Суббота , 5 июля 2025

ҚАСІРЕТ қайталанбасын ДЕСЕК

  • Қан­ды қаңтар оқиға­сы­на бір жыл тол­са да, күдік-күмән қою­ла­нып, ел-жұрт­тың көңілі күп­ті болып отыр. Ал бұл қасірет қай­та­лан­бас үшін, ең алды­мен осы қан­ды оқиға­ны туды­рған басты себеп­тер аны­қта­лып, мәсе­лені түп-тамыр­дан үзу керек.

Қанды оқиға­ның басты себебі жөнін­де билік пен халы­қта ортақ әділ түсінік бар. Бұл пре­зи­дент Тоқа­ев­тың 2022 жылғы 16 науры­здағы жол­да­уын­да: «Сая­си және эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің моно­по­ли­я­ла­нуы қаңтар оқиға­ла­ры­ның туын­да­уы­на басты себеп болға­ны бүгін­де бүкіл қоға­мға мәлім», – деп айтқан шындығы.

Басты себеп­ті туды­рған жау­ап­кер­лер кім­дер? Тек Кәрім Мәсі­мов, Қай­рат Саты­бал­ды, Қай­рат Боран­ба­ев қана ма? Назар­ба­ев­тың отба­сын­дағы басқа­лар­дың моно­по­ли­яға қаты­сы жоқ па? Қазір­ге дей­ін отба­сы­ның бір мүше­сі де жау­а­пқа тар­тыл­ма­ды. Бұл мәсе­ле­ге ашық нүк­те қой­ыл­май тұрып, пре­зи­дент­тің «Жаңа Қаза­қстан­да» әділет­тілік орна­туға деген тал­пы­ны­сы бекер іс болады.

Елдің қазы­на­сы мен несі­бесін жеген отба­сы мүше­лері жау­а­пқа тар­тыл­ма­са, елде өзгеріс бола­тын­ды­ғы­на ешкім сен­бей­ді. Ешқан­дай өзгеріс бол­май­ді. Халы­қтың сені­мі сарқылады.

Ал «Жаңа Қаза­қстан» құру үшін істе­летін ең маңы­зды жұмыстың бірі – сая­си рефор­ма жасау. Бұл бағыт­та айтар сөз көп. Әлбет­те, әділет­ті Қаза­қстан бір күн­де, бір жыл­да қалып­тас­пай­ды. «Бат­пан­дап кір­ген ауру мысқал­дап шыға­ды» деген сөз бар.

Сая­си рефор­ма­ның басты атри­бу­ты – сая­си бәсе­ке­ле­стік­тің қалып­та­суы. Біз пре­зи­дент сай­ла­у­ын түр­лі себеп­пен бәсе­кесіз өткіздік. Енді кезек­тен тыс мәжіліс сай­ла­уы жари­я­лан­ды. Мәжілістің келесі шақы­ры­лы­мын­да оппо­зи­ци­я­лық сая­си күш (сая­си пар­тия неме­се оппо­зи­ци­я­лық коа­ли­ция) анық бой көр­се­туі керек. Соны­мен бір­ге өздерін «нағыз оппо­зи­ци­я­мыз» деп, авто­ри­тар­лық билік­ті сына­у­мен айна­лы­сқан топ­тарға пар­тия құруға мүм­кін­дік берілуі қажет. Бұл да билік­тің әділ сая­си бәсе­ке­ле­стік­ке жол ашқан­ды­ғы­ның айқын бел­гісі болады.

Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың билі­гін­де сая­си бәсе­ке­ле­стік­ке жол ашу тура­лы анық ниет бол­са, Қаза­қстан қоға­мы сая­си күш­тер­ге ұйы­сып, өрке­ни­ет­ті және заң­ды түр­де бәсе­ке­ле­су­ге даяр. Менің­ше, біз қазір мына­ны анық түсініуі­міз керек: елде әле­умет­тік әділет­тілік­ті іске асы­ру үшін, тек қана атқа­ру­шы билік­тің әкім­шілік меха­низ­міне іші­на­ра өзгеріс енгі­зу, билік­те­гі лау­а­зым­гер­лер­ді бір-бірі­мен алма­сты­ру – мәсе­лені ешқа­шан түбе­гей­лі шешпей­ді. Тек сая­си бәсе­ке­ле­стік қана әкім­шілік құры­лым­да мұн­дай меха­низмдер­ді табиғи түр­де туды­ра­ды. Амал­сыз іске қосты­ра­ды. Өмір­шең етеді.

Елде болған «қан­ды қаңтар» оқиға­сы­на қаты­сты себеп-сал­дар­дың ара-жігін анық, әділ ажы­ра­тып, оған ашық құқы­қтық баға беру – мұн­дай қасірет­тің қай­та­лан­ба­уы­на тағы бір қажет­ті шарт бола ала­ды. Ата заңы­мы­зда адам­ның бостан­дық құқы – ең басты құн­ды­лық деп көр­сетіл­ген. Сон­ды­қтан елі­міз­де өлім жаза­сы­на тый­ым салы­нған. Ал ресми дерек бой­ын­ша, «қан­ды қаңтар­да» 238 адам қаза тап­ты. Бұл адам­дар­дың өлім құшуы­ның себеп­терін заң бой­ын­ша аны­қтап, құқы­қтық баға беру – ең маңы­зды шарт. Бұлар­дың қаны кім­нің мой­нын­да? Бұлар тер­рор­шы ма еді? Бұған анық, заң­дық ста­тус, құқы­қтық баға берілуі керек.

Тер­геу изо­ля­то­рын­да 328 адам азапта­лып, 6 адам азапта­удан көз жұм­ды. Адам­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құқын қорғай­тын күштік құры­лым­да адам­ды азаптап өлті­ру – өрке­ни­ет әле­мін­де еш ақы­лға сый­май­ды. Адам өлтір­ген қан­ды­қол­дар мен жау­ап­ты тұлға­лар­ды заң­ды жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту керек. Тек жоға­ры бас­шы­лық құрам­ды жаңа­лау – ешқан­дай өзгеріс әкел­мей­ді. Онсыз құқық қорғау сала­сы­на ел-жұрт ешқа­шан сенбейді.

Алма­ты­дағы алаң­да 6 қаңтар күні «Қара­пай­ым халы­қ­пыз, біз – тер­ро­рист емес­піз!» деген пла­кат­пен тұрған топ­ты кім және неге атты? Қазір қоғам­да мынан­дай жора­мал бар: бей­біт шеру­шілер алаң­да шатыр тігіп, ас-су әзір­леп, бей­біт митинг өткізіп, билік­ке табан­дап талап қою­ды ойла­сты­рған (шынын­да бұл сөз Алма­ты­да шеру басталған 4 қаңтар­да айтыл­ды); бұл жағ­дай билік­ке тиім­сіз болған­ды­қтан, билік мақ­сат­ты түр­де атты деген пікір бар.

Алма­ты­ға «жиыр­ма мың тер­ро­рист шабуыл жаса­ды», «екі сол­дат­тың басы кесіл­ді» – бұл ақпа­рат­тар пре­зи­дент­тің аузы­мен айтыл­ды. Нәти­же­сін­де елге «ОДКБ» әскері кір­гізіл­ді. Енді пре­зи­дент айтқан бұл ақпа­рат жалған болып шықты. Шетел әскері ел аумағы­на кіріп, еге­мен­ді­гі­міз­ге қауіп төн­дір­ді. Ескер­тус­із оқ ату­дан жазы­қ­сыз жан­дар ажал құшты.

Мұн­дай жалған ақпа­рат­тың тара­лу жау­ап­кер­лі­гін кім арқа­ла­уы керек? Пре­зи­дент неге жалған ақпа­рат­ты жария ету­ге мәж­бүр бол­ды? Бұған мін­дет­ті түр­де құқы­қтық баға беріліп, жау­ап­ты­лар заң­ды түр­де жазаға тар­ты­луы тиіс.

Бей­біт шерудің шырқын бұзған мар­ги­нал жастар емес, арна­у­лы дай­ын­далған топ. «Бұлар мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­мақ­шы бол­ды, бұлар­дың бас ұйым­да­сты­ру­шы­сы Кәрім Мәсі­мов» деген пікір билік тара­пы­нан ашық айтыл­ды. «Бас ұйым­да­сты­ру­шы» ретін­де күдік­ке ілін­ген ада­мға қаты­сты сот аяқталған жоқ. Өте құпия өткізіліп жатыр. К.Мәсімов пре­зи­дент болу үшін, өзі бас болып, мем­ле­кет­тік төң­керіс ұйым­да­сты­рып­ты деген­ге Қаза­қстан­да сенетін адам жоқ. Өйт­кені Қаза­қстан­да оның ұлты қазақ емес деп таны­ла­ды. Егер бұл рөл­де Самат Әбіш пен Қай­рат Саты­бал­ды бол­ды деп айтыл­са, онда ойла­нуға болар еді. Бірақ бұл еке­уінің атал­мыш әре­кет­ке еш қаты­сы жоқ деп таны­лып отыр.

Олай бол­са, бас ұйым­да­сты­ру­шы кім? Бұл Қаза­қстан халқы тағат­сызда­на күтіп оты­рған сұрақ. Бұл сұраққа жау­ап беріл­ме­се, неме­се беріл­ген жау­а­пқа халық илан­ба­са, билік­тің тығы­ры­ққа тірел­гені – тірелген.

Ағы­бай ӘКБАРҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн