Четверг , 3 июля 2025

ҚАНША АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ?

  • Қаза­қстан­да қаңтар­дың басын­да болған дүр­бе­лең­нен кей­ін жағ­дай тұрақта­ла бастаға­ны­мен, жұрт­ты маза­лай­тын сұрақтар бар. Қан­ша адам қаза тап­ты? Қан­ша адам қамауда отыр? Неше қыл­мыстық іс бой­ын­ша тер­геу жүріп жатыр? «Азаттық» жұрт көкей­ін­де­гі сау­ал­дарға жау­ап іздеп көрді.

Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін­гі ресми орган­дар хабар­лаған негіз­гі деректер (26 қаңтарға дей­ін­гі мәлімет):

  • 227 адам қаза болды;
  • 4578 адам зардап шекті;
  • 2044 қыл­мыстық іс қозға­лып, 898 күдік­ті ұсталған;
  • 9257 әкім­шілік іс қозға­лып, 63 адам қамауда отыр;
  • Билік өкіл­дерінің қысы­мы мен азапта­уы­на бай­ла­ны­сты 109 шағым түскен;
  • 1466 ғима­рат, 700 көлік қираған.

Кемі 227 адам қаза тап­ты. Қазір қолы­мы­зда 15 қаңтар­да және 18 қаңтар­да жари­я­ланған ресми дерек қана бар. Билік қаңтар дүр­бе­леңі­нен он күн­дей өткен соң, «тәр­тіп­сіздік­тен 225 адам қаза болға­нын» мәлім­деді. Марқұм­дар­дың ара­сын­да 19 поли­цей мен әске­ри бар. Қаза тапқан­дар­дың 149‑ы – Алма­ты қаласынан.

18 қаңтар­да ден­са­улық сақтау мини­стрі Ажар Ғини­ят қаңтар оқиға­сы кезін­де жара­ла­нып, жан­сақтау бөлі­міне түс­кен екі адам көз жұмға­нын хабар­ла­ды. Дәл қазір қаңтар дүр­бе­леңі­нен, ресми дерек бой­ын­ша, 227 адам қаза болға­ны бел­гілі (қаңтар­да қаза тапқан­дар­дың атын-жөнін аны­қтап жатқан қоғам­дық топ­тың жетек­шісі, құқық қорға­у­шы Бақыт­жан Төреғо­жи­на­ның деректері бой­ын­ша, өлген­дер саны бұдан да көп – «Д»). Қаза тапқан­дар жөнін­де 18 қаңтар­дан кей­ін басқа ста­ти­сти­ка жари­я­ланған жоқ. Билік қаңтар оқиға­сын­да 227 адам мерт болға­нын айтқа­ны­мен, олар­дың тізі­мін жари­я­ла­май отыр. Осы­дан соң аза­мат­тық қоғам өкіл­дері, бел­сен­ділер мен құқық қорға­у­шы­лар марқұм­дар­дың тізі­мін туы­ста­ры­ның және куә­гер­лер­дің көме­гі­мен өз бетін­ше жинай бастаған. Қаза болған­дар ара­сын­да алма­ты­лық екі бала бар.

ЖАРАЛЫЛАР ҚАНША?

Бас про­ку­ра­ту­ра­ның 15 қаңтар­дағы мәлі­меті бой­ын­ша, қаңтар оқиға­сы кезін­де 4578 адам зардап шек­кен. Оның ішін­де 4353 адам жара­ланған. Билік орга­ны ста­ти­сти­ка­сын­да зардап шек­кен­дер­дің 3393‑і поли­ция мен күштік құры­лым қыз­мет­кер­лері екені айты­ла­ды. Қазір елде зардап шек­кен­дер жай­лы тек осы ресми дерек қана бар. Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі зардап шек­кен­дер ара­сын­да оқ тиген­дер, таяқ жеген­дер барын мәлімдеген.

ҚАНША АДАМ ҚАМАУДА ОТЫР

Бас про­ку­ра­ту­ра­ның 25 қаңтар­дағы мәлі­метін­ше, 2044 қыл­мыстық іс бой­ын­ша 802 күдік­ті қамауда отыр. Әкім­шілік іс бой­ын­ша 63 адам қамалған. Енді қыл­мыстық және әкім­шілік істер­дің ара-жігін ажыратайық.

25 қаңтар­дағы дерек бой­ын­ша, дүр­бе­лең­ге бай­ла­ны­сты 2044 қыл­мыстық іс қозға­лып, 898 күдік­ті ұсталған. Соның ішін­де 802 адам қамауда отыр. Қалға­ны үйқа­мақта неме­се кепіл­мен боса­ты­лған. Қыл­мыстық істер­дің дені «адам өлті­ру», «тер­ро­ризм», «жап­пай тәр­тіп­сіздік», «ұрлық», «қару­ды заң­сыз сақтау», «бұза­қы­лық», «тонау» бап­та­ры­мен қозғалған.

Бас про­ку­ра­ту­ра­ның 25 қаңтар­дағы дере­гін­ше, қаңтар оқиға­сы­на бай­ла­ны­сты 9257 әкім­шілік іс қозғалған. Про­ку­ра­ту­ра бұл істер­дің көбін­де айып­талған­дарға жаза қол­дан­баға­нын, 4500 мың адам­ның қамаудан боса­ты­лға­нын, 63 адам ғана абақты­да оты­рға­нын айтады.

«4584 ада­мға ескер­ту жасал­ды. 577 адам­ның айып­пұ­лы ескер­ту шара­сы­на ауы­сты­рыл­ды» деді Бас про­ку­ра­ту­ра­ның бірін­ші қыз­мет басты­ғы­ның орын­ба­са­ры Елдос Қилым­жа­нов 25 қаңтар­дағы брифингте.

Про­ку­ра­ту­ра өкіл­дері 25 қаңтар­дағы бри­финг­те пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың «жағ­дай­ды ауыр­ла­та­тын мән-жай бол­ма­са, жаза­ны жеңіл­детің­дер» деген тап­сыр­ма­сы­ның қалай орын­да­лып жатқа­ны жай­лы есеп бер­ген тұста Алма­ты­да қамауда оты­рған оннан аса адам­ның бостан­ды­ққа шыққа­ны бел­гілі болды.

Қаңтар­дағы оқиға­лар кезін­де ұсталған­дарға қысым жаса­лып жатыр деген хабар көбей­ген кез­де пре­зи­дент Тоқа­ев 14 қаңтар­да Бас про­ку­ра­ту­раға «жағ­дай­ды ауыр­ла­та­тын мән-жай бол­ма­са, ұсталған­дар­дың жаза­сын жеңіл­де­туді» тап­сы­рған еді.

АБАҚТЫДА «АЗАПТАУ» БОЛДЫ МА?

Елде қаңтар оқиға­ла­ры­нан кей­ін ұста­лып, изо­ля­торға қамалған­дар мен олар­дың туыс-жақы­ны, құқық қорға­у­шы­лар күдік­ті ретін­де ұсталған аза­мат­тарға поли­ция, тер­ге­ушілер қысым жасап, азаптап, айып­ты мой­ны­на алуы үшін қинап жатыр деп шағым­данған еді. Бұдан бөлек, қаңтар­дағы оқиға­лар кезін­де жара­ланған­дар­ды ауру­ха­на­да ауы­рып жатқа­ны­на қара­ма­стан тер­ге­у­ге әкет­кені жай­лы шағым­дар айтылған.

25 қаңтар­дағы бри­финг­те Бас про­ку­ра­ту­ра өкілі Қилым­жа­нов орган өкіл­дерінің қыз­метіне бай­ла­ны­сты 109 шағым­түс­кенін, 21 қыл­мыстық іс қозғалға­нын, 43 арыз тек­серіліп жатқа­нын мәлім­деді. Про­ку­рор 22 шағым рас­тал­маға­нын айтады.

ҚАНША ҒИМАРАТ/КӨЛІК БҮЛІНДІ?

ІІМ мәлі­метін­ше, Алма­ты, Тал­ды­қорған, Тараз, Шым­кент, Ақтө­бе, Өске­мен, Семей және басқа да қала­лар­да қаңтар оқиға­ла­ры кезін­де 1466 нысан бүлін­ген. Оның ішін­де – 71 мем­ле­кет­тік меке­ме (12 әкім­дік ғима­ра­ты, 27 поли­ция бөлім­ше­сі) және 1395 биз­нес ныса­ны зақымданған.

700 көлік бүлін­ген я толық қираған. Бүлін­ген көлік­тер­дің ішін­де 116 жеке авто, 500-ден аста­мы жедел жәр­дем, поли­ция, өрт сөн­ді­ру көлік­тері және қыз­мет мәшинелері.

ІІМ қаңтар оқиға­сы кезін­де аңшы қаруы саты­ла­тын жеті дүкен­ге шабуыл жаса­лып, 1564 қару ұрланған деп хабар­ла­ды. Бас про­ку­ра­ту­ра қару-жарақты өз еркі­мен өткіз­ген аза­мат­тар, егер олар басқа қыл­мыстық іс бой­ын­ша күдік­ке ілін­бе­се, жау­ап­кер­шілік­тен боса­ты­ла­ды деп мәлімдеді.

Бұл деректер алдағы уақыт­та әлі де өзге­руі мүм­кін. «Азаттық» өзіне түс­кен ақпа­рат­тар негізін­де мәлі­мет­тер­ді уақты­лы жаңар­тып отыр­мақ. Ал қаңтар­дың басын­да елде­гі оқиға­лар­дың хро­но­ло­ги­я­сын төмен­де­гі мақа­ла­дан оқып, таны­са аласыз.

Azattyq.org

Қазы­бек ИСА, ҚР Пар­ла­мен­ті мәжілісінің депутаты:

Жазы­қ­сыздар­ды АЗАПТАҒАНДАР жаза­ла­нуы тиіс!

Жаңаө­зен­де баста­лып, жал­пы елді қам­ты­ған бей­біт ере­уіл­де халық ел қамы үшін шықты. Кей­ін Алма­ты­дан бастап, көп қала­лар­да бей­біт шеру­шілер­ге күмән­ді топ­тар қосы­лып кетіп, арты қан­ды бүлік­ке айналды.

Ал енді ере­уіл­ге шыққан­да­ры үшін ғана жаста­ры­мыз жазы­қ­сыз тұтқын­да­лып, соққы­ға жығы­лып, азапта­лып жатқан­да­ры тура­лы көп­те­ген нақты мәлі­мет­тер мен виде­о­лар келу­де. Әле­умет­тік желілер­де де жиі жазы­лу­да. Ара­сын­да осын­дай түр­ме­де азапта­у­лар­дан өліп кет­кен­дер тура­лы да ақпа­рат­тар бар! 

Өткен­де жазға­ны­мы­здай, біздің «шаш ал десе, бас ала­тын» поли­цей­лер ере­уіл­шілер­ді заң бұз­ба­уға шақы­рған заң­гер, әділ­дік үшін күрес­кен әйгілі сот істері­мен бел­гілі адво­кат Абзал Құс­пан­ның өзін де бес күн оты­рғы­зып қой­ған соң, қара­пай­ым халы­қты қалаға­нын­ша түр­ме­ге тоғы­тқа­ны анық болып тұр…

Тіп­ті олар­дың ішін­де митин­гі­ге қаты­спай-ақ, ауру­ха­на­да өз жарақа­ты­мен жатқан­дар­ды тұтқын­дап алып кетіп, түр­ме­де азаптау қан­дай заңға, қан­дай адам­ды­ққа жатады? 

Мыса­лы, біз­ге кел­ген видео-мәлі­мет­те шалғай­дағы Шар­да­ра­дан Алма­ты­ға жұмыс іздеп барып, үй жөн­де­умен айна­лы­сып жүр­ген Сүн­дет Тоғай­бай­ұ­лы Түрік­пен­бай қаңтар­дың 5‑і күні түстен кей­ін Төле би – Бай­тұр­сы­нұ­лы көше­лерін­де­гі поли­кли­ни­ка­да дәрі­гер­ге қара­лып, ана­л­из­дерін алып, үйіне бара жатқан­да аяғы­на оқ тиеді. Қан­сы­рап жатқан ол № 12 ауру­ха­наға жет­кізіледі. Оны осын­да емделіп жатқан жері­нен қаңтар­дың 8‑і күні түр­ме­ге алып кет­кен. «Алаң­да бол­дым деп мой­ын­да» деп, ұрып-соққан. «Ешқан­дай митин­гі­ге қаты­спаған, ауру­ха­на­да жатқан менің балам СИ-18 түр­месін­де неге жатыр?» – деп, көз жасын көл етіп еңіреп, қай­та-қай­та талып қалып жатқан ана­сы­ның видео­сын көр­ген­де, шыдап тұра алу мүм­кін емес! Әке-шеше­сі жалғыз сиы­рын сатып, адво­кат жал­дап, Алма­ты­да жүр енді…

Қан ішкен­дер құты­лып, қарап жүр­ген­дер тұтыл­мауы тиіс! Тек қыл­мыс жасаған­дар ғана жаза­сын алуы қажет! Нағыз содыр­ларға тосқа­уыл қою қол­да­ры­нан кел­ме­ген құқық қорғау орган­да­ры енді жазы­қ­сыз жастарға ойла­ры­на кел­генін жасап жатқа­ны жаны­мы­зды ауыртуда.

Көше­де көл­де­нең содыр­лар­дың сой­ы­лын жеп, қаңғы­ған оқтан жарақат­танған жазы­қ­сыз жан­дар­ды поли­ци­я­ның азапта­уы да шұғыл тоқта­ты­луы тиіс! Ере­уіл күн­дері көше­лер­де болған қан­ды қырғын енді түр­ме­лер­ге ауы­сқа­ны не масқара!

Қыл­мысты жасаған поли­цей­лер қатаң жаза­ла­рын алуы керек!

Бұлар­дың бәрі елдің қат­ты ашу-ыза­сын туғы­зу­да! Бұн­дай қыл­мыстар нағыз аран­да­ту, мем­ле­кет­ке, Пре­зи­дент­тің сая­са­ты­на қар­сы қасақа­на жаса­лып жатқан қаре­кет­тер деп қабылдаймыз! 

Өйт­кені ел ҚР Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың ере­уіл­ге шыққан­дарға жала жабы­лып, жазы­қ­сыз жаза­лан­ба­уын, әрбір істің әділ қара­луын, тіп­ті айтар­лы­қтай қыл­мысы жоқтар­дың жаза­ла­рын жеңіл­де­ту керек деген тала­бы­на қара­ма-қар­сы жаса­лып жатқан қаре­кет­тер­ге куә болу­да. Ере­уіл­ден кей­ін елде болып жатқан мұн­дай адам құқын аяққа тап­тау фак­тілері тура­лы Бас про­ку­ра­ту­ра­ның өзі де мәлімдеді. 

Бұн­дай бас­сызды­ққа Бас про­ку­ра­ту­ра­дан бастап, мем­ле­кет­тік қадаға­ла­у­мен бір­ге қоғам­дық бақы­ла­у­лар орна­ту керек! Бұл бағыт­та Абзал Құс­пан бастаған адво­кат­тар комис­си­я­сын және қоғам­дық бақы­ла­у­лар­ды қол­да­уы­мыз қажет!

Халы­қтық бақы­лау ғана заң­сызды­қтың жолын кеседі. Пар­ла­мент­те де комис­сия құры­лып, адам құқы бұзы­луы қатаң бақы­ла­у­ға алы­нуы тиіс!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн