Пятница , 4 июля 2025

ҚАНДАСҚА ҚИЯНАТ жасап, шетелдегі қазақтың 30 жыл бойы елге оралмауына БІЗДІҢ БИЛІК КІНӘЛІ

  • База­рдағы қара­пай­ым халы­қтан емес, билік­те жүр­ген, оқы­ған-тоқы­ған министр, біл­дей меке­менің басты­ғы, әкім-қара­лар­дың: «Шетел­де­гі Қаза­қтар­дың көбі 30 жыл бойы кел­меді, енді тек қиналған­да ғана елге келіп жатыр» дей­тін сау­ат­сыз, ұлт­сыз, рух­сыз сөз­дерін естіп, жағаң­ды ұстайсың?

«Сон­да бұлар кім­дер? Бізді кім­дер басқа­рып отыр? Мына Қаза­қстан кім үшін керек?» деген сұрақтар еріксіз ойға оралады.

Ресми мәлі­мет­тер бой­ын­ша, 1991 жыл­дан 2016 жылға дей­ін­гі кезең­де 957 772, ал 2022 жыл­дың жел­тоқ­сан айы­на дей­ін 1 105 700 қан­дас бауыр­ла­ры­мыз елге ора­лып­ты. Тек 2022 жылы ғана 17 000 қан­да­сы­мыз кел­ген екен. Осы­лар­дың 95%-ы өз күші­мен, өз қара­жа­ты­мен, өз аяғы­мен елге көшіп кел­ген­дер десем, артық айт­паған болар­мын. Тек тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­ры ғана Қаза­қстан үкі­меті Моңғо­ли­яға арна­у­лы маши­на жіберіп, көшіріп кел­ген азған­тай отба­сы бол­ма­са, Қытай, Өзбек­стан, Ресей, Түрік­мен, Иран, Түр­ки­ядағы қан­дастар ол жақта жан баға алмаған­нан емес, Ата­жұр­тын аңсап, қыз­метін, кәсібін, мүл­кін тастап, елге оралды.

Ал Ауған­стан­дағы қаза­қтар ше? Олар­мен Қаза­қстан үкі­меті ешқан­дай бай­ла­ныс жаса­ма­ды, біздің біл­дей елшілік те ондағы қан­дастар­ды елге көшіруді ұйым­да­сты­ру түгілі, Ауған­стан­да қан­ша қазақ бар екенін 30 жыл бойы аны­қта­маған да, сұрамаған.

Енді, міне, екі жыл болай­ын деді, Ауған­станға тали­бан билі­гі келіп, ондағы халық жан-жаққа босып, өзбек­тер – Өзбек­станға, тәжік­тер – Тәжік­станға кет­ті. Ал қаза­қтар ше? Олар да өз ота­ны­на кет­кісі кел­ді, сөй­тіп Кабул­де­гі Қаза­қстан елшілі­гінің табал­ды­ры­ғын сан мәр­те тоздыр­ды, «Құжа­ты­ң­да ұлтың көр­сетіл­ме­ген», «тілің таза қаза­қ­ша емес», «киім­дерің қаза­қ­ша емес» деген секіл­ді түр­лі сыл­та­у­мен неше онмы­ң­даған қаза­қтың де 100-ін әке­ле алма­ды. Шын­ды­ғын­да – әкел­гісі келмеді.

Дәл сол кез­де Батыс пен Еуро­па елдері тали­бан­нан қашқан халы­ққа құшағын жай­ып, «сенің ұлтың не, дінің қан­дай?» деп сұра­ма­стан, ұшақтың іші-сыр­ты­на тол­ты­рып, өз елдеріне алып кет­ті. Апа­рып тастап қой­ған жоқ, тіл үйретіп, тегін үй беріп, бағып отыр.

Ал біз ше? Өз қаза­ғы­мы­зды «пас­пор­ты­ң­да ұлтың көр­сетіл­ме­ген», «қаза­қ­ша сөй­лей алмай­сың» деп, зар­ла­тып тастап кет­тік. Біз­де қаза­қ­ша сөй­лей алмай­тын мини­стр­лер, әкім­дер, депу­тат­тар қан­ша­ма? Олар­ды елден шыға­ру керек пе?

Ауған­стан­ның заңы бой­ын­ша, пас­порт­та­рын­да ұлты көр­сетіл­мей­тінін біздің билік біл­се де, соны сыл­тау етті. Бірақ кезін­де тали­бан кел­мес бұрын көп қан­да­стың Ауған­стан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі бер­ген «ұлты – қазақ» деген аны­қта­ма­сы бол­ды. Солар­дың өзін әне-міне әке­те­міз дегелі екі жыл өтті… Енді сол қан­даста­ры­мыз үшін билік­тен бұрын біз ұялып, жер­ге кіре­рдей бол­дық, олар­дың көмек сұрап жазған әрбір сөзін оқуға ұяламыз…

Қысқа­сы, «біз шет­те­гі отан­даста­рын шақы­рған үшін­ші елміз» деп мақтанған­да, бір жер­лері жыр­ты­лып кететін­дей, биік-биік мін­бер­ден айғай­лаға­ны­мен, қаза­қтар тұра­тын ешбір елде көші-қон тура­лы бір орта­лық неме­се елшілік жаны­нан кеңес беретін бір каби­нет те ашқан жоқ. Керісін­ше, шетел­де­гі Қаза­қстан елшілі­гіне сол елде­гі қан­дастар айлап-жыл­дап жүріп, әрең кіреді. Оларға виза бер­мей сан­далт­ты, өздері дел­дал­дар шыға­рып, ақша­сын сыпыр­ды, біт­пей­тін, адам түсін­бей­тін, айлап күтетін кезек­ке тұрғызды.

Қаза­қстан елшілі­гі үлкен қала­лар­да болған­ды­қтан, 1000 шақы­рым­нан аса жол жүріп барған қаза­ғың неше күн түнеп, елшілік­ке кіре алмай, ақы­ры дел­дал­дарға бар ақша­сын беріп, кері қай­тып жүр­ді. Сөй­тіп, өлдім деген­де бала-шаға­сын алып, жүгін арқа­лап, Қаза­қстан шека­ра­сы­на кел­ген­де, шека­ра­шы бұралқы иттер тала­ды, бір сум­ка­сы­на мың­дап ақша сұра­ды, үлкен жүк­терін «тау­ар» ретін­де тара­зы­ға тар­тып, салық алды.

Елге кел­ген қан­дастар­дың Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алуы – Мек­ке­ге жаяу барған­нан да қиын бол­ды. Оларға аза­мат­ты­қты бере салған жоқ, өздері айтқан­дай, 1 жыл­да, 6 айда, 3 айда беріп жатыр­мыз дегені – көр­ген түс сияқты. Қап­таған қалың қағаз, кеше­гі заң бүгін өзгеріп, кеше жараған құжа­ты бүгін жара­май, адам ойлап тап­пас құжат­тар сұра­ды. Аза­мат­ты­қты бір­ден бер­мей, алды­мен «ҚАЗАҚ» деген куәлік алу, сосын «Ықти­яр­хат» алу, сосын барып аза­мат­тық алу деген дәу кедер­гілер қойды.

Төлқұ­жат­та­рын­да «қазақ» деп жазыл­са да, оның үстіне тағы да «қазақ», «орал­ман», енді «ҚАНДАС» деген куәлік алу­ды мін­дет­те­ді. Пас­пор­тын­да «ер адам» деп жазыл­са, соған Қаза­қстан­да қай­та­дан «ЕРКЕК» екеніне аны­қта­ма сұратқа­ны сияқты бол­ды. Ол үшін туу тура­лы куәлік­тен бастап, жеке куәлік, атте­стат, диплом, неке куәлі­гі, төлқұ­жатқа дей­ін қыру­ар ақшаға аудар­тып барып өткі­зесің. Оны әрең алып, «Ықти­яр­хатқа» одан да көп құжат өткі­зесің. 45 күн­де беретін құжат 6 айдан бір жылға, тіп­ті жоқ болып, Көші-қон меке­месіне бар­са, «дело­сы» жоқ, жоғал­тып жібер­ген. Олар қай­та тап­сыр дей­ді. Сөй­тіп жүр­ген­де, «орал­ман» деген куәлі­гінің уақы­ты өте­ді. Қой­шы әйте­уір, ақы­ры Көші-қон­ның заң­ды дел­дал­да­ры­на ақша­сын беріп, не алған үйі жоқ, не құжат жоқ, анаған-мынаған жал­да­нып, жұмыс істеп, өз зары – өз ішін­де, үнсіз өмір сүріп келеді.

Шет­те шіреніп жүретін туы­сы­ның Қаза­қстан­дағы шара­сыз халын көр­ген сырт­та қалған туы­ста­ры жаға­сын ұстап, «Бар­маға­ным Қаза­қстан бол­сын!» деп, аттың басын кері тарт­ты. Тіп­ті Қытай­дағы дүни­есін тастап, елге келіп, 3–4 жыл аза­мат­тық ала алмай, әкел­ген ақша­сын соны­мен шәшіп, не үй жоқ, не құжат жоқ, ақы­ры амал­сыз қай­та көш­кен қаза­қтар да жетерлік.

Ал осы­ған шет­те­гі қаза­қтар кінәлі ме? Айты­ң­дар­шы, ағай­ын? Осы­ны ойла­сам, іші-бауы­рым езіліп, көзі­ме еріксіз жас келеді…

Қыды­рәлі ОРАЗҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн