Суббота , 24 мая 2025

Қаңтардан кейінгі үш жыл: ӨЗГЕРІС БАР МА, ЖОҚ ПА?

Парла­мент­те бір­ге оты­рған әріп­те­стері­ме ғана емес, жаңа тарих­тан хаба­ры бар сая­си сау­ат­ты ағай­ын­ның көп­шілі­гіне мәлім: мен 25 жыл­дық оппо­зи­ци­я­лық, қоғам­дық қыз­мет­тен кей­ін, мем­ле­кет­тік билік­тің бір өкілет­ті «бұтағы­на» сай­лау арқы­лы жет­кен адам­мын. Бұл ара­дағы сөз­ге тірек тір­кес (клю­че­вое сло­во) – «сай­лау арқылы».

Ал адам­затта әзір­ге демо­кра­ти­я­лық даму­дың сай­ла­удан басқа жолы табыл­маға­ны тағы да бар­шаға аян. Бұдан 20 жыл бұрын жой­ы­лған бір ман­дат­ты можа­ри­тар­лық сай­лау және сай­ла­ну мүм­кін­ді­гі Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев баста­ма­шы­лық еткен сая­си рефор­ма­ның арқа­сын­да қай­та­дан қал­пы­на кел­гені дау­сыз бол­са керек.

Біз елді халы­қтық тұрғы­да басқа­ру­дың осы мүм­кін­ді­гін қастер­лей және бола­шақтың жасам­паз мұра­ты ретін­де баға­лай біліп, бұл сай­лау жүй­есінің мүм­кін­ді­гін дамы­та түсуі­міз керек. Мен бұл мүм­кін­дік­тің қоғам үшін құн­ды­лы­ғын билік­пен ширек ғасыр­лық текетіре­сте болып, біраз қоғам­дық-сая­си ғана емес, тіп­ті қыл­мыстық уақиға­лар­ды көз­бен көріп, куә болған, талай қуда­ла­уды бастан кеш­кен аза­мат ретін­де айтып отырмын.

Міне, бұдан үш жыл бұрын елі­мізді шар­пып өткен қай­ғы­лы Қаңтар­дан кей­ін нақты және батыл қолға алы­нған өзгерістер дәуірінің қай­нар көзі – сай­лау жүй­есі­нен бастал­ды. Сая­си билік­тің бұл шеші­мін кім­дер әсі­ре асқақта­тып, ал сын­дар­лы қоғам­да енді біре­улер қан­дай қыжыл­мен айт­са да, тәу­ел­сіз кан­ди­дат­тарға мүм­кін­дік жолын ашқан осы – бір ман­дат­ты сай­лау жүй­есіне Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың рефор­ма­лық баста­ма­сы мұрын­дық болға­ны Қаза­қстан­ның жаңа тарихын­да жазы­лып қала­тын ақиқат болмақ.

Тағы да сол сын­дар­лы әле­умет «кібір­ті­гі көп» деп, рет­ті-рет­сіз сынап жат­са да, сол өзгерістер баста­ма­сы­ның нәти­же­сін­де Қаза­қстан Пар­ла­мен­тінің Мәжілісін­де можа­ри­тар­лық ман­дат­пен кел­ген депу­тат­тар­дың бір шоғы­ры пай­да бол­ды. Қоғам мен мем­ле­кет­тік билік ара­сы­на дәне­кер көпір салуға әре­кет қылып жүр­ген бұл депу­тат­тар­дың дәр­мен­ді дауы­сы барған сай­ын батыл шыға бастаға­нын құлағын­да «сая­си мүкісі» жоқ қауым естіп оты­рға­ны айдан анық.

Айтпақ­шы, «кібір­тік» демек­ші, Қаза­қстан­ның жаңа тарихын­да «рефор­ма­лар кезеңі» деген таң­ба­мен қала­тын дәуір­дің бары­сын­да түр­лі себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты кідірістер барын да жоққа шыға­руға бол­май­ды. Елде­гі 30 жыл­дық сірес­кен авто­ри­тар­лық сүрі мұра­ның «мұры­нын бұзып», қыр арқа­сын қира­ту жаңа билік­ке де оңай­ға түсіп жат­паға­нын ірге­ден сезініп жүрміз.

Ескілер­дің ере­гес­кен қар­сы­лы­ғы Қаңтар­дан кей­ін де дамыл тап­ты дей алмай­мыз. Қазы­на­лық-бюд­жет­тік аста­удан қағы­лған, халы­қтық мұраға мұр­тын баты­ру дағдыс­ы­на қай­тып ора­лу­ды аңсаған олар­дың астыр­тын айқа­сы әлі де жалға­сып жатыр. Бүгін­де олар про­те­стік пиғыл­дағы қауым­да­сты­қты өз қата­ры­на қара­ту­дың жан­та­ласқан қамын жаса­уда. Әле­умет­тік желілер­де жала­у­ла­тып жүр­ген жеке­ле­ген қоғам­дық пікір сер­ке­лерінің «Жаңа Қаза­қстанға» қарай атқан тасы «ескілер­дің» есесін күйт­тей­тіне куә болып жүрміз.

Жеке-дара билік­ке табы­ну дер­ті өн бай­ы­на сіңіп кет­кен мем­ле­кет­тік-бюро­кра­ти­я­лық аппа­рат­ты да созыл­ма­лы авто­кра­ти­я­лық дерт­тен айы­қты­ру оңай бол­май тұрға­ны­на осы ортаға кел­ген менің көзім әбден жет­ті. Бұл дерт­тің дәр­мені аппа­рат­тық вер­ти­кал­ды ден­деп алға­ны­на депу­тат­тық сау­ал­да­ры мен қоғам­дық мүд­де тұрғы­сын­дағы аза­мат­тық талап­та­ры­на тиісті жау­ап ала алмай жүр­ген әріп­те­стерім­нің де көзі жет­ті деп білем.

«Про­те­стік қауым» деген­де, ең алды­мен кез кел­ген өзгеріс өзді­гі­нен кел­мей­тінін, рефор­ма­ның оңай­лы­қ­пен жасал­май­ты­нын өкілет­ті билік­тің бір пұшпағын­да жүр­ген менің пікірім арқы­лы, қоғам да түй­сі­ну­ге тырыс­са деп ойлай­мын. Бірін­ші кезек­те, рефор­ма­ның жедел жүруіне мем­ле­кет­тік орган­дар­дың аппа­рат­та­ры ғана емес, ескі режим­нің қыспағын­да қалып, демо­кра­ти­я­лық даму фор­ма­ци­я­сы кен­де­леп қалған қоғам­ның өзі де дай­ын бол­маға­ны жасы­рын емес.

Оның бір дәлелі – қоғам­ның бір­бет­кей сын­шы­ла­ры жаңа жүй­е­мен кон­струк­тив­ті пікір табысу арқы­лы өзгерістер жаса­уға ыждаһат­ты ықы­лас біл­дірудің орны­на, өңі ғана емес, маз­мұ­ны да өзгер­ген жаңа Пар­ла­мент­ті бітіс­пес оппо­нент санай­тын үдеріс туды­руға құл­шы­нып жүр. Билік пен қоғам ортақ тіл табыспай­ын­ша, «Жаңа Қаза­қстан» иде­я­сын толы­ққан­ды жүзе­ге асы­ру мүм­кін емес.

Елде­гі өзгерістер­ді қоғам­ның тіке­лей қаты­сын­сыз билік жеке-дара жасай алмай­ды. Өзгерістер ұлт­тық, елдік, мем­ле­кет­тік иде­яға айна­луы үшін, жарқын өмір­ге бастай­тын ортақ мүд­де жолын­да қос тарап­тың мәмілелі түй­і­су нүк­те­лерінің болға­ны ауа­дай қажет!

Елде­гі «өзгерістер­дің үш жыл­ды­ғы» деген­де, Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың «Әділет­ті Қаза­қстан­ды» қалып­та­сты­ру мақ­са­тын­да жылы­ста­ты­лған актив­тер­ді елге қай­та­ру баста­ма­сын бірін­ші кезек­те айту керек. Бұл мем­ле­кет бас­шы­сы­ның өз сай­ла­у­шы­ла­ры­на, яғни Қаза­қстан халқы­на бер­ген пре­зи­дент­тік уәдесі ғана емес, ең басты­сы – пер­зент­тік пары­зы деп түсі­ну керек.

Бұл орай­да мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы­мен Пар­ла­мент жедел түр­де тиісті орган­дар­дың орын­да­уы­на қажет­ті тиісті заң қабыл­дап бер­ді. «Ескі жүй­е­де» есесі кет­кен халы­қтың қазы­на­сын тол­ты­ру­дың қамы­м­ен соңғы екі жыл­дың ішін­де 2 трил­ли­он тең­ге­ге жуық актив қайт­ты деген ақпа­рат бар. Сол тиісті орган­дар қай­та­ры­лған қара­жат халы­ққа қажет­ті әле­умет­тік-тұр­мыстық нысан­дар салуға жұм­са­лу­да дейді.

«Дей­ді» деп, сырт­тан сырғы­та сөй­ле­уі­міз­ге ел Пре­зи­ден­ті баста­ма­сын уәкілет­ті орган­дар­дың орын­дау бары­сы­на көңіл тол­маған­дық себеп болып отыр. Басқа­сын қай­дам, ел қазы­на­сы­на қайт­ты деген екі трил­ли­он­ның тең жар­ты­сын екі оли­гарх – екі Қай­рат – Саты­бал­ды мен Боран­бай ғана қай­тарған екен. Ал Пре­зи­дент­тің тілі­мен айтқан­да, «ел қазы­на­сы­ның жар­ты­сын иелен­ген 162 адам­ның» қалған 160-сы жабы­лып, 1 трил­ли­он тең­ге (2 млрд-қа толар-тол­мас дол­лар) қай­тар­ды деген­ге кім­ді сен­ді­ре ала­мыз – баста­ма иесі Пре­зи­дент­ті ме, әлде қай­тар мал­дан қай­ыр күт­кен халы­қты ма?

Оның үстіне тиісті орган­дар бас­шы­лы­ғы­ның айтуын­ша, актив­тер­ді қай­та­ру про­цесін­де күдік­тілер реест­ріне енген тұлға­ның жылы­статқан актив­терін өз еркі­мен қай­та­руы­на мүм­кін­дік берілуі қан­ша­лы­қты ұтым­ды бол­са, сон­ша­лы­қты сыбай­ла­стық былы­ққа толы деудің реті бар. Мәсе­лен, біз­ге жет­кен ақпа­ратқа қараған­да, «өз еркі­мен» қай­та­ры­лып жатқан түр­лі ғима­рат­тық актив­тер­дің баға­сы үрлен­ген желбүй­ен («воз­дух»), қай­та­ры­лған ком­па­ни­я­лар­дың акци­я­ла­ры құны қуыс («пустыш­ка») деген деректер бар.

Ал баға­сы 2–3 есе қым­батқа өткізіл­ген актив­тер­ді қай­та­ру­шы тұлға өзіне бағы­ны­шты басқа бір алдам­шы субъ­ек­тілер («под­став­ной» фир­ма­лар) арқы­лы аук­ци­он­нан арза­нға кері сатып алу­дың әре­кетін жаса­уда деген тағы бір қаңқу сөз бар. Қоғам тиісті орган­дар­дан қол­мен ұстап, көз­бен көретін­дей ақпа­рат ала алмаған­ды­қтан, қау­е­сет­ке ила­нуға мәж­бүр бола­ты­ны тағы да бел­гілі жәйт!

Қалай болған­да да, халық үміт артқан баста­ма­ны баян­сыз қал­ды­рып, ұлт­тық мұрат­ты ман­сұқ ету­ге жол бере алмай­мыз! Сон­ды­қтан актив­тер­ді қай­та­ру мәсе­лесі­мен тіке­лей айна­лы­са­тын уәкілет­ті орган­дар Пар­ла­мен­тің алды­на келіп, атқа­ры­лған жұмыста­ры жөнін­де есеп беретін уақыт кел­ді деп есеп­тей­мін. Тура­сын айтқан­да, біз актив­тер­ді қай­та­ру про­цесіне қаты­сты мәлі­мет­тер­ді ақпа­рат агент­тік­тері­нен емес, «бірін­ші ауы­здан» есті­гі­міз келеді.

Елде баяу бол­са да, қадау-қадау жүзе­ге асып жатқан рефор­ма­лар тура­сын­да айтқан­да, Пре­зи­дент­тің тіке­лей өкі­мі­мен құры­лған Ұлт­тық құры­л­тай­ды да ауы­зға алмауға бол­май­ды. Ел дамуы­ның бола­шақ стра­те­ги­я­лық пер­спек­ти­ва­сын аны­қта­уға сеп­ті­гін тигі­зетін бұл құры­лым қоғам мен мем­ле­кет­тік билік ара­сын­дағы диа­лог­тық алаңға айналға­нын жуы­қта ғана өткен Бура­бай құры­л­тайы тағы да дәлелдеді.

Сөз соңын­да Пре­зи­дент­тің жер­гілік­ті әкім­дер­дің сай­ла­нып қою жөнін­де­гі тағы бір рефор­ма­лық баста­ма­сын тіл­ге тиек еткім келеді. Иә, бұл мем­ле­кет­тік басқа­ру вер­ти­ка­лын демо­кра­ти­я­лан­ды­руға бастай­тын батыл қадам болға­ны дау­сыз. Халы­қтың өзін-өзі басқа­ру прин­циптерін өрке­ни­ет­ті әлем­нің сая­си дәстүрі негізін­де қалып­та­сты­ру қағи­да­сы қоғам­да қызу қол­да­у­мен қабыл­данға­ны рас. Бірақ осы сай­ла­удың нәти­же­сін­де сай­ланған әкім­дер­дің дер­бес­ті­гі мен жер­гілік­ті әкім­дік­тер­дің бюд­жет-қара­жат жүй­есін жетіл­ді­ру бағы­тын­да әлі де көп жұмыстар жүр­гізілуі тиіс. Бюд­жет­сіз әкім – қор­жын­сыз қаңғы­рған бәдәуи!

Қоры­та кел­ген­де, біз елді өзгерістер­ге бастаған рефор­ма­лар жаса­лып біт­ті деп, өзі­мізді де, қоғам­ды да алдан­ды­ра алмай­мыз. Мен жоға­ры­да елде қадау-қадау жаса­лып жатқан өзгерістер­дің біре­ріне ғана тоқтал­дым. Ал рефор­ма­лық бағыт жалға­са беруі тиіс, бұл – пер­ма­нент­тік про­цесс, біз­де әлі де өзгер­тілуі тиісті мәсе­ле аз емес!

Ел-жұрт аман, Наурыз құт­ты, Ора­за қабыл болсын!

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн