Пятница , 23 мая 2025

ҚАЙТҚАН ЖЕРДЕН халыққа НЕГЕ ҚАЙЫР ЖОҚ?

  • Бас про­ку­рор Берік Ноғай­ұ­лы Асы­ло­вқа депу­тат­тық сауал

Барлы­қта­ры­ңы­зға бел­гілі, «Жер ама­на­ты» рес­пуб­ли­ка­лық жер комис­си­я­сы Пре­зи­ден­ті­міз Қ.К. Тоқа­ев­тың тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша заң­сыз беріл­ген және игеріл­ме­ген жер­лер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­ру үшін құры­лған. Бірақ сот­пен қай­та­ры­лған жер­лері­міз қағаз жүзін­де қай­тып, ақы­ры біл­дірт­пей, кім­нен біз жер­ді алып қой­дық, соған қай­та­ра салған қулық іспен қалай күре­се­міз, ағайын?!

2023 жылы 17 мамыр­да Шым­кент қала­сы­ның маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық эко­но­ми­ка­лық соты­ның шеші­міне сәй­кес Шым­кент қала­сы Жер ресур­ста­рын басқа­ру депар­та­мен­тінің талап ары­зы толы­ғы­мен қанағат­тан­ды­ры­лып, «Шығыс­Строй­Мон­таж» ЖШС-іне шыға­ры­лған қаулы­сы заң­сыз деп танылған.

2023 жылы 31 тамы­зда Шым­кент қала­лық соты­ның апел­ля­ци­я­лық алқа­сы­ның қаулы­сы­на сәй­кес бірін­ші саты­дағы сот­тың шеші­мі өзгеріс­сіз қалдырылды.

2023 жылы 20 қара­ша­да Жоғарғы сот­тың кас­са­ци­я­лық алқа­сы­ның қаулы­сы бой­ын­ша бар­лық сот­тың шешім­дері өзгеріс­сіз қалдырылды.

Осы жер­де енді қызық баста­ла­ды. Бақыт­жан Базар­бек Пар­ла­мент Мәжілісінің төрін­де сот­тың шеші­мі неге орын­дал­май жатыр деп айқай­лап жүр­ген­де, осы сот­тың заң­ды күшіне енген шешім­деріне қара­ма­стан, атқа­ру өндірісінің ашы­луы­на қара­ма­стан «Шығыс­Строй­Мон­таж» ЖШС‑і «Үміт қала» ЖШС-мен 2024 жылы 29 ақпан күні аяқтал­маған құры­лы­сты сатып алу-сату шар­тын бекі­те­ді де, дау­лы мем­ле­кет­ке қай­та­ры­лған жер­ді сатып жібереді.

Ал 2024 жылы 29 науры­зда Шым­кент қала­сы­ның әкім­ді­гі сот­тың шеші­мі бой­ын­ша мем­ле­кет­ке қай­та­ры­лған 1 гек­тар жер­ді мем­ле­кет­ке қай­тар­май, мем­ле­кет­тік қажет­тілік­тер үшін алы­на­тын жер­дің есебі­нен құны тең жер учас­кесін «Үміт қала» ЖШС-іне бер­ген­дей шешім шығарған. Міне, шешім.

Артын­ша, Шым­кент қала­сы­ның әкім­ді­гінің 2024 жылғы 29 науры­здағы қаулы­сы бой­ын­ша «Үміт қала» ЖШС-іне мем­ле­кет­тік қажет­тілік­тер үшін алы­на­тын жер­дің есебі­нен құны тең жер учас­кесі ретін­де беріл­ген жер­ге айыр­ба­стау шар­ты бекітіл­ді, 01.04.2024 жылы жер­ді мем­ле­кет­тік қажет­тілік­тер үшін алу шар­ты бекітілді.

Мұны қалай түсі­ну­ге бола­ды? Басқа­ша айтқан­да, сот­тың шеші­мі шықты және сот­тың шеші­мі бой­ын­ша заң­сыз беріл­ген жер мем­ле­кет­ке қай­туы керек, бірақ та Шым­кент қала­сы әкім­ді­гінің шеші­мі бой­ын­ша жер мем­ле­кет­ке қай­та­рыл­ма­ды. Керісін­ше, сот­тың шеші­мі бой­ын­ша мем­ле­кет­ке қай­та­ры­лған 1 гек­тар жер мем­ле­кет­тік қажет­тілік­тер үшін алы­на­тын жер­дің есебі­нен құны тең жер учас­кесін беру сыл­та­уы­мен өзге ком­мер­ци­я­лық ұйы­мға өтіп кеткен.

Қай­дағы жер­ді мем­ле­кет­тік қажет­тілік­тер үшін алу? Қай­дағы айыр­ба­стау шар­ты? Қай­дағы құны тең жер учас­кесін беру?

Дәл осы схе­ма­мен «Жер ама­на­ты» рес­пуб­ли­ка­лық жер комис­си­я­сы аясын­да Шым­кент қала­сы Жер ресур­ста­рын басқа­ру депар­та­мен­тінің талап ары­зы Шым­кент қала­сы­ның маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық эко­но­ми­ка­лық сотын­да толы­ғы­мен қанағат­тан­ды­ры­лып, сот­тың 2023 жылғы 13 шіл­де­де­гі №5265–23-00–2/891 шеші­мі­мен «Hyundai Premium Shymkent» көлік сало­ны­ның жер­ге құқы­қта­ры (кадастр­лық нөмірі 22−329−005−092) заң­сыз деп таны­лған болатын.

Біз­де сот­тың шеші­мін орын­да­мау модаға айналған ба? Жоқ, сот­тың шеші­мін орын­да­май, айна­лып өтетін айла жос­пар­лау мода бол­ды ма? Онда біз­ге сот­тың қажеті не?

«Жер ама­на­ты» аясын­да біз заң­ның бұзы­лға­нын аны­қтай­мыз, Жер ресур­ста­рын басқа­ру депар­та­мен­ті инспек­тор­ла­ры бір жыл бойы қырғи-қабақ болып сот­та­са­ды, ал ақы­ры сот­тың шешім­дері не орын­дал­май кете­ді, не қулы­қ­пен сот­тың шеші­мін айна­лып өтеді!

Осыны еске­ре оты­рып, Берік Ноғай­ұ­лы, сіз­ден сұрайтыным:

Бірін­ші­ден, «Шығыс­Строй­Мон­таж» ЖШС‑і «Үміт қала» ЖШС-мен 2024 жылы 29 ақпан­да аяқтал­маған құры­лы­сты сатып алу-сату шар­ты­ның, 2024 жылы 29 наурыз күні Шым­кент қала­сы әкім­ді­гінің қаулы­сы­ның заң­ды­лы­ғын және «Hyundai Premium Shymkent» көлік сало­ны­ның жері бой­ын­ша (кадастр­лық нөмірі 22−329−005−092) бекітіліп шыға­ры­лған айыр­ба­стау шар­ты мен Шым­кент қала­сы әкім­ді­гінің шеші­мінің заң­ды­лы­ғын тек­се­руіңізді сұраймын.

Екін­ші­ден, заң бұзу­шы­лы­қтар аны­қталған жағ­дай­лар­да аталған шешім­дер мен шар­ттар­ды дереу бұзу тура­лы ұсы­ныс енгі­зуіңізді сұраймын.

Үшін­ші­ден, заң­ды күшіне енген­сот­тар­дың шешім­дерінің орын­да­луын қадаға­ла­у­ға алуы­ңы­зды сұраймын.

Бақыт­жан БАЗАРБЕК ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн