Пятница , 4 июля 2025

Қайтып келген ҚЫЗ ЖАМАН

  • Өткен апта­да шетел басы­лым­да­ры Қаза­қстан­да сай­лау күні болған жағ­дай­ларға мән беріп, елдің алдағы сая­си бола­шағы­на болжам жаса­ды. Сарап­шы­лар «өзі сияқты ықпал­ды пре­зи­дент­тің болға­нын қала­май­тын» экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «кон­сти­ту­ци­я­лық мани­пу­ля­ция» жаса­уы ықти­мал деп санай­ды. Өзге басы­лым­дар «Дариға Назар­ба­е­ва­ның мәжіліс­ке қай­тып келуінің артын­да не жатқа­ны­на» тоқта­лып, «Тоқа­ев пози­ци­я­сы­ның әлсізді­гіне» назар аударады.
  • «Өзі­нен кей­ін мықты пре­зи­дент болға­нын қала­май­тын» Назарбаев

Eurasianet.org сай­ты­ның «Сай­лау өтті, енді сая­сат­тың уақы­ты кел­ді» деп тақы­рып қой­ған мақа­ла­сын­да автор Қаза­қстан­да ың-шың­сыз өткен сай­ла­удан кей­ін «кон­сти­ту­ци­я­лық тәр­тіп мани­пу­ля­ци­яға түсуі мүм­кін» деген болжам жасай­ды. Оның тұжы­ры­мы бой­ын­ша, елді ұзақ жыл басқа­рып, 2019 жылы билік­тен кет­кен Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өзі­нен кей­ін­гі ешбір бас­шы өзі сияқты көп өкілет­ке ие болға­нын қаламайды.

Eurasianet тұжы­ры­мы бой­ын­ша, бір­де-бір оппо­зи­ци­я­лық пар­тия қаты­спаған сай­лау – «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның төраға­сы, экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «қаза­қстан­ды­қтар елдің даму бола­шағын біздің пар­ти­я­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды» деген мәлім­де­месін тек­се­ру­де­гі «ыңғай­лы өлшем кри­те­рийі емес». «Қаза­қстан­дағы көп жыл­дан бері жалға­сып жатқан эко­но­ми­ка­лық және әле­умет­тік тоқы­ра­уға ашу-ыза­сын айта­тын адам­ды кез­де­сті­ру оңай» деп жаза­ды Eurasianet.

«Неге «Нұр Отанға» дауыс беруім керек? Аз-маз зей­не­тақы үшін бе? Олар­дың жақ­та­сы көп екеніне күмәнім бар. Жұрт бұрын­нан өзгерісті қалай­ды» дей­ді сай­тқа сұх­бат бер­ген алма­ты­лық зей­нет­кер Болат Ескендіров.

Халы­қтың мұн­дай көңіл-күй­і­нен билік хабар­дар, сон­ды­қтан да «Нұр Отан» «сай­лау қар­саңын­да қызы­қ­сыз брен­діне жан біті­ру үшін кан­ди­дат­тар­дың бір бөлі­гін прай­ме­р­из­де таң­дап алды. Әншілер, спорт­шы­лар, биз­не­смен­дер мен әле­умет­тік желі­де­гі ықпал­ды адам­дар прай­ме­р­из­ді көз тар­тар­дай жыл­ты­рақ ету ісіне тар­тыл­ды» деп жаза­ды автор.

«Эво­лю­ци­я­ла­нып жатқан әле­умет­тік және демо­гра­фи­я­лық тренд­тер­ді көр­се­ту үшін аздап өзгеріс те жасал­ды». Сон­да да «Нұр Отан­ның» 71 пай­ыз дауыс жинаға­ны­на сен­бей­тін сарап­шы­лар бар. «Билік үне­мі 70 пай­ы­здан жоға­ры алуы керек, бұл – пси­хо­ло­ги­я­лық шек, одан төмен түсе алмай­ды, сөй­тіп қажет сан­ды ойдан жаза­ды», – дей­ді Eurasianet-ке сұх­бат бер­ген сая­сат­та­ну­шы Қаз­бек Бейсебаев.

Еуро­па­дағы қауіп­сіздік және ынты­мақ­та­стық ұйы­мы Демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­тар және аза­мат­тық қоғам инсти­ту­ты­ның (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) сай­ла­уды бақы­лау мис­си­я­сы алдын ала қоры­тындыс­ын­да сай­ла­уды демо­кра­тия стан­дарт­та­ры­на сай өтпе­ді деп сынады.

«Интер­нет­те пікір плю­ра­лиз­мінің аясы аздап кеңі­гені­мен, қысым жасалған науқан сай­ла­у­шы­лар­дың сана­лы таң­дау жаса­уы­на мүм­кін­дік бер­меді. Сай­лау қар­саңын­дағы келісіл­ген шара­лар кей отан­дық бақы­ла­у­шы­лар­дың тиім­ді бақы­лау жүр­гі­зуіне кедер­гі бол­ды. Дауыс берудің өзі тиім­ді ұйым­да­сты­ры­лға­ны­мен, сай­лау күні про­це­ду­ра­лық аспек­тілер­дің көбі транс­па­рент­ті бол­ма­ды» делін­ген ЕҚЫҰ бақы­лау мис­си­я­сы­ның есебінде.

Соны­мен, мәжілі­сте «ескі де жаңа адам­дар­дан тұра­тын» «Нұр Отан» басым күш­ке ие бол­ды. «Ескі өкіл­дерінің ара­сын­да был­тыр мамыр айын­да жоғарғы пала­та­ның спи­кер­лі­гі­нен алы­нып тасталған Дариға Назар­ба­е­ва сияқты билік­ке шын беріл­ген­дер бар» деп қоры­та­ды автор.

Сай­лау өткені­мен, «кон­сти­ту­ци­я­лық тәр­тіп төңіре­гін­де­гі мани­пу­ля­ция баста­луы мүм­кін» деп болжай­тын сарап­шы­лар да бар. Қаз­бек Бей­се­ба­ев­тың айтуын­ша, билік­шіл «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның жетек­шісі Азат Перу­а­шев­тің был­тыр қара­ша­да «жаңа шақы­ры­лым­да пар­ла­мент­тің рөлін нығай­та­тын заң­дар ұсы­на­мын» деген сөзі осы­ған дәлел бола алады.

Кей­біре­улер бұл про­цесс 2017 жылы-ақ баста­лып кет­кен деп санай­ды. Сол кез­де­гі пре­зи­дент Назар­ба­ев атқа­ру­шы билік пен пар­ла­мент ара­сын­дағы билік­ті тең­де­стіретін рефор­ма жаса­уға шақы­рған. Ол тұста Назар­ба­ев мұны «тари­хи» өзгеріс деп атаға­ны­мен, бұл сарап­шы­ларға онша әсер етпе­ген дей­ді автор. «Артқа көз тастап қара­сақ, Назар­ба­ев­тың бұл рефор­ма­ны жүзе­ге асы­ру­дағы басты мақ­са­ты – өзі­нен кей­ін­гі бір­де-бір пре­зи­дент­тің өзі сияқты ықпал­ды болуы­на жол бер­меу» деп жаза­ды Eurasianet.

Деген­мен, автор­дың ойын­ша, мәжілісті «мөр басып қана оты­ра­тын ұйқы кел­тірер кең­се­ден» үлкен күш­ке айнал­ды­ру үшін қыру­ар жұмыс істе­луі керек. Бір кез­де оппо­зи­ци­яда болған Петр Сво­ик­тың ойын­ша, ондай ерекше рефор­ма бола қой­май­ды. Билік «жүй­е­де еле­улі өзгерістер жаса­удың орны­на тұрақты­лы­қты сақта­у­мен ғана айна­лы­са­ды». «Яғни, Назар­ба­ев­тың ізба­са­ры, пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев әзір­ге өз беделін сақта­уға тыры­са­ды», – дей­ді Сво­ик. Оның ойын­ша, Тоқа­ев «тепе-теңдік пен сабақ­та­сты­қты сақта­уға тыры­са­ды және билік тран­зи­ті табиғи түр­де аяқталған сәт­ті күтеді».

  • Дариға­ның қай­тып келуі 2020 жылғы оқиға­лар­дың сырын түсі­ну­ге жол ашады

Аме­ри­ка­да шыға­тынThe Diplomat бұл сай­ла­удың басты интри­га­сы – орны­нан кет­се де, билік тіз­гінін қолын­да ұстап, «Нұр Отан» пар­ти­я­сын басқа­рып оты­рған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың үлкен қызы Дариға­ның пар­ла­мент­ке қай­тып келуі деп санай­ды. «Оның пар­ла­мент­ке қай­та сай­ла­нуы бола­шақтағы сая­си өзгерістер тура­лы әңгі­мені қоз­ды­ра түсері анық» деп жаза­ды мақа­ла авто­ры Кэтрин Пуц.

Автор Назар­ба­е­ва­ның бұрын пар­ла­мент мүше­сі болға­ны­на, 2016 жылы сенатқа депу­тат болып барға­ны­на тоқта­ла­ды. 2019 жылы науры­зда әкесі отстав­каға кет­кен соң, оның орны­на сенат спи­кері Қасым-Жомарт Тоқа­ев барып, елде­гі екін­ші лау­а­зым Дариға Назар­ба­е­ваға бұй­ы­рған. Алай­да Тоқа­ев пре­зи­дент болып сай­ланған­нан соң бір жыл өтер-өтпе­стен, 2020 жылғы мамыр­да ол спи­кер­лік­тен де, пар­ла­мент­те­гі орны­нан да кет­ті. The Diplomat Назар­ба­е­ва­ның отстав­ка­сын кім­нің қалай сипаттаға­ны­на тоқталады.

«Болған жайт бір­не­ше тұрғы­дан беріл­ді, бұл біздің [Қаза­қстан­дағы] астыр­тын сая­си әре­кет­тер тура­лы түсіні­гі­мізді шата­сты­рып жібер­ді» деп жаза­ды автор. Оның айтуын­ша, кей ақпа­рат құрал­да­ры Назар­ба­е­ва «қыз­меті­нен кет­ті» десе, басқа­ла­ры оның пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың жар­лы­ғы­мен орны­нан алы­нға­нын айтқан.

«Назар­ба­е­ва орны­нан кетіріл­ді ме, әлде өзі кет­ті ме, осы жағы бел­гісіз болып қал­ды. Ал бұл жайт өте маңы­зды: Тоқа­ев басқа­ру­ды қолы­на алып, Назар­ба­е­ва­ның амби­ци­я­сын ауы­зды­қтағы­сы кел­ді ме, әлде бұдан бұрын айтқа­ным­дай, Қаза­қстан коро­на­ви­рус пан­де­ми­я­сы­мен күресіп жатқан тұста сая­си бір­лік ретін­де Назар­ба­ев­тар тым бол­ма­са ресми түр­де билік­тен кете тұр­ды ма? Оның үстіне Назар­ба­е­ваға қаты­сты бір­не­ше дау-дамай бол­ды, бұған осы­ның бар­лы­ғы себеп болуы да мүм­кін» деп қоры­та­ды автор.

Оның айтуын­ша, экс-пре­зи­дент­тің үлкен қызы­ның билік­ке қай­тып келуі был­тыр болған оқиға­лар­дың себебін аны­қта­уға да, елде­гі сая­си билік­тің бола­шағын бажай­ла­у­ға да мүм­кін­дік береді.

Пар­ла­мент­те­гі ман­дат­тар­дың бөлі­нуін сарап­тай келе, автор сай­лау нәти­же­сін­де билік пар­ти­я­сы­ның сегіз орын­нан айы­ры­лға­нын айта­ды, бірақ «Нұр Отан­ның» «цир­кі жалға­сып жатыр» деп ескер­те­ді ол.

  • Тоқа­ев­тың пози­ци­я­сы тым әлсіз

10 қаңтар­да өткен пар­ла­мент сай­ла­уы «режим­нің билі­гін бекітіп бер­ген рәсім ғана бол­ды», билік­тің бей­біт демон­странт­тар­ды күшпен тара­туы­ның мәні жоқ еді. Даму­шы эко­но­ми­ка­лар­дан инве­стор­ларға арнап хабар тара­та­тын Intellinews сай­ты осын­дай тұжы­рым жасайды.

Мұн­да да автор бұл сай­ла­уды түр­лі сая­си күш­тер ара­сын­дағы теңдік­ті сақтау шара­сы деп баға­лай­ды. Intellinews-тің жазуын­ша, пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев пен «Назар­ба­ев маңын­дағы басқа топ­тар ара­сын­да» «сая­си ойын­ның» бар екені бұрын­нан бай­қалған. Мысал ретін­де автор 2019 жылы қыр­күй­ек­те мұнай өндірісінің 120 жыл­ды­ғы­на арна­лып Аты­ра­уда өткен мерей­той­да Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­сы, аса ықпал­ды биз­нес­мен Тимур Құлы­ба­ев­тың еле­усіз қалға­нын және режим­нің басты сын­шы­сы, қуғын­дағы сая­сат­кер Мұх­тар Әбі­ля­зов­пен «күре­сте» Назар­ба­ев­тың ұза­қтан бер­гі үзең­гілесі Болат Өте­мұра­то­втың «құр­бан­ды­ққа шалы­нға­нын», Дариға Назар­ба­е­ва­ның был­тыр сена­тор спи­кер­лі­гі­нен түсіріл­генін еске салады.

«Кей сарап­шы­лар пар­ла­мент мүше­лерінің тізі­міне бай­ып­пен қара­саң, Қаза­қстан­дағы эли­та­ның түр­лі мүше­лері билік­ке қан­ша­лық ықпал ететінін көру­ге бола­ды деп санай­ды. Мәсе­лен, мәжіліс сай­ла­у­ы­на Дариға [Назар­ба­е­ва] қаты­суы оның был­тыр мамыр­да орны­нан түсіріл­геніне қара­ма­стан, эли­таға әлі де ықпал етіп оты­рға­нын аңғар­та­ды (бірақ бұл ықпал тұрақты бол­мауы да мүм­кін)» деп санай­ды автор.

Оның айтуын­ша, «Нұр Отан­ды» Назар­ба­ев басқа­рып оты­рған­ды­қтан, билік тепе-теңді­гіне де экс-пре­зи­дент ықпал ете­ді. «Оның үстіне бұл бір жағы­нан Қауіп­сіздік кеңесі арқы­лы билік­ті ұстап оты­рған Назар­ба­ев­тың Тоқа­ев­ты тіз­гін­нен босат­па­уы­на мүм­кін­дік береді. Бұл маңы­зды, себебі көп сарап­шы Тоқа­ев­тың әре­кет­тері оның Назар­ба­ев­тан алшақ кету­ге тыры­са­ты­нын бай­қа­та­ды деп есеп­тей­ді» деп жаза­ды Intellinews.

Десе де, билік үшін күрес тура­лы бұл болжам­дар тым әсіре­лен­ген болуы мүм­кін. «Себебі Назар­ба­ев ескі серік­тесі Өте­мұра­то­вқа қол­дау көр­сет­кені бай­қал­май­ды» дей­ді автор.

Қалай болған күн­де де, Тоқа­ев­тың пози­ци­я­сы әлі тым әлсіз. «Назар­ба­ев орны­на қой­ған ізба­са­ры ретін­де Тоқа­ев елді ол сияқты емін-еркін басқа­ра алып оты­рған жоқ. Өмір бой­ғы «елба­сы» ста­ту­сы­ның және Қауіп­сіздік кеңесін бақы­ла­у­ы­ның арқа­сын­да ол билік­тің бар­лық дең­гей­леріне әлі де үлкен ықпа­лын сақтап отыр» деп жаза­ды автор.

Бұған қоса сарап­шы билік орган­да­ры­ның сай­лау күн­гі шек­тен тыс сақтық шара­ла­ры­на да назар ауда­ра­ды. Алма­ты­дағы Рес­пуб­ли­ка алаңын­да поли­ци­я­ның арнайы жасағы­ның құр­са­уын­да қалып, сағат­тар бойы аяз­да тұрған нара­зы жұрт­тың халін сурет­те­ген автор олар­дың дәрет­ха­наға да жіберіл­ме­геніне назар аударады.

Автор сол күні елдің басқа бөлік­терін­де де ондаған адам ұста­лып, кеш­ке боса­ты­лға­нын айтады.

«Өкі­мет­тің оларға қаты­сты әре­кет­терін­де­гі ең бір түсініксіз нәр­се – билік­те­гі режим­ді қай­та бекі­тетін рәсім­деу сипа­тын­дағы сай­ла­у­ға ешқан­дай ерекше қауіп төн­ді­ре қой­май­тын, салы­стыр­ма­лы түр­де аз ғана нара­зы­лар­ды күш­теп тара­туы бол­ды. Салы­сты­рып қара­сақ, 2019 жылғы мерзі­мі­нен бұрын пре­зи­дент сай­ла­уы кезін­де­гі бүкіл елді қам­ты­ған демон­стра­ци­я­лар қоғам нара­зы­лы­ғы­ның анағұр­лым сал­мақты көрінісі болған еді» деп жаза­ды IntelliNews.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн