Вторник , 1 июля 2025

Қандастар КВОТАСЫ аз емес пе?

  • Қаза­қстан­да қан­дастар мен қоныс ауда­ру­шы­лар үшін 2021 жылға жос­пар­ланған өңір­лік кво­та бел­гі­лен­ді, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ тілшісі.

«Бел­гі­лен­сін: 1) 2021 жылға арналған қан­дастар­ды қабыл­да­удың өңір­лік кво­та­сы – 1 426 адам; 2) 2021 жылға арналған қоныс ауда­ру­шы­лар­ды қабыл­да­удың өңір­лік кво­та­сы – 6039 адам», – делін­ген Қаза­қстан­ның Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гінің бұй­рық жобасында.

2020 жылға қоныс ауда­ру­шы­лар­ды қабыл­да­уға арналған өңір­лік кво­та 4750 адам көле­мін­де белгіленді.

Еске сал­сақ, ҚР 2020 жылғы 13 мамыр­дағы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бiр заң­на­ма­лық актiлерiне көші-қон про­це­стерін рет­теу мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заңы­на сәй­кес «орал­ман» түсіні­гі «қан­дастар» деп өзгертілді.

19 қара­ша­да Қаз­ТАГ хабар­лаған­дай, 2020 жыл­дың басы­нан бері тари­хи ота­ны­на 12 мыңға жуық этни­ка­лық қазақ оралған.

Қаз­ТАГ

Республиканский еженедельник онлайн