Понедельник , 30 июня 2025

«ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗДЫҢ» ҚАДІРІ КЕТПЕСЕ ЕКЕН!

Пре­зи­дент­ке хат

Аса мәр­те­белі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Мен Сіздің «Игілік бар­шаға! Сабақ­та­стық. Әділ­дік. Өрлеу» атты сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­маңы­здан бастап, Сіз жолға қой­ған жал­пы сая­сат пен бар­лық рефор­ма­лар­ды бар ынта-пей­ілім­мен қол­дап келе жатқан адам­мын. Әсіре­се «Күшті Пре­зи­дент – ықпал­ды Пар­ла­мент – есеп беретін Үкі­мет» фор­му­лаңыз бен «Халық үніне құлақ аса­тын мем­ле­кет» тұжы­рым­да­маңы­зға иман­дай сен­ген аза­мат­пын. Сеніп, қол­дап қана қой­ма­стан, Сіз­ге көмек­те­суді де өзім­нің басты пары­зым деп біл­дім және осы бағыт­та шамам кел­ген­ше әре­кет етудемін.

Соған бай­ла­ны­сты «ДАТ» газеті (№ 951, 11 мау­сым, 2021 жыл) арқы­лы Сіздің аты­ңы­зға «Ашық хат» жазып, Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің (ПӘ) ара­ла­суы­мен әдейі қабыл­данған заң­ның кесірі­нен 1982 қан­дас отба­сы­ның тұрғын үй кезе­гі­нен шыға­ры­лып тасталға­нын және «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да зей­не­тақы­мен қам­сыздан­ды­ру тура­лы» заң­ның 13-бабы­ның 18-тар­мағы ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 14-бабы­ның 2‑бөлігіне қай­шы екенін, қаты­сты заң­на­ма­дағы бұл қателік­тер­ді ПӘ біле тұрып, әдейі өткізіп жібер­генін баяндағанмын.

Міне, содан бері екі апта өтті, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі­нен еш жау­ап ала алмай отыр­мын. Әле­умет­тік желі арқы­лы ПӘ бас­шы­ла­ры­ның аты­на да жеке-жеке хат жазып, сұрау салып көр­дім. Ешкім үн қатқан жоқ!

Негізі, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне халы­қтың жұмыспен қам­ты­луы және көші-қон мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заңы­ның жоба­сы 2020 жылы Мәжілі­сте талқы­ла­нып жатқан кез­де, бұл қателік­ті түзе­ту тура­лы ұсы­ныс беріп, заң­да­сты­руға ықпал ете алмадым.

Бір таңқа­лар­лы­ғы – сол кез­де де осы мәсе­ле тура­лы Сіздің аты­ңы­зға жазған «Ашық хатым» жау­ап­сыз қалған бола­тын. Шама­сы, бұл жолғы «Ашық хатым» да Сіз­ге жет­пе­ген­ге ұқсайды.

Аса мәр­те­белі Пре­зи­дент мырза!

Сіз кезек­ті Жол­да­уы­ңы­зда «Халық үніне құлақ аса­тын мем­ле­кет» – бұл, шын мәнісін­де, «Әділет­ті мем­ле­кет» құру тұжы­рым­да­ма­сы. Аза­мат­тар­дың мәсе­ле­лерін тың­дап, көріп қана қою жет­кіліксіз. Ең басты­сы – дұрыс және әділ шешім шыға­ру қажет» деген болатынсыз.

Өзім иман­дай сен­ген сол «халық үніне құлақ аса­тын мем­ле­кет­тің» Пре­зи­дент әкім­шілі­гі қан­даста­ры­мы­здың мәсе­лесіне кел­ген­де үне­мі үнсіз қала­ты­ны, есті­мес­ке сала беретіні мені қай­ран қал­ды­ра­ды! Бұл жағ­дай мені ғана емес, алы­стан оралған қан­даста­ры­ңы­зды да, тіп­ті жал­пы қауым­ды да қат­ты таңы­рқа­ту­да әрі алаңдатуда.

ПӘ-нің осын­дай «кереңді­гінің» кесірі­нен қан­даста­ры­мы­здың осы­ған дей­ін көр­ген бей­неті, тар­тқан аза­бы аз болған жоқ. Көз жаста­ры көл болып еңіре­ген, құжат­та­на алмай, сер­гел­дең­ге түсіп жүр. Және ол қателік­тер­дің мұрал­дық, сая­си жау­ап­кер­шілі­гін ешкім мой­ны­на алып, заң­дық баға­сы беріл­ген емес.

Егер «ДАТ» газеті арқы­лы (оның маз­мұ­ны Сіз­ге жет­ті деп ойлай­мын) мен көтер­ген екі мәсе­ле Сіздің тара­пы­ңы­здан ескерілу­сіз қал­са, онда Сіздің «Шетел­де­гі қан­даста­ры­мы­зды елге қай­та­ру ісі ешқа­шан наза­рдан тыс қалған емес, қал­май­ды да. Дүние жүзін­де­гі қан­даста­ры­мы­здың басын туған жер­де бірік­ті­ру – біздің қаси­ет­ті пары­зы­мыз!» – деп, ҚР Пре­зи­ден­ті ретін­де қазақ көші тура­лы тұңғыш рет айтқан кере­мет сөзіңіздің не қадірі қалмақ?!

Себебі елге кел­ген қаза­қтың мәсе­лесі дұрыс шешім тап­пай жатып, шетел­де­гі қан­даста­ры­мы­зды елге қай­та­ру тура­лы әңгі­ме айту тіп­тен орын­сыз екені белгілі.

«Ұлт­тың тағ­ды­ры – мем­ле­кет­тің бола­шағы» демей-ақ қояй­ын, «Тұрғын үй қаты­на­ста­ры тура­лы» заң­ның 68-бабы­на: «Егер қан­дас сана­ты­мен бас­па­на кезе­гіне тұрған аза­мат ҚР аза­мат­ты­ғын алған жағ­дай­да, оның кезе­гі сақта­ла­ды» деген ескерт­пе кір­гі­зу тура­лы менің бер­ген ұсы­ны­сым­ды құшыр­ла­на сызған кез­де, Сіздің жоға­ры­дағы тарихы сөзіңіздің қадірін ойла­ды ма екен?!

Ал мен ойлағам!

Міне, сол үшін жаным­ды шүбе­рекке түй­іп алып, тағы шырыл­дап жүр­мін! Мен он мыңға жуық қан­да­сы­мы­зды бас­па­на кезе­гі­нен лақтыр­тып тастап, менің Пре­зи­ден­тім­ді олар­дың қарғыс- сілесіне қал­ды­ру­ды, кім көрін­ген­ге ащы сөз айт­ты­рып қой­ып, қарап оты­ру­ды ешқа­шан, ешқа­шан қаламаймын!

Мен жақ­сы біле­мін, Сіз өте әділет­ті, мей­ірім­ді және таза адам­сыз. Алды­мен өзіңіз секіл­ді білім­ді эли­та қалып­та­сты­рып, әділет­ті мем­ле­кет құруға бар күшіңізді салу­да­сыз. Сон­ды­қтан мен үшін Сіздің әр сөзіңіз – Заң, аса мәр­те­белі Қасым-Жомарт Кемелұ­лы, ол мүл­тіксіз атқа­ры­луы керек деп есептеймін!!!

Өзіңіз­ге деген зор құр­мет, шынайы достық жүрек­пен, Ауыт МҰҚИБЕК,

ҚР Пре­зи­ден­ті жанындағы

                        Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесінің мүше

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн