Суббота , 5 июля 2025

Қарағанды оқиғасы: ҰЛТАРАЛЫҚ ЖАНЖАЛ МА, ТҰРМЫСТЫҚ ТӨБЕЛЕС ПЕ?

Жаңа жылға қараған түні Қарғанды­да орын алған қан­ды оқиға мем­ле­кет­тік тұрғы­дағы қоғам­дық-сая­си кем­шілік­тер­ді кезек­ті рет жалаңа­штап берді. 

Қарағанды­дағы жағ­дай өршіп, шұғыл түр­де­гі ресми ақпа­рат қажет болып тұрған шақта әншей­ін­де әле­умет­тік желі­де ақпа­рат­тық жек­пе-жек­ке шығып, қоғам бел­сен­ділері­мен арпа­лы­сып жүретін қаза­қста­нық БАҚ «қол­бас­шы­сы» – министр Аба­ев­тың үні неге шық­пай қал­ды?! Биік мін­бе­лер­ден аузы­мы­зды көпір­тіп мақтай­тын қаза­қстан­дық ноу-хауы­мыз – Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы жұмған аузын неге ашпады?! 

Сен тұр, мен атай­ын деп тұрған қазақ жур­на­ли­стеріне болған жағ­дай­ды бүк­пе­сіз, ашық жазуға неге рұқ­сат беріл­меді?! Про­ку­ра­ту­ра «жалған мәлі­мет­тер­ді тарат­саң­дар, жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­ла­сы­ң­дар» деп елді үркіт­кен­ше, шынайы ресми ақпа­рат­ты уақы­ты­лы неге бер­меді?! Дема­лыс күн­дері «уси­ле­ние» деп қина­лып жүретін құқық қорғау орган­да­ры күдік­тінің шека­ра асып кетуіне қалай­ша жол бер­ді?! Әле­умет­тік желілер­де тараған алып-қашпа әңгі­ме­лер неге теріс­ке шығарылмады?! 

Тек пол­ци­я­ның қолын­да бола­тын аны­қта­ма­лар­дың сурет­тері мен бей­не­жа­з­ба­лар қалай­ша Интер­нет желілеріне тарап кете­ді?! Ақыр соңын­да бей­күнә Рақым­жан Жан­сей­іт­тің (сурет­те) қаза­сы­на кім неме­се кім­дер кінәлі? 

Той­ға кеші­гіп кел­ген қазақ сияқты, кеші­гіп шыққан ресми мәлі­мет­тер­де билік өкіл­дері: «Қарағанды­да жағ­дай орны­қты, заң бұзу­шы­лы­қтарға жол беріл­ген жоқ» деп жазды. 

Осын­дай­да – «Айна­лай­ын­дар, ол сен­дер­дің сіңір­ген еңбек­терің емес. Сен­дер шұғыл түр­де­гі жеке шешім қабыл­да­удан қорқып, жоға­ры­дан қан­дай нұсқау келіп түседі екен деп жүр­ген­де, көзі ашық, көкіре­гі ояу аза­мат­тық бел­сен­ділер бел­сене ара­ла­сып, жағ­дай­ды тіз­гін­деп бер­ді!» – деп айту­дан басқа уәж жоқ. Сол аза­мат­тық бел­сен­ділер­дің бірі, «Қараған­ды оқиға­сы­ның» басы-қасын­да жүр­ген жер­гілік­ті қоғам­дық бел­сен­ді аза­мат Жек­сен Әбд­рах­ма­нов аға­мы­зды әңгі­ме­ге тар­тып, болған жағ­дай­дың жай-жап­са­рын айтып беруін сұрадық.

Республиканский еженедельник онлайн