Пятница , 4 июля 2025

«ҚАҢТАРҒА» рақымшылық ЖАРИЯЛАНДЫ

  • Кеше – 19 қазан­да «Қаңтар оқиға­сы­на» қаты­сып, жау­а­пқа тар­ты­лған аза­мат­тарға рақым­шы­лық жасау жөнін­де­гі заң жоба­сын ҚР пар­ла­мен­тінің мәжілісі мақұлдады.

Деген­мен, «Азатты­қтың» хабар­ла­у­ын­ша, «Қаңтар оқиға­сы» бой­ын­ша айып­талған бір поли­цей рақым­шы­лы­ққа ілі­нуі мүм­кін. Мәжілі­сте «Қаңтарға» қаты­су­шы­ларға рақым­шы­лық жари­я­лау тура­лы заң жоба­сы талқы­ланған кез­де осын­дай мәлі­мет айтылды.

Бас про­ку­рор­дың орын­ба­са­ры Әсет Шың­да­ли­ев­тің айтуын­ша, қазір­гі кез­де «Қаңтар оқиға­сы­на» бай­ла­ны­сты күштік құры­лым­ның 49 өкіліне айып тағы­лған. Біре­уі рақым­шы­лы­ққа ілі­нуі мүмкін.

– Қазір­гі кез­де 49 құқық қорғау қыз­мет­керінің өкілі жау­а­пқа тар­ты­лып жатыр. Оның біре­уіне ғана рақым­шы­лық қол­да­ны­луы мүм­кін. Іс әлі сотқа жіберіл­ген жоқ. Ол «Қыл­мысты жасы­ру» (432-бап) бой­ын­ша айып­талған, – деді Әсет Шың­да­ли­ев. Оның айтуын­ша, қалған­да­ры­на «Азаптау» және «Билік­ті асы­ра пай­да­ла­ну», «Адам өлті­ру» бап­та­ры бой­ын­ша айып­тар тағылған.

Заң жоба­сын мәжілі­сте таны­сты­рған депу­тат, мәжілістің заң­на­ма және сот-құқы­қтық рефор­ма коми­тетінің мүше­сі Гүл­нар Бижа­но­ва­ның айтуын­ша, құжатқа сәй­кес, 4–7 қаңтар күн­гі «заңбұ­зу­шы­лы­қтарға қаты­сы бар» 1,5 мың­нан астам адам амни­сти­яға ілі­нуі мүм­кін. Құжат жеңіл және орта­ша ауыр қыл­мыс жасаған­дар­дың бар­лы­ғын қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­тен толық боса­ту­ды, ауыр және ерекше ауыр қыл­мыс жасап, соны­сын мой­ын­даған­дар­дың жаза­сын қысқар­ту­ды ұсы­на­ды. Заң жоба­сы бой­ын­ша, «ауыр қыл­мыс жасаған­дар­дың жаза­сы­ның төрт­тен үші, ерекше ауыр қыл­мыс жасаған­дар­дың жаза мерзі­мінің жар­ты­сы қысқартылады».

Рақым­шы­лы­қтың «мем­ле­кет­ке сатқын­дық жасау, жап­пай тәр­тіп­сіздік ұйым­да­сты­ру, жемқор­лық, тер­ро­ризм, экс­тре­мизм, азапта­у­мен бай­ла­ны­сты» қыл­мыс жасаған­дарға қаты­сы жоқ.

Ресми мәлі­мет­тер­ге қараған­да, қазір­ге дей­ін «Қаңтар оқиға­сы» бой­ын­ша 1060 ада­мға сот үкі­мі шыққан, 106-сына бас бостан­ды­ғын айы­ру жаза­сы қолданылған.

Бұған дей­ін кей­бір құқық қорға­у­шы­лар қаңтар кезін­де «бей­біт халы­ққа оқ атқан» күштік құры­лым өкіл­дері амни­сти­яға ілі­нуі мүм­кін деген қауіп айтып сынаған. Олар­дың айтуын­ша, рақым­шы­лық тура­лы заң жоба­сы­на «Адам өлті­ру» бой­ын­ша айып­талған­дар ілін­бе­ген­мен, «кез­дей­соқ адам өлті­ру», «қорға­ну мақ­са­тын­да оқ ату» сияқты бап­тар бой­ын­ша айып­талған­дар ілінген.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн