Пятница , 4 июля 2025

ҚАЛЫПТАСҚАН ЖҮЙЕНІ ӨЗГЕРТУГЕ БИЛІК ТЕ АСА БЕЙІЛ ЕМЕС

Әлнұр ИЛЬЯШЕВ – гума­ни­тар­лық сала­да заң­гер, кәсіп­кер­лік­ті әкім­ші­лен­ді­ру, педа­гог-пси­хо­лог және дін­та­ну бой­ын­ша төрт жоға­ры білі­мі бар бел­сен­ді аза­мат. 2020 жылы түр­ме­де оты­рған кезін­де халы­қа­ра­лық «Amnesty International» құқық қорғау ұйы­мы оны «ар-ождан тұтқы­ны» деп таны­ды. Аза­мат­тар­дың қоғам­дық-сая­си бел­сен­ділі­гін дамы­ту жолын­да ел игілі­гі үшін еле­улі істер атқа­рып жүр­ген қоғам қай­рат­кері­мен елі­міз­де жүр­гізіліп жатқан сая­си-эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар, көші-қон үдерісі, әле­умет­тік бел­сен­ділік жай­ын­да сұхбаттастық.

– Әлнұр мыр­за, мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Ана тілі» газетіне сұх­бат беріп, «Әділет­ті Қаза­қстан­ды» құрып жатқа­нын айт­ты. Менің­ше, қоғам әділет­ті болуы үшін, алды­мен бас­шы­лар, сот, құқық қорғау ұйым­да­ры, жал­пы бар­лық мем­ле­кет­тік және аза­мат­тық қыз­мет­шілер әділ болуы керек. Бұл – халық дана­лы­ғы­мен, ХХ ғасыр­дың Гомері атанған жыр алы­бы Жам­был­дың: «Елдің бағы ашы­лар, әділ бол­са бас­шы­сы» деген тұжы­ры­мы­м­ен де сәй­кес келеді. Ал біз ең төмен­гі буын­нан бастап, жоға­ры заң шыға­ру­шы ұйы­мға дей­ін­гі бар­лық мем­ле­кет­тік меке­ме­лер, сот, про­ку­ра­ту­ра, ішкі істер, арнайы қыз­мет, сон­дай-ақ мен­шік түріне қара­ма­стан, ірілі-ұсақты кәсі­по­рын­дар, ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың бәріне әділ бас­шы сай­лап неме­се тағай­ын­дап үлгер­ме­гені­міз айдан анық, бірақ тым бол­ма­са осы бағы­тқа түстік деп ойлай­сыз ба? Мыса­лы, депу­тат­тар­ды, ауыл, аудан әкім­дерін сай­лап жатырмыз…

– Сай­ла­у­ға тұрақты бақы­ла­у­шы ретін­де қаты­сып жүр­ген­дік­тен, мен оның қалай өтіп жатқа­нын жақ­сы біле­мін, шын мәнін­де біз­де ол нақты демо­кра­ти­яға елік­теу, ими­та­ция ғана. Атқа­ру­шы және сот билі­гінің өкіл­дері бар­лық дең­гей­де­гі кез кел­ген сай­лап қой­ы­ла­тын лау­а­зым­дарға аза­мат­тық бел­сен­ділер­дің сай­ла­ну мүм­кін­дік­терін кесіп тастай­ды. Бұл мақ­сат­та элек­то­рал­дық мани­пу­ля­ци­я­мен қатар өкілет­ті тұлға­лар тара­пы­нан ашық заң­сызды­қтарға да жол беріледі. Бірақ бұл судың тау мен тасты да тесіп шыға­ты­ны сияқты бізді тоқта­та алмай­ды. Қоғам­да сұра­ныс болға­ны­мен, әле­умет пен мем­ле­кет­тің шын мәнін­де транс­фор­ма­ци­я­ла­нуы күр­делі және ұзақ үдеріс болуы мүм­кін. Ал оның негізін­де әрқа­шан ел билі­гі мен қоғам­ның сая­си ерік-жігері жата­ды. Егер осы екі құрам­дас бөлік бол­ма­са, айтар­лы­қтай өзгеріс күтудің қажеті жоқ.

Ел аузын­да әр халы­қтың биле­ушісі өзіне лай­ық бола­ды деген бар­шаға бел­гілі ұғым бар. Қаси­ет­ті Құран­да да: өздері өзге­руді қала­ма­са, шынын­да Құдай да адам­дар­дың жағ­дай­ын өзгер­те алмай­ды деген аят бар. Егер елі­міздің аза­мат­та­ры біздің мем­ле­кеті­мізді әділ әрі білік­ті көш­бас­шы­лар басқа­рып, халы­ққа сон­дай шен­ділер қыз­мет еткенін қалай­тын бол­са, онда біздің өзі­міз сон­дай, тіп­ті одан да жақ­сы болуы­мыз керек. Сон­да ешкім жемқор­лы­қты бар­лы­ғы бір­дей дер­лік істей­тін біздің өзін­дік «ұлт­тық идео­ло­ги­я­мыз» неме­се бол­мыс-біті­мі­міздің эле­мен­ті ретін­де баға­лай алмай­ды. Біздің баба­ла­ры­мыз бұл тұрғы­да жоға­ры жау­ап­кер­шілік сезі­мі мен өз әре­кет­терінің сал­дар­ла­рын жете түсін­ген­дік­терінің арқа­сын­да жеке­ле­ген өңір­лер­де жақ­сы табысқа жет­кен. Өйт­кені мате­рик­тің орта­сын­дағы тез құбыл­ма­лы кли­мат жағ­дай­ын­дағы көшпен­ді өмір сал­ты, үлкен қала­лар­дың қашы­қты­ғы және осы­ған бай­ла­ны­сты билік қаты­на­ста­ры олар­ды солай болуға мәж­бүр етті. Ол кез­дері тір­шілік­тің негіз­гі шар­ты өзін­дік тәр­тіп бол­ды. Кей­ін тари­хи үдерістер­дің ықпа­лы­мен оты­ры­қ­шы­лы­ққа өту және Ұлы дала­дағы урба­ни­за­ци­я­ның әсері­нен оның тұрғын­да­ры да басқа көп­те­ген халы­қтар сияқты біраз өзгер­ді. Адам­дар көп жағ­дай­да, әсіре­се сай­лау сай­ла­у­шы­ның жағ­дай­ын жақ­сар­та­тын бол­са, әділ­дік құн­ды­лы­қта­рын мате­ри­ал­дық бай­лы­ққа айыр­ба­ста­уға дай­ын тұра­тын бол­ды. Деген­мен, қай адам­да да, қоғам­да да терең­де жатқан әділет­тілік­ке деген сұра­ныс бар. Сон­ды­қтан да біздің қоғам­дық жұмысы­мыз сол сұра­ны­сты мей­лін­ше оятуға бағытталған.

– Жал­пы, біз­де сай­лау жүй­есі дұрыс па? Өйт­кені бір ман­дат­ты мажо­ри­тар­лық сай­лау округ­терінің өзін­де билік пар­ти­я­сы сана­ла­тын бұры­нғы «Нұр Отан­ның» ізба­са­ры – «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның өкіл­дері «жеңіс­ке» жет­кен жағ­дай көп. Соның нәти­же­сін­де олар қазір Мәжіліс депу­тат­та­ры­ның үштен екі бөлі­гі­нен аста­мын құрап отыр. Менің­ше, мұн­дай жағ­дай­да демо­кра­ти­я­лық шешім қабыл­дау мүм­кін емес. Мың жер­ден Қаза­қстан­да көп­пар­ти­я­лы пар­ла­мент десек те, қалған пар­ти­я­лар­дан сай­ланған жиыр­ма­дан сәл аса­тын депу­тат­тық құрам­ның ұста­ны­мы шешу­ші рөл атқар­май­ды. Ал Пре­зи­дент біз­де пар­ла­мент­тік оппо­зи­ция болуы керек дей­ді. Сон­ды­қтан, менің ойым­ша, мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің пар­ти­я­сы сана­ла­тын «Ама­нат­тың» үстем­ді­гін бол­дыр­мау және нағыз пар­ла­мент­тік оппо­зи­ция болуы үшін, басқа пар­ти­я­лар­дан сай­ланған депу­тат­тар кемін­де үштің бірі­нен артық болып, вето қоя ала­тын­дай жағ­дай­ға жетуі керек. Сіз қалай ойлайсыз?

– Мен заң­гер ретін­де қазір­гі сай­лау жүй­есі билік үшін нақты леги­тим­ділік­тің негізі бола ала­ды деп санай­мын. Бірақ сай­ла­у­лар әділ, ашық және бәсе­ке­ле­стік күрес жағ­дай­ын­да өтсе ғана. Қоға­мға тіп­ті ашық попу­ли­стер­ді, ана неме­се мына қай­рат­кер­дің нағыз баға­сын, олар­дың уәде­лерінің орын­да­луын білу үшін, қате­ле­су мүм­кін­ді­гін де бер­ген дұрыс. Егер олар бұдан сабақ ала­тын бол­са, кей­ін аз да бол­са өз үміт­кер­лерін таң­да­уға бай­ып­ты қарай­тын бола­ды. Бұры­нғы оқу­шы, кей­ін мек­теп мұғалі­мі, қазір әке ретін­де мен адам үшін өмір­лік сабақтар­ды мең­ге­ру­де жеке тәжіри­бенің маңы­зды­лы­ғын жақ­сы түсі­не­мін. Сон­ды­қтан азшы­лы­қтың қолын­дағы вето құра­лы иде­я­сын, тіп­ті ол авто­ри­тар­лық режим жағ­дай­ын­дағы демо­кра­ти­я­лық-оппо­зи­ци­я­лық бол­са да, мен қол­да­май­мын. Қазір­гі қазақ қоға­мы өзінің әре­кет­сізді­гі және құқы­қта­рын қорғау жолын­да әділет­сіз сотқа тап бола­мын деген қорқы­ны­штың кесірі­нен елі­мізді клеп­то­крат­тар­дың билеп-төсте­уіне беріп қоюға дай­ын тұра­тын­ды­ғы­ның қиын­ды­қта­рын сезі­нуі тиіс. Қоғам тек осы қорқы­ны­шты жең­ген­нен кей­ін ғана билік басын­дағы мем­ле­кет­тік аппа­рат олар­дың ұсы­ныс-тілек­терін қабыл­дап, нақты рефор­ма­лар жүр­гізу­ге мәж­бүр бола­ды. Қазір­гі сая­си режим­нің көр­нек­ті бір өкілі айтқан­дай – қол­да­ны­стағы ере­же­лер шең­берін­де олар билік­ті өз еркі­мен береді деп ойла­удың қажеті жоқ.

– Әділет­тілік­пен бір­ге қоғам­дағы тұрақты­лы­қтың басты негізі – заң мен тәр­тіп екені сөз­сіз. Бірақ жоға­ры­да аталған сұх­бат­та Талғар қала­сын­да орын алған қыл­мыстық оқиғаға бай­ла­ны­сты Пре­зи­дент қан­даста­ры­мы­здың көңіліне келетін­дей сөз айтып қал­ды. Былай­ша айт­сақ, билік бұрын да қан­ша жер­ден көші-қон сая­са­тын жүр­гізді десек те, қан­даста­ры­мы­здың көбірек кел­генін қалаған жоқ. Бүгін де солай сияқты. Бел­сен­ді аза­мат, қоғам қай­рат­кері ретін­де бұған не дейсіз?

– Менің ойым­ша, көп­шілік Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың аузы­нан дұрыс сөз шыға­ты­ны­на үйреніп қал­ды. Кезін­де бұры­нғы пре­зи­дент те солай істей­тін, оның қай­та­лап айта беретін ең сүй­ік­ті тәм­сілі – мол­да­ның істе­генін емес, айтқа­нын істе деген еді. Адам­дар, әсіре­се бала­лар, өздерін өмір­ге үйре­тетін жан­дар­дың керісін­ше әре­кет ететінін көріп отыр, олар шын мәнін­де «ұяда не көр­се, ұшқан­да соны іледі» деген­дей, көр­генін істей­ді. Көш­бас­шы­лар­дың екі­жүзділі­гі, қысқа тари­хи кезең­дер­ді есеп­ке алмаған­да, бар­лық қоғам­да бар­лық кез­де шешіл­ме­ген мәң­гілік мәсе­ле болып келе жатыр. Сон­ды­қтан ондаған жыл­дар­дан соң тари­хи Ота­ны­на оралған қан­даста­ры­мыз заң бұзып жатыр деп ескер­ту жасау мына жағ­дай­да ең жұм­сар­тып айтқан­да әдеп­ке жат­пай­ды. Егер осы елде туы­лған қаза­қстан­ды­қтар жаңа келіп жатқан­дарға қараған­да мәде­ни­ет­тілік пен заңға мой­ын­сұ­ну­шы­лы­қтың үлгісін көр­сетіп жат­са, мен түсі­нер едім. Бірақ олай айтуға әлі ерте. Ал біздің көп­те­ген аза­мат­та­ры­мыз шие­леністі жағ­дай­ды рет­те­у­ге кел­ген­де зор­лық-зомбы­лы­ққа жол беруін­де мем­ле­кет­тің кінәсі де аз емес.

Мынаған қараңыз, кім Пре­зи­дент әкім­шілі­гі­мен келі­судің нәти­же­сін­де Алма­ты облы­сы­нан бір ман­дат­ты округ­тер бой­ын­ша Мәжіліс деп­ту­та­ты атан­ды?! Екі депу­тат та ара­лас жек­пе-жек – спорт­тық мәр­те­бесі болған­мен, физи­ка­лық зор­лы­ққа негіз­дел­ген көңіл көте­ру инду­стри­я­сы­ның өкілі. Әрине, ел ара­сын­да олар­дың есім­дері бел­гілі болған­ды­қтан, өз жақ­та­ста­ры­ның бір­не­ше мың дауы­ста­рын алды, бұл да біздің қоғам­ның бір сипа­ты. Сон­ды­қтан, тағы бір қаси­ет­ті жаз­ба­да айты­лған­дай, кей­біреу өз көзін­де­гі бөре­нені сезбе­се де, өзгенің көзін­де­гі бүр­тік­ті көреді. Оның үстіне кім­нің бол­са да шығу тегіне мән бер­ме­у­ге болмайды.

Иә, тари­хи жағ­дай, тағ­дыр тәл­ке­гіне бай­ла­ны­сты өзге ел, басқа әле­умет­тік орта­да өскен қан­даста­ры­мыз бел­гілі бір дәре­же­де біз­ден ерекше­ле­неді. Бар­лы­ғы жеке тұлға ретін­де қалып­та­су кезеңін­де өскен ортаға бай­ла­ны­сты. Бірақ әрқа­шан дамы­ған қоғам­дық инсти­тут­та­ры бар мем­ле­кет олар­дың жаңа кел­ген орта­сы­на бір­те-бір­те кірі­гуі, инте­гра­ци­я­ла­нуы үшін тиісті тетік­тер ұсы­на ала­ды. Бірақ Назар­ба­ев­тың тұсын­да да, қазір де қан­дастар үшін уақыт­ша қол­да­удың мате­ри­ал­дық құрал­да­ры­нан басқа ештеңе жасалған жоқ. Осын­дай жағ­дай­да біз олар­дан не күте ала­мыз, мен соны түсінбеймін.

– Көші-қон тура­лы заң көңіліңіз­ден шыға ма? Оған қан­дай өзгер­ту­лер енгі­зу керек деп ойлай­сыз? Кезін­де Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев, Сағат Әшім­ба­ев, басқа да таны­мал қоғам қай­рат­кер­лері сырт­тағы ағай­ын жай­лы жақ­сы пікір айтып, этни­ка­лық көштің маңы­зды­лы­ғын ерекше атаған еді. Жал­пы, алыс-жақын шетел­дер­де тұра­тын 7 мил­ли­он­дай қан­да­сы­мы­зды жер бетін­де­гі жалғыз да ортақ Ота­ны­мы­зға мей­лін­ше көбірек орал­ту үшін не істеу керек? Менің­ше, Жаңа Қаза­қстан­ды құруға олар да өз үле­стерін қосуы тиіс! 

– Қаза­қстан­ның қазір­гі көші-қон сая­са­ты билік режи­мінің сипа­тын көр­се­те­ді. Ол өзінің авто­ри­тар­лық сипа­тын сақтай оты­рып, Ата заң бой­ын­ша әле­умет­тік мем­ле­кет­піз дей оты­рып, адам­дар­дың сана­сы­на біздің мем­ле­кеті­міздің патер­на­ли­стік үлгісін сіңір­гісі келеді. Мем­ле­кет­тік аппа­рат эко­но­ми­ка­ны қадаға­лай оты­рып, өзін бар­лық аза­мат­тар­дың, соның ішін­де жаңа көшіп кел­ген­дер­дің де база­лық сұра­ны­ста­рын қанағат­тан­ды­ра­тын негіз­гі көз ретін­де көр­се­туді жалға­сты­рғы­сы келеді және қоғам осы­ны қол­даға­нын қалай­ды. Соны­мен бір­ге өз елдерін­де­гі қолай­сыз жағ­дай­дың себебі­нен Қаза­қстан­да одан жақ­сы­рақ өмір суру­ге бола­ды деген үміт­пен өзге этнос өкіл­дерінің болуы мүм­кін көші-қон ағы­нын да ірке тұру қажет. Эко­но­ми­ка­лық көші-қон осы кез­ге дей­ін бол­ды, келе­шек­те де бола береді. Оның үстіне көр­ші Ресей мен Укра­и­на ара­сын­да соғыс жүріп жатыр.

Ал жер бетін­де­гі бар­лық қаза­қты бір ұлт­тық мем­ле­кет аумағын­да шоғыр­лан­ды­ру­ды стра­те­ги­я­лық мақ­сат етіп қою мүм­кін емес. Біз Шыңғыс хан дәуірі­нен көп өзге­ре қой­маған жаһан­дық әлем­де өмір сүріп жатыр­мыз, қазір тек жеке адам­дар­дың өз қабілет­терін жүзе­ге асы­руы, әлем­дік эко­но­ми­ка, мәде­ни­ет пен ғылы­мға қоса­тын үлесін арт­ты­руы үшін мүм­кін­дік­тер көбей­ді. Егер кім бол­сын басқа бір елде табысқа жетіп, сол ел оған тиім­ді бол­са – неге солай істе­мес­ке! Әрине, мұн­да ақыл­ды, білім­ді адам­дар­дың кетіп қалу тәу­е­келі бар, бірақ қаза­қстан­дық билік тиісті жағ­дай жасай алмай­тын бол­са, олар­ды тек елде ұстап оты­рып, өз қабілет­терін жүзе­ге асы­руға кедер­гі кел­ті­ру бүкіл адам­зат алдын­дағы жау­ап­сыздық болар еді. Екін­ші жағы­нан, өз отба­сым­ның мыса­лын­да айтар бол­сам, Отанға деген сағы­ныш өз дегенін істе­те­ді. Бір­не­ше жыл бұрын менің екі әпкем бала­ла­ры­мыз жақ­сы өмір сүр­сін деп Еуро­паға кет­ті, бірақ сол бала­ла­ры­ның талап етуі­мен елге қай­тып кел­ді. Өйт­кені олар үне­мі біз­бен бай­ла­ны­ста бол­ды және әр жылы кани­кулға кел­ген сай­ын біздің қоғам­ды өздері барған елмен салы­сты­ра алды. Сон­да да біз­де­гі айқын арт­та қалушы­лы­ққа қара­ма­стан, Қаза­қстан олар үшін ең жақын, ең ыстық және түсінік­ті қоғам болып көрін­ді. Егер халық санын өсіру­де­гі мақ­сат Отан қорға­у­шы­лар­дың қата­рын көбей­ту арқы­лы елі­міздің қорға­ныс қабілетін нығай­ту деп түсі­нетін бол­сақ, онда әске­ри тарих және зама­на­уи әске­ри тех­но­ло­гия әсіре­се орыс-укра­ин соғы­сы­ның мыса­лын­да сан емес, сапа, қабілет қажет екенін әлдеқа­шан дәлелдеді.

– Соңғы кез­дері қоғам­да жаңа тұр­пат­тағы сая­си пар­тия қажет­ті­гі жөнін­де пікір­лер жиі айты­лып жүр. Қан­даста­ры­мы­здың мүд­десін қорғап, олар­дың қоғам­дық-сая­си бел­сен­ділі­гін арт­ты­ру үшін пар­тия құру керек деп ойла­май­сыз ба? Себебі біз­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің мүд­десін қорғай­тын «Ама­нат», ауыл мәсе­лесін көтеріп жүр­ген «Ауыл», кәсіп­кер­лер­дің мүд­десін қорғай­тын «Ақ жол», эко­ло­ги­я­лық мәсе­ле­лер­ді көтеріп жүр­ген «Бай­тақ», жастар мәсе­ле­лерін көтеріп жүр­ген «Рес­пуб­ли­ка», тіп­ті ком­му­ни­стер­дің мәсе­ле­лерін көтеріп жүр­ген «Қаза­қстан халық пар­ти­я­сы» бар, ал қан­дастар жай­ын, жал­пы ұлт­тық мәсе­ле­лер­ді ұран қылып жүр­ген пар­тия жоқ!

Ал пар­тия дегені­міздің өзі ортақ мүд­де негізін­де құры­ла­тын бел­гілі бір әле­умет­тік топ­тың бел­сен­ді мүше­лерінің ерік­ті одағы десек, біз­ге сон­дай бір пар­тия қажет емес пе? Себебі 2014 жылы сырт­тан көшіп келетін бауыр­ла­ры­мы­зға Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын бес жыл­да беру тура­лы заң талқы­ланған кез­де Мәжілістің ең бол­ма­са бір депу­та­ты бұған ешқан­дай қар­сы­лық біл­дір­мей, бәрі аузын буған өгіз­дей тып-тыныш отыр­ды. Егер қан­даста­ры­мы­здың жай­ын ойлай­тын пар­тия болған­да, олай бол­мас еді. Міне, осы­ның өзі жоға­ры заң шыға­ру­шы ұйым­да қан­даста­ры­мы­здың мүд­десін қорғай­тын пар­ти­я­ның қажет­ті­гін көр­се­те­ді. Өйт­кені олар­дың саны 1 млн 200 мың­нан аса­ды, ал табиғи өсі­мі­мен 4 мил­ли­он­ның төңіре­гін­де. Бұл – рес­пуб­ли­ка халқы­ның бес­тен бірі.

Осы жер­де Пре­зи­дент­тің өзі Шер­заттың әкесі Қаржау­бай Нұры­мо­вты орал­ман санап оты­рға­нын айта кету керек. Сірә, 100 жыл бұрын көшіп кел­сең де, қара­пай­ым халық сені орал­ман санай­ды. Соның сал­да­ры­нан сая­си тұрғы­да олар қоғам­ның дамуы­на бел­сен­ді ара­ла­са алмай отыр. Ал заң­да олай емес, мем­ле­кет бас­шы­сы Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын беру тура­лы Жар­лы­ққа қол қой­ған сәт­тен бастап олар орал­ман неме­се қан­дас санал­май­ды! Ал ел халқы­ның бес­тен бірі – аз сан емес! Оның үстіне олар Ата жұрт­ты аңсап кел­ген, Ана тілін, Ата сал­тын жақ­сы білетін, отан­шыл­ды­ғы, еңбекқор­лы­ғы, ұйым­шыл­ды­ғы, керек десеңіз, ұлт­шыл­ды­ғы да басым жан­дар. Біз­ге қазір кере­гі де сон­дай аза­мат­тар емес пе!

– Мен жал­пы қаза­қстан­дық сая­сат­та көп­те­ген әртүр­лі пар­ти­я­лар болға­нын қол­дай­мын, соның арқа­сын­да мін­дет­ті түр­де аза­мат­тар­дың сая­си мәде­ни­еті дамы­ған болар еді. Сіз айтып оты­рған пар­ти­я­лық бағ­дар­ла­ма үлгісі де сай­ла­у­шы­лар­дың жеке­ле­ген топ­та­ры ара­сын­да мін­дет­ті түр­де қол­дау таба­ты­ны­на да сенім­ді­мін. Бірақ мен аза­мат­тар­дың бір тобы­ның ғана мүд­де­лері­мен шек­теліп қал­мас едім. Сая­си бәсе­ке­ле­стік­тің мәні сон­да – ол мем­ле­кет пен қоғам­ның маңы­зды мәсе­ле­лері бой­ын­ша ең оңтай­лы шешім қабыл­да­уға негіз болуы керек. Мүм­кін, сіз ұсы­нып оты­рған пар­ти­я­ны құру үдерісін­де басқа сая­си пар­ти­я­лар бұл мәсе­лені алдағы сай­ла­у­лар үшін өз бағ­дар­ла­ма­ла­ры мен плат­фор­ма­ла­ры­ның бір бөлі­гі ретін­де қарас­ты­ра­тын шығар, ол да жаман емес. Заң шыға­ру­шы және өкілет­ті ұйым­дар­да қан­даста­ры­мы­здың мүд­де­лерін қорғау мен қол­дау көбей­ген сай­ын, бұл бағыт­та ұнам­ды өзгерістер де басталады.

– Пре­зи­дент бір бұл емес, Пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка, атом электр стан­са­ла­рын салу бой­ын­ша да халық онша қостай қой­май­тын­дай ой айт­ты. Путин­нің ықпа­лы күшті екені де бай­қа­ла­ды. Ал бұры­нғы пре­зи­дент­пен орта­ша ай сай­ын бір рет хабар­ла­сып тұра­ды екен. Осы­ның өзі ел аузын­дағы «екі пре­зи­дент­тің орта­сын­да келісім бар, қазір­гі пре­зи­дент бұры­нғы пре­зи­дент­тің сызып бер­ген сызы­ғы­нан шыға алмай­ды» деген­ді рас­та­май ма? Оның үстіне бұрын тағай­ын­далған кадр­лар­дың көбі әлі күн­ге жылы орын­да­рын­да тап­жыл­май отыр. Тіп­ті жаңа­дан тағай­ын­да­лып жатқан­да­ры­ның өзі сол тұста тәр­би­е­лен­ген­дер. Ұрланған актив­тер­ді қай­та­рып, халық игілі­гіне жара­туға, ел эко­но­ми­ка­сын шын мәнін­де жаңғыр­туға да солар кедер­гі болып оты­рған сияқты. Қай­та елдің жағ­дайы нашар­лап, «бұры­нғы­мыз жақ­сы екен ғой» деген күй­ге түс­сін деп ойлай ма, қалай?

– Сая­сат­кер­лер нақты тарих, гео­гра­фия деген дүни­е­лер­мен есеп­те­су­ге мәж­бүр, өз стра­те­ги­яң­ды қалып­та­сты­ра оты­рып, бұлар­ды лақты­рып таста­уға бол­май­ды. Назар­ба­ев қал­ды­рған «мұра» әлі де бел­гілі бір мерзім­ге дей­ін елі­міз­де­гі эко­но­ми­ка­лық және қоғам­дық-сая­си аху­алға әсер ете беретін бола­ды. Шын мәнін­де, негіз­гі билік тұтқа­ла­рын­да оты­рған көп­те­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер сияқты, Тоқа­ев­тың өзі де – «Назар­ба­ев­тың өні­мі». Кадр­лар­ды жаңа­лау бастал­ды, бірақ Назар­ба­ев қалып­та­сты­рған сая­си тетік­тер мен инсти­тут­тар­дың инер­ци­я­лық әсерін айт­паған­ның өзін­де ол әлі аяқталған жоқ. Менің­ше, негіз­гі гео- және ішкі сая­си тәу­е­кел­дер наза­рға алы­на оты­рып жасалған және бел­гілі бір қауқа­ры мен тұрақты­лы­ғын көр­сетіп келе жатқан қалып­тасқан жүй­ені өзгер­ту­ге билік те аса бей­іл емес. Бірақ көп­шілік түсініп оты­рған­дай, қазір бүкіл әлем­мен бір­ге жеке алған­да біздің аймаққа да әсер етіп жатқан жаңа леп, жаңа бета­лы­стар пай­да болу­да. Көп­шілік бай­қап, сезіп оты­рған кем­шілік­тер­ге бай­ла­ны­сты мен Пай­ғам­ба­ры­мы­здың: «Шыдам­ды болы­ңы­здар, қан­дай қиын бол­са да, одан кей­ін мін­дет­ті түр­де сен­дер өз Құдай­ла­ры­ңы­зды кезік­тір­ген­ше, одан да қиын күн­дер туа­ды» деген хадисін кел­тір­ген болар едім. Әлем­ді Жара­ту­шы Иеміз адам­дар­ды сынау үшін және кім­нің ісі дұрыс екенін көру үшін жаратқан. Сон­ды­қтан біз күй­зеліс­ке түсу емес, керісін­ше, «жақ­сы­лы­ққа жоры да, жаман­ды­қты тақап қой, сон­да жақ­сы­лық өзі келеді» деген ұста­ным­мен әре­кет еткен­ді дұрыс сана­уы­мыз керек.

– Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың пре­зи­дент болып сай­ланға­ны­на 6 жылға жуы­қта­ды, Қасірет­ті Қаңтар оқиға­сы­на 3 жыл тол­ды. Оған айып­ты­лар толық жаза­лан­ды ма? Самат Әбіш, Ерлан Тұрғым­ба­ев сын­ды басқа да тіке­лей айып­ты­лар бостан­ды­қта жүр. Пре­зи­дент­тің өзі айтқан, ел бай­лы­ғы­ның жар­ты­сы­нан көбін заң­сыз, тіп­ті қыл­мыстық жол­мен ием­деніп алған 162 оли­гарх­тың бай­лы­ғы көбей­ген үстіне көбей­іп, бір тең­ге­ге де азай­ған жоқ. Сарап­шы­лар есеп­теп шыққан 220 трлн тең­генің енді ғана 1 трил­ли­он­нан аста­мы, онда да тек екі адам­ның – Қай­рат Саты­бал­ды мен Қай­рат Боран­ба­ев­тар ием­ден­ген мүлік­тер­дің есебі­нен қай­та­ры­лып­ты. Бұл – бүкіл тоналған бай­лы­қтың 1 пай­ы­зы­на да жет­пей­ді. Сон­да Жаңа, Әділет­ті Қаза­қстан­ды қалай құруы­мыз керек? Бүгін­гі жал­тақ, жай­ба­сар, тас­бақа жүріспен, ұялас қарға­ның көзін шұқы­май­тын әдеті­міз­бен оны қашан құрып бола­мыз? «Таз тара­нам деген­ше, той өте­ді» деп, ырға­лып-жырға­лып, шешу­ші әре­кет жасай алмай оты­рған­да, онсыз да бар­лық бас­пал­дақтар­да оты­рған «Ескі Қаза­қстан» жоға­ры билік­ті қай­та тар­тып алмай ма?!

– Қаза­қстан­дағы билік үшін тар­ты­стың тарихы мен қисы­ны жақын­да ғана Ата заңы­мы­зға халық мен­ші­гі ретін­де енгізіл­ген елі­міздің табиғи бай­лы­ғы мен ресур­ста­ры­ның айна­ла­сын­да жалға­са беретін бола­ды. Бірақ атап айта­тын жайт – сол бай­лы­қты халы­қтың аты­нан басқа­ру мен оған билік ету құқы іс жүзін­де жоға­ры билік­те­гілер­ге ел эко­но­ми­ка­сын бақы­лау мүм­кін­ді­гін береді. Қазір­гі сая­си жүйе, модель жағ­дай­ын­да Қаза­қстан­дағы «Форбс» тізі­мін­де кім бол­са да, билік­ті ұста­у­шы­ларға адал­дық таныт­са, ол сол күй­ін­де қала береді. Бүгін­гі күні Тоқа­ев­тың айна­ла­сын­да да дәл сон­дай «отба­сы» қалып­та­сып, Назар­ба­ев­тың айна­ла­сын­дағы­лар­дың көп­те­ген маңы­зды актив­тері жай­ы­мен солай қарай ауы­сып жатыр деген әңгі­мені жиі ести­міз. Мен оның қашанға дей­ін жалға­са­ты­нын біл­мей­мін, бірақ қашан бол­ма­сын, олар­дың «дәуірі» де өте­ді. Себебі Назар­ба­ев құрған сая­си-эко­но­ми­ка­лық жүйе оны Қасірет­ті Қаңтар күн­дері халы­қтың ашу-ыза­сы­ның шар­пуы­нан сақтай алма­ды. Тоқа­ев та осын­дай күй­ге түс­пес үшін, біз кіш­кене күтуі­міз керек. Тек содан кей­ін­гі сіл­кіні­стен соң ғана бұл модель­дің дәр­мен­сізді­гі бар­шаға түсінік­ті болған кез­де елі­міздің билік­те­гі аса бай аза­мат­та­ры бір мез­гіл­де нақты эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар мен қоғам­дық-сая­си өзгерістер­дің қажет екені жөнін­де ойлай бастай­ды. Ал әзір­ше біз үйре­ну, дағ­да­ры­сқа қар­сы менедж­мент­тің білік­тілік­терін қалып­та­сты­ру арқы­лы дай­ын­да­ла беруі­міз керек.

– Атам қазақ баяғы­да-ақ «Жас кел­се – іске, кәрі кел­се – асқа» деген. Қазір өзін мықты санай­тын, тек өзінікін ғана дұрыс деп есеп­тей­тін үлкен жастағы аға­ла­ры­мы­здың қауқа­ры бел­гілі болып қал­ды. «Кер­тарт­па­ның кесірі кең дүниені тар қылар» демек­ші, олар­дың көбін­де қай­та үміт­сіздік, сенім­сіздік, кер­тар­па­лық басым. Қоғам­ның дамуы, жаңа­руы, жаңғы­руы негізі­нен жастарға бай­ла­ны­сты. Әділет­ті қоғам қалып­та­суы үшін жастар не істе­уі керек? Бұл үдерісті жедел­де­ту үшін не қажет?

– Міне, дәл осы­ны жастарға ұсы­ныс ретін­де айтуға бола­ды. Олар құр қиял­дың жеті­гін­де кет­пей, әлем­де, елі­міз­де болып жатқан өзгерістер­ге, туған халқы­мы­зға кең тұрғы­да қара­уға тыры­су­ла­ры керек. Менің жас кезі­ме қараған­да қазір­гі жастар­да даму үшін мүм­кін­дік­тер әлдеқай­да көп, соны­мен бір­ге жеңіл табыс табуға қызы­қты­ра­тын азғы­ру­лар да аз емес. Бірақ адам­дарға адам­заттың ғасыр­лар бойы қалып­тасқан дана­лы­ғы бұрын­да өткен даны­шпан ойшыл­дар мен әйгілі тұлға­лар­дың шығар­ма­ла­ры арқы­лы қол­жетім­ді ғой, ал адам­ның пси­хо­ло­ги­я­сын­да ешнәр­се өзге­ре қой­ған жоқ. Сон­ды­қтан ондай кітап­тар­ды мен қалай өмір сүру керекті­гі жөнін­де өте жақ­сы кеңес­ші әрі көмек­ші деп санай­мын. Әрқа­шан жұмысым көп, уақы­тым өте тығыз бол­са да, күніне ең бол­ма­са 5–10 минут кітап оқуға тыры­са­мын. Әрбір адам­ның алдын­да әрқа­шан әртүр­лі таң­да­у­лар, эти­ка­лық дилем­ма­лар тұра­ды, олар­ды дұрыс шешу – қателік­тер­ді қай­та­лап, біз бір орын­да тұрып қала­мыз ба, әлде өз дамуы­мы­зда алға баса­мыз ба – соны айқын­дай­ды. Сол себеп­ті өткен­нен дұрыс сабақ алып, әрқа­ша­шан алға ұмты­лған жақ­сы деп санай­мын. Құдай қуат, уақыт бер­се, елім­нің, халқым­ның игілі­гі жолын­да алда талай жетістік­тер­ге жете­мін деп ойлаймын!

– Сали­ха­лы сұх­ба­ты­ңыз үшін көп-көп рах­мет! Қоғам дамуы жолын­дағы игі істеріңіз­ге табыс тілеймін!

Сұх­бат­тасқан Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ «D»

Республиканский еженедельник онлайн