Воскресенье , 6 июля 2025

ҚАҢТАР ҚҰПИЯСЫ АШЫЛМАДЫ

  • Human Rights Watch (HRW) халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйы­мы «Қаза­қстан билі­гі кемі 238 адам­ның өмірін алған, адам құқы­ғы өрес­кел бұзы­лған» Қаңтар оқиға­сын «тиім­ді тер­гей алма­ды» деп мәлімдеді.

Ұйым 20 жел­тоқ­сан­да жари­я­ланған мәлім­де­месін­де Аста­на Қаңтар оқиға­сын­да адам шығы­ны­на жау­ап­ты орган қыз­мет­кер­лерін аны­қта­уға және жаза­ға тар­туға құлы­қ­сыз деді. HRW Қаңтар оқиға­сы­на қаты­сты тер­геу «бір­жақты болға­нын», нара­зы­лы­ққа шыққан мың­нан аса адам жау­а­пқа тар­ты­лға­нын, ал құқық қорғау орган­да­ры­ның тек бір қыз­мет­кері ғана сот­талға­нын атап өткен.

«Қаңтар оқиға­сы­на бір жыл толып қал­са да, қаза тапқан­дар­дың отба­сы­ла­ры, жара­ланған жүз­де­ген адам мен азапталған­дар әлі әділ­дік күтіп отыр», – деді ұйым­ның Орта­лық Азия бой­ын­ша зерт­те­ушісі Мира Ритт­манн. Басын­да сұй­ы­ты­лған газ баға­сы­ның қым­бат­та­уы­на бай­ла­ны­сты басталған нара­зы­лы­қтың соңы қан­тө­гіс­ке ұласқан еді. Ел пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев оқиғаға шетел­ден кел­ген «тер­ро­ри­стер­ді» айып­таға­ны­мен, бұл сөзіне еш дәлел кел­тір­меді. Бұған қоса, Тоқа­ев қырғын кезін­де орган қыз­мет­кер­лері мен әске­ри­лер­ге ескер­тус­із оқ атуға бұй­рық бер­ген еді.

Қаза­қстан билі­гі оқиға кезін­де ұсталған алты адам қамауда азапта­лып, қаза тапқа­нын; қырғын кезін­де 238 адам (оның ішін­де 19 орган қыз­мет­кері бар) өлгенін айт­ты. Құқық қорғау ұйым­да­ры оқиға кезін­де қаза тапқан­дар­дың саны ресми деректен көп болуы мүм­кін деп те санай­ды. Бас про­ку­ра­ту­ра тер­ге­уде 25 адам азапталға­нын мой­ын­даға­ны­мен, азапта­уға қаты­сты көп­те­ген істер жөнін­де нақты шешім шыққан жоқ.

Қалай болған­да да, «Қаңтар оқиға­сы» кезін­де қаза тапқан­дар, жара­ланған­дар мен азапталған­дар үшін кінәлілер­ді жаза­ла­у­ға Қаза­қстан билі­гі жау­ап­ты. Бірақ бір жыл­дай уақыт өтті, ал билік Қаңтар­дың құпи­я­сын ашуға құлы­қты емес. Осы тұрғы­дан алған­да, Қаза­қстан билі­гі Қаңтар қасіретіне қаты­сы бар орган­дар қыз­мет­кер­лерін аны­қтап, қан­ды оқиға­ның жұм­бағын ашуға құлы­қты емес. Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды – Қаңтар үшін қаза­қстан­дық билік тіке­лей өзі кінәлі.

«DAT»

ҚАЙ АҒА МЕНІ АТҚАН?

2022 жыл­дың әрбір есті қаза­қтың жанын шырқы­ра­тар сұм­дық сұрағы – Қаңтар­дың бей­күнә құр­ба­ны Айкөр­кем Мел­де­хан­ның қаза­сы­на қаты­сты Алма­ты қала­сын­дағы бір ықша­маудан­ның аула­сын­дағы сарай­дың қабы­рға­сы­на салы­нған муралға жазыл­ды. Жаро­ков пен Мың­ба­ев көше­лерінің қиы­лы­сын­дағы бұл сарай­дың қабы­рға­сын­да бұрын Назар­ба­ев­тың кес­кіні салы­нған еді. Бел­гісіз сурет­ші бір түн­нің ішін­де «елба­сты­ның» суретін бояп тастап, орны­на Айкөр­кем­нің мәң­гілік­ке қатып қалған бей­несін салған.

Егер бұл сұрақтың үлбіре­ген үні төрт жасар сәбидің дауы­сы арқы­лы құлаққа естілер бол­са, көкіре­гін­де адам­шы­лы­қтың саңы­ла­уы бар адам­ның жан-дүни­есін жыла­та­ры анық.

Еске сал­сақ, Қаңтар қырғы­ны кезін­де Айкөр­кем­ге снай­пер­дің оғы тиіп, бас сүй­е­гінің жар­ты­сы быт-шыт болған. Кей­ін­нен осы іске қаты­сты тер­геу кезін­де бас сүй­ек­тің қаңқа­ла­ры қыл­мыстық істен жоға­лып кеткен.

Иә, «Қай аға Айкөр­кем­ді атқан?». «Қай қаны­шер­лер Қаңтар құр­бан­да­ры­на оқ жауды­рған?». Ара­да бір жылға жуық уақыт өтсе де, қаны там­шы­лап тұрған бұл сұрақтарға түбі жау­ап берілері анық.

Мектептерге оқу керек пе, ШЫРША КЕРЕК ПЕ?

  • Мек­теп­тер­де Жаңа жыл­ды үш күн той­ла­у­ға бұй­рық беріп­ті. Сон­ша­лы­қты той­лай­тын­дай, мини­стр­лік­те­гілер­дің қай ата­сы­нан қалған мере­ке бұл? Бір күн жететін еді!

Өткен­де ғана жаңа жыл­дық шыр­шаға қаты­сты білім мини­стрі Асхат Аймағам­бе­тов мыр­за­ға хат жазып едім. Вице-министр Ғани Бей­сем­ба­ев 27–29 жел­тоқ­сан ара­лы­ғын­да шыр­ша өткі­зуді бұй­ы­рып­ты. Сон­да 27 жел­тоқ­сан­нан бастап оқу­шы­лар сабақ өтпей ме? Неге 1 күн­ге ғана қой­май­ды? Енде­ше «ТЖБ» (тоқ­сан­дық жиын­тық баға) жұмыста­рын алып тастаңы­здар деп мини­стр­ге жазған сол хатым­ды жал­пақ жұр­тқа жария етейін.

Құр­мет­ті Асхат Аймағам­бе­тов мыр­за! Жаңа жыл келе жатыр. Жаңа жыл­ды той­ла­уды мек­теп­тер­ден алып тастау керек. 

Ең басты мәсе­ле – жаңа жыл­дың қалай өтуін­де. Жаңа жыл мере­кесі тоқ­сан аяқта­ла­тын уақы­тқа сәй­кес келеді. Тоқ­сан­дық жиын­тық баға­лау мен жаңа жыл­ды той­лау уақы­ты таласады .

Жаңа жыл мек­теп­тер­де 25 жел­тоқ­сан­нан басталады. 

Оған 9‑сыныптарды жау­ап­ты етіп қояды. Жау­ап­ты сынып нешетүр­лі кей­іп­кер­лер­дің киім­дерін киеді. Кон­церт дай­ын­дай­ды. Дай­ын­дық кезін есеп­те­ме­ген­де, 9‑сыныптар 25 жел­тоқ­сан­нан бастап сабаққа қаты­спай­ды. Бүкіл мек­теп­тің жаңа жылын өткі­зеді. Сабақ өтіп жата­ды, ал сынып­та жаңа жыл кешіне қаты­спай­тын бір-екі бала ғана отырады.

25 жел­тоқ­сан­нан бастап, әр күн­ге сынып­тар­ды бөледі. 25 жел­тоқ­сан күні 5‑сыныптарда жаңа жыл­дық кеш бол­са, сол күні олар­да сабақ бол­май­ды. 26 жел­тоқ­сан – 6‑сыныптарда жаңа жыл­дық кеш бол­са, сол күні сол сынып­тар­да сабақ бол­май­ды. Бала­лар нешетүр­лі киініп ала­ды, дай­ын­да­лып жата­ды. Сабақ өткен күн­нің өзін­де бере­кең қашып кетеді. 

Сол сияқты әр күні әр сынып­тың кеші болып, сабақтарға кедер­гі келеді. 

Жаңа жыл­дық шыр­ша кеші өткен соң, бала­лар­ды сабаққа әкеліп көріңіз. Бала­лар сабақтан қала бастайды. 

Тоқ­сан­дық жиын­тық баға­лау да сол 25 жел­тоқ­сан­нан баста­ла­ды. Сынақты одан бұрын ала алмай­сың. Тақы­рып өтіліп біт­пе­се, өтіл­ме­ген тақы­рып­тан бақы­лау жұмысын ала алмай­ты­ны­мыз айт­па­са да түсінік­ті. Сабаққа бала­лар толық қаты­спа­са, қалай «ТЖБ» аласың? 

Жыл­да бас­шы­ларға айта­мыз. Мәсе­ле ашық күй­ін­де қалады. 

Жаңа жыл­ды өткі­зу­ден бас тар­ту керек неме­се бір күн­де ғана өткі­зу керек. Сабақ бітетін ең соңғы күні бар­лық сынып­тар­ды қаты­сты­рып, бір ғана шыр­ша кешін өткі­зу керек. 2 сағат жете­ді. Оған 5 күн бөлудің қажеті жоқ. 

Мек­теп­тер­ге оқу керек пе, жаңа жыл­дық шыр­ша кеші керек пе? Осы­ны дұры­стап шешіп алайық. 

Егер шыр­ша кеші мін­дет­ті түр­де керек бол­са, онда тоқ­сан­дық жиын­тық баға­лау жаз­ды­ру­дан бас тар­тқан дұрыс! 

Мұғалім­дер­ді босқа қина­удың қажеті жоқ. 

Дұрыс шешім шыға­рар деп сенемін! 

Шыр­ша кеші әбден бере­ке­мізді қашы­ра­ды. Бұл шындық.

Айман САҒИДОЛЛА

«Жетіжылдықтан» кейінгі БАСТЫ БӘСЕКЕЛЕС

  • Қаңтар қасіреті­нен соң, яғни 25 ақпан күні абақты­ға қамалған Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның жетек­шісі Жан­бо­лат Мамай 2 қара­ша­дан бері үйқа­маққа шыққа­ны­мен, оның бостан­ды­ғы әлі күн­ге дей­ін шек­те­улі. Жас сая­сат­кер билік­тің сая­си тұтқы­ны­на айналға­ны­на 11 ай болды. 

Қаңтар­да жап­пай тəр­тіп­сіздік ұйым­да­стыр­ды деп айып­таған бүгін­гі билік Жан­бо­лат­ты өзінің сая­си бәсе­ке­лесі санай­ды. Оған қаты­сты ұйым­да­сты­ры­лған қуғын-сүр­гін дәл осын­дай тұжы­рым жаса­уға түрт­кі бола­ды. Сол себеп­ті билік­тің төңіре­гін­де­гі топ Тоқа­ев­тың «жеті­жыл­ды­ғы» мерзі­міне пара-пар уақы­тқа Жан­бо­лат­ты түр­ме­ге қамаудың қамын жасауда.

Себебі – жеті жыл­дан кей­ін бар­лық заң­ды сай­лау пара­метр­лері бой­ын­ша, Мамай пре­зи­дент­тік постқа бір­ден-бір үміт­кер болуы әбден мүм­кін. Ал мұн­дай жағ­дай Тоқа­ев­тың тағы­нан келесі үміт­кер клан­ның жос­пар-жоба­сы­на кереғар­лық туды­руы әбден ықтимал.

Деген­мен Жан­бо­лат­тың абақты­дан үйқа­маққа шығуы­на ықпал еткен бедел­ді халы­қа­ра­лық құқы­ққорға­у­шы ұйым­дар, Батыс пен Еуро­одақтың бел­ді елдері бола­шағы бүгін­нен басталған қаза­қстан­дық жас қай­рат­кер­дің сая­си тағ­ды­рын тұрақты бақы­ла­у­ға алды.

Дем­пар­тия жетек­шісінің соты əлі аяқталған жоқ. Билік­тің қан­дай шешім шыға­ра­ты­ны да белгісіз.

Бірақ қалай болған­да да, «ДАТ» газеті «2023 жыл­дың сая­си тұтқы­ны» деп таны­ған Жан­бо­лат Мамай 2029 жыл­дың басты сая­си тұлға­сы бола­ды деген болжам жаса­уға толық мүм­кін­дік пен үміт бар. Оның басты басым­ды­ғы – жасты­ғы және жасты­ғы­на қара­май, қайт­пас қайраткерлігі.

ҰСТАЗДАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙТЫН тәуелсіз газет мұғалімдерге қолқа салады

  • Биы­лғы жылы Қаза­қстан­да­мұғалім­дер құқы­ғы­ның 70-ке жуық дере­гі тір­кел­ген, деп хабар­лай ҚР Оқу-ағар­ту министрлігі.

«Педа­гог ста­ту­сы тура­лы» заң нор­ма­ла­рын бұзу фак­тісіне бай­ла­ны­сты 2021 жылы 105 өтініш келіп түс­се, биыл 67 өтініш тір­ке­у­ге алы­нған екен. «Мек­теп­тер жер­гілік­ті әкім­дік­тер­ге бағы­на­тын болған­ды­қтан, мұғалім­дер­ді көп­шілік орын­дар­ды таза­лау, қоғам­дық іс-шара­ларға «мас­сов­ка» ретін­де қаты­сты­ру, мек­теп­тер­ді жөн­деу, т.б. жұмыстарға тар­ту және газет-жур­нал­дарға қысым­мен жаз­ды­ру жағ­дайы әлі де қай­та­ла­на­тын жағ­дай­лар кез­де­седі. Бірақ мұн­дай заң бұзу­шы­лы­ққа жол бер­ген жер­гілік­ті бас­шы­лық өкіл­дері бір­ден жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­ла­ды», – дей­ді мини­стр­лік­тің білім сала­сы сапа­сын қам­та­ма­сыз ету жөнін­де­гі коми­тетінің төраға­сы Ернұр Дәу­ре­нов Қаз­ТАГ тіл­шісіне бер­ген сұхбатында.

Мек­теп­тер­де­гі азды-көп­ті заң бұзу­шы­лық дере­гін мини­стр­лік­тің мой­ын­да­уы, әрине, құп­тар­лық жағ­дай. Бұны оқу сала­сын­дағы жер­гілік­ті билік пен мек­теп­тер ара­сын­дағы қоғам­дық-мәде­ни қаты­на­ста­ры­ның оң нәти­же­сі деп есеп­теу керек шығар.

Бірақ біздің газет­тің редак­ци­я­сы «ДАТ»-қа жазы­лу жөнін­де мұғалім­дер­ге өтініш жол­дап, қоғам­дық қала­у­мен «қысым» жасағы­сы келетінін де мой­ын­дай­ды. Елде газет оқу мәде­ни­еті жоға­лып бара жатқа­нын және елде­гі жалғыз тәу­ел­сіз «ДАТ» газетінің қиын қар­жы­лық жағ­дай­ын ескеріп, зия­лы жұрт­шы­лы­қтың бір­ден-бір өкілі – мұғалім­дер қауы­мы «ДАТ»-қа жап­пай жазы­ла­ды деген үміттеміз!

«DAТ» газетінің редакциясы

«ДАТҚА» ЖАЗЫЛ, АҒАЙЫН!

Көп­шілік­тің сүй­ік­ті газетіне айналған «ДАТ»-қа бір жылға жазы­лу уақы­ты­ның аяқта­луы­на (25 жел­тоқ­сан) 10 күн ғана қал­ды. Сон­ды­қтан , әр апта сай­ын газет үйіңіз­ге келіп тұрға­нын қалай­тын бол­саңыз, асы­ғуға тура келеді, ағайын!

Жазы­лу жер­гілік­ті жер­де­гі «Қаз­по­шта» бөлім­ше­лері арқы­лы жүреді. Жазы­лу ката­ло­гын­да «ДАТ»-тың ресми мем­ле­кет­тік тір­ке­уде­гі ата­уы «Обще­ствен­ная пози­ция» газеті деп көр­сетіл­генін ескер­те­міз. Ката­лог­тағы жазы­лу индексі – 64258.

Ал егер пошта бөлім­ше­сіне баруға уақы­ты­ңыз тап­шы бол­са, біз сіз­ге газет­ке жазы­лу­дың редак­ция арқы­лы жүр­гізілетін жеңіл жолын ұсынамыз.

ОЛ ҮШІН:

1. Газет тара­ту бөлі­мінің аты­на тір­кел­ген +7–700-300–47-70 Кас­пи-голд номеріне (Эрик Бапи­ев) тиісті жазы­лу баға­сы­на сәй­кес сома­ны аударасыз;

2. Бұдан соң осы уатсаб-номерге:

  • толық аты-жөніңізді
  • жер­гілік­ті пошта­ның индексі (мін­дет­ті түр­де) мен тұрғы­лы­қты адресіңізді жазып жібересіз.

Тара­ту бөлі­мі сіздің аты­ңы­зға жазы­лу­ды рәсім­де­ген соң, ары кет­кен­де бір айдың ішін­де жазы­лу түбір­те­гін сіз­ге пошта арқы­лы неме­се уат­саб-СМС хабар­ла­ма арқы­лы жолдайды.

  • Елде­гі қым­бат­шы­лық пен эко­но­ми­ка­лық жағ­да­ры­сқа сәй­кес, қара­жат қиын­шы­лы­ғы­на тап болған газет­ті қыспақтан құты­луға атса­лы­сай­ық, ағайын!

 «DAT» медиа-жоба­сы­ның редакциясы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн