Суббота , 13 декабря 2025

ҚАЛТАФОННЫҢ АҚЫСЫ неге қымбаттап барады?

ҚР Пре­мьер-мини­стрі  О. А. Бектеновке

Бәсе­ке­ле­стік­ті қорғау және дамы­ту агент­ті­гінің төраға­сы М. Омаровқа

  • Бүгін­гі таң­да смарт­фон­сыз өмірі­мізді еле­сте­ту мүм­кін емес. Ашы­ғын айтқан­да, бай­ла­ныс құрал­да­ры күн­делік­ті тұты­на­тын азық-түлі­гіңіз­ден бір де кем бол­май тұр… 

Еліміз­де­гі теле­о­пе­ра­тор­лар­дың соңғы кез­дер­де­гі қадам­да­ры ел құлағын­да жат­та­лып қалған «Самарқан­да бір апам бар, бұдан да өткен сорақы» дей­тін тәм­сіл­ді еріксіз еске түсіреді. 

​Тая­у­да Қаза­қстан­ның ұялы бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры – Altel, Tele2 және Beeline ұялы теле­фон­ның або­нент төле­мін 20 пай­ы­зға өсіретін­ді­гін мәлім­деді. Яғни, аталған опе­ра­тор­лар интер­нет­тің де тари­фін 20 пай­ы­зға өсіреді деген сөз. Сөз емес, солай ашық мәлімдеді. 

​Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев әрдай­ым «Биз­не­стің әле­умет­тік жау­ап­кер­шілі­гі – қоғам алдын­дағы парыз» екенін жиі айта­ды. Алай­да ұялы бай­ла­ныс нары­ғын­дағы алпа­уыт­тар­дың бұл іс-әре­кеті аталған ұста­ны­мға мүл­дем қай­шы келіп отыр. 

Расын­да, елде­гі теле­о­пе­ра­тор­лар­дың бұл қада­мы – мил­ли­он­даған қаза­қстан­ды­қтың қал­та­сы­на сал­мақ сала­тын шешім. Өйт­кені бүгін­де теле­фон мен интер­нет – халы­қтың ақпа­ратқа қол­жет­кі­зуіне, жұмыспен қам­ты­луы­на, кәсіп жүр­гі­зуіне, бала­ның білім алуы­на, сон­дай-ақ мем­ле­кет­пен бай­ла­ныс орна­туы­на мүм­кін­дік беретін аса маңы­зды құрал. Яғни, тариф­тің көтерілуі қара­пай­ым отба­сы­лар­дың бюд­жетіне ғана емес, олар­дың өмір сүру сапа­сы­на қол сұғу деп баға­ла­у­ға тура келеді. 

Аталған қадам халқы­мы­здың бар­лық әле­умет­тік топ­та­ры­ның қал­та­сы­на «қырғи­дай тиетіні» анық. Қаза­қстан халқы­ның бар­лы­ғы дер­лік ұялы теле­фон­ды пайдаланады.

​Осы ақпа­рат шыққа­лы, елі­міздің әр өңірі­нен сай­ла­у­шы­лар хабар­ла­сып, әле­умет­тік желілер­де, қабыл­дау бөл­ме­лерін­де өздерінің шағым­да­рын біл­діру­де. «Күн­көріс қиын­дап тұрған­да, неге бай­ла­ныс та қым­бат­та­уы тиіс?», «Неге баға бір мезет­те көтеріл­ді?» деген заң­ды сау­ал­дар қой­ы­лу­да. Ең қызы­ғы – үш ірі опе­ра­тор­дың тариф­тер­ді бір­дей көлем­де және біру­ақыт­та қым­бат­та­туы қоғам­да үлкен күмән туды­ру­да. Бұл – ком­па­ни­я­лар ара­сын­дағы бәсе­кенің емес, өза­ра келісім­нің, үйлесім­нің, астыр­тын ақыл­да­су­дың бел­гісі емес пе? «Бай­тал түгіл бас қай­ғы» деген­дей, осын­дай қадам­дар­дан кей­ін «Қол­жетім­ді интер­нет» ұлт­тық жоба­сын ойла­удың өзі мұң болып қалды… 

Ел Пре­зи­ден­тінің «Жеке моно­по­лия – мем­ле­кет­тік моно­по­ли­ядан да сорақы» деген сөзі дәл осын­дай жағ­дай­ларға бағыт­та­лып айтылғандай.

​Әдет­те бәсе­келі нары­қта әр опе­ра­тор өз стра­те­ги­я­сын бөлек-бөлек жасай­ды. Бірі баға­ны төмен­де­те­ді, бірі акция ұйым­да­сты­ра­ды, енді бірі қосым­ша қыз­мет­тер ұсынады.

​Бұл жағ­дай – қара­пай­ым тұты­ну­шы­лар­дың құқы­ғын тап­тау деп есеп­тей­міз. Себебі баға өседі, бірақ нары­қта бала­ма опе­ра­тор жоқ, яғни тұты­ну­шы таң­дау мүм­кін­ді­гі­нен айы­ры­ла­ды. Нәти­же­сін­де або­нент­тер­ге баж­сыз (жай ғана баға­ны келісіп көте­ру арқы­лы) жоға­ры ақы төлеу міндеттеледі.

​Ста­ти­сти­ка­лық деректер­ге көз жүгіртсек: 

​2023 жыл­дан бері бай­ла­ныс тариф­тері 7–57 пай­ыз ара­лы­ғын­да қымбаттапты. 

Қаза­қстан­да 26,3 мил­ли­он мобиль­ді жазы­лым бар – бұл халық саны­нан да көп.

​18,8 мил­ли­он аза­мат мобиль­ді интер­нет­ті пайдаланады. 

​Бұл цифр­лар – мобиль­ді бай­ла­ныс қазір жай ғана қыз­мет емес, елдің цифр­лық тұта­сты­ғын ұстап тұрған стра­те­ги­я­лық ресурс екенін дәлел­дей­ді. Яғни, баға­ның тұрақ­сызды­ғы – эко­но­ми­ка­лық ғана емес, аса үлкен қауіп­тің де белгісі.

Жанар­бек ӘШІМЖАН, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн