Пятница , 4 июля 2025

ҚАҢТАРДАН КЕЙІНГІ Тоқаевтың төңірегіндегі ҮМІТ ПЕН КҮДІК

  • «…Кей­бір қызуқан­ды ағай­ын­дар­дың пре­зи­дент Тоқа­евқа қазір­дің өзін­де-ақ импич­мент жари­я­лау қажет­тілі­гі жай­лы жала­у­латқан ұран­да­ры­на «жол бол­сын»! Оны бүгін­де импич­мент­ке жібе­ру – мем­ле­кеті­мізді түгелі­мен «жалаңа­штап таста­у­мен» пара-пар әре­кет! Менің­ше, оның пре­зи­дент­тік құзіретін ең бол­ма­са кезек­ті пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на дей­ін мей­лін­ше ұтым­ды пай­да­ла­ну қажет.

Нәсі­пқа­ли СЕЙІТОВ, гео­лог-ғалым, профессор

  • Бүгін­гі таң­да қоғам­ды толған­ды­рып оты­рған алу­ан түр­лі про­бле­ма­лар­дың ішін­де­гі ең маңы­здысы – қоғам­дағы сая­си жағ­дай­лар­дың ақ-қара­сын айы­рып алу. Қазір­гі пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев осы­нау сын­дар­лы сәт­ті ұтым­ды пай­да­ла­ну негізін­де «Жаңа Қазақста»н орна­туға расы­мен де  мүд­делі ме, әлде бұл бас­шы­мыз да елі­міздің бұры­нғы лидері болған «елба­сы» ата­у­лы тажал­мен құпия уағ­да­ла­суы аясын­да халы­қты әлі де бол­са алдарқа­та беруді, сөй­тіп қоғам­ды «бұры­нғы соқ­паққа» қай­та­дан салып жібе­руді жос­пар­лап отыр ма?!

 Осы мәсе­ле жай­лы ой өрбі­те бас­та­саңыз бол­ды, көкей­де­гі үміт пен күдік тай­та­ла­са өріледі. Бірақ, өкініш­ке орай, әле­умет­тік желі­де­гі ақпа­рат­тар маз­мұ­ны­на қараған­да, пре­зи­ден­ті­міздің адал ниеті мен берік ұста­ны­мы­на деген күдік­те­ну­шілер легі оның жақ­та­ста­ры­мен салы­сты­рған­да күн­нен-күн­ге әлдеқай­да теге­урін­ді сипат алып бара жатқан­ды­ғын байқатады.

         Оры­стар­дан аударған­да «Бақы­ты түскір жоқ еді, бақыт­сыздық тап қыл­ды» деген тәм­сіл бар екен­ді­гі бел­гілі. Кім­де қалай екенін біл­мей­мін, менің миым­дағы ой «Қазақ халқы 30 жыл бойы Назар­ба­ев-зыми­ян жүр­гіз­ген сұмы­рай сая­сат­тан ары­лып, елі­міз­де жаңа баста­у­лар бой көр­се­туі мүм­кін-ау» деген маз­мұн­дағы үкілі үміт­тің кенет қылаң беруі нақ сол «Қаңтар қырғы­ны­ның» баста­луы­на бай­ла­ны­сты пре­зи­дент Тоқа­ев­тың Қауіп­сіздік кеңесінің кезек­тен тыс оты­ры­сын өткі­зу сәтін­де­гі сөй­ле­ген сөзі мен бүкіл бол­мыс-біті­мі­нен бастал­ды. Сол сын­дар­лы сәт­те пре­зи­дент Тоқа­ев мүл­дем жаңа қыры­нан көрін­ді: пре­зи­дент болып тағай­ын­далға­лы бері «елба­сы­ның» соңы­нан емшек­тен ары­ла алмай, дәр­мен­сіз бұзау іспет­ті үне­мі еріп жүретін, оның айтқа­ны­нан шығып көр­ме­ген Қасе­кең бұл жолы кенет жон­да­нып шыға кел­ді. «Елі­міз­де мем­ле­кет­тік төң­керіс нышан­да­ры бой көр­се­ту­де, мен қазір Қауіп­сіздік кеңесін түгелі­мен өз құзы­ры­ма алдым, ел үшін жау­ап­ты­мын, сон­ды­қтан мен кез кел­ген жағ­дай­да да өз елім­де қала­мын!» деген маз­мұн­дағы мәлім­де­месін жасай оты­рып, ол Қаза­қстан­ның жап­пай отқа ора­нып жатқан­ды­ғы, оған кінәлі шетел­дер­ден жет­кізіл­ген тер­ро­ри­стер мен лан­кестер екен­ді­гі, тек Алма­ты қала­сы­ның өзіне ғана 20 мыңға жуық тер­ро­рист шабуыл жасап жатқан­ды­ғы жай­лы жай­сыз деректер­ді атап өтті. Осы­ған бай­ла­ны­сты тер­ро­ри­стер­ді ешбір ескер­тус­із атуға бұй­рық беретін­ді­гін, елі­міздің осы бір қиын-қыстау сәтін­де «ОДКБ» қару­лы күш­терін көмек­ке шақы­руға шешім қабыл­даған­ды­ғын мәлім етті. Бұл жолы Қасе­кеңнің бүкіл бол­мысы­нан ерен ерік пен тай­мас табан­ды­лы­қтың нышан­да­ры мен­мұн­да­лап тұрған­ды­ғын бай­қа­дым. Тіп­ті бұл жолы маған оның әдет­те еңкі­ш­теу көрі­нетін сырт бей­несі кенет әнтек тұлға­ла­нып, бой-сойы тік­теліп кет­кен­дей әсер қалдырды.

         Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның Назар­ба­евқа бұй­да­ланған кезінің өзін­де-ақ сол «елба­сы­ның» беті түгілі, бөк­сесін жала­у­ға да дай­ын ең жир­кені­шті жағым­паз-жан­ты­қта­рын билік­тен бір­те-бір­те тай­ды­ра баста­уын (тама­ша талан­тын «пен­де­уи табысқа» айыр­ба­стап жібер­ген бет­сіз Бек­бо­лат-інім, Аты­рау облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры әйгілі Б.Хаменова, т.б.); елдің ресми бас­шы­сы ретін­де сол елді демо­кра­ти­я­лан­ды­руға мүд­делі екен­ді­гі жай­лы халы­ққа үзік-үзік жібер­ген өзге де ірілі-ұсақты сиг­нал­да­рын; бей­біт шеру­лер баста­лы­сы­мен-ақ Мамин үкі­метін еш кідіріс­сіз отстав­каға жібе­руін; кей­бір қор­да­ла­нып қалған әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер­ді тез­детіп шешіп таста­уға пәр­мен бер­ген­ді­гін; т.с.с. жағым­ды жайт­тар­ды ескер­сек, еркі мен табан­ды­лы­ғы тажал­мен тұса­лып қалған Қасе­кең енді елдің жеке-дара бас­шы­сы ретін­де әнтек айбар­ла­нып, кенет қаһа­ры­на мінуі – үлкен үміт­ке негіз болар­лық нышан екен­ді­гі дау­сыз еді.

         Өкініш­ке орай, сол сәт­тің өзін­де-ақ қылаң бер­ген үміт­ке бір топ күдік­тер де жары­са жалға­са кет­ті. Олар: а) апыр-ау, ондаған мың тер­ро­ри­стер мен лан­кестер­ді айдың-күн­нің ама­нын­да шека­ра­дан еш кідіріс­сіз жедел өткізіп жібе­ретін­дей елі­міздің  күштік құры­лым­да­ры ай қарап отыр ма?!; ә) адам­дар нөпірі мол жиналған өңір­де ешбір ескер­тус­із оқ ату сияқты қауіп­ті қаре­кет­тің қара­пай­ым халы­қты шар­пып кету мүм­кін­ді­гі де еле­улі емес пе?!; б) ел тәу­ел­сізді­гі қыл үстін­де тұрған осы бір сын­дар­лы сәт­те «ОДКБ» әскерін, әсіре­се шови­нист Путин­нің жасағын өзі­міздің шақы­руы­мы­з­бен ел аумағы­на кір­гі­зуі­міз кей­інірек өзі­міз­ге сор болып тимей ме?!.

         «Қаңтар қырғы­ны­ның» ең бел­сен­ді фаза­сы тола­стаға­лы бері, міне,  қырық күн­нен асып кет­ті. Бірақ жоға­ры­да аталған үміт пен күдік­тер­дің тай­та­ла­сы әлі де бол­са жалға­су­да, тіп­ті өрши түсу­де. Ол аз десеңіз, мерзім­ді бас­пасөз бен әле­умет­тік желі­де­гі ақпа­рат­тар легі жоға­ры­да аталған жеке­ле­ген күдік­тер топ­та­ма­сы бүгін­гі таң­да туын­дап оты­рған ең басты про­бле­ма­ның шеші­мін –  пре­зи­ден­ті­міздің елдің ертеңі жай­лы ұста­ны­мын бір­жақты  аны­қтап алуға деген халық тал­пы­ны­сын – мей­ілін­ше қиын­да­та оты­рып, үлкен үміт­тің көп күдік­тер­ге бой алды­руы­на бір­ден-бір себеп­ші болып отыр. 

         Жоға­ры­да ата­лып көр­сетіл­ген, әу бастан-ақ қылаң бер­ген үш түр­лі жеке­ле­ген күдік­тер­дің ең соңғы­сы­ның көкей­кест­ілі­гі кей­ін­ге шегеріл­ген­ге ұқсай­ды. Түйт­кіл­дер күні бүгін­ге шей­ін шешіл­ген жоқ, шешіл­мек түгелі нақ сол «аспан­нан түс­кен» 20 мың тер­рор­шы мен ескер­тус­із оқ атуға беріл­ген бұй­рық бүгін­гі таң­да мәсе­ленің одан әрі шилені­се түсуіне бір­ден-бір себеп­ші болу­да. Осы тұрғы­дан алған­да, пре­зи­ден­ті­міз сол бір сын­дар­лы сәт­те бел­гілі дәре­же­де «ағат­тық» жібер­ген­ді­гін мой­ын­да­уға тиісті­міз. «Елге 20 мыңға жуық шетел­дік тер­ро­ри­стер кір­ді» деген ақпа­рат­ты пре­зи­дент­ке кім бер­гені белгісіз.

Қауіп­сіздік кеңесінің кезек­тен тыс оты­ры­сы­на стол басы­на жиналған­дар ара­сын­да нақ сол сәт­те Ерлан Карин­нен өзге пре­зи­дент­тің жақ­та­сы бол­маған­ды­ғын шама­лау қиын емес-ті. Яғни, бұл оты­ры­сты пре­зи­дент бұры­нғы Назар­ба­ев­тың жақ­та­ста­ры­ның, яғни бүгін­де бел­гілі болып жатқан ел  дұшпан­да­ры­ның ара­сын­да өткізді.

Олай бол­са, пре­зи­дент­тің дұшпан­да­ры бер­ген ақпа­ратқа ешбір күдіксіз сене салуы – расы­мен де, оның үлкен «ағат­ты­ғы». Мүм­кін, Қасе­кең сол сәтін­де «аспан­нан түс­кен» 20 мың шетел тер­рор­шы­сы жоқ екен­ді­гін, халы­қты қан қақ­са­тып жатқан­дар Назар­ба­ев­тың пәр­мені­мен, Кәрім – Самат – Болат – Қай­рат төрт­ті­гі нақ осын­дай сәт­ті пай­да­ла­ну үшін, «Алтын Орда» база­рын­да неме­се Ұзы­наға­штың оңтүсті­гін­де­гі тау сілем­дері аясын­да жыл­дар бойы әдейі дай­ын­даған содыр­лар екен­ді­гін іштей сезген де шығар.

Бірақ пре­зи­дент­тің сол бір қиын-қыстау сәт­те өз сезі­міне бой алды­ра алмау себебін де түсі­ну­ге бола­ды: төң­керісті ұйым­да­сты­рған­дар ішкі жау өкіл­дері екен­ді­гін мой­ын­даған жағ­дай­да, ол сырт­тан көмек сұрау мүм­кін­ді­гі­нен айы­ры­ла­ды; ондай көмек­ке жүгін­бе­ген жағ­дай­да, төң­керісті ұйым­да­сты­рған қасқыр­лар өз деген­деріне жетіп қалуы да әбден мүм­кін. Қасе­кеңнің «20 мың шетел­дік тер­рор­шы» жай­лы қисын­сызды­ққа бір­ден «келі­се салу» құпи­я­сы­ның түп-төр­кінін де нақ осы уәж­бен түсін­діру­ге әбден бола­тын сияқты.

Айтқан­дай-ақ, тер­рор­шы­лар­ды ешбір ескер­тус­із атып таста­уға беріл­ген бұй­рық төңіре­гін­де де нақ жаңағы уәж­дің төбесі қыл­ти­яды: мем­ле­кет­тік күш­тер мен тер­рор­шы-содыр­лар ара­сын­да атыс-шабыс бол­маған жағ­дай­да шетел­дер­ден әске­ри көмек сұра­уға деген қажет­тілік те өз қисы­нын бір­ден жоғал­тып ала­ды ғой…

Енді, міне, пре­зи­ден­ті­міздің сол бір сын­дар­лы сәт­те біліп-біл­мей істе­ген «ағат­ты­ғы» бүгін алды­нан шығу­да. Сөй­тіп, бұқа­ра-көп­шілік­тің басым көп­шілі­гі мен жеке­ле­ген сая­сат­кер­лер­дің оған деген жап­пай сенім­сізді­гіне бір­ден-бір негіз болу­да. Әсіре­се бүгін­гі таң­да мәсе­ленің одан әрі ушы­ға түсуіне айы­ры­қ­ша себеп­ші болып оты­рған жайт – кей­бір өлке­лер­де, әсіре­се Алма­ты мен Тал­ды­қорған­да құқық қорғау қыз­мет­кер­лерінің ешбір жазы­қ­сыз қара­пай­ым халық өкіл­деріне жасап жатқан адам айтқы­сыз айу­ан­дық азапта­уы. Жаса­маған қыл­мысын мой­ын­да­ту үшін, жазы­қ­сыз адам­дар­дың жалаңаш денесіне үтік басу, тыр­нақ асты­на ине жүгір­ту сияқты, тіп­ті фаши­стік геста­по­ның әре­кетіне тән айу­ан­ды­қтар – Қаза­қстан­ның ресми орган өкіл­дері тара­пы­нан жап­пай көрініс беруінің арғы төр­кінін­де «қап­тап кет­кен» тер­рор­шы­лар­дың санын жазы­қ­сыз, қара­пай­ым халық өкіл­дері есебі­нен тол­ты­руға тыры­су үдерісі пре­зи­дент Тоқа­ев­ты бұл сұм­ды­қтар­дың ең басты «дем беру­шісі» деген пікір­ге сая­ды. Сон­ды­қтан болар, елдің ресми бас­шы­сы ретін­де одан бұл өрес­кел заң бұзу­шы­лы­қтар­дың дереу тоқта­ты­луын талап етуде.

Пре­зи­дент елдің ең құзыр­лы бас­шы­сы ретін­де сол елде орын алып оты­рған кез кел­ген үдерістер үшін жау­ап беруі тиіс екен­ді­гі дау­сыз. Алай­да жоға­ры­да айты­лған сұм­ды­қтарға бір­ден-бір жау­ап­ты адам ел пре­зи­ден­ті деп есеп­тей­тін сая­сат­кер­лер мен респон­дент­тер мына бір жайт­ты да қатаң ескер­гені арты­қтық етпей­ді деп есеп­тей­мін: Құқық қорғау орган­да­ры мен күштік құры­лым өкіл­дерінің басым бөлі­гі Назар­ба­ев дәуірі­нен сақта­лып қалған «саба­з­дар» екен­ді­гі бел­гілі; енде­ше олар бүгін­гі пре­зи­дент Тоқа­ев­ты қара­пай­ым халық өкіл­деріне әбден жек­көріні­шті етіп көр­се­ту мақ­са­тын­да жоға­ры­да аталған айу­ан­ды­қтар­ды әдейі ұйым­да­сты­рып жатуы да әбден мүм­кін ғой…

Қазір­гі таң­да ел пре­зи­ден­ті Қ.-Ж.Тоқаевқа кей­бір сая­сат­кер­лер мен жал­пы­ла­ма көп­шілік тара­пы­нан қой­ы­лып оты­рған талап­тар кең ара­лы­қты – Назар­ба­ев дәуірі­нен қалған кей­бір жеке­ле­ген «тұлға­лар­ды» жедел отстав­каға жібе­ру қажет­тілі­гі тала­бы­нан бастап, билік жүй­есін сол дәуір сарқын­шақта­ры­нан түгелі­мен ала­стау тала­бы ара­лы­ғын қам­ти­ды. Назар­ба­ев­тың отба­сы мүше­лері мен оның ең жақын көмек­шілері шетел асы­рған ғала­мат мол қар­жы­ны елге жедел қай­та­ру мен олар­дың өздерін жедел халы­қа­ра­лық Гаа­га соты­на табыст­ау, тіп­ті пре­зи­дент Тоқа­ев­тың өзіне импич­мент жари­я­лау сияқты талап­тар да бой көрсетуде.

Мен заң қыз­мет­кері емес­пін, алып бара жатқн сая­сат­кер­лі­гім де жоқ. Бірақ әрлі-бер­лі жайт­тар­ды ой еле­гі­нен өткізіп, өзін­дік қоры­тын­ды жаса­уға қабілет­ті қара­пай­ым халық өкілі ретін­де  бұқа­ра-көп­шілік те, халы­қтың кей­бір ради­кал­ды өкіл­дері де бұл мәсе­ле­де тым асы­ғы­стық таны­тып отыр деп есеп­тей­мін. Отыз жыл бойы қор­да­ланған, тамы­ры терең­ге кет­кен сұм­ды­қтар­ды бүгін­гі пре­зи­ден­ті­міздің отыз тәулік­те-ақ шешіп таста­уын талап ету – қара­пай­ым қисын тұрғы­сы­нан алған­да да мүл­дем орын­сыз ғой…

Назар­ба­ев дәуірінің жексұрын мұра­сы­нан шама кел­ген­ше тезірек ары­лу мәсе­лесі ең көкей­те­сті мәсе­ле екен­ді­гі дау­сыз. Бұл аса маңы­зды меже­ге қол жет­кі­зу қажет­тілі­гі бүгін­гі билік жүй­е­лерін түп-тамы­ры­мен қай­та­дан жасақтау қажет­тілі­гіне ұла­са­тын­ды­ғын түсі­ну де үлкен кемең­гер­лік­ті қажет етпей­ді. Түп-төр­кіні заң­ды-заң­сыз бол­са да, ресми тұрғы­дан «сай­ланған» болып есеп­те­летін бүгін­гі пар­ла­мент­ті тара­тып жібе­ру, халық сай­лаған жаңа пар­ла­мент­ті жасақтау, соңғы пар­ла­мент­тің құзы­рын пай­да­ла­на оты­рып, халы­қтық өкі­мет пен облыс әкім­дерін, Жоғарғы сот орган­да­рын қай­та­дан жасақтау шара­ла­ры­ның өзі-ақ бірер ай емес, кем деген­де бірер жыл­ды қажет ететін іс-шара­лар легі емес пе?!

Қазір­гі жағ­дай­да, басқа­сын айт­паған­ның өзін­де, тек қана жаңа пар­ла­мент жасақтау шара­ла­ры­ның өзі-ақ «Сая­си пар­ти­я­лар жай­лы заң» мен «Сай­лау тура­лы заң­ды» жедел жаңар­ту­ды қажет ететін­ді­гі бел­гілі. Осы заң­дар негізін­де жаңа пар­ла­мент сай­ла­у­ын өткі­зу шара­ла­ры­ның өзі-ақ бір­лі-екілі айлар­дың емес, кем деген­де бір­лі-екілі тоқ­сан­дар­дың еншісін­де­гі қаре­кет. Олай бол­са, «осы­лар­дың бәрін бірер сәт­те шешіп таста­ма­ды» деп, пре­зи­дент Тоқа­евқа кінә арту­дың қан­дай қисы­ны бар?!

Менің түсіні­гім­де, пре­зи­дент осы бағыт­тағы ірілі-ұсақты қадам­дар­ды бүгін-ақ жасай баста­ды. Сөй­тіп, ел алдын­дағы жал­пы­ла­ма ниетінің адал екен­ді­гі жай­лы халы­ққа ыждаһат­ты сиг­нал­дар беру­де (Назар­ба­ев­тың отба­сын елден ала­ста­туға қол жет­кі­зуі мен Кәрім Мәсі­мо­втің сотқа тар­ты­луы­нан бастап, Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның төраға­сы Има­шев­тің отстав­каға жіберілуі ара­лы­ғы). Бүкіл бұқа­ра­ның ыза­сын туды­ра­тын әйгілі «Нұр Отан­ды» жедел тара­ту, жоға­ры­да аталған заң­дар­ды тез­детіп өзгер­ту жай­лы жар­лы­қтар­дың кеше­уіл­дей беруі ғана көңіл­ге қаяу түсіреді, бірақ пре­зи­дент­тің жос­пар­ла­рын аны­қтап, іс-шара­лар­дың орын­да­лу ретін рәсім­деп беру – біз­дер­дің (халық өкіл­дерінің) мін­детіне қаты­на­сы жоқ мәсе­ле­лер ғой.

Қара­пай­ым халы­қты қат­ты елең­де­тетін мәсе­ле – Назар­ба­ев жүй­есінің сол халы­қтан тонап алған есеп­сіз мол қара­жа­ты­ның өз иесіне қай­та­ры­луы­на, Назар­ба­ев­тың өзі­нен бастап, ол құрған зыми­ян жүйе өкіл­дерінің жап­пай жау­а­пқа тар­ты­луы­на қол жет­кі­зу мәсе­лесі екен­ді­гі дау­сыз. Менің­ше, бұл өте күр­делі мәсе­ле­лер­дің шеші­мі бірер жылға ғана емес, бір­не­ше жылға созы­луы ықтимал.

Ең басты­сы – бұл мәсе­ле­лер­ді халы­қа­ра­лық заң­дық-қар­жы­лық инсти­тут­тар жұмысы­ның күн тәр­тібіне енгі­зу шара­ла­ры тек қана мем­ле­кет аты­нан жүзе­ге асы­ры­луы тиіс. Енде­ше кей­бір қызуқан­ды ағай­ын­дар­дың пре­зи­дент Тоқа­евқа қазір­дің өзін­де-ақ импич­мент жари­я­лау қажет­тілі­гі жай­лы жала­у­латқан ұран­да­ры­на «жол бол­сын»! Оны бүгін­де импич­мент­ке жібе­ру – мем­ле­кеті­мізді түгелі­мен «жалаңа­штап таста­у­мен» пара-пар әре­кет! Менің­ше, оның пре­зи­дент­тік құзіретін ең бол­ма­са кезек­ті пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на дей­ін мей­лін­ше ұтым­ды пай­да­ла­ну қажет. Сөй­тіп жоға­ры­да аталған мін­дет­тер­ді кезек-кезе­гі­мен шешіп алу – елді ертең­ге жетек­те­удің ең тиім­ді жол­да­ры­ның бірі.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн