Понедельник , 12 мая 2025

Қандастардың қамын кім ойлайды?

  •  «Әділет­ті шешім шыға­ру – тек қана Пре­зи­дент­тің қолын­да. Қасым-Жомарт Кемелұ­лы, өзіңіз көмек­тес­пе­сеңіз, алы­стан оралған ағай­ын­ның бас­па­на­сыз дала­да қалға­ны – қалған…

СІЗДІҢ АППАРАТ қан­даста­ры­мы­зға АПАТ ӘКЕЛДІ!

  • ҚР Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың назарына!

Қол жет­кен ақпа­ратқа сүй­ен­сек, Ары­стағы жары­лы­стан толы­қтай өрт­ке оранған үйлер­дің саны 21 екен; Мақта­арал­дағы су тасқы­ны кезін­де 838 отба­сы бас­па­на­сы­нан айы­ры­лып­ты; Шығыс Қаза­қстан облы­сы Рид­дер қала­сын­дағы орман өрті 31 отба­сы­ның үйін жалмаған.

Бәрін қос­саң, 890 үй тып-типыл болған. Мен бұл жер­де бас­па­на­сы­нан түбе­гей­лі ажы­рап қалған отба­сы­лар­дың санын ғана айтып отыр­мын. Бұл – соңғы екі-үш жыл­дың ішін­де болған апаттар.

Ал Сіз Пре­зи­дент аппа­ра­ты­ның ара­ла­суы­мен қабыл­данған Заң­ның қан­дай апатқа әкеліп соқты­рып жатқа­нын, қан­ша қан­да­сы­мы­зды бас­па­на­сыз қал­ды­рға­нын білесіз бе?!

Жасы­ра­ты­ны жоқ, Пре­зи­дент аппа­ра­ты­ның ара­ла­суы­мен қабыл­данған заң халы­ққа ала­пат апат­тар әке­лу­де! Соның бір дәлелі – қан­даста­ры­мы­здың бас­па­на кезе­гі­нен лақты­ры­лып тасталуы!

1997 жылғы 16 сәуiр­де қабыл­данған «Тұрғын үй қаты­на­ста­ры тура­лы» заң­ның 68-бабын­да «Халы­қтың әле­умет­тiк жағы­нан осал топ­та­ры­на жата­тын аза­мат­тар­дың» тіз­бесі көр­сетіл­ген. Сол тіз­бенің жетін­шісі болып қан­дастар тұр.

Қан­даста­ры­мыз бұл заң­ды Елба­сы­мы­здың зор қамқор­лы­ғы ретін­де қабыл­дап, бай­тақ Қаза­қстан­ның бар­лық өңірін­де бас­па­на кезе­гіне тұрған. Олар­дың алды 20 жылға таяу пәтер кезе­гін күту­мен келе жатқан болатын.

Ол кез­де «орал­ман» (бұдан әрі – «Қан­дас») мәр­те­бесінің мерзі­мі рес­пуб­ли­ка аза­мат­ты­ғын алғанға дей­ін жарам­ды бола­тын. Кей­ін бұл мерзім жеті жылға қысқар­тыл­ды. 2016 жыл­дың 1 қаңта­ры­нан бастап бір жыл болып бекітілді.

Бірақ «Қан­дас» мәр­те­бесінің мерзі­мі бір жыл болып бекітілуі қан­даста­ры­мы­здың Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын тез­детіп алуға ынта­лан­ды­рға­ны­мен, пәтер кезе­гіне тұру және пәтер алу мәсе­лесін тым қиын­да­тып жібер­ді. Нақты­лап айт­сам, бұл әдейі жасалған қитұрқы­лық еді.

Осы жағ­дай­ды ескеріп, 2019 жылы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне халы­қтың жұмыспен қам­ты­луы және көші-қон мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң жоба­сы мәжіліс талқы­сы­на түс­кен­де, «Тұрғын үй қаты­на­ста­ры тура­лы» заң­ның 68-бабы­на «Егер «Орал­ман» сана­ты­мен бас­па­на кезе­гіне тұрған аза­мат Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алған жағ­дай­да оның кезе­гі сақта­ла­ды» деген ескерт­пе енгі­зу тура­лы ұсы­ныс бердім.

Өкініш­ке орай, бұл ұсы­ны­сты қабыл­да­уға мәжілістің құлқы болған жоқ. Өтірік талқы­лаған­сып отыр­ды да, Үкі­мет­тің қара­уы­на жіберіп құтылды.

Үкі­мет­тен «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» заң­ның 67-бабы­на сіл­те­ме жасай оты­рып, «Қаза­қстан аза­мат­та­ры мар­те­бесін алған және тұрғын үйге мұқтаж орал­ман­дар жал­пы негіз­де біздің басқа аза­мат­та­ры­мы­з­бен бір­дей мем­ле­кет­тік тұрғын үй қоры­нан тұрғын үй алуға үміт­кер бола ала­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты орал­ман­дар үшін кезек­ті сақтау масе­лесін орын­сыз деп санай­мыз» деген Асқар Мамин­нің қолы қой­ы­лған жау­ап (№7–10-1282) келді.

Бұл Үкі­мет­тің «жау­а­бы» емес екеніне сенім­ді­мін. Түп­теп кел­ген­де, Пре­зи­дент аппа­ра­ты­ның қисы­нға кел­мей­тін шеші­мі екені белгілі.

Қысқа­сы, бұл – «Қан­дас бол­саң, қай­тей­ін!» деген сөз!

Ең өкіні­штісі, халы­қтың әле­умет­тiк жағы­нан осал топ­та­ры­на жата­тын аза­мат­тар­дың қата­рын­да «Қан­дас» мәр­те­бесі­мен бас­па­на кезе­гіне тұрып, Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған қан­даста­ры­мыз қазір бас­па­на кезе­гі­нен түгел алы­нып тастал­ды. Олар­дың саны – 1982.

Аталған 1982 отба­сы – 2021 жыл­дың 5 ақпа­ны­на дей­ін­гі кезек­тен шыға­ры­лған­дар. Бұл – Инду­стрия және инфрақұры­лым­дық даму мини­стрі Бей­біт Ата­мқұ­ло­втың өз қолы­мен бер­ген ресми мәлі­меті. Қазір олар­дың саны екі мыңға таяған неме­се одан да асқан болуы мүмкін.

Баса айта кетей­ін, бұлар­дың ішін­де көп бала­лы отба­сы­лар да бар. Ең қор­лы­ғы – тым құры­ған­да сол көп бала­лы отба­сы­лар­дың сана­ты ауы­сқан жағ­дай­да, олар­дың бұры­нғы кезе­гі сақта­луы керек қой. Жоқ, Тұрғын үй депар­та­мент­тері олар­ды кезек­тің ең соңы­на лақты­рып тастауда.

Жәбір­ле­ну­шілер аты­нан жазы­лған арыз бен өтіні­ш­те есеп жоқ. Әншей­ін­де «Халық үніне құлақ аса­тын үкі­мет» алы­стан оралған қан­даста­ры­на кел­ген­де тас керең бол­ды да қал­ды. Сөй­тіп, қан­даста­ры­мы­здың жиыр­ма жылға жуық неме­се одан да артық күт­кен алтын уақыт­та­ры зая кет­ті, үкіле­ген үміт­тері үзіл­ді. Өгей­дің күнін кешіп, бай­ғұстар жер соғып қала берді…

Көрдіңіз бе, Пре­зи­дент аппа­ра­ты қол­дан АПАТ жасап отыр. Және ол апат­тың Алла­ның жібер­ген апа­ты­нақа­раған­да, көле­мі ЗОР, зардабы АУЫР болып тұр.

Естеріңіз­де бол­са, С. Тере­щен­ко, Ә. Қажы­гел­дин, Н. Балғым­ба­ев, Қ. Тоқа­ев, И. Тасмағам­бе­тов және Д. Ахме­тов Үкі­мет басқарған Назар­ба­ев зама­нын­да әр бес жыл­да алыс-жақын шетел­дер­ден аз деген­де 80 мың­нан астам қазақ көшіп келіп жата­тын. Тіп­ті 2002–2006 жыл­дар ара­лы­ғын­да 384 мың 106 қан­да­сы­мы­здың елге оралға­нын еске алсақ, бүгін­гі көшті «өгіз аяң» деп ата­уға болады.

Сон­ша­ма көп қаза­қтың көшіп кел­геніне қара­ма­стан, ол кез­де Үкі­мет оларға қомақты қар­жы ажы­ра­тып, басым бөлі­гіне кел­ген бет­те бас­па­на беріп тұр­ды. Ал мына 1982 отба­сы «маған бір жыл­дың ішін­де бас­па­на бересің!» деп тұрған жоқ, заң бой­ын­ша әрбірі өз кезе­гі кел­ген­де алмақ.

Сіздің сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­маңы­здың өзе­гі – «Игілік бар­шаға! Сабақ­та­стық. Әділ­дік. Өрлеу» деп ата­ла­ды. Бірақ дәл осы қан­даста­ры­мы­здың бас­па­на кезе­гіне кел­ген­де, «сабақ­та­стық» үзіл­ді. «Әділ­дік» аяққа тап­тал­ды. Енді көші-қон үрдісін­де қай­тіп «Өрлеу» болмақ?!

Бәрін жасап оты­рған – Пре­зи­дент аппа­ра­ты! Қан­даста­ры­мы­зды бас­па­на кезе­гі­нен айы­рып тастап, осы­дан кей­ін «Игілік бар­шаға!» деп айтуға ауыз бара ма?!

Сіздің «Күшті Пре­зи­дент – ықпал­ды Пар­ла­мент – есеп беретін Үкі­мет» фор­му­ла­сы мен «Халық үніне құлақ аса­тын мем­ле­кет» тұжы­рым­да­ма­сын басқа­лар­дан гөрі көбірек тіл­ге тиек ететін, үне­мі ту қылып көтеріп жүретін аза­мат­тың бірі емес, біре­гейі – мен­мін! Сол себеп­ті бас­па­на кезе­гі­нен шығып қалған қан­даста­рым­ның алдын­да тілім бай­ла­нып, қат­ты қысыл­дым. Қара жер­ге кіріп кету­ге тесік тап­пай қинал­дым. Тағы бір жағы­нан – өте қорландым…

Мен Пре­зи­дент аппа­ра­ты­ның бұл әре­кетін, заң­на­ма­дағы шикілік­ті біле тұрып, Елба­сы жолға қой­ып, Пре­зи­дент жалға­сты­рға­лы оты­рған көші-қон сая­са­ты­на әдейі жасалған ҚАСТАНДЫҚ деп баға­лай­мын! Қан­даста­ры­мы­зды өзек­ке тебу деп түсі­не­мін! Сон­дай-ақ Пре­зи­дент­тің жұрт алдын­дағы абы­рой-беделін төмен­де­ту­ге арналған ҚИТҰРҚЫЛЫҚ емес пе екен деп те ойлаймын!!!

Сіз Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесінің төр­тін­ші оты­ры­сын­да «Тұрғын үй қаты­на­ста­ры тура­лы» заңға тоқта­лып, осы мәсе­ле­ге назар аудар­ды­ңыз. Қан­даста­ры­мыз Үкі­мет айқын­даған өңір­лер­ге қоны­станған жағ­дай­да, олар­дың Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған­нан кей­ін де бас­па­на кезе­гін сақтау тура­лы тап­сыр­ма бердіңіз.

Дау жоқ, аталған шешім шет­тен көшіп кел­ген қан­даста­ры­мы­зды Үкі­мет айқын­даған арнайы өңір­лер­ге, шека­ра­лық аймақтарға көп­теп қоны­стан­ды­руға зор сеп­ті­гін тигі­зеді. Қан­даста­ры­мыз жері кең, суы мол, еңбек күші тап­шы өңір­лер­ге барын­ша көп қоны­ста­ну­ла­ры керек. Бірақ бұры­нғы пәтер кезе­гін­де тұрған қан­дастар бас­па­на­сыз қал­мауы тиіс! Өз басым сіздің бұл баста­маңы­зды қос қол­дап қол­дай­мын және қан­даста­ры­ма үне­мі үгіт­теп келемін!

Иә, мен сізді таққа оты­рған сәт­тен бастап қол­дап келе­мін. Қол­дай да бере­мін. Ол ықы­ла­сым­ды Пре­зи­дент аппа­ра­ты мен Пре­зи­дент­тің айна­ла­сы өте жақ­сы біледі деп ойлаймын.

Айтпақ­шы, 2019 жылы заң жоба­сы талқы­ла­нып жатқан­да, қан­даста­ры­мы­здың осы бас­па­на кезе­гін­де­гі шикілік­ті шешу­ге бағыт­талған ұсы­ны­сым Пар­ла­мент­тің қос пала­та­сы­нан қол­дау тап­паған соң, Пре­зи­дент­тің аты­на БАҚ арқы­лы «Қан­даста­ры­ңы­зды бас­па­на­сыз таста­маңыз…» деген атпен «Ашық хат» жазған­мын. Ол хатым Пре­зи­дент аппа­ра­ты­на жет­кені­мен, Сіздің қолы­ңы­зға тиген жоқ.

Сөй­тіп, «Тұрғын үй қаты­на­ста­ры тура­лы» заң мен «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» заң ара­сын­дағы сәй­кес­сіздік түзетіл­ме­ген күйі қабыл­да­нып кетті.

Ол аз десеңіз, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да зей­не­тақы­мен қам­сыздан­ды­ру тура­лы» заң­ның 13-бабын­дағы ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 14-бабы­ның 2‑бөлігіне қай­шы нор­ма­ны да біліп тұрып, Пре­зи­дент аппа­ра­ты өткізіп жіберді…

Міне, одан бері де бір жарым жыл өтіп­ті. Аппа­рат үнсіз. Үкі­мет тым-тырыс. Ал қан­даста­ры­мыз қан жылап, бас­па­на­сыз қалып барады…

Бұл жолы да сіз­ге ала­у­ла­тып «Ашық хат» жаз­бай-ақ, заң жоба­сы мәжіліс талқы­сы­на түс­кен кез­де қан­даста­ры­мы­здың бұры­нғы бас­па­на кезе­гін күшін­де қал­ды­ру тура­лы үнсіз ұсы­ныс бере салуы­ма да бола­тын еді. Бірақ жаңа депу­тат­тар­дың оны заң­да­сты­руға дәр­мені де, еркі де жет­пей­ді. Себебі сол – төраға, сол – пре­мьер-министр. Қан­даста­ры­мыз тағы сор­лап қала ма деп қоры­қтым. Бұл – бір.

Екін­ші­ден, Пре­зи­дент аппа­ра­ты тек қан­даста­ры­мы­зға қаты­сты ғана емес, Пар­ла­мент­те талқы­ла­на­тын бар­лық заң­дарға ара­ла­сып келе жатқа­ны жасы­рын емес. Мен бұған тіс-тыр­нағым­мен қарсымын!

Жаңа Пре­зи­дент кел­гелі, жаңа сая­си рефор­ма­лар жүр­гізіліп жатыр. Үш билік бірінің шеші­міне екін­шісі кедер­гі жаса­май, қол-аяғын тұса­май, әркім өз шаруа­сы­мен айна­лы­суы керек деп есептеймін.

Үшін­ші­ден, Табиғи апатқа ұшы­раған отба­сы­ларға үкі­мет, халық және қай­ы­рым­ды аза­мат­тар қар­жы ажы­ра­тып, судай жаңа бас­па­на­лар тұрғы­зып бер­ді. Ал қол­дан жасалған апат­тың кесірі­нен дала­да қалған қан­даста­ры­мы­зға қол ұшын беретін пен­де бар ма?!

Менің­ше, жоқ!!!

Әділет­ті шешім шыға­ру – тек қана Пре­зи­дент­тің қолын­да. Қасым-Жомарт Кемелұ­лы, өзіңіз көмек­тес­пе­сеңіз, алы­стан оралған ағай­ын­ның бас­па­на­сыз дала­да қалға­ны – қалған…

Сол үшін Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Кемелұлы­нан қан­ша қысыл­сам да, қан­ша ұял­сам да, осы екін­ші «Ашық хат­ты» жазуы­ма тура келді.

Аса мәр­те­белі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сіз­ден осы мәсе­ле­лер­ді өз наза­ры­ңы­зға алып:

Бірін­ші, Пре­зи­дент аппа­ра­ты­ның заң шыға­ру жұмысы­на ара­ла­суын шектеуге;

Екін­ші, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алып, «Қан­дас» мәр­те­бесінің тоқта­ты­луы­на бай­ла­ны­сты бас­па­на кезе­гі­нен шығып қалған екі мыңға жуық қан­да­сы­мы­здың кезе­гін қал­пы­на кел­тіріп, реті кел­ген­де бас­па­на­лы болуына;

Үшін­ші, аталған заң­на­ма­лар­дағы шикілік­тер­ді түзе­ту­ге пәр­мен беруіңізді сұраймын!

Зор құр­мет­пен, Ауыт МҰҚИБЕКҚР Пре­зи­ден­ті жанын­дағы Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесінің мүшесі,

02.06.2021

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн