Пятница , 4 июля 2025

ҚАНДАЙ ТРИУМФСОНДАЙ АРКА

Аста­на жұрт­шы­лы­ғы ара­сын­да «қақ­па» ата­лып кет­кен Три­ум­фаль­ды арка­ны жөн­де­у­ге қала бюд­жеті­нен 600 мил­ли­он тең­ге бөлі­неді деген хабар тарады.

Ел тәу­ел­сізді­гінің 20 жыл­ды­ғы құр­метіне 2011 жылы 16 жел­тоқ­сан­да ашы­лған «Мәң­гілік ел» қала қақ­па­сы сегіз жыл­да 600 мил­ли­онға тозып қал­ды ма? Елде­гі қар­жы-эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да оны осын­ша қар­жы­ға жөн­деу қан­ша­лы­қты қажет?

Қала әкі­мінің орын­ба­са­ры Нұр­ке­нов мыр­за­ның айтуы­на қараған­да, расын­да да, «Мәң­гілік елдің» қақ­па­сы мәң­гілік бол­май қалған сыңай­лы. «Три­ум­фаль­ды арка­ның жағ­дайы күр­делі, – деп­ті ол енді­гі «Нұр-Сұл­тан» атанған қала­ның мәс­ли­ха­тын­да. – Оның жера­с­ты өтпе­лі жолы сапа­сыз салы­нған, жыл сай­ы­нғы ағым­дық жөн­де­уден кем­шілік­тер түзетілер түрі жоқ».

Ал аны­ғын­да, ұзын­ды­ғы 40–50 метр­ден аспай­тын өткел жол­ды сыл­тау етіп, жер асты­на 600 млн тең­гені көмудің мақ­са­ты тіп­тен басқа­да сияқты. Бірін­ші­ден, бұл қақ­па мил­ли­он­дар­ды қылғы­тып біт­кен кез­де «нұро­тан­дық» бір жан­дай­шап атып тұрып: «Мәң­гілік елді жасаған – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев, сон­ды­қтан аркаға атын берей­ік» деуі әбден мүм­кін. Қитұрқы­сы қою Қаза­қстан­да бәрі мүмкін!

Екін­ші­ден, бұл қақ­па мен бір мезет­те  30 000 мың жамағат «жығы­луға» жарай­тын мешіт салу­дың машақа­ты біре­гей қам­ның қажеті­нен туған болуы керек. Ол қам – Назар­ба­евқа дәрі­гер­лер бел­гілеп бер­ген «екі жыл­дық мерзім­нің» мезеті­мен тұс­па-тұс кел­се керек. Әйт­пе­ген­де, көп бала­лы ана­лар­ды ақша­лы мен ақша­сызға бөліп, біре­уі он бала тап­са да, түксіз қалған, екін­шісі – төрт бала­мен жәр­де­мақы ала ала­тын­дай ала­лау айла­сы жасалған жағ­дай­да сол 600 мил­ли­он­ды «көміп таста­удың» басқа да жол­да­ры табы­лар еді.

Енді бұл аркаға ақша шашу аз болған­дай, Нұр-Сұл­танға тағы да жаңа театр салу қажет­ті­гі туып­ты. «Тағы да» дей­тіні­міз – бұдан 2–3 жыл бұрын сый­ым­ды­лы­ғы 1200 орын­дық опе­ра теат­ры салы­нға­ны әлі есте. Бұл жолғы салын­бағы – дра­ма теат­ры екен. Оның да салы­нып біту мерзі­мі сол «бел­гі­лен­ген екі жыл­мен» межеленіпті. 

Айт­пақ­шы, «Самұрық-Қазы­на» қоры (халы­қтың ақша­сы дей беріңіз) салуы тиіс теат­рға төгілетін қар­жы­ның қиса­бы әзір­ге бел­гісіз көрі­неді. Бел­гілісі – бұл театр орна­ла­са­тын 6 гек­тар алқап­тағы 47 жер телі­мі «мем­ле­кет­тік қажет­тілік­ке» алы­на­ды. Тегін емес, саты­лып алы­на­ды. Ал ол «қажет­тілік үшін» Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы мен Жұме­кен Нәжі­ме­де­нов көше­лерінің ара­лы­ғын­дағы алты гек­тар жер­де­гі үйлер мем­ле­кет қар­жы­сы­на (тағы да халы­қты­кі дей беріңіз) сатып алы­на­тын бол­са, бұл театр­дың дра­ма­сы дар­дай болай­ын деп тұр.

Несін айта­сыз, бел­гілі кари­ка­ту­ра­шы Мұрат Діл­ма­нов өзінің «Фейс­бук­тағы» парақ­ша­сы­на суретін салып, ата­уын «Какой три­умф – такая арка» деп жазған­дай (сурет­ті қараңыз), тағы бір «три­умф­тың» туы көтеріл­ді: кеше елде­гі ақпа­рат агент­тік­тері Қаза­қстан­ның тұңғыш пер­зи­ден­тінің кең­сесін құруға ел бюд­жеті­нен 1 мил­ли­ард тең­ге бөлі­нетінін хабар­ла­ды. Ал Аста­на­ның ата­уы мен жалақы­ны көте­ру­ге қазы­на­ның есебі­нен жұм­са­ла­тын 37,8 мил­ли­ард тең­генің қан­ша­сын Нұр-Сұл­тан жұта­рын бір құдай­дың өзі білсін.

Қысқа­сы, алдағы екі жыл­да «три­умф­тар­дың» талай­ын көретін түрі­міз бар. Тек ел-жұрт аман бол­сын, ағайын! 

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн