Пятница , 4 июля 2025

Қарағанды кеншілермен қоштасты

Қарағанды­да Иван Костен­ко атын­дағы шах­та­дағы жары­лы­стан қаза тапқан кен­шілер­ді жер­леу рәсі­мі өтті. Мерт болған алты адамның кім екені әлі аны­қтал­май отыр. Кен­шілер­дің отба­сы құрал-жаб­ды­қтар ескір­генін, шах­та­да қара­пай­ым қауіп­сіздік ере­же­лері сақтал­май­ты­нын кезек­ті қасірет­ті оқиға әшке­ре­леді дей­ді. Бір­не­ше кен­шіні поли­ци­яға шақыр­тып, шу шығар­маң­дар, ере­уіл жаса­маң­дар деп қолқа салған.

КЕНШІЛЕРІН АЗА ТҰТҚАН ҚАЛА

«Екі рет тарс етіп бір­деңе аты­лған­да, адам таси­тын электр көлі­гі кілт бұры­лып, құлағы­мыз тұнып қал­ды. Біз құтқа­ру­шы­ларға қосыл­дық. Ештеңе көрін­бей­ді, әрең шықтық. Жоға­ры көтеріп алсын деп айқай­ла­дық», – деп 28 қазан күні шах­та­да болған жары­лы­сты кен­шілер­дің бірі еске алады.

Сол күні «Арсе­лор­Мит­тал Темір­тау» ком­па­ни­я­сы­на тиесілі Иван Костен­ко атын­дағы шах­та­да жары­лыс болып, өрт шыққан. Ол кез­де жер астын­да 252 адам жұмыс істеп жатқан-ды. Ер адам­ның көрер жары­ғы бар екен, аман қал­ды. Бір жағы жары­лыс эпи­цен­трі­нен қашы­қта тұрған­ды­қтан, сыр­тқа шығып үлгер­ді. Жары­лыс толқы­ны­ның күші екі шақы­рым қашы­қты­ққа дей­ін сезілген.

46 адам қаза тап­ты. Кім екені аны­қталған марқұм­дар­ды 30 қазан­нан бастап жер­лей баста­ды. Сол күні 15 кен­шінің жана­за­сы шығарылды.

31 қазан күні тағы 22 шах­тер­ді жер­леді. Солар­дың кей­ін­гісі – 60 жастағы Вик­тор Деревянко.

– Зей­нет­ке шығуы­на 3 жыл қалған еді. Осы шах­та­да 30 жыл­дан астам еңбек етті. Итін қат­ты жақ­сы көретін, қазір ол бай­ғұс есік­ке қарап, күні-түні ұлып тұр. Отба­сы­мы­з­бен ара­ла­су­шы едік, 1990 жыл­дан бері бір қабат­та тұра­мыз, – дей­ді марқұм­ның көр­шісі Еле­на Ульян­ки­на. – Әйелі жұмыстан шық деп бір­не­ше рет айт­ты. Ол бол­са: «Қоры­қ­па, маған ештеңе бол­май­ды», – дей­тін. Кеше ғана әйелі маған осы­ны айтқан. Ол өлді деген­ге соңғы сәт­ке дей­ін сен­ген жоқ­пыз. Өйт­кені әле­умет­тік желі­де жари­я­ланған тізім­де оның аты-жөні бол­маған. Витя ағай көңіл­ді, мей­ірім­ді, елге­зек жан еді. Әкем еке­уі балы­ққа бара­тын, әкем жұмыста болған кез­де анам­ның ауыр сөм­ке­лерін көтері­сетін. Артын­да әйелі мен бой­жет­кен қызы қалды.

Апат сал­да­ры­нан қаза тапқан 46 кен­шінің бірі – 60 жастағы Вик­тор Дере­вян­ко­ның суретін ұстап тұрған әйел. Қараған­ды, 31 қазан, 2023 жыл.

Асы­ра­у­шы­сы­нан айы­ры­лған отба­сы­лар зар еңіреп отыр. Көбінің жур­на­ли­стер­мен сөй­ле­су­ге құлқы жоқ. Кей­біре­уі әле­умет­тік желі­ге қаза тапқан жақы­ны­ның суретін жари­я­лап, шағын ақпа­рат бер­ген. Бір кен­шінің қызы: «Тауып, шыға­рып алды. Әкем – Нико­ла­ен­ко Юрий Лео­ни­до­вич. Кәсібінің жолын­да жанын құр­бан етті. 40 жыл­дан астам еңбек еткен», – деп жазып қойыпты.

«Бұл қаза тапқан кен­ші­міз – Коч­мар Сер­гей Нико­ла­е­вич. Бір-екі күн­нен соң дема­лы­сқа шыға­тын еді. Екі тәулік күт­тік, үміт үзбе­ген едік. Бірақ ол оралған жоқ. Сүй­е­гі ең соңғы табы­лған­дар­дың бірі», – делін­ген тағы бір жазбада.

Әле­умет­тік желі­де­гі пост­тарға мың­даған пікір жазы­лу­да. Біре­улер көңіл айт­са, енді бірін­де: «Қараған­ды кен­шілер­дің даңқын шығарған қала еді, енді кен­шілерін аза тұтқан қалаға айнал­ды. Қан­ша­ма отба­сы аза­ма­ты­нан айы­рыл­ды», – деген қай­ғы мен ашу-ыза ара­лас пікір­лер де бар.

Костен­ко атын­дағы шах­та­да болған апат­тан қаза тапқан кен­ші Вик­тор Дере­вян­ко­ны жер­ле­у­ге жиналған жұрт. Қараған­ды, 31 қазан, 2023 жыл.

Ната­лья Томи­ло­ва 2006 жылы Ленин шах­та­сын­да жары­лыс болған­да туы­сы­нан айы­ры­лған. Басқа қаза тапқан­дар­дың жесір­лері­мен бір­ге «Кен­шілер отба­сы» қоғам­дық бір­ле­сті­гін ұйым­да­сты­рған. Ол шах­тер­лер­ді асы­ғыс жер­леп жатқа­ны­на алаң­дай­ты­нын жет­кізді (алты адам­ның кім екені әлі күн­ге аны­қталған жоқ). Қоғам бел­сен­дісі осы­дан 17 жыл бұрын 41 адам қаза тапқан апат­тан кей­ін марқұм­дар­дың туы­ста­ры­мен бір­ге осы­ған ұқсас жағ­дай­ға тап болға­нын еске алды. Қаза болған­дар­дың сүй­е­гін береді, отба­сы оны жер­лей­ді. Бірақ кей­ін бір жесір әйел күй­е­уін екі рет жер­леді: алды­мен аяғын бер­ген, кей­ін денесін тапқа­нын хабар­лаған. Кей­ін әлгі «аяқ» оның күй­е­уінікі бол­май шықты. Бір айдан кей­ін шах­та­дағы судан марқұм күй­е­уінің бүтін сүй­е­гі табылды.

– Оны кез­дей­соқ аны­қта­дық. Кей­ін марқұм­ның жесіріне «күй­е­уіңді тып-тыныш жер­ле, шу шығар­ма» деді. Келі­су­дан басқа ама­лы қал­ма­ды. Тіп­ті бір қап­шы­ққа бір­не­ше адам­ның сүй­ек­терінің жұр­нағын салып жер­ле­ген де жағ­дай бол­ды. Кей­ін әрең деген­де сол жер­ге ескерт­кіш қой­ып, айна­ла­сын қор­шат­тық. Ол жер­ге «сүй­ек­тер» деп жазып қой­дық. Шах­тинск маза­рын­да тұр. Сон­ды­қтан қазір табы­лған сүй­ек жұр­нақта­ры кім­дікі екенін аны­қта­дық десе, күмән­да­на­мыз. Ол жыл­дам істе­летін жұмыс емес. Тек біздің басы­мы­здан өткен жайт қай­та­лан­ба­са екен дей­мін, – деді Ната­лья Томи­ло­ва «Азатты­ққа».

Томи­ло­ва­ның айтуын­ша, шах­та­дағы апат­тан кей­ін билік пен «Арсе­лор­Мит­тал Темір­тау» ком­па­ни­я­сы «кенет газ атқы­ла­ды» деген сыл­та­уды жиі айта­тын болған. Ол мұны қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­тен құты­лу­дың «ыңғай­лы» жолы деп есептейді.

– Мұн­дай оқиға­ның алдын ала­тын, кенет­тен бола­тын жары­лы­стар­ды болжай­тын бүтін бір штат жұмыс істей­ді. Бірақ неге екені бел­гісіз, олар нәти­же­сіз болып тұр. Үнем­де­удің аяғы қыл­мысқа ұла­сып, соның кесірі­нен адам­дар қыры­лып жатыр. 2006 жылы да кен­шілер жел­дет­кіш жоқ болған­ды­қтан қаза тап­ты. Оның бәрі дәлел­ден­ді. Бұл жер­дің жүй­есі сон­дай, ешкім ештеңе­ге жау­ап бер­мей­ді. Бас­шы­лар­ды жаза­ла­са, мұн­дай қай­ғы-қасірет қай­та­лан­бас еді. «Арсе­лор» шах­та­ла­рын­да ірі апат­тар қан­ша­ма рет бол­ды, соның тек біре­уін­де ғана – 2006 жылы үкім кесіл­ді. Оның өзіне қаза тапқан кен­шілер­дің жесір­лері күресіп жүріп қол жет­кізді. Бас инже­нер түр­ме­ге отыр­ды, басқа­лар да қамал­ды. Одан кей­ін ешкім­ді жау­а­пқа тар­тқан емес, – дей­ді «Азатты­ққа» «Кен­шілер отба­сы» бір­ле­сті­гінің құры­л­тай­шы­сы Ната­лья Томилова.

Иван Костен­ко атын­дағы шах­та­да болған апат сал­да­ры­нан қаза тапқан кен­шілер­дің жана­за­сы­на Әл-Маша­ни мешітіне жиналған адам­дар. Қараған­ды, 30 қазан, 2023 жыл.

ПОЛИЦИЯҒА ШАҚЫРТУ МЕН ЕСКЕРТУЛЕР

Жер асты­нан кен­шілер­ді іздеу жалға­сып жатқан­да (іздеу опе­ра­ци­я­сы төрт күн­ге созыл­ды), қатар­дағы шах­тер­лер­ді поли­ция бөлім­ше­сіне шақыр­та бастаған.

– Көше­де келе жатыр едім, жаны­ма көлік келіп тоқта­ды. Поли­цей­лер менен бөлім­ше­ге баруым­ды өтін­ді, – дей­ді қысым жасап жүре ме деп қорқып, аты-жөнін ата­мауды өтін­ген кен­ші «Азатты­ққа».

Бір­не­ше кен­ші Костен­ко шах­та­сын­дағы жары­лы­стан кей­ін ертесіне поли­ци­ядан қоңы­рау түсті дей­ді. Айту­ла­рын­ша, күштік құры­лым өкіл­дері соның алдын­да, тамыз айын­да «Қаза­қстан» шах­та­сын­да болған жары­лы­стан кей­ін құры­лған әле­умет­тік желі тобы­ның бел­сен­ді қол­да­ну­шы­ла­рын ізде­ген. Ол кез­де бес кен­ші қаза тапқан еді. Қазір әле­умет­тік желі­де­гі сол топ­та үш мыңға жуық адам бар, олар­дың көп­шілі­гі еңбек қауіп­сізді­гі мәсе­лесін көтеріп, тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ құру тура­лы талап қой­ып жүр.

– Поли­ци­ядағы­лар біз­ге тыны­шты­қты бұз­баң­дар деді. Біз тіп­ті [Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы кодекстің] «Бей­біт жина­лы­стар­ды ұйым­да­сты­ру және өткі­зу тәр­тібі тура­лы заң­на­ма­ны бұзу» дей­тін 488-бабы және «Бей­біт жина­лы­стар­ды ұйым­да­сты­ру және өткі­зу тәр­тібін бұзу» деп ата­ла­тын 400-бабы бой­ын­ша ескер­ту алдық деген құжатқа қол қой­дық, – дей­ді кен­ші. – Бізді рұқ­сат етіл­ме­ген митин­гі­ге шығуға бол­май­ты­ны ескер­тіл­ді деп, бей­не­ка­ме­раға түсіріп алды. Негізі, митин­гі­ге шыға­мыз деген ойы­мыз болған жоқ, жай ғана шах­та­да қауіп­сіздік сақтал­сын, тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ ұйы­мы құрыл­сын деген пікірі­мізді айт­тық. Ертең­гі күні жұмыс­шы қан­дай да бір жұмысты орын­да­удан бас тарт­са, кәсі­по­дақ келіп қорға­са екен дей­міз. Капи­та­ли­стің жос­па­ры – кен өнді­ру. Біз ешкім­ге керек емес­піз, бірақ басқа барар жері­міз жоқ. Қазір айт­па­сақ, кей­ін кеш болады.

«Азаттық» сөй­лес­кен шах­тер­лер кей­біре­уін поли­ци­яға ресми шақы­ру қаға­зын­сыз алып барға­нын, ал біре­уіне шақы­ру қаға­зын бер­генін айт­ты. Бірақ шақы­ру қаға­зын­да не үшін және қан­дай мақ­сат­пен шақы­ры­ла­ты­ны жазыл­маған. Поли­ция қағаз жүзін­де қыл­мыстық іс жүр­гі­зу кодексінің «Жау­ап алуға шақы­ру тәр­тібі» тура­лы 208-бабын алға тар­та­ды, алай­да бұл бап­та, негізі­нен, куә­гер, жәбір­ле­ну­ші неме­се күдік­ті ретін­де жау­ап алуға шақы­ру тәр­тібі жазылған.

Қараған­ды қала­сы­ның орта­лы­ғын­дағы шах­тер­лер ескерт­кі­шіне қой­ы­лған гүл. 30 қазан, 2023 жыл.

Кен­шілер поли­ци­я­ның бұл әре­кетін қай­ғы­лы оқиға­дан кей­ін қоғам­дық шара­ларға жол бер­меу мақ­са­ты­мен жасалған қысым көр­се­ту әдісі деп түсін­ген. Бұры­ны­рақта осын­дай ірі апат­тар­дан кей­ін аймақта митинг­тер өтетін. Солар­дың бірі 2017 жылы өткен. Бір­не­ше шах­та­ның жұмысы тоқтап, кен­шілер жалақы­ны көте­руді, еңбек жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды, зей­нет жасын азай­ту­ды (қазір кен­шілер басқа ер жұмыс­шы­лар сияқты 63 жасын­да зей­нет­ке шыға­ды) талап етіп, бір­не­ше күн шах­та­дан шық­пай, ере­уіл жасаған. Қараған­ды мен маңай­ын­дағы қала­лар­дың жұр­ты ере­уіл­шілер­ді қол­дап, шах­таға тамақ пен су тасы­ған. Билік пен ком­па­ния бүкіл елді дүр­лік­тір­ген Қараған­ды кен­шілеріне жеңіл­дік­тер жасап, талап­та­ры­ның бір бөлі­гін орындаған.

«Азаттық» тіл­шісі поли­ция депар­та­мен­тінің бас­пасөз қыз­метіне хабар­ла­сып, қай­ғы­лы оқиға­дан кей­ін қазір­гі және бұры­нғы шах­та қыз­мет­кер­лерінің не үшін бөлім­ше­ге шақы­ры­лға­нын сұра­ды. Алай­да осы мате­ри­ал жари­я­ланғанға дей­ін поли­ци­ядан ешқан­дай жау­ап кел­ген жоқ.

«ҮКІМЕТКЕ ҮНІМІЗ ЖЕТСЕ ДЕЙМІЗ»

46 адам қаза тапқан­нан кей­ін, Қараған­ды облы­сын­дағы «Арсе­лор­Мит­тал Темір­тау» ком­па­ни­я­сы­ның басқа кен­шілерінің жұбай­ла­ры мен ана­ла­ры бірі­гіп, шах­та­дағы қауіп­сіздік, жалақы­ны көбей­ту және зей­нет жасын 50 жасқа дей­ін азай­ту мәсе­лесін көтер­мек­ші. Қазір топ­та он шақты әйел бар. Олар ары қарай қысым көре­міз деген қауіп­пен, аты-жөнін ата­удан бас тартты.

– Аза­мат­та­ры­мы­здың жұмысы қауіп­сіз бол­са дей­міз. Табиғи апат­тар бола­ты­нын біле­міз. Бірақ қауіп­сіздік тех­ни­ка­сы­на қаты­сты да жайт­тар бар. Олар да үне­мі сақта­ла бер­мей­ді. Бәрін қай­та тек­се­ру керек. Аза­мат­та­ры­мыз ешқан­дай апат­тан сақтан­ды­рыл­маған. Жұмысқа кет­кен кез­де қай­та ора­ла ма, жоқ па, біл­мей­ді. Алаң­дап оты­ра­мыз. Бар тіле­гі­міз – үкі­мет бізді есті­се дей­міз, – дей­ді топ аты­нан «Азатты­ққа» сұх­бат бер­ген «Арсе­лор­Мит­тал» ком­па­ни­я­сы жұмыс­шы­сы­ның жұбайы.

Тау-кен сала­сын­дағы құтқа­ру қыз­метінің өкіл­дері қор­да­ланған про­бле­ма­лар­ды айтып, бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізіп отыр. Қараған­ды, 30 қазан, 2023 жыл.

Апат­ты жою және адам­дар­ды іздеу үшін шах­та­ларға жіберілетін «Апат кезін­де­гі кәсі­би әске­ри­лен­діріл­ген құтқа­ру қыз­мет­терінің рес­пуб­ли­ка­лық орта­лық шта­бы» серік­те­сті­гінің Қараған­ды фили­а­лын­дағы тау-кен құтқа­ру­шы­ла­ры да үнсіз қал­мауды жөн көріп­ті. 30 қазан күні Қарағанды­да өткен бас­пасөз кон­фе­рен­ци­я­сын­да олар Пре­зи­дент­тен қыз­мет­терін мем­ле­кет­тік құры­лы­мға қай­та өткі­зуді өтін­ді. Қазір олар жеке мен­шік меке­ме екен. Құтқа­ру­шы­лар соны­мен қатар қоға­мға да үндеу тастап, осы ұсы­ны­сты қол­да­уға шақыр­ды. Өйт­кені жер астын­да жұмыс істей­тін­дер­дің тағ­ды­ры осы­ған бай­ла­ны­сты дей­ді олар.

– Маман­да­ры­мы­здан айы­ры­лып жатыр­мыз. Бұлай жалға­са бер­се, апат та, адам өлі­мі де тоқта­май­ды. Пре­зи­дент­тен осы жағ­дай­ды бақы­ла­у­ға алуын сұрай­мыз. Ком­мер­ци­я­лық ұйым­дар біз­ге қол сұққа­лы бері, өнер­кәсіп­те­гі қауіп-қатері бар өндіріс нысан­да­рын бақы­лай алмай қал­дық, – дей­ді 15 жыл­дай тау-кен құтқа­ру­шы­сы болып еңбек етіп, кей­ін жалақы­сы көп басқа жұмысқа ауы­сып кет­кен Шыңғыс Мұстафин.

Кон­фе­рен­ци­яға қаты­су­шы­лар «Қаза­қстан» шах­та­сын­да болған апат кезін­де тау-кен құтқа­ру­шы­ла­ры тобы дер кезін­де шах­таға түсе алма­ды дей­ді. Маман­дар жетіс­пе­ген, әріп­те­стерінің көбі даб­ыл­мен көтеріліп, басқа жаққа кетіп қалған. Тау-кен құтқа­ру­шы­ла­ры штат­ты көбей­туді, құрал-жаб­ды­қтар мен қорға­ныс құрал­да­рын жаңар­ту­ды және кен­шілер сияқты зей­нет жасын азай­тып, жалақы­ны көбей­туді сұрай­ды. Қазір олар­дың жалақы­сы 200 мың тең­ге­ден сәл асады.

– Біз 1980 жыл­да­ры шыға­ры­лған газ ана­ли­за­тор­ла­рын қол­да­нып жүр­міз, ал апат­ты тоқта­ту үшін пай­да­ла­ны­ла­тын тыныс алу аппа­рат­та­ры­ның қол­да­ну мерзі­мі өтіп кет­кен. Бұрын заң бұзы­лға­ны аны­қта­ла сала, кені­ш­тер шығы­нға ұшы­рағы­сы кел­ме­ген­дік­тен, өндіріс тоқта­ты­лып, мәсе­ле тез шешіліп оты­ра­тын. Ал қазір біз қан­дай да бір заң бұзу­шы­лы­қтар­ды аны­қ­та­сақ, жоға­ры­ға жетуі қиын болып тұр, тек аз ғана бөлі­гі қабыл­да­на­ды. Айта­мыз, бірақ бізді есті­мей­ді, – дей­ді Қараған­ды облы­сы тау-кен құтқа­ру­шы­ла­ры кәсі­по­дағы­ның төраға­сы Алек­сей Головчиц.

31 қазан күні өткен Үкі­мет оты­ры­сын­да Қаза­қстан­ның пре­мьер-мини­стрі «Арсе­лор­Мит­тал Темір­тау» кәсі­по­рын­да­рын­да болып тұра­тын апат­тар­дың көбі осы ком­па­ни­я­ның бене­фи­ци­а­ры мил­ли­ар­дер Лакш­ми Мит­тал­дың бұрын­нан бар мәсе­ле­лер­ге толық жау­ап­кер­шілік алмауы­нан деп атап өтті. Аста­на ком­па­ни­я­мен бір­лес­кен жұмысты тоқта­та­ты­нын мәлім­деді. Өнер­кәсіп және құры­лыс мини­стрі Қанат Шар­ла­па­ев ком­па­ния осы оқиға­дан бір апта бұрын Қаза­қстан­дағы актив­терін мем­ле­кет мен­ші­гіне өткізу­ге келіс­кенін айт­ты. Шар­ла­па­ев­тың сөзін­ше, 22 қазан күні құжат­тарға қол қой­ы­лып, 28 қазан күні шах­та­да қай­ғы­лы оқиға болған.

Шах­тинск қала­сын­дағы көпқа­бат­ты үйдің қабы­рға­сы­на салы­нған мурал. Қараған­ды облы­сы, 2023 жылғы тамыз айы.

Осы апат­тан кей­ін «Арсе­лор­Мит­тал Темір­тау» ком­па­ни­я­сы­ның бірін­ші бас­шы­сы ауы­сты. Енді ком­па­ни­я­ны Қараған­ды облы­сы әкі­мінің бұры­нғы орын­ба­са­ры Вадим Басин басқа­ра­ды, бұрын ол «Арсе­лор­да» атқа­ру­шы дирек­тор лау­а­зы­мын­да қыз­мет еткен. Қыз­метіне тағай­ын­дал­мас бұрын Басин кәсі­по­рын ұжы­мы­на үндеу жасап, жұмыс орын­да­ры­ның сақта­лып, жалақы­ның тұрақты төленіп тұра­ты­ны­на кепіл­дік бер­ді. Өндірістік про­це­стің бұдан ары қалай жүр­гізілетіні, жаб­ды­қтар жаңар­ты­ла ма, Темір­та­удағы инфрақұры­лым­дық нысан­дар­да өзгеріс бола ма – белгісіз.

– Шах­та­лар­да көп­те­ген шара­ны жүзе­ге асы­ру керек. Оны маман­дар жақ­сы біледі. Бәрі біледі, бірақ біре­улер кедер­гі жаса­ды, Үкі­мет те кедер­гі бол­ды. Бәрі ком­па­ни­я­ның мүд­десін қорға­ды, – деді өндірі­сте жарақат алып, мүге­дек болып қалған Сер­гей Бажа­нов. Қазір ол өзі сияқты­лар­дың өте­мақы мәсе­лесін көтеріп жүр.

Костен­ко атын­дағы шах­та­да көмір өнді­ру тоқтаған. Төтен­ше жағ­дай­лар мини­стр­лі­гі шах­та айтар­лы­қтай қираған, қаз­ба­лар­дағы жаб­ды­қтар орны­нан қозға­лып кет­кен, жел­де­ту қон­ды­рғы­ла­ры істен шыққан дейді.

28 қазан күні шах­та­да болған жары­лыс тәу­ел­сіз Қаза­қстан тарихын­дағы ең ірі және ең көп адам мерт болған апатқа айналды.

Еле­на ВЕБЕР,

Azattyq org

Республиканский еженедельник онлайн