Четверг , 19 июня 2025

ҚАШАҒАНДЫ НАЗАРБАЕВТАН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН КІМ ЕДІ?

Бір-бірі­мізді Тәу­ел­сіздік күні­мен құт­ты­қтап жатыр­мыз… Иә, ұлт­тың Ұлы мей­ра­мы құт­ты болсын!

Бірақ өткен ғасыр­дың соңын­да осы Тәу­ел­сіздік­ке кім қан­дай үлес қосқан еді? Біздің сөз етпе­гі­міз төмен­де тарихы баян­да­ла­тын аза­мат болды.

Қаза­қ­шаға аударған кез­де­гі тұс­па­лы «Қаза­қстан­ның мұнай және газ кен орын­да­рын алғаш ашқан­дар» деген энци­ко­пе­ди­я­лық аны­қта­ма жары­ққа шығып­ты. Сол қалың аны­қта­ма­лы­қты ақта­рып оты­рып, бүгін­де әлем­де­гі ең ірі кен көз­дерінің бірі сана­ла­тын Қашаған мұнай кені­шін алғаш ашқан гео­фи­зик Әшірәлі Бижа­но­вқа (фото­кө­шір­ме­ден өмір­ба­я­нын оқып алуға бола­ды) сырт­тай кез бол­дық. Бұрын­дар­дан бет-жүз көріс­кен­ді­гі­міз бар еді, жөн боп­ты дедік.

«Жөн» дей­тін себебі­міз – осы Қашағанға қаты­сты көп­шілік біле бер­мей­тін бір хикая бар-ды. Сол қызғы­лы­қты оқиға­ның басты кей­іп­кері осы Әше­кең еді. Сәті кел­ген­де баян­дап берей­ін. (Біз­ге «қызыл­көз» ағай­ын­дар айна­лып өте бер­се болады).

Осы­дан бір­не­ше жыл бұрын (дәл дата­сы есім­де жоқ) сол кез­де­гі пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың жар­лы­ғы­мен мұнай-газ сала­сы­ның бір топ мене­джері мен кәсі­би маман­да­ры­на мем­ле­кет­тік мара­пат беріл­ді. Біз «ДАТ»-тың әдет­те­гі «тыр­нақ асты­нан кір іздеу» дәстүрі­мен орден-медаль алған­дар­дың түп-тұқи­я­нын тек­се­ре баста­дық. Қашаған кені­шінің бас дирек­то­ры, нидер­лан­ды­лық аза­мат (аты-жөні тағы есте жоқ) «Құр­мет» орденіне ие болған екен. «Дай­ын асқа – тік қасық» болып, қомақты жалақы­ға жал­да­ма­лы қыз­мет қылып жүр­ген бұл маман­ның Қаза­қстанға қан­дай еңбе­гі сіңіп кет­ті екен деп, Қашаған­ның тарихын қопа­ра баста­дық. Сөйт­сек, мене­джер­лік басқа­руға жал­да­нып кел­геніне бірер ғана жыл болған біреу екен!

Содан, әлем­ге әйгілі Қашаған­ды алғаш ашқан кім, оған қан­дай мем­ле­кет­тік мара­пат беріл­ген еді деген сұрақтың соңын қуа жөнел­гені­міз­де, осы Әшірәлі Бижа­но­вқа сырт­тай кез болдық.

«Қаза­қстан­Кас­пий­Шельф» (ККШ) мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­сы пре­зи­ден­тінің гео­ло­гия және гео­фи­зи­ка жөнін­де­гі орын­ба­са­ры ретін­де Қашаған­мен тіке­лей айна­лы­сқан, қой­на­уын қырық қопарған Бижа­но­вта орден түгілі, мем­ле­кет­тік бір медаль да жоқ екен!

Бұл қалай: халы­қа­ра­лық рей­тинг­те бірін­ші онды­ққа кіретін мұнай көзін ашқан маман-гео­лог мара­пат ата­улы­дан сым­был­сыз қала­ды, ал дап-дай­ын кені­шті иге­ру­ге кеше ғана кел­ген кез­бе «Құр­мет» орденін қай еңбе­гінің ақы­сы­на алады?

Хика­я­ның қызы­ғы да бұл емес еді. Ақыр соңы аны­қтай кел­гені­міз­де, егер Әше­кең бол­маған­да, бүгін­де мұнай кені­ш­терінің халы­қа­ра­лық реест­рі мен кен көз­дерінің әлем­дік кар­та­сын­да Қашаған жыра­удың емес, Назар­ба­ев­тың аты тұра­ды екен: «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев кені­ші» деп. Кас­пий қай­раңын­да (шельф) қоры орас­ан зор мұнай көзі ашыл­ды деп, аста­наға хабар кет­кен соң, Ақор­да­дан ККШ-ға: «Жаңа­дан ашы­лған кеніш­ке Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың атын беру­ге құжат дай­ын­даң­дар!» деген теле­грам­ма келіп түседі.

Мұн­дай нақұрыс нұсқа­уды есті­ген Бижа­нов: «Қап! Біз бұдан бір апта бұрын құжат­ты Қашаған жыра­удың аты­на дай­ын­дап, жөнел­тіп жібер­ген едік… Қай­дан білей­ік, мол мұнай шыққан осы жер­дің атақты тума­сы­на кім­нің дауы бол­сын деп ойла­дық… Жөн, енде­ше кет­кен қағаз­ды қай­тар­тып, жаңа құжат жол­дай­ық…» – деп, мақұлы­қиың мүләй­і­мін қоса қалады.

Артын­ша Әшірәлі аға гео­лог-гео­фи­зик­тер коман­да­сын жедел жинап алып, халы­қа­ра­лық реестр­ге тір­ке­ту­ге Қашаған жыра­удың атын бер­гі­зу үшін шұғыл құжат дай­ын­дап, Ақор­да­ның алдын орап, тіл білетін бір шабар­ман жігітінің қолы­на ұста­тып, Халы­қа­ра­лық ұйы­мға (ата­уы бар еді, есі­ме түс­се, ком­мент­ке жазар­мын) жедел жөнел­тіп жібе­реді. Жөн жібер­мей­ді, тір­кеу ұйы­мын­да оты­рған ежел­гі бір таны­сы­на осы­лай айт деп, жігітінің құлағы­на бір қулы­қты сыбыр­лап жібереді.

«Назар­ба­ев­тың аты­мен құжат кет­ті ме?» деп сұрай­ды Ақор­да­ның ола­ры. «Кет­ті!» дей­ді баты­стың бұла­ры. Әйт­се де «Ақы­ры не болар екен?» деген­ге елең­де­ген к…тен қылп-қылп еді…

Соны­мен ара­да бірер апта өткен­де Қаза­қстан үкі­метіне шет­тен хабар келеді: «Құт­ты­қтай­мыз! Қашаған кені­ші әлем­дік тір­ке­у­ге алынды».

«Бұ қалай? Қашаған емес, Назар­ба­ев еді ғой?!» дей­ді Ақор­да­дағы бұлар.

«Назар­ба­ев­тың атын­дағы құжат кей­ін кел­ді, ол кез­де Қашаған тір­келіп кет­кен еді… Бір кеніш­ке екі атау беріл­мей­ді ғой…» деп, олар да Бижа­но­втың шабар­ман жігіт­ке сыбы­рын қай­та­лап береді.

Осы­лай­ша Қашаған­ның аты әлем­дік мұнай кар­телінің кар­та­сы­на енген еді. Бұның бәрін мен кей­ін­нен Әше­кеңнің әңгі­месі­нен есті­ген едім. Айт­пақ­шы, бұл хика­я­ны айтқан кез­де Әшірәлі Бижа­нов «Қаза­қ­Мұ­най­Газ» Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның гео­фи­зи­ка жөнін­де­гі бас мене­джері еді, ал Әше­кең мен адай­лар ата­у­сыз қал­ды­рған Назар­ба­ев та билі­гін­де бекем оты­рған кез еді.

PS.: 1999 жылы Қазақ мұнай­ы­ның 100 жыл­дық той­ын­да топыр­лаған мұнай­шы мен мұнай маңы­ның маман­да­ры­на орден-медаль тара­тыл­ды. Бұл тізім­де Әшірәлі Бижа­нов атал­ма­ды. 2009 жылы – 110 жыл­дық, 2019-да – 120 жыл­дық той­лан­ды – Қаза­қстан­ның мұнай­ы­на ерен еңбе­гін сіңір­ген­дер ара­сын­да Әше­кең тағы да аталмады.

Себеп сол – Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­дағы елдің Бірін­ші гео­фи­зик-гео­ло­гы Әшірәлі Бижа­нов Қашаған мұнай кешеніне Назар­ба­ев­тың атын бер­гіз­бе­уді ұйым­да­сты­рып, «пат­шаға» алғаш қар­сы шыққан адам болған!

Биыл «Қаз­Мұ­най­Газ» Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы Қазақ мұнай­ы­ның 125 жыл­ды­ғын атап өтті. Бұры­нғы­сы жөн делік – елдің мұнай-газ сала­сы­ның бас­шы­лы­ғы Назар­ба­ев қол қоя­тын жар­лы­қтың жоба­сы­на Әшірәлі Бижа­но­втың аты-жөнін қосу­дан қоры­қты. Ал енді­гі «Жаңа Қаза­қстан» тәу­ел­сіз елдің мұнай­ы­на үлкен үлес қосқан аза­мат­ты ардақ­та­са – қанеки?!

Айт­пақ­шы, алдағы қаңтар­дың бірін­де Әше­кең 80 жасқа тола­ды. Әлі де кеш емес, орыс­ша­лап айтқан­да, «тест на вши­вость»… Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн