Суббота , 5 июля 2025

ҚАЛЕТАЕВТЫ ЖАЗҒЫРУДЫҢ РЕТІ БАР МА?

18 ақпан күні ҚР пар­ла­мен­тінің мәжілісін­де өткен үкі­мет саға­тын­да Қаза­қстан­ның қоғам­дық даму мини­стрі Дар­хан Қале­та­ев «жас маман­дар­дың шетел­дер­ге кетіп жатқа­ны­на қат­ты алаң­да­удың қажеті жоқ, бұл – бүкіләлем­дік тен­ден­ция» деді.

«Елден кетіп жатқан­дар­дың 70 пай­ы­зы – өзге этнос өкіл­дері. Бұл – қалып­ты жағ­дай, адам­дар өзінің тіл­дік орта­сын, шығу тегін іздеп кетіп жатыр. Бұдан тра­гизм іздеу қажет емес», – деді министр.

Расын­да, солай – Гер­ма­ния әлем­ге тарап кет­кен өзінің немістерін, Изра­иль – еврей­лер­ді, Ресей – оры­ста­рын елдеріне шақы­рып жатыр. Бұған министр Қале­та­ев қалай қар­сы шық­сын? Репа­три­ант­та­ры­на әле­умет­тік жағ­дай жасалған соң, әр ұлт өзінің түп-топы­рағы­на тар­туы – әлем­дік заң­ды құбылыс. 

Бірақ мини­стр­дің қисын­ды пікіріне кей­бір «қалы­қтар досты­ғын» желеу еткен дау­ры­қ­па депу­тат­тар қар­сы шықты. Мәжіліс спи­керінің орын­ба­са­ры, пәми­ләсі – не қазақ, не басқа емес, Гүл­ми­ра Исим­ба­е­ва: «Қаза­қстан­ның ерекшелі­гі – көпұлт­ты ел, сон­ды­қтан оны сақта­уы­мыз керек», – деп, қырық жылғы совет­тік ной­ыс наси­хат­ты көл­де­нең тартты. 

Ал кезін­де ата-баба­сы қазақ жері­нен пана іздеп кел­ген депу­тат Ахмет Мура­дов елде­гі басқа ұлы­стар­ды Қаза­қстан­ның тіре­гіне балап: «Көпұлт­тың сақта­луы – стра­те­ги­я­лық ресурс» деп сал­ды. Бұл «ресурс» бол­ма­са, қазақ халқы қараң қала­ды екен…

Бұл екі депу­татқа бел­гілі жур­на­лист, қоғам­шыл аза­мат Арман Шора­ев өзінің «Фейс­бук» парақ­ша­сын­да жақ­сы жау­ап бер­ді (қаз-қал­пын­да): «Дар­хан назвал вещи сво­и­ми име­на­ми. Ника­кой Аме­ри­ки не открыл. Все зна­ют, что боль­ше все­го отток у нас идёт сла­вян. Все хотят на свою исто­ри­че­скую роди­ну: каза­хи – в Казах­стан, рус­ские – в Рос­сию, нем­цы – в Германию. 

Все, кто живет в нашей стране, для меня Каза­хи, вне зави­си­мо­сти от наци­о­наль­но­сти. Ника­кая мы не «осо­бен­ная» стра­на, гос­по­жа вице-спи­кер (Гүл­ми­ра Исим­ба­е­ва – Ред.), ника­кой это не «стра­те­ги­че­ский ресурс», гос­по­дин Мурадов. 

Наш стра­те­ги­че­ский ресурс – это Казах­ский язык, на кото­ром через 20 лет будут гово­рить все, кто счи­та­ет Казах­стан сво­ей роди­ной. Поэто­му ругать Дар­ха­на не нуж­но, это, пожа­луй, един­ствен­ный член пра­ви­тель­ства, кото­рый ска­зал правду».

Арман мыр­за­ның бұл пікіріне алып-қосар жоқ: бәрі нақты, бәрі дәлел­ді де, дәй­ек­ті қисы­н­мен айты­лған. Рас, ресми мәлі­мет бой­ын­ша, 2012 жыл­дан бастап Қаза­қстан­нан кетіп жатқан­дар күрт көбей­ген. Ста­ти­сти­ка коми­тетінің дере­гін­ше, 2018 жылы елден кет­кен­дер 40 мың ада­мға жетіп, алды­ңғы жыл­мен салы­сты­рған­да 11 пай­ы­зға артқан. Олар­дың көбі Ресей­ге көш­кен. Ал қиыр жай­лап кет­кен қаза­қтар­дың өз ата­жұр­ты­на көшіп келіп жатқа­ны сияқты, оры­стар өздерінің тари­хи ота­ны­на қай­тып кет­се, оған министр Қале­та­ев қалай жау­ап­ты болмақ?

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн