Суббота , 5 июля 2025

ҚАСЫМОВ Назарбаевқа қалай ҚЫМБАТ?

Соны­мен не керек, бүкіл Қаза­қстан халқы шулап жүріп, ақы­ры Қасы­мо­вты сегіз жыл қата­ры­нан қон­жиып оты­рған орны­нан кетірді. 

Расын­да, оны кетір­ген пре­зи­дент­тің пәр­мені емес, қоғам­ның қату­ланған қаһа­ры бол­ды. «Қаһар» болған­да да, оны орны­нан алу үшін бес пері­ш­тенің қапия қаза­сы «қажет» болған сияқты. Әйт­пе­се осы­дан бірер ай бұрын ғана пре­зи­ден­ті «ең адал министр» деп баға бер­ген, ал мини­стр­лік­тің өз ішін­де «дядя Коля» атанған Қал­мұ­ха­мет­тің қалғы­сы бар-тын. 

Қал­маған­да ше, ұры-қары­ның дәстүр­лі жар­го­ны­мен «Коля ағай» деген «клич­каға» ие болған ол май­шел­пек мини­стр­лік­тен өзді­гі­нен кете қояр ма еді? Қаза­қ­ша­лап айтқан­да, «өлсе – кетпейтін». 

Неге дей­сіз бе? Негесі былай. Бұған дей­ін ішкі істер түгілі, үкі­мет­тің бір­де-бір басқа мини­стрі мұн­ша­лы­қты міз бақ­пай оты­ра алмаған лау­а­зым­ды орын­да Қасы­мо­втың қай­ы­ғы Қаза­қстан­дағы қыл­мыс қасіретін тый­ып емес, пре­зи­дент­ке өзінің іскер­лік «ілти­па­тын» көр­се­ту­мен өрге жүзді. Үкі­мет үшін ол «табыс табу», «кіріс кел­ті­ру» мәсе­лесі жағы­нан тұтас бір Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі­нен де қым­бат тұлғаға айналды. 

Қараңыз: тек 2017 жылы ғана Ішкі істер мини­стр­лі­гі жол жүру ере­же­сін бұзу айы­бы­нан 2 трил­ли­он 142 мил­ли­ард тең­ге жинаған екен (2018 жыл­дың «табысы» әзір­ге ашық ақпа­рат­та айтыл­май­ды). Мұн­дай трил­ли­он­дар­лық табыс ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрінің түсіне де кір­мей­ді. Біз­де­гі агро­ке­шен шылқы­ған шығын­ның орта­сын­да отыр. Бұй­да­сы бұй­ра бұқа­ны сырт­тан сиы­рға мің­ге­стіріп әкел­сек те, бұл сала­ның көксүт кірісі мар­дым­сыз ғана. 

Ал «дядя Коля­ның» кіл­кі­ген кәсібі тақыр жол­да трил­ли­он­даған табыс тауып жатыр. Қыл­мыстың ашы­лу-жабы­лу есебі – есеп емес, басты­сы – поли­ция бюд­жет үшін пай­да көзіне айналған. Тіп­ті басқа­ны былай қой­ған­да, екі трил­ли­он­ды Қар­жы мини­стр­лі­гінің өзі де қыр­нап тап­пай­ды. Ал «Коля ағай» онсыз да салық буын­ды­рған халы­қты айып­пен қылқын­дыр­са да тапты.

Алы­сқа бар­май, Алма­ты қала­сы­ның көше қиы­лы­ста­ры­на қараңыз­шы: бей­не­ка­ме­ра­лар сам­сап тұр. Бір ғана Сей­фул­лин мен Жан­сү­гіров көше­лерінің төрт бағы­тын аңды­ған алпыс каме­ра бар. Ал Бер­лин мен Лон­дон­ның көше­лері­нен мұн­дай­ды көр­мей­сіз. Себебі – ондағы халық жол­да жүру мәде­ни­етіне тәр­би­е­лен­ген. Біз­де­гі тәр­би­енің сиқы – айып салу, каме­ра­мен күреп, пай­да табу. Халы­қтан қыр­нап алы­нған қар­жы тәр­тіп тәр­би­есіне емес, паңқы­ған поли­цай­ды қап­та­туға, каме­ра­лар орна­туға жұмсалады.

Міне, ел эко­но­ми­ка­сын қар­жы­мен қам­та­ма­сыз ету­ге үкі­мет­тен қай­ыр бол­маған соң, жол бағып, халы­ққа аяу­сыз айып салып, қазы­наға қар­жы құя­тын «коля­лар­дың» күні туа­ды. Қасы­мо­втың қажет­тілі­гі – осы­да. Екі трил­ли­он деген қар­жы қаза­қстан­дық арам­та­мақ банк­тер­ге Ұлт­тық қор­дан бөлін­ген ақша­дан асып жығы­ла­ды. «МВД чем не Нац­фонд?» деген сұрақ осын­дай­да туады.

«Қазы­наға қар­жы құя­ды» деген­де: «Трил­ли­он­даған тең­генің айып ақша­сы бюд­жет­тің кіріс жағы­на «кіріп» жатыр ма, жоқ әлде офшор­дың қомағай құр­сағы­на құй­ы­лып жатыр ма?» деген сұрақ тағы туа­ды. Себебі, өткен жылы жеке­ле­ген қаза­қстан­дық элек­трон­ды басы­лым­дар­да жазы­лған­дай, ІІМ шетел­дер­ден бей­не­ка­ме­ра сатып алуға арналған ақша­ны офшор­дан ауда­рып­ты деген түбірі күлбіл­те күдік­тің жөні бар. Сатып алы­нған каме­ра­лар шынын­да да мем­ле­кет­тің қажетіне арналған бол­са, ол «сауда­гер­лік­тің» есебі офшор­дың шоты арқы­лы жасалға­ны қалай? Импорт­тан кел­ген аспап­тар мини­стр­лік­тің есебіне қан­дай қис­ап­пен тір­кел­ді? Ақша­ны төле­ген – офшор, каме­раға иелік ететін – «дядя коля­лық» жігіт­тер болға­ны қалай?

Қасы­мо­втың қажет­тілік қағи­да­сы осын­дай сұрақтар­дан жал­та­руға жарап қал­са керек. Осын­дай «кәсіп­шілік» қисап­тың қиюын қалаған Қасы­мов қалай қажет бол­ма­сын? Оның үстіне қоғам­да «Жаңаө­зен жазы­қ­сызда­рын жай­ра­тып салуға кім оқ аттыр­ды?» деген сұра­пыл сұрақтың жау­а­бы жұм­бақ боп тұрған кез­де Қасы­мо­вты «қаңғыр­тып жібе­рудің» жөні жоқ: жаңа тарих­ты таза­ла­у­ға қажет мүм­кін «құр­бан­дар» қасы­ң­да жүр­гені керек.

…Өткен­де балық сатып алай­ын деп, база­рға бар­дым. Құдай оңдаған­да, мен сөресіне кез болған сауда­гер біздің ауыл­дан шыққан бір бала боп шықты. «Сізді танып тұр­мын, аға… Әкем мек­теп­ті сіз­дер­ден кей­ін бітір­ген еді…» – дей­ді әлгі бала.

«Таны­ға­ның жақ­сы бол­ды… Енде­ше маған сазан бер…» – дедім.

«Ой, аға, сазан емес, судак алыңыз…».

«Е, неге? Зай­сан­ның саза­ны­мен «көз ашқан» едік қой?..».

«База­рдағы сазан­ның дені – Сор­бұлақтың саза­ны, аға… Не реко­мен­дую… Білесіз ғой Сор­бұлақты… Алма­ты­ның кана­ли­за­ци­я­сы­нан бар­лық боқ-сідік ағып баратын…».

«Білем… Енде­ше оны неге сатасыңдар?!».

«Сіз де сұрай­ды екен­сіз… Сор­бұлақтың балы­ғы­на «Дядя Коля­ның» жігіт­тері кон­троль жасай­ды ғой…».

Сон­да мен: «Е‑е, енде­ше судак бер…» – деп, көк­сер­ке сатып алып кет­кен едім.

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн