Вторник , 26 августа 2025

ҚАҢТАРДА ӨЛГЕНДЕРСОТТАЛДЫ

  • Алма­ты соты Қаңтар оқиға­сы кезін­де қала орта­лы­ғын­да оққа ұшқан бес адам­ды «жап­пай тәр­тіп­сіздік­ке қаты­сып, мем­ле­кет­тік нысан­дарға шабуыл­даған» деп таны­ды. Марқұм­дар­дың туы­ста­ры үкім­ге келіс­пей, олар­ды ақта­уды талап етіп отыр.

Алма­ты­ның Бостан­дық ауда­ны­ның №2 соты был­тыр Қаңтар оқиға­сы кезін­де оқ тиіп қаза болған бес адам­ның ісін үш ай қараған­нан кей­ін, үкім шығар­ды. Судья Дәу­рен Мау­ке­ев Серік Кері­мо­вті, Қанат Әубәкіро­вті, Нұр­бо­лат Қасым­жа­но­вты, Аслан Уәли­ев­ті және Шыңғыс Тастан­бе­ко­вті «ғима­рат­тарға шабуыл­даған» және «жап­пай тәр­тіп­сіздік­ке қаты­сқан» деп таны­ды. Сот бесе­уін қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­тен босат­ты. Мем­ле­кет­тік айып­та­у­шы сот­тан бес адам­ның бар­лы­ғын «тәр­тіп­сіздік­ке қаты­су­шы­лар» деп тану­ды сұраған.

Қаңтар­да қаза тапқан­нан кей­ін істі болған бес адам­ның туы­ста­ры үкім­ге келіс­пей­ді. Олар билік жазы­ғы жоқ марқұм­дарға дәлел­сіз айып тағып, әділет­сіз шешім шығар­ды деп есептейді.

  • Қанат Әубәкіров 2022 жылғы 5 қаңтар­да Алма­ты­да оққа ұшты.

– Сот ақтай­ды-ау деген үміт бол­ды. Себебі марқұм күй­е­уім­нің айы­бы­на «дәлел» ретін­де бір видео ұсын­ды. Онда үстіне буш­лат (әске­ри күр­те­ге ұқсас киім), бұты­на көк шал­бар киген ер адам көрін­ген. Қолын­да поли­ция қалқа­ны бар, рези­ден­ци­я­ның құлап қалған темір шар­бағы­на тақап келіп, сол жер­де құлап жатқан жара­лы я өлген ада­мға жақын­дап бара­ды да, оқ тиіп құлай­ды. Бет-жүзі көрін­бей­ді. Маған «осы адам – сіздің күй­е­уіңіз, ол митин­гі­ге қаты­сып, рези­ден­ци­я­ны басып алмақ бол­ды» деді. Ал мен сен­бей­мін. Ол – Қанат емес. Бұл видео жұбай­ым­ның айы­бы­на дәлел бола алмай­ды дедім. Бірақ сот үмітім­ді ақта­ма­ды, өлтір­гені аздай, кінәлі де етті, – деді марқұм Қанат Әубәкіро­втің әйелі Ләй­ла Әлдибекова.

Қанат Әубәкіров 48 жасқа толуы­на бес күн қалған­да қаза­ға ұшы­ра­ды. Зай­ы­бы­ның сөзін­ше, был­тыр 5 қаңтар­да Қанат үйін­де болған. Түстен кей­ін жол­даста­ры теле­фон соғып, алаң­да митинг болып жатыр, көріп қай­тай­ық деген соң, шығып кет­кен. Ара­да жар­ты сағатқа жет­пей, оқ тиіп мерт болған.

– Бір оқ жүрек тұсын тесіп өткен. Екін­шісі саны­на тиген. Ол оқты кім атқа­нын сұра­май-ақ қояй­ын, күй­е­уім­ді ақта­са бол­ды деп ойлаған едім, енді сот оны кінәлі деді. Мен апел­ля­ци­яға шағым берем. Күй­е­уім­ді ақтап алу­дан бөлек, оған оқ атқан адам­ды тауып беруін де талап ете­мін, – деді Ләй­ла Әлдибекова.

49 жастағы Аслан Уәли­ев (сурет­те) был­тыр 5 қаңтар­да Алма­ты­дағы пре­зи­дент рези­ден­ци­я­сы­ның жанын­да оқ тиіп, мерт бол­ды. Кей­ін билік оған айып таққа­ны марқұм­ның туы­ста­ры­ның нара­зы­лы­ғын туғызған.

– Сотқа бер­ме­сек, марқұм жақын­да­ры­мы­зды «тер­ро­рист», «қыл­мыс­кер» етпек­ші. «Ағаңыз сол күні пре­зи­дент рези­ден­ци­я­сы­на шабуыл жасаған, бірақ қай­тыс болға­ны­на бай­ла­ны­сты істі тоқта­тай­ық», – деді тер­ге­ушілер. Көкем шабуыл жаса­маға­нын, қыл­мыс­кер емес екенін біле тұра, оны қалай ақта­май­мын? Оны ақта­удың жалғыз жолы – сот, сон­ды­қтан сотқа бер­дім, – дей­ді Аслан Уәли­ев­тің інісі Дар­хан Уәлиев.

Марқұм аға­сы­нан үш жас кіші Дар­хан кей­ін­гі бір­не­ше жыл­дан бері аза­мат­тық бел­сен­ділік­пен айна­лы­сып жүр: әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді көтеріп, сая­си тұтқын­дарға бостан­дық талап етіп, жалғыз адам­дық пикет­тер мен бей­біт митин­гілер­ге шығып, көз­ге түс­кен. Сол үшін бір­не­ше рет жау­а­пқа да тар­ты­лған. Ал аға­сы бел­сен­ділік­ке жоқ, бала-шаға­сы мен ата-ана­сы­ның жанын­да, көлі­гі­мен адам тасып, қара­пай­ым тір­лік кешкен.

– Көкем маған 5 қаңтар­да теле­фон шал­ды. «Қай­да­сың?» деді. «Алаң­да­мын, мону­мент­тің жанын­да­мын» деп едім, «мен де осын­да­мын» деді. Содан кей­ін бай­ла­ныс бір­де бар, бір­де жоқ болып тұр­ды, түстен кей­ін мені поли­ция алаң­нан ұстап әкет­ті. Ал ол сол күні рези­ден­ция маңын­да оққа ұшқан. Екі оқ кеудесіне және басы мен аяғы­на бір-бір оқтан тиген екен, – дей­ді Дар­хан Уәлиев.

Айып­тау актісін­де Аслан Уәли­ев был­тыр 5 қаңтар­да «нара­зы­лы­ққа әдейі барған, шабуыл­да­у­шы­ларға жол ашу үшін рези­ден­ци­я­ның темір қақ­па­сы­ның алдын­да тұрған «КамАЗ» жүк көлі­гін айда­мақ­шы болған кез­де оққа ұшқан» деп жазылған.

– Маған дәлел ретін­де бір ғана видео көр­сет­ті. Онда рези­ден­ция қақ­па­сы­ның жанын­да тұрған «КамАЗ»-ға мініп алған біреу оны айда­уға тал­пы­на­ды, кей­ін ол ада­мға оқ тиген. Маған «мынау – Уәли­ев» деп көр­сет­ті. Бірақ ол – көкем емес, видео­дағы адам­ның түрі анық көрін­бей­ді, киі­мі де ұқса­май­ды. Мен бауы­рым­ды біле­мін, ол – өте момын, өзге­ге көмек­те­су­ге дай­ын тұра­тын адам. Так­си айдап жүріп алаңға бар­ды. Сол жер­де атып тастап отыр. Рези­ден­ци­я­ны күзетіп оты­рған өгіз­дей жігіт­тер неге нара­зы топ­пен сөй­ле­с­пе­ді, неге келіс­сөз жүр­гіз­беді? Неге су шашып, я резең­ке оқ қол­да­нып тоқтат­па­ды? Неге қолы­на таяқ ұстаған халы­қты қырып таста­ды? – деді ашу­мен сөй­ле­ген Дар­хан Уәлиев.

Дар­хан Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін қамауға алы­нып, кей­ін тер­геу орган­да­ры­мен про­це­стік келісім­ге кел­ген соң, сот үкі­мі­мен бостан­ды­ғы 4 жыл 2 айға шек­теліп, был­тыр қыр­күй­ек­те бостан­ды­ққа шыққан. Билік­тен сая­си тұтқын­дар­ды боса­ту­ды, адам құқы­қта­ры­ның бұзыл­мауын үздіксіз талап етіп жүр­ген аза­мат­тық бел­сен­ді Дар­хан Уәли­ев 2021 жылы қазан айын­да Қаза­қстан қоға­мын­да резо­нанс туды­рған «13 бел­сен­дінің ісі» бой­ын­ша сот­та­лып, бостан­ды­ғы бір жылға шектелген.

Туыста­ры 42 жастағы Серік Кері­мов Қаңтар оқиға­сы кезін­де жазы­қ­сыз аты­лған деп біледі. Қарын­да­сы Ләз­зат Кері­мо­ва­ның сөзін­ше, марқұм аға­сы­ның ісіне тір­кел­ген бір фото­су­рет­те Серік қала көше­лерінің бірін­де емен-жарқын кетіп бара жатқа­ны бей­не­лен­ген. «Сурет­те­гі Серік екені рас. Арғы жағын­да кетіп бара жатқан бір қыз бен жігіт көрі­неді. Бәрі ештеңе бүл­дір­мей, тәр­тіп­сіздік таныт­пай, жай­ба­рақат кетіп бара­ды», – дей­ді Ләззат.

– Дәлел ретін­де көр­сет­кен екін­ші видео­да үстіне қара күр­те киіп, қолы­на қалқан ұстап, еңкей­ген қал­пы рези­ден­ци­я­ның шар­бағын бет­теп келе жатқан ер адам бей­не­лен­ген. Түрі көрін­бей­ді, бірақ аяқ киі­міне көзім түсті. Өйт­кені бауы­ры­ма Жаңа жылға аяқ киім­ді өзім сый­лаған едім. Ал ана видео­дағы ер адам аяғы­на үлкен плат­фор­ма киген, менің бауы­рым­да таба­ны жай­пақ, іші жүн, қоны­шы шолақ етік бола­тын, – деді марқұм Серік Кері­мо­втің қарын­да­сы Ләз­зат Керімова.

Алма­ты­да құры­лы­ста істеп жүр­ген Серік Кері­мов был­тыр 5 қаңтар­да түстен кей­ін қарын­да­сы­мен бір­ге тұрып жатқан Талғар ауда­нын­дағы үйі­нен шығып кет­кен. «Жұмыс орнын­да қалған киі­мі мен көр­пе-жасты­ғын әке­лем деп кет­кен еді» дей­ді Ләззат.

– Сол кет­кен­нен оралған жоқ. 9 қаңтар күні ғана мәй­іт­ха­на­дан тап­тым. Үстін­де киі­мі де жоқ, жалаңаш жатыр екен. Кей­ін тер­геу баста­лып, бізді шақы­рған тер­ге­ушілер ағам­ның теле­фо­ны­на дета­ли­за­ция жасалға­нын айтып, сағат 11-лер шама­сын­да пре­зи­дент рези­ден­ци­я­сы маңын­да болған деді. Бірақ ол үйден 2‑ден кете көр­шім­нің көлі­гіне мініп, еке­уі бір­ге шыққа­нын дәлел­дедім, көр­шім куә бол­ды. Одан кей­ін іс құжат­та­ры өзгер­тіліп, «сағат 3‑тен бастап сол жер­де жүр­ді» деген дета­ли­за­ция пай­да бол­ды. Менің бауы­рым ол жер­ге барған да шығар. Сол күні қызық көріп алаңға барған­дар көп бол­ды ғой. Бірақ рези­ден­ци­яға шабуыл жаса­маға­ны­на сенім­ді­мін. Шабуыл жасаған бол­са, оқ неге ту сыр­ты­нан тиген? – дей­ді Ләз­зат Керімова.

Ол сот­тан істі қай­та тер­ге­у­ге жібе­руді сұраған. Бірақ сот өтіні­шін орындамады.

Өлген­нен кей­ін сот­талған бес марқұм­ның бірі – 35 жастағы Шыңғыс Тастан­бе­ков. Айып­тау актісін­де «Тастан­бе­ков қолы­на темір ұстап, Алма­ты әкім­ді­гіне шабуыл жаса­ды» деп жазы­лған. Про­ку­рор­лар­дың сөзін­ше, Тастан­бе­ков­ке сол күні оқ тиіп, ол ауру­ха­наға барар жол­да жан тәсілім еткен.

«48 жастағы Нұр­бо­лат Қасым­жа­нов та Қаңтар оқиға­сы кезін­де алаң­да болып, митин­гі­ге қаты­сты, пре­зи­дент рези­ден­ци­я­сы­на шабуыл­даған» дей­ді тер­геу орындары.

Қыл­мыстық-про­це­стік кодекстің 35-бабын­да бел­гілі бір істі тер­геу кезін­де ондағы күдік­ті қай­тыс бол­са, іс тоқтай­ды, бірақ қай­тыс болған адам­ды ақтау неме­се оның сол істе­гі рөлін аны­қтау қажет бол­са, тер­геу орга­ны я жақын­да­ры істі сотқа жет­кізу­ге құқы­лы деп көрсетілген.

Адам құқы­ғы мен заң­ды­лы­қты сақтау бюро­сы­ның жетек­шісі Евге­ний Жовти­стің сөзін­ше, әдет­те про­ку­ра­ту­ра заң бұзу­шы­лы­қтың мән-жай­ын аны­қтау үшін, я ондағы әре­кет топ­та­сып істел­ген бол­са, әр күдік­тінің кінәсін аны­қтау қажет бол­са, істі сотқа жет­кі­зеді. Ал жақын­да­ры марқұм­ды ақтау үшін сотқа жүгінеді.

– Өлген адам­ды ақтау үшін, істі жан­дан­ды­рып, сотқа жет­кі­зу керек. Сот арқы­лы ақтап алу, бірін­ші­ден, марқұм­ның бұзы­лған құқы­ғы, соны­мен бір­ге оның қан­дай да бір шені, лау­а­зы­мы бол­са, соны қай­та­ру үшін керек. Екін­ші­ден, ақша­лай өте­мақы мәсе­лесі. Жақы­нын өлтір­гені үшін, оған қаты­сты заң­сыз қару қол­данға­ны үшін билік­тен өте­мақы алу марқұм­ның туы­ста­ры үшін маңы­зды, – дей­ді құқық қорғаушы.

Әдет­те тер­геу орга­ны бел­гілі бір қыл­мысты тер­геп, тер­геу кезін­де айып­та­лушы қай­тыс бол­са, істі сотқа жет­кіз­бей, «айып­та­лушы­ның қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты істі тоқта­та­ды» да, іс жабы­ла­ды. Кей­де марқұм­ның жақын­да­ры соған қанағат­та­нып жатады.

– «Қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты істі тоқта­ту» реа­би­ли­та­ци­яға жат­пай­ды. Бірақ жақын­да­ры марқұм туы­сы жазы­қ­сыз екеніне сенім­ді бол­са, сотқа шағым­да­нып, оны ақтап алуға құқы­лы. Мұн­да да бір нюанс бар, егер жақын­да­ры сот­та марқұм­ды ақтап ала алма­са, марқұм­ды сот айып­ты деп тануы мүм­кін. Өлгеніне бай­ла­ны­сты жаза­дан боса­ты­ла­ды, әрине, – дей­ді Жовтис.

Демек, марқұм адам­ның әлдебір қыл­мысқа қаты­сы бары аны­қталған күн­нің өзін­де оның қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты іс тоқта­уы керек. «Ол айып­ты деп таныл­май­ды, себебі сот болған жоқ. Бірақ ақта­луы­на да мүм­кін­дік жоқ. Ал жақын­да­ры істі сотқа жет­кізіп, ақтап ала алмай, сот айып­тау үкі­мін шығар­са, марқұм сот­талған болып есеп­те­леді», – дей­ді құқық қорғаушы.

– Сот­тың мұн­дай заң­ды күшіне енген үкі­мі – жақы­ны­нан айы­ры­лып, қай­ғы шегіп оты­рған отба­сы­на жығы­лған үстіне жұды­рық болып тиеді. Отба­сы үшін «бала­сы сот­талған» деген сөз қара дақ болып қала­ды, – дей­ді адво­кат Жалғас Сапарханова.

Қаза­қстан билі­гі Қаңтар кезін­де оққа ұшқан және азапталған аза­мат­тарға қаты­сты шағым­дар­дың басым бөлі­гін қара­маға­нын құқық қорға­у­шы­лар мен бел­сен­ділер, сая­сат­кер­лер сынаған.

Мән­шүк АСАУТАЙ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн