Суббота , 5 июля 2025

Қайыршы күніміз үшін БӘРІМІЗ КІНӘЛІМІЗ

Қазақ елі тәу­ел­сіздік алды деген 30 жыл­дың ішін­де аты «тәу­ел­сіздік» болға­ны­мен, заты «көрін­бей­тін бұға­удағы» еңсесі көтеріл­мей­тін, еркін ой-пікірі жоқ, көлең­кесі­нен қорқа­тын елге айналдық.

Әншей­ін­де дүр­ди­гені­міз­бен, жеме-жем­ге кел­ген­де құл­дық, тобыр­лық сана­дан шыға алмай­тын, рухы­мыз кеңе­стік шови­ни­стік жүй­енің езгісі­нен езіліп, жан­шы­лып, бас көте­ре алма­стай дәре­же­ге жет­кені­мізді жақ­сы түсін­ген Назар­ба­ев өзінің асқан зыми­ян сая­са­тын аңқау елге аяр­лы­қ­пен, жымысқы­лы­қ­пен жүргізді.

Оның шексіз билік­ке ие болып, отба­сы мүше­лері мен кей­ін­гі кез­де жоға­ры мін­бер­ден ашық айты­лған 162 «тажал­дың» иелі­гін­де болып, тона­уға түс­кен жері­міздің асты-үстін­де­гі бас айнал­ды­рар бай­лы­ғы осы елдің заң­ды несі­бесі емес, сол алпа­уыт­тар­дың мен­ші­гіне айна­лып шыға келді.

Жеке­ше­лен­ді­ру деген желе­умен елдің мил­ли­он­даған дол­лар тұра­тын нысан­да­рын, ен бай­лы­ққа толы кен­дері мен кені­ш­терін сол алпа­уыт­тар бақыр тиы­нға жеке­ше­лен­діріп алды. Жер­гілік­ті пысы­қай атқа­мі­нер­лер мен шолақ басты­қтар да, бұры­нғы кең­шар­лар мен ұжым­шар­лар­дағы бүкіл ауыл шару­а­шы­лық тех­ни­ка­ла­ры мен іліп алар нысан­да­рын соқыр тиы­нға жеке­ше­лен­діріп алып, кей­ін­нен кей­бір жарам­ды нысан­дар­ды мем­ле­кет­ке «әке­лерінің құнын­дай» бағаға қай­та сатып, қарық болып жүрді.

«Екі қолға – бір күрек», «үкі­мет өлтір­мей­ді» деп жүр­ген аңқау қазақ қай­ыр­шы­лы­қтың кебін қалай киген­дерін де аңғар­май қал­ды. Көп­те­ген жұмыс орын­да­ры мен мәде­ни­ет ошақта­ры­ның қысқа­руы онсыз да руха­ни тоқы­ра­уға түс­кен елді одан сай­ын азып-тозуға әкелді.

Елді үрей мен бола­шаққа деген сенім­сіздік, көп­те­ген қыл­мыс жай­ла­ды. Бала­ла­ры­на той жасап беру­ден бастап, пәтер алуға, дәрі-дәр­мек, емде­лу үшін де ел несие алуға мәж­бүр болды.

Бұл қай сала­да бол­ма­сын қыз­мет етіп жүр­ген адам­дар­дың меке­ме бас­шы­ла­ры мен билік­те­гілер­дің әділет­сіз істеріне шағым айта алмай­тын, «жұмысым­нан айы­ры­лып қала­мын ба» деген қорқы­ны­штан мыңқ ете алмас «құлақ кесті құлға» айна­лу­ла­ры­на әкеліп соқты.

Бірақ біз осы отыз жыл­дық «масқа­ра театр­лан­ды­ры­лған» өмірі­міз үшін бәрі­міз де кінәлі екен­ді­гі­мізді мой­ын­да­уы­мыз керек.

Не үшін десек:

бас пай­да­мыз, жеке мүд­де­міз үшін бір-бірі­мізді қой­ып, туған әке­мізді де сатып жібе­ру­ден тай­ын­бай­тын сатқын­ды­ғы­мыз үшін;

сау­ат­сыз, қуыс кеуде болға­ны­мыз үшін; қорқақты­ғы­мыз үшін;

еш пай­да­сы жоқтың бәріне елік­те­гіш, әулекі, өсек­ші, өтірік­ші, мақтан­шақты­ғы­мыз бен жалқау, «бекер мал шашпақты­ғы­мыз» үшін;

арақты ата­мы­здың асын­дай көретін­ді­гі­міз үшін;

тілі­мізді, діні­мізді, салт-дәстүрі­мізді сый­ла­май­тын­ды­ғы­мыз үшін;

қызда­ры­мы­здың ар-намысын қорға­май­тын­ды­ғы­мыз үшін;

жағым­паз-жан­ты­қты­ғы­мыз үшін;

түк­ке тұрғы­сыз бас пай­да­мыз үшін пара беру­ге және қолы­мыз бір­деңе­ге жете қал­са, пара алуға дай­ын тұра­тын пары­қ­сызды­ғы­мыз үшін;

Басқа да айтыл­май жатқан кем­шілік­тер­дің аз емес екен­ді­гі бел­гілі. Тоқ етерін айтқан­да, біз осын­дай орас­ан оғаш қылы­ғы­мы­здың сал­да­ры­нан отыз жыл­дың ішін­де «алтын сан­ды­қтың үстін­де тыр жалаңаш оты­рған қай­ыр­шы­ға» айналдық.

«Қаңтар қырғы­ны» халы­ққа да, билік­ке де сабақ бол­ды дей­міз, бірақ сабақ алу­дың ныша­ны – жақ­сы­лы­ққа қарай өзге­ру бол­мақ. Яғни, мен де, сіз де, олар да – бәрі­міз өзге­руі­міз керек!

«Төр­теу түгел болып, төбе­де­гіні кел­тіре­рдей» бере­ке-бір­лі­гі­міз үшін тізе қосар уақыт жетті…

2019 жыл­дарға дей­ін­гі назар­ба­ев­тық дәуір­де­гі жүй­е­ге бас имей кет­кен батыр­лар­ды ел біледі. Енді­гі батыр­лы­ғы­мы­зды тек сынап-міне­уші ғана емес, елдің бере­ке-бір­лі­гі мен әділет­тілі­гіне, ұлағат­ты ұл мен ина­бат­ты қыз тәр­би­есіне жұм­сай­тын, білім­ді де білік­ті, сали­ха­лы аза­мат­тық тұлға­лар­ды қалып­та­сты­руға жұм­са­уы­мыз керек.

«Жаңа Қаза­қстан­ның» тағ­ды­ры сіз бен біздің қолымызда!

Төле­ген ҚАЛИМАЖАН,

Ақжар кен­ті, Абай облы­сы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн