаты­сып, олар­дың бос оты­рған жағ­дай­ы­ның куәсі бол­дым. Ал орын алған заң­сызды­қтар – өз алды­на бөлек әңгіме.

4). Учас­келік сай­лау комис­си­я­сы­ның құра­мы­на: пар­ти­я­лар, қоғам­дық ұйым­дар және аза­мат­тық топ­тар­дың әрқай­сысы ұсы­нған бір өкіл ғана енгізілуін талап ету. Ал қазір­гі­жағ­дай­да комис­сия мүше­лері тек мек­теп пен бала­бақ­ша ұжым­да­ры­нан жасақталған. Мек­теп бас­шы­сы «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның мүше­сі екенін ескер­сек, ол учас­ке­де сай­лау әділ өте­ді деген­ге сену қиын.

Егер осы шара­лар іске асы­рыл­са, сай­ла­у­шы­лар дауы­ста­ры­ның ұрла­нуы­на жол беріл­мей­ді. Аза­мат­тар Кон­сти­ту­ци­я­мен бекітіл­ген өз құқы­қта­рын тиісін­ше пай­да­ла­нып, ОСК-нан жоға­ры­дағы талап­тар­дың орын­да­луын талап ету­ге толық құқы­лы болады.

Ел пре­зи­ден­ті Қ.-Ж.Тоқаевтың уәдесі бой­ын­ша оның халы­ққа адал қыз­мет істей­тіні рас бол­са, сай­ла­у­шы аза­мат­тар­дың талап­та­ры­на құлақ аса­ды деп үміт­те­ней­ік. Сон­ды­қтан уақыт күт­тір­мей, қимыл­дап қалу керек. Егер жоға­ры­дағы талап­тар Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы тара­пы­нан орын­дал­ма­са, сай­лау әділ өтпей­тіні айдан анық. Ал алды­мы­зда – пар­ла­мент мәжілісі мен жер­гілік­ті мәс­ли­хат­тар­дың сай­ла­уы тұр. Қапы қалмайық!

 Аман­гел­ді КЕҢЕСОВ,

 «Аза­мат­тар­дың кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­қта­рын қорғау»

қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төрағасы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн